kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Планирование на тему "??стар - бізді? досымыз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

??стар – бізді? досымыз

Та?ырыбы: ??стар – бізді? досымыз
Ма?саты: О?ушылар?а таби?ат к?ркі ??стар туралы, ??старды? пайдасы туралы т?сінік беру;
??стар?а деген с?йіспеншілік сезімдерін дамыту, ??стар туралы ?ле?, та?па?, ж?мба?тар айта отырып, тілдерін дамыту, с?здік ?орын молайту;
Досты??а, ??старды ?ор?ау?а, олар?а ?ам?орлы? жасай білуге т?рбиелеу.
К?рнекілігі: ??старды? суреттері, слайдтар, ?нтаспалар,»А??у мен ?йрек» ертегісі, М. ?біл?айыр» Та??ажайып таби?ат», «А?т?бе облысыны? жануарлар ?лемі» кітаптар, буклеттер.

Саба?ты? барысы:
Бізді? елімізде к?ктем шы?ысымен ?айна?ан е?бек басталады. Ол е?бекті? н?тижелі болуына ??стар к?мегін тигізеді. Олар зиянды ж?ндіктерді, кенелерді, кемірушілерді ??ртып, егін мен орманды ?ор?айды.
К?ктем, к?ктем, к?ктемде,
??стар келіп жеткенде,
Біз ?уанып ?аламыз
?нмен ?арсы аламыз.

К?ктем келді, ??с келді,
К?н ?зын, т?н ?ыс?а енді
К?ктем келді, су а?ты
К?нні? к?зі шуа?ты

К?ктем келді, г?л ?сті
К?белекттер гулесті
К?ктем келді, г?л ?сті

Хор «К?ктем» ?ні
??стар жануарларды? ішіндегі к?п тара?ан т?рі. Оларды? таби?атта 9мы? т?рі бар. Тіршілік ету ?рекеттері ?рт?рлі, олар таби?ат са?шылары. ??старды? пайдасы ?те к?п.
- ??стар нешеге б?лінеді? (2 топ?а)

??стар
?й ??стары
Жабайы ??стар

♦ Жыл ??стары

?аратор?ай, а??у, к?кек, ?арлы?аш, бозтор?ай

♦ ?ыстап ?алатын ??стар

?ар?а, то?ылда?, сауыс?ан, к?гершін, тор?ай.
- Неге б?л ??старды «жыл ??стары» деп атайды?
- Олар немен ?оректенеді?
- ??стар таби?ат?а ?андай пайда келтіреді?

Ой балалар, балалар,
Жылы, жылы жел со?ты,
?а??ыл - ?а??ыл ?аз кепті,
Желкілдейді к?к майса,
Желіндейді мал жайса.
Ауыл к?шті ?ыстаудан,
?не апамдар ?ой сау?ан.

?ар су болып ж?нелді -
?алды дала жала?аш
К?н н?рына кенелді,
Б?ршік атып бар а?аш
Келіп к?ктем ??стары
Бау - ба?шада ?н салды.
Оларды жас достары,
?я жасап ?арсы алды.

ТОР?АЙ
Білгі? келсе к?п жайды,
Ба?ылап ж?р тор?айды.
Кіп-кішкентай сол ??стар
Таби?атты ?ор?айды.
Пайдалы ??с тор?айды
?ркітуге болмайды.
Б?зса? егер ?ясын
?айтып келіп ?онбайды.
Кіп-кішкентай тор?айды
Жа?сы бала ?ор?айды.
Жасап берсек ?ясын
?ыста олар то?байды. (Ба?ыт Исаева)

КЕКІЛІК
Кекілік - ау, кекілік,
Тау - таста ж?рер секіріп
?ауіп т?нсе кенеттен
Б?та?а олар бекініп
Жыла?ата, Таскешу
То?айы тол?ан кекілік
Кетіп барад ?неки
Тастан – тас?а секіріп (К?пболсын Панзабек?лы)

САУЫС?АН
Селк етіп сырт дауыстан
Шы?ылы?тайды сауыс?ан
Атамна? жи?ан сымдарын,
Терекке тасып тауыс?ан
Жаса?ан ?зі бастама
Б?л ісі ?лгі бас?а?а
?зік те ж?лы? сол сымнан
Алыпты басып баспана
Теректі? басын мекендеп
?ясын ?ой?ан бекемдеп.
М?з болды атам:»Б?л ??с та,
Шеберді? ?зі екен» деп (Мекембай Омар?лы)

?АР?А
?ар?а, ?ар?а, ?ар?алар
?ар ?стінде жор?алар
Екі шо?ып, бір ?арап
?ара басын ?ор?алар (Т. Айбергенов)
ТЫРНАЛАР
Та?дыры ?има?анмен арты? пішін
Та?дыры бермегенмен арты? к?шін
Ынтыма?ты - ау, тырналар, ынтыма?ты - ау,
?арашы шіркіндерді? т?ртіптісін. (М??а?али Ма?атаев)


Мен ?аратор?аймын
Шегірткеден ж?рты?ды
?ыр?и болып ?ор?аймын
Егістікке, жайылым?а
?ор?аушы болып т?рамын
Ж?ндіктерді зиянды
??рттат??ын батырмын
Дайындайтын ?ямды
Достар?а келе жатырмын

??с с?луы а??умын
Таби?ат к?ркі сыйла?ан
Мылты?ын кезеп еш мерген
Ату?а к?зі ?има?ан
С?лулы?ты паш етіп,
Жырла?ан талай а?ындар,
Н?зік ?нді, к?л к?ркі,
??с патшасы атым бар.

«А??у мен ?йрек» к?рінісі, «А??уым» ?ні

?аздар, ?аздар, ала ?аздар
Бала ?аздар, ана ?аздар
Айдында шышы?ады
Жа?ада тыны?ады
К?кек, к?кек, к?кек деп
Б?та??а ?она?тап
К?кек, к?кек, к?кек деп,
Отырар ала?тап
К?кек, к?кек, к?кек ?улана ?арайды
К?кек, к?кек, к?кек жасы?ды санайды

К?ндіз жатып, т?н к?зеткен
?ыра?ы к?з барлаушымын
Барлы? жерден к?зім жеткен
Тыш?ан ?оймай аулаушымын
Мен бір жазда бірнеше мы? тыш?ан ??ртам, сонымен к?птеген асты? адам?а ?алады.

Тамылжып, сор?алап ??йыл?ан
?сем ?н ??й?ылжып ?иырдан
Елжіреп ж?регі?, еркі?ді баулиды
?н тында ерке ??с б?лб?лдан
( ??стар?а арнал?ан та?па?тар айтыл?анда интерактивті та?тадан ??стар суреттері к?рсетіледі)
??с - таби?ат, ?мір к?ркі. Халы? шебер ?ншісін б?лб?л?а, с?йікті азаматын - с???ар?а, кербез с?луды - а??у?а, нашар жігітті - жапала??а те?еген. Бейбітшілікті?, досты?ты? белгісі ретінде к?гершінді білеміз.
«Кептерлер» ?ні орындалады
?аза?станда 500 - ге тарта ??сты? т?рлері бар. Оны? ішінде «?ызыл кітап?а» ??сты? 49 т?рі ?ор?ау ?шін енгізілді.
??старды? жеке т?рлеріні? ауысуын білу ?шін н?мірленген са?ина салады. Ол са?инаны ??с ?лгенде ?ана алады. ??с ?ай жерде балапандаса сол жер оны? отаны болып табылады.
?ыздар «??стар» биін билейді
- Балалар, енді біз ??стар туралы ж?мба?тар шешіп к?рейік.
?ос ?анатын иіп ап
Жар?а келіп ?онады
?ара киім киіп ап
Балшы?тан ?й салады (?арлы?аш)

Т?мсы?ымен ояды
?я салып ?ояды
Табы?даршы балалар
Ол ?андай ??с болады (то?ылда?)

?ш?аны ?ызы? жалпылдап,
?зі сондай ?ар?ылда? (?ар?а)

К?ндіз со?ыр не деген
Т?нде ?андай к?реген (?кі)

Б?ріп ?ой?ан са?аттай,
Ай?айлайды та? атпай (?теш)

Еркін сам?ап ?шсын деп
М?пелейміз, баптаймыз
Бейбітшілік ??сы - деп
?айсы ??сты ма?таймыз.(к?гершін)

- ??стар таби?ат?а ?андай пайда келтіретінін білеміз бе?

К?лді? с?ні Орман, бау - ба?шаны? к?ркі
??СТАР
Емшісі Таби?атты? ?ні, с?ні
??старды? пайдасы к?п. Олар орман мен егінді ?ор?айды. ?сімдіктерді? т??ымын бас?а жерге тарату ар?ылы адам?а к?мектеседі.
?орытындылау:
??стар – бізді? досымыз.
??стар?а ?ам?орлы? жаса, ?ор?а. К?ктемде ??стар?а ?яшы?, ?апаз жасауды ?мытпайы?. ??стар?а арнап жаса?ан ?я?а ??стар к?п ?онады. Олар?а жем шашып, ба?ылап, ?ам?орлы? жасаймыз.
Есі?де болсын!
- ??старды? ?ясын б?зба, ж?мырт?асын жарма.

??с досымыз, ?ор?аймыз біз,
С?п - с?йкімді с?йеміз тор?айды біз
А?аш ?я жасаймыз а? к??ілмен
?анатты туыс?анды ?олдаймыз біз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Планирование на тему "??стар - бізді? досымыз"»

Құстар – біздің досымыз

Тақырыбы: Құстар – біздің досымыз
Мақсаты: Оқушыларға табиғат көркі құстар туралы, құстардың пайдасы туралы түсінік беру;
Құстарға деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту, құстар туралы өлең, тақпақ, жұмбақтар айта отырып, тілдерін дамыту, сөздік қорын молайту;
Достыққа, құстарды қорғауға, оларға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: құстардың суреттері, слайдтар, үнтаспалар,»Аққу мен үйрек» ертегісі, М. Әбілқайыр» Таңғажайып табиғат», «Ақтөбе облысының жануарлар әлемі» кітаптар, буклеттер.

Сабақтың барысы:
Біздің елімізде көктем шығысымен қайнаған еңбек басталады. Ол еңбектің нәтижелі болуына құстар көмегін тигізеді. Олар зиянды жәндіктерді, кенелерді, кемірушілерді құртып, егін мен орманды қорғайды.
Көктем, көктем, көктемде,
Құстар келіп жеткенде,
Біз қуанып қаламыз
Әнмен қарсы аламыз.

Көктем келді, құс келді,
Күн ұзын, түн қысқа енді
Көктем келді, су ақты
Күннің көзі шуақты

Көктем келді, гүл өсті
Көбелекттер гулесті
Көктем келді, гүл өсті

Хор «Көктем» әні
Құстар жануарлардың ішіндегі көп тараған түрі. Олардың табиғатта 9мың түрі бар. Тіршілік ету әрекеттері әртүрлі, олар табиғат сақшылары. Құстардың пайдасы өте көп.
- Құстар нешеге бөлінеді? (2 топқа)

Құстар
Үй құстары
Жабайы құстар

♦ Жыл құстары

Қараторғай, аққу, көкек, қарлығаш, бозторғай

♦ Қыстап қалатын құстар

Қарға, тоқылдақ, сауысқан, көгершін, торғай.
- Неге бұл құстарды «жыл құстары» деп атайды?
- Олар немен қоректенеді?
- Құстар табиғатқа қандай пайда келтіреді?

Ой балалар, балалар,
Жылы, жылы жел соқты,
Қаңқыл - қаңқыл қаз кепті,
Желкілдейді көк майса,
Желіндейді мал жайса.
Ауыл көшті қыстаудан,
Әне апамдар қой сауған.

Қар су болып жөнелді -
Қалды дала жалаңаш
Күн нұрына кенелді,
Бүршік атып бар ағаш
Келіп көктем құстары
Бау - бақшада ән салды.
Оларды жас достары,
Ұя жасап қарсы алды.

ТОРҒАЙ
Білгің келсе көп жайды,
Бақылап жүр торғайды.
Кіп-кішкентай сол құстар
Табиғатты қорғайды.
Пайдалы құс торғайды
Үркітуге болмайды.
Бұзсаң егер ұясын
Қайтып келіп қонбайды.
Кіп-кішкентай торғайды
Жақсы бала қорғайды.
Жасап берсек ұясын
Қыста олар тоңбайды. (Бақыт Исаева)

КЕКІЛІК
Кекілік - ау, кекілік,
Тау - таста жүрер секіріп
Қауіп төнсе кенеттен
Бұтаға олар бекініп
Жылағата, Таскешу
Тоғайы толған кекілік
Кетіп барад әнеки
Тастан – тасқа секіріп (Көпболсын Панзабекұлы)

САУЫСҚАН
Селк етіп сырт дауыстан
Шықылықтайды сауысқан
Атамнаң жиған сымдарын,
Терекке тасып тауысқан
Жасаған өзі бастама
Бұл ісі үлгі басқаға
Үзік те жұлық сол сымнан
Алыпты басып баспана
Теректің басын мекендеп
Ұясын қойған бекемдеп.
Мәз болды атам:»Бұл құс та,
Шебердің өзі екен» деп (Мекембай Омарұлы)

ҚАРҒА
Қарға, қарға, қарғалар
Қар үстінде жорғалар
Екі шоқып, бір қарап
Қара басын қорғалар (Т. Айбергенов)
ТЫРНАЛАР
Тағдыры қимағанмен артық пішін
Тағдыры бермегенмен артық күшін
Ынтымақты - ау, тырналар, ынтымақты - ау,
Қарашы шіркіндердің тәртіптісін. (Мұқағали Мақатаев)


Мен қараторғаймын
Шегірткеден жұртыңды
Қырғи болып қорғаймын
Егістікке, жайылымға
Қорғаушы болып тұрамын
Жәндіктерді зиянды
Құрттатұғын батырмын
Дайындайтын ұямды
Достарға келе жатырмын

Құс сұлуы аққумын
Табиғат көркі сыйлаған
Мылтығын кезеп еш мерген
Атуға көзі қимаған
Сұлулықты паш етіп,
Жырлаған талай ақындар,
Нәзік үнді, көл көркі,
Құс патшасы атым бар.

«Аққу мен үйрек» көрінісі, «Аққуым» әні

Қаздар, қаздар, ала қаздар
Бала қаздар, ана қаздар
Айдында шышығады
Жағада тынығады
Көкек, көкек, көкек деп
Бұтаққа қонақтап
Көкек, көкек, көкек деп,
Отырар алақтап
Көкек, көкек, көкек қулана қарайды
Көкек, көкек, көкек жасыңды санайды

Күндіз жатып, түн күзеткен
Қырағы көз барлаушымын
Барлық жерден көзім жеткен
Тышқан қоймай аулаушымын
Мен бір жазда бірнеше мың тышқан құртам, сонымен көптеген астық адамға қалады.

Тамылжып, сорғалап құйылған
Әсем ән құйқылжып қиырдан
Елжіреп жүрегің, еркіңді баулиды
Ән тында ерке құс бұлбұлдан
( Құстарға арналған тақпақтар айтылғанда интерактивті тақтадан құстар суреттері көрсетіледі)
Құс - табиғат, өмір көркі. Халық шебер әншісін бұлбұлға, сүйікті азаматын - сұңқарға, кербез сұлуды - аққуға, нашар жігітті - жапалаққа теңеген. Бейбітшіліктің, достықтың белгісі ретінде көгершінді білеміз.
«Кептерлер» әні орындалады
Қазақстанда 500 - ге тарта құстың түрлері бар. Оның ішінде «Қызыл кітапқа» құстың 49 түрі қорғау үшін енгізілді.
Құстардың жеке түрлерінің ауысуын білу үшін нөмірленген сақина салады. Ол сақинаны құс өлгенде ғана алады. Құс қай жерде балапандаса сол жер оның отаны болып табылады.
Қыздар «Құстар» биін билейді
- Балалар, енді біз құстар туралы жұмбақтар шешіп көрейік.
Қос қанатын иіп ап
Жарға келіп қонады
Қара киім киіп ап
Балшықтан үй салады (қарлығаш)

Тұмсығымен ояды
Ұя салып қояды
Табыңдаршы балалар
Ол қандай құс болады (тоқылдақ)

Ұшқаны қызық жалпылдап,
Өзі сондай қарқылдақ (қарға)

Күндіз соқыр не деген
Түнде қандай көреген (үкі)

Бүріп қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай (әтеш)

Еркін самғап ұшсын деп
Мәпелейміз, баптаймыз
Бейбітшілік құсы - деп
Қайсы құсты мақтаймыз.(көгершін)

- Құстар табиғатқа қандай пайда келтіретінін білеміз бе?

Көлдің сәні Орман, бау - бақшаның көркі
ҚҰСТАР
Емшісі Табиғаттың әні, сәні
Құстардың пайдасы көп. Олар орман мен егінді қорғайды. Өсімдіктердің тұқымын басқа жерге тарату арқылы адамға көмектеседі.
Қорытындылау:
Құстар – біздің досымыз.
Құстарға қамқорлық жаса, қорға. Көктемде құстарға ұяшық, қапаз жасауды ұмытпайық. Құстарға арнап жасаған ұяға құстар көп қонады. Оларға жем шашып, бақылап, қамқорлық жасаймыз.
Есіңде болсын!
- Құстардың ұясын бұзба, жұмыртқасын жарма.

Құс досымыз, қорғаймыз біз,
Сүп - сүйкімді сүйеміз торғайды біз
Ағаш ұя жасаймыз ақ көңілмен
Қанатты туысқанды қолдаймыз біз.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Планирование на тему "??стар - бізді? досымыз"

Автор: Бекбаева Улбосын Хусайновна

Дата: 13.11.2015

Номер свидетельства: 252434


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства