kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Зиянды заттардан аулақ бол!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға денсаулықтың қымбаттылығын, өмір сүру қажеттілігінің бағалы байлық екенін түсіндіру. Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу

Міндеттері:

1. Денсаулықты сақтау және нығайту туралы білім беру.

2. Өзін-өзі тәрбиелей білу, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болу.

3.Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар салауатты өмір салтын ұстанады;
  • Зиянды заттардан бойларын аулақ ұстайды;
  • Спортпен шұғылданады;
  • Салауатты өмір салтын ұстанады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Зиянды заттардан аулақ бол!»


Дайындаған: «№6 жалпы білім беретін орта мектеп жанындағы интернатпен» КММ тәрбиешісі

Омарханова Әсем Болатқызы.

Сабақтың тақырыбы:Зиянды заттардан аулақ бол!

Мақсаты: Оқушыларға денсаулықтың қымбаттылығын, өмір сүру қажеттілігінің бағалы байлық екенін түсіндіру. Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу

Міндеттері:

1. Денсаулықты сақтау және нығайту туралы білім беру.

2. Өзін-өзі тәрбиелей білу, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болу.

3.Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар салауатты өмір салтын ұстанады;

  • Зиянды заттардан бойларын аулақ ұстайды;

  • Спортпен шұғылданады;

  • Салауатты өмір салтын ұстанады.

Сабақтың барысы:

Жүргізуші:.Дария

Құрметті оқушылар! Еліміздің мықты тірегі –дені сау ұрпақ. Алдымен адамға денсаулық керек. Адам баласының денсаулығы оның жаны мен тәнінің саулығынан құралады. Адам денсаулығының жақсаруы, рухани жанының тазаруы. Тіршілікте салауатты өмір салтын ұстану- салауатты өмір кешумен байланысты. Сонымен балалар, денсаулық-адам бақытының бірінші байлығы.

Жүргізуші Зарина

Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты. Жағымды, жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты өмір сүруге болады

Салауатты өмір салты дегеніміз не?

Мұғалім

Елбасының: «Қазақстан - 2030» бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті. Олар:

1-бағыт: «Темекі шегуді тоқтату»

2-бағыт: «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес»

3-бағыт: «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес»

Бұлардың қай-қайсысы да адам өміріне зиян екені дәлелдеуді қажет етпейді. Біз осы зиянды заттар туралы тереңінен тоқталамыз Зиянды әдеттер.

Жүргізуші Дария

Күн сайын адамдар темекі шегу, ішімдікке салыну, нашақорлықтан түрлі дертке, бақытсыздыққа шалдығады. Зиянды әдеттер адамның өмір бойы өзін-өзі тұлға ретінде іске асыруына мүмкіндік берместен кедергі жасайды. Зиянды әдеттер арқылы адам өзінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, жақын адамдарына ауыртпалық түсіріп, қоршаған ортаға зиян келтіреді.

Жүргізуші:Зарина

Кейбіреулер қиындыққа кездескен жағдайда ойланып, ақылға салмастан зиянды заттарды пайдалануға әуес болады. Сөйтіп оған үйреніп, тәуелді болатындарын ойламайды. Осы зиянды заттарға тәуелді болудың салдары өздерін азапқа түсіретіндерінен бейхабар болады. Қиындықтан шығудың жолы, шешілмей қоймас

Зиянды әдеттер денсаулыққа қалай әсер етеді?Темекінің шығу тарихы және темекімен күресу жолдары

Оқушы: Темекімен күресу жолдары:

- Англияда темекі шеккендерді дарға асқан.

- І Петр темекіге салық салу мемлекетке пайдалы деп шешкен.

- Швецияда 2000 жылдан бері жасөспірімдер шылым шегуді білмейді екен.

Оқушы: ҚР – сының Білім беру және денсаулық сақтау министрлігі қолдауымен 2002 жылы «темекі шегудің алдын – алу және шекпеу» туралы заң қабылданды. Онда кәмелеттік жасқа толмағандарға темекі өнімдерін сатуға тиым салынады делінген

Темекінің шығу тарихы:

Гиспаньола аралында тұратын үндістер мендуанаға ұқсас шөпті жаққанда шыққан түтінді танауларымен ішіне тартып, содан мас болған. Олар оны табако деп атады. Темекі Еуропада ерекше тез тарады. 1560 жылы француздың әйел патшасы Екатерина Медичеге басының сақинасы ұстағанда дәрі-дәрмек ретінде берген.

Көрдіңдерме балалар. Темекінің сізге қаншалықты зиян екенін, қанша құрамында улы зат бар екеніне көз жеткізіп отырмыз. Әр темекі адам өмірін 15 минутқа қысқартады екен.

Жүргізуші Зарина

Ішімдіктің зияны туралы

Оқушы: Маскүнемдік – алкогольдік ішімдік. Үнемі қолданудан және шектен тыс үйір болудан қанға сініп кететін дерт. Ағзаның қызметін бұзып және тереңдей беретін кесел.

Оқушы: Соғыс уақытында наркоз болмаған кезде орнына спиртті пайдаланған.

Оқушы: Алкоголь ми қызметін бұзады. Алкоголь – ол наркотиктік у.

Оқушы: Алкогольдің елді қыратын қару екенін әлемді билегісі келген адамдардың бәрі білген. Мысалы: Гитлер 1942 жылы былай жазған: «Славяндардың санын азайту үшін ешқандай гигиена керек емес, тек қана арақ пен темекі».

Оқушы: Арақ- этильді спирт. Адамның барлық ішкі мүшелерін уландырып, істен шығарады. Арақ адам есін жояды, ұяттан бездіреді. Арамдық қылмысқа итермелейді. Арақ ішкен адамның балалары дүниеге келгеннен кейін ақыл- есі  кем, ұмытшақ ауруға тап келеді

Арақ 1428 жылы Генуядан келген. І Петрдің тұсында Ресейге арақ келген. Маскүнемнің қоғамға тигізер зардаптары: адамдық бейнеден кетеді, қоғамда орны жоқ, тұрмыс жағдайы, ой өрісі төмен.

Арақ – атаңның асы емес.Адамды арақ жетелейді сорына, Кедейлік пен дерт ілесер соңына деген салауатты өмір салтын насихаттайтын мақалдар бар.

«Арақ – арыңа нұқсан, темекі – тегіңе нұсан» демекші, темекі сенің бүкіл өміріңе нұқсан келтіреді, ұрпағыңа кесірін тигізеді. Сол үшін мұндай оғаш қылықтардан аулақ болуымыз керек. Оғаш қылықтар дегеніміз: арақ, темекі, есіркткі

Жүргізуші Дария

Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезмінің, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын халге жетеді. Бір шырмалған жанның онан құтылуы оңайға соқпайды. Біреу қызық көріп, біреу алдауға түсіп байқаусыз барады, енді біреу өзгелердің ықпалымен барады.

Шығатын жолы біреу ол – салауаттылық өмір сүру. Өз сеніміңе берік болу.

Нашақорлыққа қарсы жарнама: «Сандар сөйлейді»

1. Жылқыны сеспей қатыру үшін 7 – 8 тамшы никотин жеткілікті.

2. Егер адам күніне 1 қорап темекі тартса, 1 жылда оның өкпесіне 1 литр шамасында шайыр (смола) жиналады екен.

3. Ауаның қалыпты құрамын, өкпедегі қан айналымын бұзу үшін 1 дана темекі жетіп жатыр.

4. Бүкіл дүние жүзінде 1 млрд – тан астам адам темекі тартады екен.

5. Темекі зардабынан күніне 10000 немесе 3,5 млн адам қайтыс болады екен.

Жүргізуші:Тұрысбек Еділбаевтің «Үш пәледен аулақ бол» кітабынан көрініс)

Бала «арақтың» жанына келіп/ -Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?

«Арақ»:

-Мен арақпын, арақпын,

Жер жүзіне тараппын.

Жұрттың құмар асы боп,

Керегінежараппын.

Бала «темекіні» жанына ала келіп/ - Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?

«Темекі»:

-Мен темекі шылыммын,

Аузына елдің іліндім.

Қанша мені тартса да,

Демеді ешкім бүліндім.

Бала «есірткінің» жанынакеліп/ — Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?

«Есірткі»:

-Мен есірткінашамын,

Уытымдышашамын.

Атымшулаптурғанда,

Алшаңдапаяқбасамын.

/Сахнаға ересек бала шығады/

Ересек бала:

-О, жаратқан, жаратқан,

Жұрттыңаузынқаратқан.

Ағайындыүшеуін,

Қандайпәлетаратқан.

-О, адамдар, санаң бар,

Үшпәлегеқараңдар.

Үшеуі де үлкенжау,

Бүкіләлемалаңдар!

/Екі бала бірігіп/:

«Арақ», «Темекі», «Есірткі»

Үшеуі де ауыр дерт.

Бүкіл елді бүлдірмей,

Арамыздан аулақ кет!

1 — оқушы

Мен қазақ ұлдарына қайран қалам

Шылымды шеккен кезде жайраңдаған

Оқуға ниеті жоқ қайран ұлдар

Темекі шегіп алып сайрандаған

Жасырмай тартасың сен шылымды

Шылымға берілдің ғой мәңгі енді

Өкпеңнен не қалады қарағым –ау

Ертерек ойласаңшы өмірінді

Шылымды тартпайтын ұл арман болды.

Жақсымен ажыратар оң мен солды

Үлкеннен үлгі алар ұлдар қайда.

Қоғамда бастаушы ма еді қыздар жолды

Жүргізуші:Шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, жұқпалы аурулар, бұзақылық.
«Арақ- арыңа нұқсан,темекі тегіңе нұқсан» демекші балалар бұл зиянды әдеттерден аулақ болуымыз керек.
Назар аударайық! Адам денсаулығындағы өміршеңдік ережесі:

Әр адамның ережесі өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Әр уақытта өз денсаулығына жете мән беріп кездескен қиыншылықтарды жеңе білу. Адамдар көңіл көтеріп, демалу үшін, ренжігенін басу үшін шылым шегіп ішімдік ішеді, бұл адам өміріне зиян екендігін өздері білсе де, сезінбейді. Мұндай сезімнен арылу үшін жанға жайлы музыка тыңдау керек, жақсы ән мен музыка жан азығы. Ол ас қорыту тізбегіне де жағымды әсер етеді. Сыбызғы үні қан айналымына, жүрек тамырларына пайдалы әсер етсе, скрипка мен Фортепионо адамның жанын жай таптырып жүйкесін тынықтырады, ал домбыраның күмбірлеген үні, қобыздың жүрек елжіретер сырлы сазы қалай сізді бей-жай қалдыра алады. Қытай мен Грекияда музыканың емдік қасиеті жайлы ертеде-ақ белгілі болып ол біздің дәуірімізге музыка терапия немесе вокало терапия ретінде жетіп отыр. Музыканың дыбысына ырғағына байланысты адам ағзасы әрқалай әсер алады, сондықтан оны кейбір жүйке ауруларын емдеуге, олардың алдын алу мақсатында пайдаланатыны белгілі.

Қорытынды Дария

Жарайсыңдар ! Мен сендерге сенемін ! Кей адамдар көңіл көтеріп, демалу үшін , ренжігенін басу үшін шылым шегіп , ішімдік ішеді. Ал оның адам өміріне соншалықты зиянды екендігін өздерің де атап өттіңдер. Бұндай сезімнен арылу үшін жанға жайлы музыка тыңдау керек

Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ, «байлық па, атақ па, даңқ па?» - деп. Сонда Сократ: Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытқа кенелте алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ – деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулық келілі – салауаттылықта ,балалар.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Зиянды заттардан аулақ бол!

Автор: Омарханова Әсем Болатовна

Дата: 11.12.2016

Номер свидетельства: 368469

Похожие файлы

object(ArrayObject)#866 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Зиянды заттардан аула? бол!"
    ["seo_title"] => string(24) "ziiandyzattardanaulakbol"
    ["file_id"] => string(6) "263096"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1449486393"
  }
}
object(ArrayObject)#888 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Зиянды әдеттерден сақтан!"
    ["seo_title"] => string(28) "ziiandy_diettierdien_sak_tan"
    ["file_id"] => string(6) "361532"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1479830840"
  }
}
object(ArrayObject)#866 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Денім сау болсын десең."
    ["seo_title"] => string(24) "denim_sau_bolsyn_desen_1"
    ["file_id"] => string(6) "622705"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1673362913"
  }
}
object(ArrayObject)#888 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Зиянды әдеттерден сақтанайық!"
    ["seo_title"] => string(32) "ziiandy_diettierdien_sak_tanaiyk"
    ["file_id"] => string(6) "399262"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1489241310"
  }
}
object(ArrayObject)#866 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Салауаттылы? –?мір салты"
    ["seo_title"] => string(22) "salauattylykomirsalty3"
    ["file_id"] => string(6) "300821"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456807423"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства