kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ЖИТС

Нажмите, чтобы узнать подробности

Акция та?ырыбы: «ЖИТС – ?асыр дерті»

Уа?ыты:26.11.2014ж.

?дісі: т?рбие са?аты

     Ма?саты:  Адамзат ?міріне ?ауіп т?ндіріп отыр?ан ?атерлі ЖИТС  дертіні? алдын алу, са?тана, ?ор?ана білу туралы т?сіндіру;  салауатты ?мір салтын ?алыптастыру;  о?ушылар?а ЖИТС ?азіргі та?да?ы адамзатты? басты проблемасы екенін, оны? зияндылы?ын т?сіндіру, ?асыр дертіне айналып отыр?ан кеселден  барынша аула? болу?а ша?ыру;  о?ушыларды жаман ?деттерден аула? болу?а, адамгершілікке, инабаттылы??а, елжандылы??а т?рбиелеу.

    К?рнекілік:  интерактивті та?та,  АИТВ/ЖИТС жайлы плакаттар.

ЖИТС – ?асыр індеті

      ?алымдарды? есептеуі бойынша  ЖИТС я?ни СПИД  е? ал?аш  ХХ ?асырды? 70-жылдары А?Ш, Гаити, Африкада тіркелген,  1979-1981 жылдары Нью-Йорк  пен Лос-Анджелес  д?рігерлері адамдардан иммунитетті? нашарлы?ын бай?а?ан.  Олар ?ан тамырыны? ісігі  (саркома Капоши) ж?не пневмонияны?  сирек формасымен ауыратын адамдар бол?ан. 1981 жылы Америкада (Атланта) ауруды ба?ылау комитетіні?  баяндауы бойынша  ?кпе ?абынуынан ж?не сирек болатын жа?а т?зінді сия?ты б?рын таралма?ан т?сініксіз ауруларды? к?беюі ?реймен баяндал?ан. Осыдан со? оларды? иммунитеттері ?лсіреп, ?рт?рлі ауруларды? себебінен ?лім жиілегені туралы  ма?алалар жары? к?рді. Б?л – ЖИТС еді.  Б?л ж??палы  ауру  туралы  ал?аш?ы хабарлар  А?Ш  басылымдарында  1981 жылды?  ортасында  жары? к?ре  бастады.

      1982 жылы ауруларды ба?ылау орталы?ы жа?а ауру ЖИТС- ты тіркеді.  1983 жылы француз Люком Монтанье мен американды? роберт Галло ауру ?оздыр?ышы туралы ал?аш?ы м?лімет айтты.

      Жуы?та  белгілі  бол?ан б?л  ауру  д?рігерлерді?  д?лелдеуі бойынша,  адамны? иммунды? ж?йесін за?ымдап, ?ор?аныс ?абілетіні?  к?рт т?мендеуіне ?келіп со?тырады. ЖИТС  ауруы пайда  бол?аннан  бері  адам баласы ?ор?ынышты  жа?дайды басынан кешіруде.  ?йткені ЖИТС - ?те ?ауіпті індет. Оны  ХХ  ?асырды? обасы»  деп  бекер атама?ан.  Онымен нау?астан?ан ж?не вирусты ж??тыр?ан адамдарды  емдейтін  тиімді д?рі –д?рмек жо?. Жа?ын арада б?л дертке ?арсы ?олданылатын  вакцина  мен  д?рілерді шы?ару  м?мкіндігі  де белгісіз болып  отыр.  Сонымен ?атар ЖИТС  вирусыны? адамны? бойында бірден белгі бермеуі де ?ор?ынышты  к?шейте т?суде.

       Б?л вирус  иммунды?  ж?ниені  за?ымдап,  к?птеген  бас?а  ж??палы  ауруларды?  бас к?теруіне  жа?дай жасайды. Сонды?тан  ЖИТС –пен ауыр?ан адамдар  ерте болсын,  кеш болсын  т?бінде  мерт  болатыны аны?. Б?л ауру пайда  бол?аннан бері  20 жылдай уа?ыт  ?тсе де,  одан  емделіп,  м?лдем  айы?ып  кеткен   бірде-бір  адам  жо?.

      ?азіргі кезде ЖИТС  дертіне  шалды??андар  мен оны?  вирусын  ж??тыр?андар  д?ние  ж?зіні?   б?кіл  елдерінде  табылып  отыр  ж?не  м?ндай нау?астарды?  саны  к?н сайын  арта  т?суде.

Д?ниеде  ж?здеген т?рлі ж??палы  аурулар  бар. Оларды?  к?пшілігі  ерте заманнан  берібелгілі.  Адамдар оларды?  даму, таралу жолдарын  аны?тап,  емделу  ж?не  са?тану  т?сілдерін  ?йренді.

Адамдарды?  а?засында  ауру  ?оздыр?ыштары – микробтардан  ?ор?айтын ж?йе  ерекше а?залардан,  тіннен ж?не  жасушалардан  т?рады. Оны – иммунды? ж?йе,  ал ?ор?анысты?  ?абілеттілікті – иммунитет  деп атайды. Иммунитет арнайы жасушаларды?   ж?не олар б?ліп  шы?аратын  ерекше  белокты? заттарды?   ?рекетімен ?амтамасыз етіледі. А?за?а микробтар т?скеннен кейін осы белокты? заттар ?ан, сілекей, емшек с?ті,  ішек жолы кілегейінде,  т.б.  жерлерде жинала бастайды. М?нымен ?атар  адам  д?ниеге келген с?ттен бастап ?ызмет  ететін  т?ра?ты  (таби?и)  ?ор?аныс ж?йесі бар.   О?ан  тері,  шырышты ?абаттарды?  жасушалары, микробтарды  б?зып-жоятын  ерекше заттар  жатады.

       Егерде  иммунды? ж?йе туа салысымен ?лсіз болса немесе оны? ж?мысы  кейбір зиянды  факторларды?  ?серінен  за?ымданса, иммунды?  тапшылы?   дамиды.  Соны?  н?тижесінде  адамны?  инфекция?а  ?арсы  т?ру  ?абілеттілігі  жойылып,  ?лімге  душар  болады.  Иммунды?  ж?йені?  ?ызметін  б?зып,  ЖИТС  ?оздыратын  осындай  фактор -  микроб екені белгілі  болып  отыр.

      Бастап?ы  кезде   д?рігерлер  «жа?а ауруды?»  бар екенін  аны?тап,  сонан  со?  оны?  ?оздыр?ышын  тауып,  зерттеді.                                                                                                                                                                                

             1981 жылы  жаз айында  Лос-Анжелос  ?аласында?ы ауруханаларды?  біріне  микробтар   ?оздыр?ан  пневмонияны?, я?ни ?кпе  ?абынуыны? ауыр  т?рімен  нау?астан?ан  бес жігіт т?сті.  Иммунитетті?  к?рт т?мендеуіні?  н?тижесінде  оларда  бас?а да ?осымша  инфекциялар бар екені аны?талды. ?р т?рлі  антибиотиктермен  ж?не  бас?а  д?рі-  д?рмектермен  белсенді  т?рде  емдеуге  ?арамастан  нау?астарды?  б?рі  ?айтыс болды.   Оларды?  барлы?ы да гомосексуалист  ж?не наша?орлар  екен. Екі ай  ?ткеннен кейін  Лос-Анжелос, Сан-Франциско ?алаларында, Калифорния штаты  айма?ында  Капоши  саркомасы (?детте, ?арттарда кездесетін  тамырды за?ымдайтын  ?атерлі ісік),  кандидоз,  ?шы?ты? инфекциядан  ас?ын?ан  пневмонияны?  ?ліммен ая?тал?ан  жа?а о?и?алары тіркелді. М?ндай  аурулар ?детке жатпайтын  жынысты?  ?ылы?тармен  айналысатын  жастарды?  арасында  кездесетіні  белгілі  бол?ан. Нау?астарды? б?рі де  таби?аты  белгісіз иммунды?  тапшылы??а  душар  бол?аны  аны?тал?ан. 

                         Д?ниеж?зілік  денсаулы?  са?тау ?йымы  б?л ауруды   АІDS  деп атады.  Орысша – СПИД,  ?аза?ша  ЖИТС  деп  аталатын  б?л  кесел  кезінде  адам  а?засында  ?ор?аныс  ?абілеті  жетімсіздігіні?  кешенді белгілері пайда болады. Таралу  ерекшеліктерін  зерттеу   н?тижесінде  оны?  ж??палы ауру   екені  аны?талады. Міне,  с?йтіп 1983 жылы  бір мезгілде  Францияда  Люк  Монтанье,  А?Ш-та  Роберт Галло  аурулардан  осы кезге  дейін  белгісіз  болып келген  вирус  тапты. Ол  НІDV,  орысша – ВИЧ, ?аза?ша -  АИТВ деп аталады.                                                          

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ЖИТС »

Акция тақырыбы: «ЖИТС – ғасыр дерті»

Уақыты:26.11.2014ж.

Әдісі: тәрбие сағаты


Мақсаты: Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі ЖИТС дертінің алдын алу, сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру; салауатты өмір салтын қалыптастыру; оқушыларға ЖИТС қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зияндылығын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселден барынша аулақ болуға шақыру; оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болуға, адамгершілікке, инабаттылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.


Көрнекілік: интерактивті тақта, АИТВ/ЖИТС жайлы плакаттар.


Барысы:

1жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 1 желтоқсан – дүниежүзілік АИТВ/ЖИТС індетіне қарсы күрес күніне арнап өткізілгелі отырған «ЖИТС – ғасыр дерті» тақырыбындағы кешімізге хош келдіңіздер!


2 жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деген болатын. Болашақ Қазақстанның жастары салауатты да тәрбиелі, шыныққан шымыр, экологиялық сауатты, ауасы таза, көк желекті дамыған елде тұруы керек. Сол бағдарламаны негізге ала отырып өткізілгелі отырған «Жүре пайда болатын Иммунитет Тапшылығы Синдромы – ғасыр дерті» атты кездесуімізді бастауға рұқсат етіңіздер.


1ж: «Әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып, адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жинақтау, бұл адамға нұр болады» деп айтылғандай, қазіргі уақытта көптеген аурулардың алдын-ала егілетін вакциналары бар, емі бар. Ал ЖИТС ауруының қауіптілігі – оның емінің табылмай отырғанында. Бұл дүние жүзінің халқын алаңдатып отырған ғаламдық мәселе, сондықтан әрбір адам АИТВ/ЖИТС ауруы туралы жан-жақты білсе, мұндай індеттің алдын алуға болады.


2ж: АИТВ дегеніміз не? АИТВ сөзін тарқатып айтқанда Адамның Иммунитет Тапшылығы Вирусы дегенді білдіреді. Бұл қоздырғыш адамның қорғаныш жүйесін зақымдайды және жойып жібереді. Қорғаныш жүйесі дегеніміз – адамның жұқпалы аурулардан қарапайым қорғану жүйесі. Орыс ғалымы Р. Петров « Қорғаныш – адамға микробтар әлемінде өмір сүруге мүмкіндік бермейтін рұқсат қағаз» деген болатын.


1ж: ЖИТС сөзін таратып айтқанда, « Жүре пайда болған Иммунитет Тапшылығы Синдромы» дегенді білдіреді. Бұл қорғаныш жүйесінің күрделі зақымданғанын айқындайтын жұқтырылған белгілердің жиынтығы. Жүре пайда болатын Иммунитет Тапшылығы Синдромы басқа жұқпалы аурулардың жұғуына жағдай жасайды, яғни адамның қорғаныш қабілетін төмендетеді.

ЖИТС бірте-бірте дамитын, кейде бірнеше жылдарға созылып, адамды өлімге жеткізетін кесел. ЖИТС – АИТВ жұқпасының соңғы кезеңі.


2ж: ХХ – ғасырдың обасы атанған АИТВ/ЖИТС ауруының шығуы және таралу тарихы жайында баяндамаға кезек берейік 9-сынып оқушысы Орынбасар Ботакөз


1ж: Достар, осы айтылған мәліметтерді әрі қарай дамыту, пікір алмасу мақсатында кездесуімізге арнайы келіп отырған қонақтарымызбен таныстырып өтейік.


2ж: Облыстық СПИД орталығының дәрігері Тотаева Раушан апай

______________________________________________________________________________

Салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлімінің маманы Бакиров Ербол ағай


1ж: Адам!

Адам!

Бөлісіп уайымды,

Болашаққа болыңдар дәйім үлгі.

Бір- біріңе болыңдар мейірімді,

Бір- біріңе болыңдар қайырымды.

Дерт шалмасын,

Ешқашан өрт шалмасын

Алып емен, ақ балтыр қайыңымды.

Бір- біріңе болыңдар қайырымды.


2ж: Тыңда, дала, ұрпағыңды,

Саңқылдаған жалынды үнді.

Ұран боп сөздер қалықтайды

Салауаттылық салты жайлы.


1ж: Өмірді салауатты қолдап біздер,

Айтқалы келдік міне нақыл сөздер.

Көрсетсек бар өнерді шын сайыста,

Қол соғып тамашалар талай кімдер.


2ж: Алдарыңызда №3 мектеп-интернатының үгіт бригадасы «Денсаулық».


Ұранымыз: (бәрі бірге) «Тәні саудың дені сау».

Көрініс:

-Әй, щегол, бері кел! Қазір саған өмірдің қызығын көрсетемін. Кәйф!

-Ой, ол жаман, қазіргі кезде АИТВ/ЖИТС деген шығып жатыр, таста.

-Әй, ЖИТС деген не екенін білесің бе? Оны орыс тілінен қазақшаға аударғанда «ұйқтап жатыр» деген сөз.


1оқушы: (ЖИТС ауруымен науқас бейнесінде)

ЖИТС деген тағы да бір жау шықты,

Жер астына жөнелтті небір албыртты.

Ажал себер аждаһадан аулақ бол,

Жастар неге сақтамайды саулықты?

О, жаратқан!

Бұл тірлікте не тындырдым, не көрдім,

Құрбанымын ЖИТС деген кеселдің.

Ақтамай-ақ кетіп барам арманын

«Жалғыз бала» деп өсірген әкемнің.

Кім кінәлі, аялаған анам ба,

Бар қажетті даярлаған қоғам ба?

Тек қана өзім кінәлімін, сол үшін

Улы дерттің құрбаны мен болам да.

Жас жеткіншек!

Өздеріңе өлер кезде айтып кетер - борышым,

Ауырсаңдар бұл кеселмен,

Дәрігер де бере алмайды қол ұшын.

Құтқаратын күш жоқ, онда әлсіз тірі өліксің,

Жат әдет пен темекіге, есірткіге жоламаңдар сол үшін!


2оқушы:

ЖИТС – тажал,

Күресейік белсеніп,

Қиндықты тастайық та еңсеріп!

Жас ұрпақпыз – халқымыздың қорғаны,

«болашағым» дейді бізге ел сеніп.


3қушы:

Қазақпын мен жеті жұтты өткерген,

Аман-есен өтіп келген өткелден.

СПИД деген аждаһа бар, сақ болайық,

Дүниені орап келер беткейден.


Обасы ол ХХІ ғасырдың,

Айырмаған досың менен қасың кім?

Мың-миллиондап жеп келеді жегі құрт,

Қиылуда қыршынынан жасыл гүл.


4қушы:

Таңдамайды, талғамайды кімді де,

Қазақ, орыс, америка, үнді ме?

Тыңдаңыздар, оқыңыздар, көріңдер,

Жұтпақшы ол тірлікті де, күнді де.


СПИД деген – ғасыр уы, зобалаңы,

Сан адамға жазылмас жара салды.

Сан адамды өмірден алып кетті,

Мамандар да бір емін таба алмады.

Ей, адамзат, бұл дертке мойынсұнба,

Өлмейсің сен үміт пен сенім барда!

Салауаттылық – жарқын өмір кепілі,

Көтер басты, тағы айтамын, мұңайма!


5қушы

Жігерің бар, талабың бар, қайратың,

Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.

Өз-өіңді ұстай білсең тартынып,

Өмірің бар алда әлі солмайтын.


Салауатты өмір салтын қолдайық,

Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!

Өз өмірің өз қолыңда, ей, жастар,

Су ішпеген гүлдей болып солмайық!


6қушы

Бұл өмірде не керек?

Дұрыс сөйлеп, дұрыс жүру керек.

Ішімдік ішпей, шылым шекпей,

Денемізді шынықтыру керек.

Ерте тұрып ,кеш жатып,

Есірткіге еліктемей,

Ерінбей еңбек ету керек,


Бәрі: Бәріне де салауатты өмір керек.


1ж: ЖИТС-пен ауыру өлім жазасына кесілгенмен бірдей, себебі дүние жүзінде осы уақытқа дейін әлі оны толық жазатын ем жоқ. Тек қана бірақ жол – ол сақтану, алдын-алу.


2ж: соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ ғсырдың обасы аталған ЖИТС дертіне аууда. Қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір-түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде-бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ. Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді. Сондықтан осы аурудан сақтану жолдары, алдын алу және жұғу жолдары мен белгілерін, оның залалын жан-жақты білу, зиянды әдеттерден сақ болу – баршамыздың міндетіміз. Олай болса алғашқы сөз кезегі психо-әлеуметтік кеңес беру кабинетінің дәрігері Тотаева Раушан апайға беріледі.


Көрініс: АИТВ жұғу жолы :

АИТВ/ЖИТС жазылған плакат. АИТВ деген аса қауіпті қоздырғыш, яғни вирус. Адамдар АИТВ вирусын 3 түрлі жолмен жұқтырады. АИТВ- дан сақтанбасаңдар қанға түссе АИТВ вирусын ешкім де жеңе алмайды.


А. АИТВ деген аса қауіпті қоздырғыш, яғни вирус. Адамдар АИТВ вирусын 3 түрлі жолмен жұқтырады. АИТВ- дан сақтанбасаңдар қанға түссе АИТВ вирусын ешкім де жеңе алмайды.

И. 1-ші жұғу жолы жыныстық жолмен. Жыныстық жол негізгі жұғу жолы болып табылады. Бұдан сақтану кездейсоқ жыныстық қатынасқа бармау, презерватив қолдану АИТВ/ЖИТС – тен сақтандырады.

Т. 2-ші жұғу көзі вирустың бірден қанға түсуі (есірткі қолданушылар бір шприцті қолдану, қан құйғанда, жарақаттанған теріге АИТВ – мен науқастанған адамның қаны тигенде, ауыз қуысы зақымданса ортақ тіс щеткасынан, тіс емдету кезінде зарарсыздандырылмаған құралдарды пайдаланғанда, бір станокпен қырынған да, қас жұлу, татуаж жасатқанда залалсыздандырылмаған құралдарымен қан айналымына енеді. )

В. 3-ші жұқтыру ана сүті арқылы нәрестелерді зақымдау. АИТВ-мен зақымданған ана сәбиді емізу арқылы жұқтырады.

А. Сақтық шараларын орындамасаңдар осы 3 жолмен қанға еніп алып бүкіл иммунитетті біртіндеп жойып, соңғы сатысы ЖИТС-ке айналып, өлім жағдайына алып келеді.

Ж: Біз СПИД-ке қарсымыз!

Бүкіл әлем күресуде-

Індетімен ғасырдың,

Емін әлі таппады ешкім

Сол бір зұлым, пақырдың.

Күннен күнге ұлғаюда

Аурулардың саны деп,

Дәрігерлер дабыл қағып,

Шырылдады,аһ ұрды,

Дүние жүзі адамзатты

Қорғануға шақырды!


И: Оу, адамзат, құлағың сал,

Саулық тіле басыңа,

Сақтана біл қайраттанып,

Енжар болма, жасыма.

Нашақорлық, ішімдіктер

Ұрындырар тегінде,

Салауатты өмір салты

Тұрсын әркез есіңде!


Т: Зұлым атты ғасырдың

Жазасызға жазалап сен тас ұрдың

Адамның ағза-миын жаулап алып,

Жейсің іштен аранындай қасқырдың.

Қоздырғышың вирус болса, жендетің

Өкпе, ми да құртылады демде тым.

Ортасына әсері бұл төзімсіз,

Түсінбеді-ау ғаламшардың бұл дертін

Обасы жиырмасыншы ғасырдың

СПИД-тен барша кекті алмақпын

Ұланымын жиырма бірінші ғасырдың

Қақпа жабам, саған жол жоқ, аулақ жүр!


С: Жетті бүгін СПИД қазақ еліне,

Самал ескен белес-белес беліне.

Сақ болайық айта келген ажалдан,

Аямайды ол сені де, мені де.

Қазақ халқы «Өнер алды – тіл» деген

Арақ-шарап, темекіні білмеген

Тәні таза, жаны таза халқымыз,

Кең даланы еркін жайлап, гүлденген.


Бәрі бірге: Күресейік белсеніп!

Қиындықты тастайық та еңсеріп!

Жас ұрпақпыз - халқымыздың қорғаны

«Болашағым» дейді бізге ел сеніп!


1ж: Жұқтырылмайтын жағдайларды айтып өтсек, ол АИТВ-мен науқастанған адам жөтелгенде немесе түшкіргенде, ас үй құралдарын бірге пайдаланғанда және тамақ жегенде АИТВ жұқпайды.АИТВ/ЖИТС –пен науқастанған адамдыұстағанда, құшақтағанда, сүйгенде жұқтырмайды. Киім арқылы жұқпайды. АИТВ/ЖИТ-пен науқастанған адаммен қатар отырғанда, оның қаламсабы мен кітабын т.б. заттарын қолданғанда жұқпайды. Бір дәретхана мен ваннаны қолданғанда жұқпайды. Және айта кететін нәрсе маса сияқты жәндіктер АИТВ/ЖИТС қоздырғышын тарата алмайды.


2ж: АИТВ нашақорлардың ортақ шприц-инелерін қолданғанда жұғады. АИТВ/ЖИТС вирусы 20% -і нашақорлар арқылы жұқтырады екен. ЖИТС және нашақорлық тақырыбын өрбіту үшін дәрігер Тотаева Раушан апайға сөз кезегі беріледі.


1ж: Біз «салауатты өмір салтын» насихаттап, келеңсіз жағдайлардың алдын алып, «ХХІ ғасыр - салауатты қоғам ғасырын» құруымыз керек. АИТВ/ЖИТС – тен сақтану жолдарын салауатты өмір салты маманы Ербол ағай баяндайды .



Денсаулық үгіт бригадасы:

  • Денсаулық – баға жетпес құндылық.

  • ЖИТС –ке қарсымыз!

  • Салауатты өмір салтын сақтаймыз, болашаққа сеніммен нық қадам жасаймыз.

  • Өз өмірің өз қолыңда!



2ж: Акцияны қорытындылау үшін мектеп директоры Нәлібаева Ләззат апайға беріледі.







ЖИТС – ғасыр індеті


Ғалымдардың есептеуі бойынша ЖИТС яғни СПИД ең алғаш ХХ ғасырдың 70-жылдары АҚШ, Гаити, Африкада тіркелген, 1979-1981 жылдары Нью-Йорк пен Лос-Анджелес дәрігерлері адамдардан иммунитеттің нашарлығын байқаған. Олар қан тамырының ісігі (саркома Капоши) және пневмонияның сирек формасымен ауыратын адамдар болған. 1981 жылы Америкада (Атланта) ауруды бақылау комитетінің баяндауы бойынша өкпе қабынуынан және сирек болатын жаңа түзінді сияқты бұрын таралмаған түсініксіз аурулардың көбеюі үреймен баяндалған. Осыдан соң олардың иммунитеттері әлсіреп, әртүрлі аурулардың себебінен өлім жиілегені туралы мақалалар жарық көрді. Бұл – ЖИТС еді. Бұл жұқпалы ауру туралы алғашқы хабарлар АҚШ басылымдарында 1981 жылдың ортасында жарық көре бастады.

1982 жылы ауруларды бақылау орталығы жаңа ауру ЖИТС- ты тіркеді. 1983 жылы француз Люком Монтанье мен американдық роберт Галло ауру қоздырғышы туралы алғашқы мәлімет айтты.

Жуықта белгілі болған бұл ауру дәрігерлердің дәлелдеуі бойынша, адамның иммундық жүйесін зақымдап, қорғаныс қабілетінің күрт төмендеуіне әкеліп соқтырады. ЖИТС ауруы пайда болғаннан бері адам баласы қорқынышты жағдайды басынан кешіруде. Өйткені ЖИТС - өте қауіпті індет. Оны ХХ ғасырдың обасы» деп бекер атамаған. Онымен науқастанған және вирусты жұқтырған адамдарды емдейтін тиімді дәрі –дәрмек жоқ. Жақын арада бұл дертке қарсы қолданылатын вакцина мен дәрілерді шығару мүмкіндігі де белгісіз болып отыр. Сонымен қатар ЖИТС вирусының адамның бойында бірден белгі бермеуі де қорқынышты күшейте түсуде.

Бұл вирус иммундық жүниені зақымдап, көптеген басқа жұқпалы аурулардың бас көтеруіне жағдай жасайды. Сондықтан ЖИТС –пен ауырған адамдар ерте болсын, кеш болсын түбінде мерт болатыны анық. Бұл ауру пайда болғаннан бері 20 жылдай уақыт өтсе де, одан емделіп, мүлдем айығып кеткен бірде-бір адам жоқ.

Қазіргі кезде ЖИТС дертіне шалдыққандар мен оның вирусын жұқтырғандар дүние жүзінің бүкіл елдерінде табылып отыр және мұндай науқастардың саны күн сайын арта түсуде.

Дүниеде жүздеген түрлі жұқпалы аурулар бар. Олардың көпшілігі ерте заманнан берібелгілі. Адамдар олардың даму, таралу жолдарын анықтап, емделу және сақтану тәсілдерін үйренді.

Адамдардың ағзасында ауру қоздырғыштары – микробтардан қорғайтын жүйе ерекше ағзалардан, тіннен және жасушалардан тұрады. Оны – иммундық жүйе, ал қорғаныстық қабілеттілікті – иммунитет деп атайды. Иммунитет арнайы жасушалардың және олар бөліп шығаратын ерекше белоктық заттардың әрекетімен қамтамасыз етіледі. Ағзаға микробтар түскеннен кейін осы белоктық заттар қан, сілекей, емшек сүті, ішек жолы кілегейінде, т.б. жерлерде жинала бастайды. Мұнымен қатар адам дүниеге келген сәттен бастап қызмет ететін тұрақты (табиғи) қорғаныс жүйесі бар. Оған тері, шырышты қабаттардың жасушалары, микробтарды бұзып-жоятын ерекше заттар жатады.

Егерде иммундық жүйе туа салысымен әлсіз болса немесе оның жұмысы кейбір зиянды факторлардың әсерінен зақымданса, иммундық тапшылық дамиды. Соның нәтижесінде адамның инфекцияға қарсы тұру қабілеттілігі жойылып, өлімге душар болады. Иммундық жүйенің қызметін бұзып, ЖИТС қоздыратын осындай фактор - микроб екені белгілі болып отыр.

Бастапқы кезде дәрігерлер «жаңа аурудың» бар екенін анықтап, сонан соң оның қоздырғышын тауып, зерттеді.

1981 жылы жаз айында Лос-Анжелос қаласындағы ауруханалардың біріне микробтар қоздырған пневмонияның, яғни өкпе қабынуының ауыр түрімен науқастанған бес жігіт түсті. Иммунитеттің күрт төмендеуінің нәтижесінде оларда басқа да қосымша инфекциялар бар екені анықталды. Әр түрлі антибиотиктермен және басқа дәрі- дәрмектермен белсенді түрде емдеуге қарамастан науқастардың бәрі қайтыс болды. Олардың барлығы да гомосексуалист және нашақорлар екен. Екі ай өткеннен кейін Лос-Анжелос, Сан-Франциско қалаларында, Калифорния штаты аймағында Капоши саркомасы (әдетте, қарттарда кездесетін тамырды зақымдайтын қатерлі ісік), кандидоз, ұшықтық инфекциядан асқынған пневмонияның өліммен аяқталған жаңа оқиғалары тіркелді. Мұндай аурулар әдетке жатпайтын жыныстық қылықтармен айналысатын жастардың арасында кездесетіні белгілі болған. Науқастардың бәрі де табиғаты белгісіз иммундық тапшылыққа душар болғаны анықталған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл ауруды АІDS деп атады. Орысша – СПИД, қазақша ЖИТС деп аталатын бұл кесел кезінде адам ағзасында қорғаныс қабілеті жетімсіздігінің кешенді белгілері пайда болады. Таралу ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде оның жұқпалы ауру екені анықталады. Міне, сөйтіп 1983 жылы бір мезгілде Францияда Люк Монтанье, АҚШ-та Роберт Галло аурулардан осы кезге дейін белгісіз болып келген вирус тапты. Ол НІDV, орысша – ВИЧ, қазақша - АИТВ деп аталады.















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
ЖИТС

Автор: Кожатаева Маржан

Дата: 16.05.2015

Номер свидетельства: 212063

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "ЖИТС – ХХІ ғасыр дерті"
    ["seo_title"] => string(23) "zhits_khkhi_gasyr_derti"
    ["file_id"] => string(6) "484322"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1541667846"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) "Вирустар ж?не фагтар. ЖИТС-ні? вирусы. Вирусты? ауруларды? алдын алу. "
    ["seo_title"] => string(70) "virustar-zh-nie-faghtar-zhits-nin-virusy-virustyk-aurulardyn-aldyn-alu"
    ["file_id"] => string(6) "217138"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1433247367"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(155) "Саба?ты? та?ырыбы:	Вирустар ж?не фагтар. ЖИТС-ні? вирусы. Вирусты? ауруларды? алдын алу. "
    ["seo_title"] => string(90) "sabak-tyn-tak-yryby-virustar-zh-nie-faghtar-zhits-nin-virusy-virustyk-aurulardyn-aldyn-alu"
    ["file_id"] => string(6) "217139"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1433247618"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(103) "АИТВ /ЖИТС және қоғам тақырыбы бойынша ашық сынып сағаты"
    ["seo_title"] => string(64) "aitv_zhits_zh_nie_k_og_am_tak_yryby_boiynsha_ashyk_synyp_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "411608"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1493139257"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Саба?ты? та?ырыбы "ЖИТС – ХХІ ?асыр дерті""
    ["seo_title"] => string(37) "sabaktyntakyrybyzhitskhkhigasyrdierti"
    ["file_id"] => string(6) "287772"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1454522400"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства