kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Звезды интерната"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данная методическая разработка предназначена для воспитателей интерната. Конкурс песен и танцев среди 5-11 классов.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Звезды интерната"»

«Интернат жұлдызы» өнерлілер байқауы

І жүргізуші: Армысыздар өнер сүйер қауымым,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Ән – шашу, әсем – әуен, түрлі өнер.
Бүгінгі күн сіздерге арналады.

ІІ жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі,
Сіздер үшін осы кеш ашылады,
Сіздер үшін өнерпаздар сайысады.
І Жүргізуші : - Кеш жарық құрметті көрермендер! Интернат тәрбиленушілерінің арасында  өткізілгелі отырған  «Интернат жұлдызы» атты өнерлілер байқауына қош келдіңіздер.

ІІ жүргізуші

«Интернат жұлдызы» - талантты балалардың, талантын шыңдап, қанат бітіріп, үлкен өнерге жол ашатын байқаулардың бірі болады деп ойлаймыз.
І жүргізуші: Бүгінгі байқауға қатысушыларды ортаға шақырамыз. (Музыка әуенімен сайыскерлер ортаға шығады).

Бүгінгі байқау шарттарымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.Байқау үш бөлімнен тұрады.

І Бөлім «Өлең- сөздің патшасы ...» деп аталады, бұл сайыста қатысушылар өз қалаулары бойынша 1 өлеңді мәнерлеп жатқа оқиды.

ІІ «Мың бұралған бишілер » бөлімінде сайысқа келген бишілеріміздің бағы сыналмақ


ІІІ «Құлақтан кіріп бойды алар...» ән байқауы өнерпаздар тамылжыта ән салады.

ІІ-жүргізуші: Қымбатты өнер сүйер қауым, қадірлі көрермендер, сайысқа қатысушы өнерпаздар!
І жүргізуші: Өнер байқауын басталмас бұрын сайысымызды бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1) Мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Садыкова Мейірлі Жанұзақовна

2) Мәдениет үйінің меңгерушісі: Байжұманов Катрен Қапсадықұлы

3) Ритмика пәнінің мұғалімі : Маутбекова Ботагоз Шапатовна

ІІ жүргізуші Шәкірттерін қуантқан әніменен

Қымбат бізге сендер айтқан әрбір өлең

Халқыменен тебірентіп ән салатын

Сендерді қазағымның жаны дер ем-,дей келе байқауымыздың шымылдығын ашатын тәрбиешілерден құралған трио «Шақырады көктем» әнімен қарсы алыңыздар!

Керемет ! Қошеметтеріңізді аямаңыздар!



І жүргізуші Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы,

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы,- деп ұлы АБАЙ жырлағандай өлеңге қойылатын талап зор. Алғашқы сайысымызға қатысушыларға қойылатын талап та күшті. Өнерпаздар өз қалаулары бойынша кез –келген ақынның өлеңін жатқа оқиды.

ІІ жүргізуші Ендеше алғашқы қатысушымыз Интернатымыздың түлегі 11 сынып оқушысы Ғалиева Қызғалдақты қарсы алыңыздар.

І жүргізуші Қызғалдақ Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерінен басқа тағы да қай ақындардың шығармаларын сүйіп оқисыз?

Әділ-қазылар алқасына сөз берсек: (әр біреуі өз пікірлерін айтып шығады)

І жүргізуші Спорттан да өнерден де шет қалмайтын келесі қатысушымызды танымайтын оқушы жоқ шығар

ІІ жүргізуші: Иә, Айман апай сіздің кім туралы айтып тұрғаныңызды мен білетін сияқтымын. Ол интернатымыздың мақтанышы Олжас қой. Ендеше 10 сынып оқушысы Әміров Олжасты сахна төріне шақырамыз.

І жүргізуші .Құрметті әділ-қазы алқасы Олжастың оқыған өлеңі жандарыңызды тебіренте алды ма?

І жүргізуші Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,

Сондада олардың бар таңдамасы,-дегендей келесі қатысушымыз да бүгінгі сайысқа үлкен дайындықпен келген екен алдарыңызда 10 сынып оқушысы Аманова Аружан

ІІ жүргізуші Мейірлі апай жалпы сіз қандай өлеңдерді оқығанды ұнатасыз? Аружанның мәнері сізге ұнады?

І жүргізуші бұл бөлімнің соңғы қатысушысы Ажар өлең оқығанда ерекше күйге енемін дейді. ЕНДЕШЕ барлығымыз бірге 7 сынып оқушысы Иманғалиева Ажардың өнерін тамашалайық

ІІ жүргізуші : Осымен біздің «Өлең сөздің патшасы ..» бөлімі өз мәресіне жетті, келесі бөлім би сайысы.
«Қозғалыссыз өмір жоқ, би сүймейтін бала жоқ» - деп ақындарымыз жырлағандай енді «би сайысын» бастауға рұқсат етіңіздер.

І жүргізуші: Интернаттың қыздары өнері асқан,
Билейді мың бұралып бала жастан.
Қайда біздің өнерпаз қыздарымыз?
Ортаға шық тартынбастан – деп бишілеріміздің өнерін тамашалайық.Бірінші болып өнер көрсететін жас биші 5 сынып оқушысы Батурина Жасминді заманауи биімен қарсы алыңыздар!

ІІ жүргізуші Қымбатты Ботагөз Шапатовна жалпы Заманауи биге қандай билер жатады?

Жасминнің өнеріне не айтасыз?

І жүргізуші : Биім сондай әдемі,
Тілшігім бар тербелген.
Нәзік сазды әуенмен,
Мың бұралып билеймін,- деп келген келесі қатысушымыз 8 сынып оқушысы Сағандықова Ақнұрдың өнерін тамшалайық.

ІІ жүргізуші: Ақнұр сен биді неше жасыңнан бастап билеп жүрсің? Сен үшін ең сәтті шығып есіңнен кетпейтін би қандай болды?

І жүргізуші Әділ-қазы алқасы Ақнұрдың биіне өз ойларыңызды айтсаңыздар

ІІ жүргізуші Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін сақтамақ,
Ер намысын қорғамақ,
Ердос шықсын ортаға. 9 сынып оқушысы Қабдрашит Ердосты қарсы алыңыздар

Ердос сен неліктен тау халқының биін таңдадың?

Ботагөз Шапатовна биге көңіліңіз толды ма?

І жүргізуші: Міне біздің мың бұралған бишілеріміздің де бүгінгі сайысқа арнайы дайындап келген би өнерлері өз мәресіне жетті. Ендеше соңғы сайысымызға да уақыт келіп жетті.

Біздің халық өнерге мол, бай тегі,
Әнші деп те, биші деп те айт оны.
Әнге оның қанша икемің бар екен,
Тыңдап көріп берсек баға қайтеді, - деп алғашқы орындаушыны сахна төріне шақырайық.

ІІ жүргізуші : Сахнада 5 сынып оқушысы --------------------------------- орындауынды « » қабыл алыңыздар!

Катрен аға қатысушымыз әнді өз дәрежеснде орындай алды ма,қалай ойлайсыз?

ІІ жүргізуші : Дауысың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан
Көркің қандай нұрлы еді,
Таң шолпанмен астасқан, келесі сайыскеріміз тамылжытап ән салғанда, тыңдаушысын рахатқа бөлейді. Қарсы алыңыздар сахнада 9 сынып оқушысы Ермекова БАЛНҰР (БІРГЕ)
ІІжүргізушісі: Құрметті әділ-қазы Балнұр сіздердің жандарыңызды рахатқа бөлей алды ма?

І жүргізуші : Өнеріңмен терең жүзіп шарықтадың,
Мақсатыңды талаппен анықтадың.
Сан қырлы таза гауһар секілденіп,
Қуантады өзіңді танытқаның, - деп келесі әншіміздің өнерін тамашалайық . Алдарыңызда 7 сынып оқушысы Тоқтарханова Шынар ---------- әнімен

ІІ жүргізуші : Шынар ән салуды кімнен үйрендің?

Әділ қазы алқасы сіздер қандай пікірдесіздер?




І жүргізуші : Осымен бүгінгі «Интернат жұлдызы» атты байқаумыз өз мәресіне жетті

Енді әділ қазыларымыз сайыскерлеріміздің ұпайларын есептегенше сіздердің құрметтеріңізге Айман Ойратовна мен Балнұрдың орындауында « » »әнін

ІІ жүргізуші: Кім өнерлі бұл кеште, үміт алда,
Қобалжу бар жүректе күдік барда.
Әділ қазы алқасы атыңды ақта,
Өнерпаздар арманменен бақыт жолда, - дей келе сөз кезегін әділ қазыларға береміз.
МАРАПАТТАУ
І жүргізуші: Көпшілік құрметіне бөленген өнерпаздарымыз алдағы уақытта көптеген байқаудың жеңімпаздары атанып, үлкен – үлкен табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз дей келе концерттік кешімізді аяқтаймыз . Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Сау болыңыздар!




















































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Звезды интерната"

Автор: Бопабаева Айман Ойратовна

Дата: 25.03.2017

Номер свидетельства: 403216

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Деловая игра "Посвящение в общежитики" "
    ["seo_title"] => string(50) "dielovaia-ighra-posviashchieniie-v-obshchiezhitiki"
    ["file_id"] => string(6) "163908"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422549273"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Воспитательский час на тему Что такое семья "
    ["seo_title"] => string(50) "vospitatiel-skii-chas-na-tiemu-chto-takoie-siem-ia"
    ["file_id"] => string(6) "236860"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1444163520"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Воспитательский час: " Семья" "
    ["seo_title"] => string(29) "vospitatiel-skii-chas-siem-ia"
    ["file_id"] => string(6) "242519"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1445484656"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "Внеклассное занятие на тему:"Мы знаем всё о космосе" "
    ["seo_title"] => string(58) "vnieklassnoie-zaniatiie-na-tiemu-my-znaiem-vsio-o-kosmosie"
    ["file_id"] => string(6) "201165"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1428997155"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(260) "Внеклассное мероприятие «По горячей земле», посвященное воину-интернационалисту , героически погибшего в ДРА Давлеталину Касыму Хамитовичу "
    ["seo_title"] => string(163) "vnieklassnoie-mieropriiatiie-po-ghoriachiei-ziemlie-posviashchiennoie-voinu-intiernatsionalistu-ghieroichieski-poghibshiegho-v-dra-davlietalinu-kasymu-khamitovichu"
    ["file_id"] => string(6) "137769"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1417432844"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства