kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ЭКСПО-2017- халы? игілігіне

Нажмите, чтобы узнать подробности


Бекітемін:                      МДТІЖО  Ж.Утепбергенова

К?ні: 25.11.2015ж

Сыныбы: 9б

Сынып са?атыны? та?ырыбы: ЭКСПО -17 – халы? игілігіне



Сынып са?атыны? ма?саты:

1851 жылдан бастау алып келе жат?ан д?ниеж?зілік к?рмелер тарихы ж?не 2017 жылы ?аза?станда ?тетін ЭКСПО к?рмесі туралы білімдерін тере?дету.
дамыту.О?ушыларды ?о?ам жа?алы?тарынан ж?не ?згерістерінен тыс ?алмау?а баулу. Отанымыз жетістіктеріне ма?таныш сезімін ояту.


Сайысты? барысы.
І. 1. ?йымдастыру кезе?і. Шатты? ше?бері

 «Жылы лебіз» тренингі

Топты? ж?мыс. Пазлдар ар?ылы топ?а б?лу.

І топ?а

Д?ниеж?зілік к?рме, Тарихы

ІІ топ?а

ЭКСПО к?рмесіне ?атыс?ан ал?аш?ы ?аза? – ?міре ?ашаубаев

ІІІ топ?а

Экспо 2017 тарихы

КЕлесі кезе?і постер ?ор?ау

«Ой монша?» ?дісі ар?ылы ?орытындылау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ЭКСПО-2017- халы? игілігіне»


Бекітемін: МДТІЖО Ж.Утепбергенова

Күні: 25.11.2015ж

Сыныбы: 9б

Сынып сағатының тақырыбы: ЭКСПО -17 – халық игілігіне



Сынып сағатының мақсаты:

1851 жылдан бастау алып келе жатқан дүниежүзілік көрмелер тарихы және 2017 жылы Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесі туралы білімдерін тереңдету.
дамыту.Оқушыларды қоғам жаңалықтарынан және өзгерістерінен тыс қалмауға баулу. Отанымыз жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту..


Сайыстың барысы.
І. 1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері

«Жылы лебіз» тренингі

Топтық жұмыс. Пазлдар арқылы топқа бөлу.







І топқа

Дүниежүзілік көрме, Тарихы

ІІ топқа

ЭКСПО көрмесіне қатысқан алғашқы қазақ – Әміре Қашаубаев



ІІІ топқа

Экспо 2017 тарихы

КЕлесі кезеңі постер қорғау

«Ой моншақ» әдісі арқылы қорытындылау





















Ресурстар І топқа

Дүниежүзілік көрме

ХКБ, Қытай, Шанхайдағы Экспо 2010 және қатысушы елдердің жалаулары

Дүниежүзілік көрме (ағылш. World's fair) немесе Экспо (Expo)  индустрияландырудың нышаны және техникалық, технологиялық табыстарды көрсету үшiн ашық алаң болып табылатын халықаралық көрме.

Бiрiншi дүниежүзілік көрме Лондондағы Гайд-паркте, Альберт ханзаданың бастамасымен өткізілген. Көрменің бас назар аударарлық ғимараты, Джозеф Пакстонның сәулеттік жобасымен таза шыны мен болаттан тұрғызылған Хрусталь сарайы болды.

Тарихы

  Алғашқы дүниежүзілік көрмені лондондық Гайд-паркте, арнайы жасалған әйгілі Хрусталь сарайы өткізген уақыттан бастап есептегенде 2011 жылы 160 жыл толады.

Бұл, қатысушы-елдер қонақтарға өз өндірушілерінің шеберлігін және бірдей, бірақ әр-түрлі елде жасалған тауарлардың сапасын салыстыруға мүмкіндік бере отырып, ұлттық өндірістің заттарын бір жерде және бір мезгілде көрсетуге келісті. Дәл осы кезде сол көрмелік тұрғылар тәжірибеге енгізіле бастады, уақыт өте келе олар міндеттіге айналып, кейін тиісті халықаралық нормативтік актілерге белгіленді.

Өткен 160 жыл өндірушілер және олардың тауарларын жалпы бүкіләлемдік қараудың маңыздылығы мен мақсатқа лайықтылығын растады, бұған көптеген елдерде жыл сайын өткізілетін көптеген көрмелер және жәрмеңкелермен қатар, анағұрлым жарқын, әрі беделді бүкіләлемдік көрмелер қала беретіндігі куә. Әрине, осындай үлкен мерзім ішіндегі мұндай көрмелердің мазмұны мен сипаты едәуір өзгерген болар, бірақ оларға деген ерекше ілтипат пен абыройы сол күйінде қала берді.

Бүгінгі күннен бастап олардың тұрғысынан қарастыра келе, бүкіләлемдік көрмелер – бұл, белгілі бір деңгейде ұлттық формалардағы шоғырланған түрде бейнеленген адамзат дамуының тарихи ретроспективасы деп пайымдауға болады.

Дүниежүзілік көрмелерде ұсынылған экспонаттардың талдаудары, құндылықтар мен басымдықтарды, сондай-ақ олардың жеке елдерде үстемдік ететін басымдықтарымен қатынастарының жүйесі туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік береді. Осы құндылықтардың серпінділігі дүниежүзілік көрмелердің ұлттық өнеркәсіп пен мәдениеттің дамуына белгілі бір ықпалы туғанын айтуға мүмкіндік береді.

Әр дүниежүзілік көрме экспонаттардың және идеялардың бірегейлігімен, ұйымдастырушылар және қатысушылардың тұрғызған кешендер мен павильондардың өзінділігімен, өткізілетін шаралардың көркемділігі және мерекелігімен ерекшеленеді.

Дүниежүзілік көрмелер өзінің ауқымы, жалпы-саяси және эконмикалық мәнділігі бойынша теңдессіз оқиғалар болып табылады.

Олардың басты мақсаты – жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер, даму келешегі, сондай-ақ қатысушы-елдердің дәстүрлері мен тарихының жұрт алдындағы шеруі.

Олар көп жерде халықаралық экономикалық және ғылыми байланыстардың дамуы мен кеңеюіне ықпал етеді. Дүниежүзілік көрмелер әр-түрлі елдерде тұратын, бірақ бірдей құндылықтар, мүдделер және мақсаттармен біріккен адамдардың араласуының бірегей мүмкіндігін сыйлайды.

Қазірдің өзінде 63 көрме өткізілді











































Ресурстар ІІтопқа

ЭКСПО көрмесіне қатысқан алғашқы қазақ – Әміре Қашаубаев екенін біреу білсе, біреу білмес. Қазақтың біртуар әншісі 1925 жылдың мамырында Францияның астанасы – Парижде өткен дүниежүзілік көрменің этнографиялық концертінде «Балқадиша», «Ағаш аяқ» , «Бесқарагер», «Дудар-ай», «Жалғыз арша», «Үш дос», «Смет», «Қараторғай» әндерін әуелетіп, күллі әлемді тамсандырған еді. Әйгілі француз жазушысы Ромен Роллан Әміренің құдіретті дауысын тыңдағаннан кейін: «Мен Шығыста әншіні неге бұлбұлға теңегенін енді түсіндім?» деп таңдай қаққан екен.

«ЭКСПО» халықаралық көрмесі қай кезде де маңызды шара болған. Кез келген мемлекет осы әмбебап көрмеге барынша дайындалып, абыроймен өткізуді ойлаған.  1925 жылы жаһандық шараны өткізу жауапкершілігін Франция астанасы мойнына алады. Осынау дүниежүзілік көрмеге қатысуға ықылас танытқандардың ішінде Кеңес одағы  да бар еді. Себебі, шетелде қызыл империяның беделін көтеруді Сталин де теріс көрмеген. Көрмеге қатысушыларды ұйымдастыру сол кездегі  РСФСР халық ағарту комиссары Анатолий Луначарскийге жүктелген екен.

Әмбебап көрмеге қатысуға шақырту алғандардың ішінен Қазақстаннан жалғыз Әміре Қашаубаев болған. Бірақ сол кездегі Семей шенеуніктері «Сонау Париж сахнасында ән шырқайтындай Әміре Қашаубаев деген кім еді сонша?» деп шақыртуды елемеген. Қазақ әншісіне екінші рет шақырту жіберіледі. Онда көрмеге қатысу – мемлекеттік маңызы бар іс екені түсіндірілгеннен кейін барып шенеуніктер амалсыз Әміре Қашаубаевқа жедел хабарды жеткізген сыңайлы.

Жалпы, қазақтың қайталанбас дауысты әншісін зерттеп, 1974 жылы Әміре Қашаубаевтың даусын алғаш рет тауып, жұртшылыққа ұсынған азамат – белгілі музыка зерттеушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Жарқын Шәкәрім. Халқымыздың тума талантына қатысты деректердің көпшілігі осы кісінің аузымен айтылып жүр. Ғаламторда жарияланған материалдар мен сұхбаттар – соның куәсі. Біз де Алматыдағы әміретанушымен байланысқа шығып, әншіге қатысты бірқатар деректер айтып беруін өтінген едік.

Жарқын Шәкәрімнің айтуынша,  көрмеге қатысуға Кеңес одағы елдерінен Әміреден басқа,  украиналық О.Федеровская, Өзбекстаннан биші Тамара ханум, әнші Кари Якубов, Әзербайжаннан Шевкет ханум Мамедова, Армениядан Сукиясов, Харибекишвили, Кахуров, Башқұртстаннан қурайшы Жұмабай Есенбаев қатысып, өнер көрсеткен екен.

Париждегі алғашқы концерт 20 шілде күні декоративтік өнер көрмесінің КСРО павильонында болған. КСРО мемлекеттерінен барғандар барлығы 11 концерт беріпті. Соның бәріне де Әміре Қашаубаев қатысып, жоғарыда аталған әндерді шырқаған.

Әмбебап көрме өткізілген тұста Мұстафа Шоқай Парижде жүрген екен. Кеңес одағынан келген делегация құрамынан қандасы Әміре Қашаубаевты көргенде қайран Алаш азаматы қуанғаннан жылап жіберіпті. Көрме аяқталғанша Әміреге қолғабыс жасап, Парижді аралатып, көмектескенге ұқсайды. Тіпті, естелік ретінде Әміреге жақсы костюм де сыйлаған. Басқа ешқандай да мақсаты жоқ осы бір кіршіксіз сыйластық кейін әншінің басына сор болып жабысатынын ол кезде екеуі де білген жоқ еді…

Жарқын Шәкәрімнің зерттеуінше, Париждегі көрмеден екі жылдан кейін Әміре Қашаубаев Германияда өткен Бүкіләлемдік музыка көрмесіне де қатысады. Бірақ, Париж сапарынан кейін-ақ әншіні қуғындау басталады. Сондағы бар кінәсі – Мұстафа Шоқаймен тілдескені. Одан қала берді, қазақ әншісінің Парижде ән салып, әлемді тамсандыруы кейбір шенеуніктердің қытығына тигені анық. Жарқын Шәкәрімнің айтуынша, тыңшылар Әміреден Мұстафа Шоқай туралы сұрап, әбден қинаған көрінеді. Саясаттан хабары жоқ әнші қайдан білсін, әр нәрсені бір айта берсе керек. Ақыры, тоғыз жыл бойғы қуғын-сүргінге шыдамаған қайран азамат әбден мүжіледі. Оның үстіне қазақтың тұңғыш операсы «Қыз Жібектен» өзіне лайық бір рөлдің берілмеуі де Әміренің жанына қатты батса керек. Ақыры, 1934 жылы 6 қарашада «Қыз Жібек» операсының премьерасы болатын күннің алдында қазақтың біртуар әншісі, дара дарын иесі белгісіз себеппен қайтыс болды.







































Ресурстар ІІІ топқа



Экспо 2017 — 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме.

Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады.

Тарихы

Экспо 2017 иесі 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мелмекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льежқаласы 44 дауыс жинады

Дауыс беру нәтижесі

Қала

Ел

1-ші айналым


Астана

 Қазақстан

103


Льеж

 Бельгия

44


Басқа кандидаттар

Экспо-2017 көрмесін өткізуге ниет білдірген, бірақ мәлімдемесін уақытында тапсырмаған қалалар:

Қала

Ел

Ньюкастл[2]

 Австралия

Белград

 Сербия

Лилль

 Франция

Ставангер

 Норвегия

Сидней

 Австралия

Саламанка

 Испания

Астана 2017

2011 жылдың 10 маусымында Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде EXPO-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев ХКБ-нің Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеспен кездесті. Кездесу барысында Рапиль Жошыбаев ҚР Премьер-Министрі қол қойылған Қазақстан Республикасының ресми өтінішін тапсырды. Сөйтіп 10 маусымда Қазақстан Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу бойынша сайлау науқанына кірісті. Жыл соңына дейін Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда Министрлігі өтініш құжаттамасын (көрмені өткізу тұжырымдамасы, техникалық-экономикалық негіздеме, көрмені өткізу жоспары, қонақтардың қауіпсіздігі мен оларды қарсы алу туралы инфрақұрылымдық шешімдер) дайындап оны Халықаралық көрмелер бюросына тапсырады деп күтілуде. ХҚБ талаптарына сай көремені өткізуге белгіленген үш ай ішінде Астана қаласының әлемнің 100 мемлекетінен 3-4 млн адамды қабылдайтындай шамасы болу керек.

Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрмеге айналуы мүмкін. EXPO-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу - Қазақстанның негізгі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы Мемлекет басшысы бастама көтерді.

2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске Қазақстан Республикасының ресми өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу жөніндегі сайлау науқанына ресми тұрғыда кірісті.

2012 жылғы 14 наурызда Мемлекет басшысы Қазақстанның елордасында ХКБ-нің сарапшылар комиссиясымен кездесу өткізіп, оның аясында ЕХРО-2017 көрмесін өткізу біздің еліміз үшін ұлттық жоба болып табылатынын ерекше атап өтті.

2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейнеүндеуі жолданды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтынына жеке кепілдік берді. Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған.

2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ.Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 5 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.

EХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуы мүмкін. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді.Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу шағын және орта бизнестің дамуына елеулі серпін береді. Көрме елорданың көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына едәуір жеке меншік инвестицияны тартуға мүмкіндік туғызады.ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттер үніне толады. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады.

EXPO бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жаhандық ауқымдағы оқиға.1851 жылы Лондонда өткен бірінші Бүкіләлемдік өнеркәсіп көрмесінен бастау алған EXPO халықаралық көрмесі әр жыл сайын зор танымалдыққа ие болып, барлық қатысушыларға әлемнің экономикалық, технологиялық және мәдени жетістіктерімен танысуға тамаша мүмкіндіктер беріп келеді. Көрме сондай-ақ инновациялық идеялар алмасу және болашаққа қатысты ұжымдық көзқарас мүмкіндіктерін сенімді көрсету үшін ерекше алаң болып табылады. ЕХРО көрмесін миллиондаған туристер тамашалайды, сондықтан әрбір ел өз мәдениетіндегі ұлттық өзіндік ерекшеліктерін танытатын және өздерінің экономикалық және технологиялық дамуының деңгейін бүкіл әлемге көрсететін бірегей павильон құруға ұмтылады. Қазақстан 1997 жылдан бастап Халықаралық көрмелер бюросына мүше ел болып табылады және ЕХРО көрмелеріне 2005 жылдан бастап қатысып келеді. Испанияның Сарагоса ЕХРО-2008 көрмесінің қорытындысы бойынша «C» категориялы 104 қатысушы ел ішінде, біздің еліміздің павильоны сыртқы және ішкі рәсімдеу өлшемдері бойынша қола медальмен марапатталды.

2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойды





































«Ой моншақ» әдісі арқылы ЭКСПО-17 туралы білімдерін саралау.
1. Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі тұңғыш өткен жыл? (
2. Халықаралық көрмелер бюросы қашан құрылды?
3. 1876 жылы АҚШ - тың алғашқы ЭКСПО көрмесі қай қаласында өтті?
4. 1889 жылы ЭКСПО көрмесінің символына айналған Лондонда тұрғызылған ғимарат?
5. АҚШ тарихында дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі қанша рет өтті?
6. Австро - Венгрия империясы дүниежүзілік ЭКСПО көрмесін қай жылы өткізген еді?
7. 1888 жылғы дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі Испанияның қай қаласында өтті?
8. 1893 жылы дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінде Чикагода орыстың көрнекті ғалымы Славянов өзі ойлап тапқан қандай құралды ұсынған?
9. 2008 жылы дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі өткен мемлекет?
10. Қазақстан дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінде қанша рет өз павильонын орнатты?
11. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1958 жылы алғашқы "бейбіт" көрме өткен қала?
12. 1967 жылы адамдардың ғарышқа деген қызығушылығы артқан уақытта, Кеңес Одағының павильонына 13 млн. көрермен келген, дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі өткен қала?
13. Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі 2015 жылы өтетін қала?





Қорытындылау




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
ЭКСПО-2017- халы? игілігіне

Автор: ?арасаева Эльмира Тулешовна

Дата: 06.02.2016

Номер свидетельства: 289106

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Ашық тәрбие сағаты "Мен өз елімнің патриотымын""
    ["seo_title"] => string(50) "ashyk_t_rbiie_sag_aty_mien_oz_ielimnin_patriotymyn"
    ["file_id"] => string(6) "458059"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1518893499"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Өскелең ұрпақ –мемлекет болашағы!"
    ["seo_title"] => string(32) "oskelen_urpak_memleket_bolashagy"
    ["file_id"] => string(6) "480509"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1539404064"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) "Астана ж?регім"
    ["seo_title"] => string(17) "astana-zhurieghim"
    ["file_id"] => string(6) "273016"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452103768"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Средь шумного бала.. "
    ["seo_title"] => string(20) "sried-shumnogho-bala"
    ["file_id"] => string(6) "147487"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1419410505"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "?аза? ?дебиеттен шы?арма"
    ["seo_title"] => string(25) "kazakdiebiiettienshygarma"
    ["file_id"] => string(6) "261521"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449151736"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства