kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

АИТВ /ЖИТС және қоғам тақырыбы бойынша ашық сынып сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы:АИТВ /ЖИТС  және қоғам

Мақсаты:Адамзат өміріне қауіп төңдіріп отырған қатерлі АИТВ/ЖИТС дертін алдын-алу,оның жолдарын одансақтана, қорғана  білу туралы түсіндіру.Салауатты өмір салтын қалыптастыру.Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға,адамгершілікке,инабаттылыққа,ел жындылыққа тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«АИТВ /ЖИТС және қоғам тақырыбы бойынша ашық сынып сағаты»

10 «ә» сыныбында өткізілген ашық сынып сағаты

Тақырыбы:АИТВ /ЖИТС және қоғам

Мақсаты:Адамзат өміріне қауіп төңдіріп отырған қатерлі АИТВ/ЖИТС дертін алдын-алу,оның жолдарын одансақтана, қорғана білу туралы түсіндіру.Салауатты өмір салтын қалыптастыру.Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға,адамгершілікке,инабаттылыққа,ел жындылыққа тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі:интерактивті тақта,газет-журнал деректері,пікір талас,мақал-мәтелдер.

Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ ғасырдың отбасы аталған ЖИТС (жұқтырылған иммунтапшылығының синдромы) дертіне аууда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір-түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде-бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ.Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді.Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері,одан сақтану жолдары,аурудың алдын-алу және емдеу тәсілдерін білгеніміз жөн. Сондықтан осы ауру туралы 10 сынып оқушылары сіздерге мәлімдеп береді.

ЖИТС вирусының қай жылы кім ашқаны туралы. ЖИТС қоздырғышы немесе адамда иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусты (ВИЧ-1) 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л.Монтаньетапты. Ал 1984 жылы америкалық ғалым Р.Галловирустың барлық қасиеттерін жан-жақты тексеріп жариялады.

СПИД вирусы адам ағзасында қалай өмір сүреді? Адам ағзасына енген ол қанның лимфоцит клеткаларының ішіне кіріп, клетканың генетикалық аппаратына жабысып тез көбейе бастайды.Осының әсерінен клетка жарылып өледі.Одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабылып,өткен процестерді қайталайды Лимфоцит клеткаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің-күнінде ағзасында иммунитет жетіспеушілік пайда болады.Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін.Айырықша еске салатын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді.Бірақ, ол өзімен қатынастағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі ретінде ЖИТС-ті тарата береді.

ЖИТС құрбаны (монолог).

- Уа, жаратылыс!Адамзатқа өмір берген құдіреттің қайнар көзі!Сен естисің бе мені? Сүт сәулелі мынау бір өмірдің бар қызығын көре алмай,арманда кетіп бара жатқан, жұмыртқадай жұмыр басты пенденің зарын тыңдашы бір сәт!

Өзімнен өзім сыр таптым,

Өле алмай жүрген сырқатпын.

Шіріген картоп сияқты,

Бұрышында қалған бір қаптың.

Өзімнен өзім тістенем,

Шарабым да тұр ішпеген.

Ұйықтайын десем қорқамын,

Көрмейтін сұмдық түс көрем.

О, Жаратқан!

Жұмыртқадай жұмыр жер мен төңкерілген тайқазандай көк аспан!

Сендер естисіңдер ме, мына менің зарымды?

Айтыңдаршы,құтқаратын күш бар ма, мына мендей бейбақты.

Бұл тірлікте не тындырдым, не көрдім,

Құрбанымын ЖИТС деген кеселдің.

Ақтамай-ақ кетіп барам арманың,

«Жалғыз бала» деп өсірген әкемнің.

Кім кінәлі,аялаған анам ба?

Бар қажетті даярлаған қоғам ба?

Тек қана өзім кінәлімін сол үшін

Улы дерттің құрбаны мен болам да.

Жас жеткіншек!

Өздеріңе өлер кезде айтып кету борышым,

Ауырсаңдар бұл кеселмен,

Дәрігер де бере алмайды қол ұшын.

Құтқаратын күш жоқ,онда әлсіз тірі өліксің,

Жат әдет пен темекіге,есірткіге жоламаңдар сол үшін!



Ал енді қарсы топқа сұрақ қойып жауап алсақ.

1-сұрақ. ЖИТС-наркотикті егеушілердің инесі арқылы жұғады. СПИД-тен сақтану үшін не істеу керек?

Ішімдікке әуестік,токсикомандық, шылым шегу сияқты осындай заттардан аулақ болған жөн. Ол ойды да, бойды да өсірмейді. Қайта денсаулығыңды әлсіретіп,өмір жасыңды қысқартады.Ал, дені саудан, жаны саудан артық ештеңе жоқ.Байлық та, бақыт та сол емес пе?

2-сұрақ. ВИЧ, қазақша АИТВ-адамдары иммунитет тапшылығы вирусы,ол туралы не білесіңдер?

Жұқтырғандар және ЖИТС –пен ауыратындар саны өте жылдам көбеюде.Тіпті бұл дерт балалар өміріне де балта шабуда.Олардың арасында ауру жұқтырғандарды былай қойғанда СПИД-тен қайтыс болған ата-аналардың жетім қалған 15 жасқа дейінгі ұл-қыздарының саны 9 млн-ға жеткен. Еліміздегі ВИЧ жұқтырған азаматтардың саны 900-ге жетті.Оның ішінде СПИД-пен ауыратындар саны-25. тек Алматыда ВИЧ жұқтырғандар саны-38. СПИД ауруын тудыратын вирус-ВИЧ нәрестеге осы аурумен ауыратын ананың құрсағында жатқан кезінде немесе дүниеге келгеннен кейін қан арқылы,емізгенде жұғады.Кейде СПИД вирусын жұқтырған адамның қанынан ем ретінде сау балаға құйғанда да, бір рет қана қолданатын инені қайталап қолдану кезінде де жұғуы мүмкін. Ғасыр дерті – СПИД өршіп тұр.Баспасөз бетіндегі соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар саны 1159 болса, 30 адамның ЖИТС-ке ұшырағанын мәлімдеді. Оның негізгі ошағы Қарағанды, Теміртау, Алматы қалалары болып отыр.

3-сұрақ. АИТВ-инфекциясының эпидемиологиясы және профилактикасы, әлеуметтік маңызы, жұғу механизмі, берілу жолы?

01.11.2000ж АИТВ-зақымдалған адамдар 1257 тіркелген.АИТВ-инфекцияның ағымына наркомания қолайсыз әсер етеді. Наркомандарда ауру тез қарқынмен өтеді және олардың өмір сүру ұзақтығы 2-3 жылдан 5-6 жылға дейін. Егер науқас наркотикті қабылдамай, салауатты өмір сүру салтын ұстаса, онда өмір сүру ұзақтығы 6-10 жылға созылады.Қазіргі жағдайда АИТВ-инфекциясы тез дамуда. Егер 1997-98 жылы біріншілік жағдайда 90% дейін АИТВ инфекцирленген болса, 2000 жылы 1-ші шілдеде олардың саны 52%-ке дейін азайған, ал екіншілік жағдайдағы науқас 10%-48%.

АИТВ 3 жол арқылы беріледі: гетеро және гемосексуальды қатынаста болғанда; қан арқылы парентеральді; вертикальды, яғни анасынан баласына құрсақ арқылы, босану арқылы, омыраумен тамақтандырғанда беріледі. Берілу жолы әлеуметтік, мәдени, өмір сүру барысына байланысты.

Біздің топтыда АИТВ/ЖИТС ауруларының тарихы қызықтырады.

  1. Сұрақ. Жалпы АИТВ мен ЖИТСты ғалымдар зерттеген бе?Қай жылдан бастап індет тарихта пайда болған?

1980ж. Атлантада (АҚШ) өкпе қабынуы диагнозымен ауруханаға түскен бес жас жігіттегі (29–36 жас) ЖИТС ауруымен дәрігерлер алғаш таныс болды. Науқастар еркектермен қатынаста (ЕЕ) болған және инъекциялық есірткі қабылдаушылар (ИЕҚ) қатарына жатқызылған.1981 жылдың соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 20 мемлекетте ЖИТС індетінің бар екендігі туралы хабарлаған, 1983 жылдан бастап аурудың таралуы туралы, содан соң ЖИТС пандемиясы туралы айтыла бастады. 1981 жыл — ЖИТС жаңа жұқпалы ауруының ресми жарияланған жылы.Аурудың пайда болуы туралы сұрақтар бойынша ғалымдар әр түрлі пікірде. Біреулері — ЖИТС бұрын пайда болған, ол біздің жасушаларымызда «отырып» келген, ал ауру анықталмаған десе, екінші біреулері — мүлде басқа пікірде.

Л. Монтанье мен Р. Гало (1983ж.) — ЖИТС қоздырушысын алғаш анықтаған ғалымдар. Олардың ойынша, вирус жабық қауымдастықта ондаған, жүздеген жылдар бойы өмір сүрген, сол кезеңдердегі адамдардың қарым-қатынасу аясы өте шағын болғандықтан, вирустың таралуына мүмкіндік болмаған. Адамдардың өмір сүру деңгейінің өзгеруі, олардың қарқынды көшуінің және «сексуалды революция», есірткі қолдану сияқты жағдайлар вирустың шапшаң таралуына түрткі болды.Жаңа заман ғалымдарының зерттеулері бойынша, ЖИТС ауру ретінде 1950–1970жж. пайда болуы мүмкін, яғни бұл індет адам үшін жаңа, біздің заманымызда пайда болған дейді. Бұл мәліметтер АҚШ-тың Ауруларды қадағалау орталығының 1950–1986жж. аралығындағы кезеңде сақталынған медициналық құжаттарының негізінде айтылып отыр.ЖИТС індетінің пайда болу ошағы әлі анықталған жоқ, қазіргі таңда ол талас тудыратын мәселе болып тұр. Ғалымдардың бір тобы — вирус Орталық Африкада пайда болған десе, екінші біреулері — АҚШ, басқалары – Гаити аралдарында деген тұжырым жасауда.



В. М. Жданов — ресей вирусологы,АИТВ індетінің Африкада пайда болуы тұжырымын қолдайды, бірақ ауру ерте заманда болғандығын алға тартады. Аурудың алғашқы белгілерінің білінуі жұмыс саудасы кездерінде байқала бастаған. Көптеген ғалымдар АИТВ вирусының пайда болуы туралы мәселелері әлі өз шешімін тапқан жоқ деп есептейді. Осы сұрақтарбойынша бірнеше нұсқаулар бар.

2-сұрақ. Жануарлар вирусты таратудың басты көзі болып табылады.Вирус жануардан жұғуы мүмкін бе?

Тіпті кейбір ғалымдар, ЖИТС вирусын — жануарлардағы лентивирустар мен онковирустардың генетикалық гибридизациялануының нәтижесі деп атап көрсетті. Ғалымдардың бір бөлігі, бұл вирус адамдарға африкалық жасыл маймылдардан, қатынаста, тамақ арқылы жұққандығын қолдауда. Маймыл етін бөлшектеу кезінде аңшы қолын жаралып алып, содан вирус жұғуы мүмкін. Содан соң ол жыныстық қатынаста болған адамдарға жұғып, солай адам қоғамында індет жайылған деген болжамдар айтылуда.

Бірақ жапон ғалымдары зерттеушілердің бұл ойларымен келіспей отыр. Олар адам ағзасында пайда болған вирус пен маймылдағы вирус — екеуі екі түрлі топқа жататын вирус екендігін мәлімдейді.

3-сұрақ. Қазақстан Республикасында СПИДпен ВИЧке жолдаулар бар ма?

СПИД адамзат алдында тұрған жаңа және қиын проблема ол тек медициналық қана емес,әлеуметтік проблема.Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының 4 басылымында барша жастарды салауатты өмір салтына шақырды.

Сынып оқушылыры да сұрақ қоя алады.ЖИТС ауруларының белгілері қандай?

Вирус адамға жұққаннан кейін ЖИТС ауруының жасырын кезеңі басталады. Ол кезең бірнеше айдан 6-7 жылға созылуы мүмкін. Осы кезеңнің ішінде вирус жұққан уақыттан бірнеше апта өткеннен кейін аурудың кейбір белгілері білінуі мүмкін. Мысалы; адам ұзақ уақыт бойы себепсіз делсал болады, оқтын-оқтын дене қызуы көтеріліп, басы ауырады, іші өтеді. Егер желкедегі, қолтықтағы, бұғана үстінде бездер үлкейсе – ол аурудың өте бір күдікті белгілері болып табылады.

Жасырын кезеңнің аяғында вирустың көбейіп иммунитет қабілетіне зақымын келтіруіне байланысты адам түрлі-түрлі ауруға шалдыға бастайды. Мысалы, өкпе қабыну, туберкулез, ісік ауруларының да біраз түрлері көріне бастайды. ЖИТС вирусы орталық жүйке жүйесіне әсерін тигізіп, есалаңдыққа шалдықтырады.



АИТВ қалай жұғады:

- АИТВ жұқтырған  адамның қанын құйғанда немесе мүшесін ауыстырып салғанда.

- Медициналық мекемелер дестерилденбеген құрал-жабдықтарды пайдаланғанда.

- Қан тамырына есірткі енгізу үшін ине мен шприцтерді бірлесіп пайдаланғанда.

- Құлақ тесу үшін, пирсинг және  татуировка үшін стерилденбеген құрал-жабдықтарды пайдаланғанда.

- АИТВ бар анадан баласына жүкті болғанда, босанғанда және емізгенде.

Ал енді қай кездерде жұқпайды?

АИТВ қалай  жұқпайды:

  -  қолалысқанда, құшақтасқанда;

-   гигеналық заттар, денеге жағатын немесе киімге себетін иіс-майлар арқылы;

-   бассейнге,  ваннаға, моншаға барғанда;

-   су және ауа арқылы;

-   жәндіктер шаққанда және жануарлармен  жанасқанда;

-   ойыншықтар, спорттық құрал-жабдықтар арқылы;

-   жәй сүйгенде.

 Амандасқанда, құшақтағанда, иіскегенде

 Тамақтыбірыдыстанішкенде

 Бірге жуынып, орамалмен сүртінгенде

су, ойыншық арқылы.

ЖИТС және АИТВ туралы видеоны тамашалаңыз.

Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен 1988 жылдан 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні. Бұл күн жапа шегушілер діңқайғы-мұңына, осы жұқпалы дерттің әлем бойынша қауіптілігін түсінетін ниетке толы күн.



Жүре пайда болған иммундық дефицитінің синдромы

ЖИТС(ағылш.АІ С)-аса қатерлі вирустық дерт.Қоздырушы-адамның иммундық дефицит вирусы.Вирус имундық жүйенің жасушаларының жұмысын бұзып,жойып,нәтижесінде жүре пайда болған иммундық дефицитінің синдромы пайда болып,адам организмінің қорғаныс механизмдеріның жұмысы бұзылып,инфекция мен қатерлі ісіктерден кәдімгі иммунды статус қалыпта болған жағдайда дамитын оппортунисттік аупулар пайда болады

ЖИТС-тың жұғуы жұғу көздері және жұғу жолдары

ДДҰ мәлімет бойынша АИВ жұқтырғандардың саны 2000 жылдан кейін 40-50 миллионға жетуі мүмкін.ЖИТС-пен ең көп науқастанушылар АҚШ,Германия,Ұлыбритания,Италия,Жапония,Африка және Шығыс Еуропа.Әдетте ЖИТС-пен қала тұрғындары жиі ауырады.Осыдан 3-4 жыл бұрын АИВ-жұқтырғандардың 70-75 пайыз еркектер болса,бүгінде есірткі қолданушылардың саны күрт көбейіп олар көпшілік жағдайда ортақ шприц инелерін пайданаланатын болғандықтан,бұл науқасқа шадыққан ерлер мен әйелдердің саны теңесті.

Қазақстанда ЖИТС-пен күресу жұмыстарын ұйымдастыру

Вирус жұғу мүмкіндігі бар «қатерлі топтарға»жататын адамдарды тексеріп,вирус жататын адамдарды тексеріп,вирус жұққан адамдарды дер кезінде тауып отыру

•Ауру ашаған анықтап,дәрігерлік бақылауға алып,вирустың әрмен қарай тарауына,яғни басқа адамдарға жұғуына мүмкіндік бермеу.

Қазақстан Республикасында 5-жылдын ішінде 1987-1991 4миллион 870мың адам арнайы тексеруден өтті.Қазақстан Республикасында ЖИТС-тен қорғану жөнінде жұмыс жүргізетін 20 орталық және 80 лаборатория бар.

АИТВ-инфекциясы

АИТВ-инфекциясы –адам имунды тапшылық вирусымен шақырылатын организмді имунды клеткаларын зақымдап,имунды тапшылыққа ұшыратып,нәтижесінде көптеген оппортунистикалық инфекциялармен қатері ісіктермен фотольды түрінде өтетін антропонозды ауру.АИТВ адам ағзасына түсе отырып иммундық жүйенің жазушаларын зақымдайды,нәтижесінде оның қызметі қысымға тап болады да ЖИСТ-жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы дами бастады.

АИТВ-ның тарихи мәліметтер

Сырқат ең алғаш 1981жылдан бері тарауда.

Қоздырғыш 1983жылы анықтаған ғалымдар Л.Монтанье,Р.Галло

Қазіргі күнде АИТВ инфекциясы глобальды түрінде тарауда.

Инфекцияланған адамдардың саны 50миллионға жуық.

Ай сайын 60мың адам жанадан инфекцияланады.

Мақал-мәтелдер.

1.Ішпеген ,шылым шекпеген

Жасайды жылдар көптеген.

2.Ұзартқың келсе ғұмырды,

Таста арақ пен шылымды.

3.Темекінің кермегі-еріккеннің ермегі.

4.Шарап-арақ ішіне көшеді,

Ақыл шөлмек ішіне түседі.

5. Жабылады шарабыңды ішерде,

Бәле төнсе, жоқ араша түсерге.

6. Жасында темекісін будақтатқан,

Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан.

7. Адам арақты ішеді.

Арақ ақылды ішеді.

8. О басында өзін сақтан, сақ боп жүр

Одан кейін өзгелерді сақтаңдар.

Салауатты өмір салты дегеніміз- тек қана зиянды әдеттерден бас тарту ғана емес, бұл өз денсаулығына деген жауапкершілікті сезіну, жанұяда бақытты тұрмыс құру, бос уақытты мағыналы өткізу, адамның жан дүниесін рухани байыта түсу мен дене тәрбиесімен айналысуы, осының бәрі қоғамдық мүддесімен ұштасатынын,сонымен тоғысатынын түсіну, яғни Қазақстан азаматы деген атқа қай жағынан болса да лайықты болу.

Ауруды жұқтырмау өз қолымызда, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!»

Назарларыңызға рақмет!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
АИТВ /ЖИТС және қоғам тақырыбы бойынша ашық сынып сағаты

Автор: Қазбекова Гүлбаршын

Дата: 25.04.2017

Номер свидетельства: 411608


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства