Тіршілігін білдірер ?лы халы?,-дей отырып б?гінгі сайысымызды? «Мен ?аза?пын» б?лімі бойынша екі топ?а 11 с?ра?тан 22 с?ра? ?ойылады.На?ты ?рі тез жауап беру ?ажет.
1-ж?ргізуші: «Жігер» тобына арнал?ан с?ра?тар.
Дауыссыз дыбыс буын ??рай ала ма? (жо?)
Зат есім дегеніміз не? Затты?, ??былысты?, ??ымны? атын білдіріп кім?не? деген с?ра?тар?а жауап беретін с?здерзат есім деп аталады.
Шо?анны? шын аты кім? (М??амед?анафия)
Табу деген не? (Айту?а тиым салын?ан с?здер)
“?ылым таппай ма?танба ” ?ле?іні? авторы кім? (Абай)
?арасазда д?ниеге келген а?ын кім? (М??а?али)
Морфология терминге жата ма? (Ия)
?ос с?з дегеніміз не? ( С?здерді? ?осарланып я ?айталанып айтылуынан жасал?ан с?здер)
?осымша дегеніміз не? (Т?бір с?зге жал?анатын ж?рна? ж?не жал?ау)
Мақсаты: оқушылардың ой- өрісін кеңейту, білімін жетілдіру, сөздік қорларын молайту, жүйелі сөйлеуге, ойын тиянақты жеткізе білуге баулу, халқымыздың әдебиетіне, мәдениетіне, өнеріне, ұлттық құндылықтарына деген сүйіспеншілігін арттыру, оны қастерлеуге тәрбиелеу.
Түрі: топтық сайыс.
Барысы:
1-жүргізуші:
Тілім менің қайыршы емес қаңғыбас,
Тілім тұлпар - қуған желге шалдырмас.
Кенже ұлдай үлкен үйге мұрагер,
Жер иесі - менің тілім мәңгі жас.
2- жүргізуші:
Әуезов, Абайды өткен дәріс тілі,
Тіл қатқан Тоқтар, Талғат ғарыш тілі.
Қанша заң қабылдаймыз, жетер енді,
Естілсін мемлекеттік әр істе үні!
1-жүргізуші:
-Құрметті әдебиетші, өнерді, тілді сүйетін қауым, аяулы ұстаздар мен ардақты оқушылар! Қазақстандағы Тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған «Асыл сөз» зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
-Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай: -«Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса- қырандай қалқыған, ойға салса- қорғасындай балқыған Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?!
1-жүргізуші:
Бұл жанды тіл-менің азат тілім,
Жадымда талай самғар қанат тілім.
Бірлік, достық, татулық жүрегі боп
Жасай бер, Ана тілім- Қазақ тілім!
2-жүргізуші:
-Бүгінгі сайысқа қатысушыларды қарсы алайық.
«Жігер» және «Бәйтерек» тобы
1-жүргізуші:
Туған тілдің қасиетін ардақтайық,
Сабырмен ойымызды салмақтайық.
«Ырыс алды-ынтымақ» деген сөз бар,
Сайысты көріңіздер, біз бастайық!
2-жүргізуші:
-Жанын сап, халқын сүйіп, баққан тілім,
Жалықпай құпиялар ашқан тілім!
Жаһанның төрт бұрышы түгел танып,
Жат жұрттан да достарын тапқан тілім!
Бүгінгі ойынымызды бағалап отыратын төрешілерді сайлап алсақ.
( Аты-жөнімен таныстырылады)
1-жүргізуші:
-Бүгінгі «Асыл өз» зияткерлік сайысы төрт бөлімнен тұрады. 1-бөлім «Мен қазақпын», 2-бөлім «Даналық сөзден дән ізде», 3-бөлім «Ұлағатты ұғымдар», 4-бөлім «Асыл қазына».
2-жүргізуші:
Тілі өлсе болмайды, тірі халық,
Бірі өліп тұра алмас, бірі қалып.
Басқа емес, өз Ана тіліңде тек
Тіршілігін білдірер ұлы халық,-дей отырып бүгінгі сайысымыздың «Мен қазақпын» бөлімі бойынша екі топқа 11 сұрақтан 22 сұрақ қойылады.Нақты әрі тез жауап беру қажет.
1-жүргізуші: «Жігер» тобына арналған сұрақтар.
Дауыссыз дыбыс буын құрай ала ма? (жоқ)
Зат есім дегеніміз не? Заттың, құбылыстың, ұғымның атын білдіріп кім?не? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерзат есім деп аталады.
Шоқанның шын аты кім? (Мұқамедқанафия)
Табу деген не? (Айтуға тиым салынған сөздер)
“Ғылым таппай мақтанба ” өлеңінің авторы кім? (Абай)
Қарасазда дүниеге келген ақын кім? (Мұқағали)
Морфология терминге жата ма? (Ия)
Қос сөз дегеніміз не? ( Сөздердің қосарланып я қайталанып айтылуынан жасалған сөздер)
Қосымша дегеніміз не? (Түбір сөзге жалғанатын жұрнақ және жалғау)
“Тамырына балта шабу” тіркесінің мағынасы қандай? ( Құртып жіберу, жою)
Түбір сөз дегеніміз не? (Ары қарай бөлшектеуге келмейтін, толық мағынасы бар, сөздің түпкі бөлігі)
Сан есім дегеніміз не? (Санның ретін, мөлшерін білдіріп, қанша, неше, нешеу тәрізді сұрақтарға жауап беретін сөз табы.)
Абайдың немере ақын інісі. (Шәкәрім Құдайбердіұлы)
Ұлттық аспап. (Домбыра)
“Тамаша” сөзінің синонимі. ( Керемет)
Киіз үйдің төбесін қалай атайды? (Шаңырақ)
Тілдегі сөздердің жиынтығы. ( Лексика)
Дөрекі сөздерді тіл білімінде қалай атайды? (Дисфемизм)
Фонетика нені зерттейді? (Дыбыс пен әріпті)
Күрделі сөздердің қандай түрлері бар? (қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз, тіркесті сөз)
Сөзге жаңа мағына беретін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
1-жүргізуші:
Тілім менің!
Ұлы Абайдай, Мұхтардай пірім менің!
Тұтастығым – рухани жан азығым,
Ол бүлінсе – менің де бүлінгенім,-деп ақын ағаларымыз жырлап өткендей тілге қатысты айтылған ұлт зиялыларының қанатты сөздерін, ақындардың өлеңін жалғастыру.
ІІ бөлім «Даналық сөзден дән ізде» бөлімі бойынша:
1-тапсырманың жауабы:
Ал екінші бақытым тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Ол бар болса, мен бармын қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқың сенің. (М. Мақатаев)
2-тапсырманың жауабы:
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өсемін. ( Ә.Тәжібаев)
2-жүргізуші:
Екі ойынның бағасын берсеңіздер.
1-жүргізуші:
Қалағандай қиюлап үй тастарын,
Балталап бұза алмайсың ұйқастарын.
Тіліңнің білгің келсе құдіретін,
Жұртыңның оқы өлеңін, жыр-дастанын,-демекші ойынымыздың үшінші бөлімі «Ұлағатты ұғымдар » бөліміне де келіп жеттік. Тақтаға назар аударайық.Әр топқа үш сұрақтан қойылады.
Үш бәйтерек – Сәкен, Ілияс, Бейімбет.
Үш қуат – ақыл, жүрек, тіл.
Жеті ата – әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.
Бес арыс –
Жеті күн – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі,бейсенбі, жүма, сенбі, жексенбі.
Үш арсыз – ұйқы, күлкі, тамақ.
2-жүргізуші:
-Өз тілін жетік біліп, үйренсе кім,
Ең жақын ұрпағы сол Жиреншенің
Замандас, сергіт ойды, заман туды,
Қолыңа тіл тағдыры тиген сенің!
Соңғы төртінші «Асыл қазына» бөлімінде ұяшықтарды таңдай отырып, сұрақтарға жауап береді.
Салт-дәстүр - 10
«Сыңсу »дегеніміз не? Ұзатылып бара жатқан қыздың туған елімен, жерімен қоштасуы.
Салт-дәстүр- 20.
«Тасаттық» дегенді қалай түсінесіз?
Құрғақшылық болғанда құдайдан жаңбыр тілеп садақа берген. Мұны тасаттық дейді.
Салт-дәстүр 30.
«Ат-тергеу» дегенді қалай түсінесіз?
Халық дәстүрінде адамға құрмет көрсетудің жолдары көп.Ұлт дәстүрі бойынша келін атасының, қайын іні, қайын сіңлісінің атын атамай, өзінше лайықты ат қойған.
Ауыз әдебиеті – 10.
Гүлбаршын қай жырдың кейіпкері? ( Алпамыс батыр)жыры
Ауыз әдебиеті – 20.
«Ер Төстік» ертегісіндегі Төстіктің әкесі кім және неше ұлы болған.
Әкесінің аты Ерназар, Төстіктен басқа сегіз ұлы болған.
Ауыз әдебиеті -30.
«Аяз би» ертегісіндегі ханды ата және ол уәзірлерін не әкелуге жұмсады.
Ханның аты Мадан хан. Ол уәзірлерін адамның жаманын, құстың жаманын, шөптің жаманын тауып әкелуге жұмсады.
Полиглот – 10
Өнер алды-қызыл- (тіл – язык – lanquaqe)
Полиглот – 20.
Тіл ...жарады,...жармаса бас жарады.( тас – камень – stoun)
Полиглот – 30
Таяқ еттен өтеді, ....сүйектен өтеді. ( сөз – слово - word)
Түрлі- түрлі – 10
ҚР Туының авторы (Ш. Ниязбеков)
Түрлі-түрлі -20.
Қазақ халқының тарихында тұңғыш кәсіпқой балуан ( Қажымұқан Мұңайтпасов)
Түрлі-түрлі – 30
ҚР тілі туралы заңы тәуелсіздігін алғаннан кейін қай жылы қабылданды?(1997 ж 11 шілде )
Әділқазылар алқасы ұпай санын есептеп, жеңімпаз топты анықтаса.
1-жүргізуші:
Тілім менің – тірегім, дінім менің,
Тілсіз қандай болады күнім менің!
Өз халқына жетеді өз мәнінде
Өз тілімде оқылса жырым менің
2-жүргізуші:
Тілін білген абылай, Абайым да,
Құдірет берген Ана тіл талай ұлға.
Қасиетті тілімнің арқасында
Ерікті ел боп алысқа қарайын да,
Ана тілім, күмбірле сарайымда!..
Осымен «Асыл сөз» зияткерлік ойыны аяқталды. Келесі кездескенше аман – сау болыңыздар!