kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Діни экстремизм дегеніміз не?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «Діни экстремизм дегеніміз не?»

Ма?саты: 

  1. Дін, экстремизм, топтар ??ымымен, экстремистік топтарды? белгілерімен таныстыру.
  2. Ойлау, есте са?тау, зейін, елестету, ??ын?анды талдау ?абілетін дамыту?а ?сер ету.
  3. Отан с?йгіштікті, ?ділеттілікті, м??тажды??а (а?ыр?ы шекке), терроризмге, экстремизмге теріс к?з ?арасын ?алыптастыру.

 ?ткізу т?рі: ??гіме, топты? ж?мыс.

 Алдын-ала берілетін тапсырма: діни экстремистік топтар ж?нінде а?парат табу.

Сынып са?атыны? барысы:

 ?йымдастыру кезе?і

?р ?рпа?ты? ?з т?сініктері, а?ымдары, с?ндері ?алыптасады. Біреулері ?ыс?а ?мір с?реді, ?згелері уа?ыт ?ткен сайын ны? бекиді ж?не ?лкен (ке?) к?лемге ие болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Діни экстремизм дегеніміз не?»

Күні: 19.11.15

Сыныбы: 8 «В»

Тақырыбы: «Діни экстремизм дегеніміз не?»

Мақсаты: 

  1. Дін, экстремизм, топтар ұғымымен, экстремистік топтардың белгілерімен таныстыру.

  2. Ойлау, есте сақтау, зейін, елестету, ұғынғанды талдау қабілетін дамытуға әсер ету.

  3. Отан сүйгіштікті, әділеттілікті, мұқтаждыққа (ақырғы шекке), терроризмге, экстремизмге теріс көз қарасын қалыптастыру.

 Өткізу түрі: әңгіме, топтық жұмыс.

 Алдын-ала берілетін тапсырма: діни экстремистік топтар жөнінде ақпарат табу.

 

Сынып сағатының барысы:

 Ұйымдастыру кезеңі

Әр ұрпақтың өз түсініктері, ағымдары, сәндері қалыптасады. Біреулері қысқа өмір сүреді, өзгелері уақыт өткен сайын нық бекиді және үлкен (кең) көлемге ие болады.

  1. Сыныппен әңгіме өрбіту.


Мына сөздерді қалай түсінесіз:


Дін

Дін-қоғамдық сананың бір бағыты, тылсым күштер мен «құдайлар, жындар (аруақтар)» табыну заты болып табылатын, тіршілік иелеріне сенуге негізделген діни түсініктер жиынтығы.

Діни

Діни –сенуші, діни адам.

Топ

Топ-бірлестік, топтарға біріктіреді.

Бұл сөздерді зорлық-зомбылықпен, дертпен, түсінбеушілікпен салыстыруға бола ма?

Иә, егер республикада этносаралық алауыздықты, ұлттық араздық туғызуды насихаттаса.

Қандай адамдар зорлық – зомбылық, дерт әкелу үшін топтарға бірігеді?

- зорлық-зомбылықпен билікті құлату немесе басып алуға шақыратын адамдар;

- ұлттық араздықты туғызушылар;

- ұлттық араздықпен бірге тілдік және діни араздықты туғызушылар.

Бұл адамдар өздеріне қалайша назар аудартады?

Қағаздар таратады; ұрандар іледі; үйлерге, пәтерлерге барып, көшелерде әңгімелер мен үгіт жүргізеді; әдебиеттер, бейне-аудиотаспалар таратады.

Қандай адамдар қауіп-қатерге ұшырайды және топтардың құрығына түсіп қала алады?

Дін туралы аз білімді, негізгіні болмашыдан (арзан қолдыдан) айыру қабілетсіздігі, басқа діндерге сабырсыздық әрекеті және мейірімсіздікке шақыру, жақсылықты басу және жамандықты көбейту.

Адамды арбау принципі (ұстанымы) неде?

Өрмек ұстанымы, бұл дегеніміз адамның күшті жақтарына көңіл аудара отырып оны қылмыс жасауға дейін итермелейді, сондықтан да адам өз істеген ісін ақтауды және қорғанышты заңнан емес өзінің айналасындағы адамдардан іздейді. «Сен ақылдысың, қабілеттісің, сен ұлы миссия үшін таңдалғансың». Өзіндік маңыздылық сезімі көпіртіледі, өркөкіректілігі мен өзін-өзі билеушілігі өседі.Бұның барлығы жылылықты, ақ пейілділікті боямалайтын жағдайда өтеді және сондықтан да адамда күдік тумайды және оған ол қажетті жеріне келген сияқты көрінеді. «Сананы бақылау» белгіленеді, бұл дегеніміз оны толық бақылау мақсатында, психикаға әсер етеді.

Бұл сұрақта дін қандай рөл ойнайды? Дін — бұл тылсым күштерге, құдайға сену.

Бұл сезімде адамның жанын құтқаруға, көктегі пейіштік шаттық немесе жердегі діни өсуге уәде беріледі. Адамның, әсіресе жастардың білімнің жаңа беймәлім аймақтарына ұмтылысы пайдаланылады.

Дінді адамға қарсы қалай қолдануға болады?

Адам бастапқыда қайырымды ниетпен келеді, содан кейін ақырындап (біртіндеп) оның қайта бағдарлануы жүреді, оның өмірлік мақсаттары өзгереді. Басқа сөзбен айтқанда,  олардың әзірге әлі пайдасы тиетіндіктен, оларды өз уысында ұстауға барлық мүмкіндікті жасап жатқан топ, шығу үшін қажетті қаржыдан, жеке және қоғамдық қорлардан қағылған топтардың мүшелерін құлдарға айналдырады. Олар ауырғанда немесе өнімділігі қатты төмендегенде – оларды жайдан-жай көшеге лақтырады.

Сіз қандай діндерді білесіз?

Ислам немесе мұсылмандық, христиандық, православтар, католиктер және т.б.

Зорлық-зомбылық жасау үшін төңірегіне (қасына) адамдарды жинайтындарды қалай атауға болады?

Террористер, экстремистер (анықтамаларды қайталау, олардың әрекеттеріне түсініктеме беру).

Ал, сіздер осындай түсінікпен, құбылыспен, адамдармен кездесіп көрдіңіздер ме?

Мәскеу, метродағы жарылыс. Шешенстан, оқу үдерісі  жүріп жатқан уақытында мектепте болған жарылыс (бейнематериал, талқылау).


Мұғалім:

  • Экстремизм термині сөзбе-сөз (лат. ехігетш- шеткі) шектен тыс көзқарастар мен әрекеттерді ұстану, қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жоққа шығару ретінде анықталады. Экстремизм бұл әруақытта әр қалай көрініс беретін өте күрделі құбылыс. Оған анықтама беруде эксперттік ортада әртүрлі түсінік бар. Оны екі топқа бөлуге болады: бірінші топ экстремизмді бір созбен негативті және әлеуметтік қауіпті құбылыс деп бағалайды. Бұл бағытты ұстанушыларды «консерваторлар» деп белгілеуге болады. «Консерваторлар» бағытыңдағылар негізінен ғылыми академиялық орта, сонымен қоса құқық қорғау орғандарының қызметкерлері.

  • Экстремизмнің пайда болу себебі әр қоғамда әр түрлі болады және сол қоғамдағы объективтік және субъективтік жағдайға байланысты. Әйтсе де экстремизмнің пайда болуы мен таралуының базистік жағдайы бар. Ол кез-келген қоғам мен мемлекетке тән. Қазіргі кезеңде экстремизмнің пайда болуының негізгі факторлары ретінде эксперттер мыналарды ұсынады: әлеуметтік экономикалық тоқырау; жергілікті тұрғындардың көп бөлігінің өмір сұру деңгейінің кұрт түсуі; мемлекеттік басқару жүйесі мен саяси институттардың деформациясы; олардың қоғамдық дамудың пісіп тұрған мәселелерін шешуге қабілеті жетпеу; саяси режимнің тоталитарлық сипат алуы; биліктегілердің оппозицияны басып тастауы; еркін, жаңаша ойлауды қуғындау; ұлттық қанау; жеке топтардың өз міндеттерін шешуін жеделдетуі; лидерлердің саяси амбициялары және т.б.

  • Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заң жобасына сәйкес, экстремистік мақсаттарды көздейтін қоғамдық бірлестіктерді құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Заңнамасында көзделмеген әскерилендірілген құрылымдарды құруға тиым салынса, «Экстремизмге қарсы күрес туралы» Заңымен Қазақстан Республикасының аумағында экстремистік бағыттағы ұйымдардың, бөлімдердің ашылуына және олардың қызметіне тиым салынған.


  • Бейбітшілік пен конфессияаралық келісім салаларында Қазақстан аясында болсын, тіпті дүниежүзілік ауқымда болсын, қол жеткізген белгілі табыстарымызға қарамастан, әлі шешілмеген, жедел шешуді қажет ететін мәселелер баршылық. Әсіресе қазір дүние жүзіне діни төзімсіздік, діни экстремизм және терроризм шынайы қауіп төндіріп тұр. Оларды XXI ғасырдың анағұрлым өткір мәселелеріне жатқызуға болады. Конфессияаралық келісім мен диалогты жетілдірудің жаңа жолдарын іздеу қажет.

  • Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы - олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Бұл жерде әрине күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары. Әйтсе де, жасөспірім балалар үшін ақпарат құралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес. Секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Ол үшін барлық мектептерде «Дінтану» сабағымен қоса мамандар қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп отырулары керек.

 

 Қорытынды: Қазақстандағы діни экстремизм – бізде ауқымды көлемде байқалмаған құбылыс. Террористік және экстремистік көріністер үшін республика аумағында ішкі алғышарттар жоқ, Ел басшысының жүргізіп жатқан өлшемді саясаты мүмкіндік беріп жатқан әлеуметтік және саяси негіздің жоқтығы себепті, Президенттің айтуы бойынша, татулық пен келісім «біздің көп ұлтты үйде – бұл  Қазақстанның басты игілігі». «Біздің негізгі мақсатымыз – халықтың бірлігін сақтау».

Біз, әрине, тыныш, бейбіт өмір сүргіміз келеді. Сол үшін жан-жағымызбен доспыз, татумыз, бір-бірімізге жақсы тілектер айтамыз, жолдаймыз. Ендеше, бәріміз парақшаларға жақсы тілектер жазып мына глобусқа жапсырайық. Бұл әлемде бейбітшілік болсын деген белгі болсын.

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Діни экстремизм дегеніміз не?

Автор: Утекулова Гульзира Сабитовна

Дата: 26.11.2015

Номер свидетельства: 258505

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "«Діни экстремизм-әлемге төнген қауіп»"
    ["seo_title"] => string(41) "dini_ekstriemizm_liemghie_tonghien_k_auip"
    ["file_id"] => string(6) "450909"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1516290266"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) "«Діни экстремизм – бейбітшілік пен т?ра?тылы??а   т?нген ?ауіп» "
    ["seo_title"] => string(68) "dini-ekstriemizm-bieibitshilik-pien-tu-rak-tylyk-k-a-tonghien-k-auip"
    ["file_id"] => string(6) "244007"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1445870095"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "«Діни экстремизм – бейбітшілік пен т?ра?тылы??а т?нген ?ауіп» "
    ["seo_title"] => string(70) "dini-ekstriemizm-bieibitshilik-pien-tu-rak-tylyk-k-a-tonghien-k-auip-1"
    ["file_id"] => string(6) "244009"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1445870338"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "«Діни сауатсызды? – діни экстермизмні? бастауы»"
    ["seo_title"] => string(44) "dini-sauatsyzdyk-dini-ekstiermizmnin-bastauy"
    ["file_id"] => string(6) "272946"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452092245"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(145) "Тәрбиелік шараның тақырыбы: «Діни экстремизм жастарға қандай қауіп төндіреді»"
    ["seo_title"] => string(80) "t_rbiielik_sharanyn_tak_yryby_dini_ekstriemizm_zhastarg_a_k_andai_k_auip_tondiri"
    ["file_id"] => string(6) "393698"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487562144"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства