kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жа?а жыл 2016

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жа?а жылды ж?ртшылы? асы?а к?теді. «Тойды? бол?анынан боладысы ?ызы?» демекші, атаулы мереке алдында б?ріміз ?лкен дайынды? жасайтынымыз аны?. Б?рімізді? асы?а к?тетін, с?йіп ?арсы алатын бірден-бір мерекемізді? к??ілді де ?ызы?ты ?ткеніне не жетсін? Ендеше б?гін біз сіздерді? назарлары?ыз?а мектептегі 8-11 сыныптар арасында ?йымдастырылатын Жа?а жыл кешіне арнал?ан сценарий ?сынамыз. Ал сіздер керемет кешті еске алып ?арайтын естеліктер сыйлайтын фотографтар мен бейнекамера?а т?сіретін мамандарды іздестіре бері?іздер!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жа?а жыл 2016»

Жаңа жыл кешіне арналған сценарий

Музыка: Сахнаға 2 жүргізуші шығады. (Жүргізушілердің суырып салу қабілеті болғаны дұрыс)

Жігіт:  Тарихтағы түріктің, киелі көк бөрінің, асыл текті Алаштың ұрпағы, Ассалаумағалейкум!

Қыз: Армысыздар, бармысыздар, замандастар, бауырлар, ұлағатты ұстаздар мен шабытты шәкірттер!

Жігіт: Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Келе жатқан Мешін жылы мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді және де бүгінгі көңілді кешімізді ашу үшін білім ұясының білікті басшысы Ахаев Сайын Ошақбайұлына және де мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары , үлгілі ұстаз Жунисова Гүлдариға Тілләбекқызына сөз береміз.

Қыз: Білінбейді жас жүрекке түнгі ызғар,

Сыйлар шабыт ақындарға гүл қыздар.

Әнші ұлың ән салғанда беу шіркін,

Жымыңдайды аспандағы жұлдыздар! – деп кезекті әсем әнге берсек. .... орындауындағы ... (Жаңа жыл тақырыбында) әні. Қарсы алыңыздар!

Ән орындалады (4 минут)

Жігіт: Мешін Жылы – қой жылынан кейін, тауық жылынан бұрын келетін мүшел есебінің 9-жыл. Азия халықтарының (қазақ,  өзбек,  қырғыз,  түрікмен,  қарақалпақ,  Әзірбайжан, т.б.) көпшілігінің күнтізбелерінде қолданылады. 12 жылда бір рет қайталанып отырады. Мешін жылы ел ішін қуанышқа, көтеріңкі көңіл күйге, әр бір отбасыға бақ- береке әкелері сөзсіз

Қыз: Мешін жылы туылғандар - өзіне-өзі ғашық жандар. Сәнқой, ырду-дырдуы көп көңілді бас қосуларды ұнатады. Өзін өзгелерден артық санайды. Осындай мешін жылында Сағат Жүсіп, Бауыржан Қарабек, Әмірхан Меңдеке, Амангелді Кеңшілікұлы, Иманғали Тасмағамбетов еліміздің бір туар азаматтары дүние есігін ашқан.

Жігіт: Құтты болсын жаңа жыл, барша халық, Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық. Бірімізге шынайы тілек тілеп, Бар әлемге бақытпен жар салайық!

Қыз: Жаңа күнде ән қылып, Тек жүрмеңіз сән құрып. Көңілдердей қартаймай, Шырша тұрар мәңгілік. Кешімізді әнмен сүймелдей отырып, бәріміз ортаға шығып би билеп, көңілімізді бір сергітіп алайық.
Ән « Жаңа жыл».

Жігіт: Біздің биылғы Қой жылымыз жылдағыдан ерекше, себебі Қой жылында еліміз талай белестерді бағындырды. Сонымен қатар Қазақ хандығының 550 жылдығы, халықтар достығының белгісі Ассамблеяның 25 жылдығымен тұспа тұс келді және де кешегі елбасы жолдауы біз жастарға үлкен күш қуат беріп, армандарымызға қанат бітірді.

Қыз: Әр сыныптан бір-бір оқушыдан ортаға шақырып, Жаңа жылымыздың сәнін келтіретін Аяз ата мен Ақшақарды іздеп, тауып алып келуге жұмасасақ қалай қарайсыздар? Аяз ата мен Ақшақар қайда мерекелеп жүргенін білмейміз, сіздер осы хатты оларға апарып беріп, кешіміздің басты қонақтарын бірге алып келесіздер деген үміттемін. Уақытымыз шектеулі, сіздерге 5 минут уақыт беріледі. (Оқушыларды шығарып жібереміз). Ал жолдарыңыз болсын, іске сәт, достар.

Жігіт: Назерке, Аяз ата мен Ақшақарды іздетіп оқушыларды әурелетіп қойдықау, неге оның элоктронды почтасына хабарлама жолдайсалмадық

Қыз: Ендеше Құлажан хабарлама жолдап жібергенше барлықтарыңызды мерекелік кештің керемет би алаңына шақырамыз!

Жалпы би (5 минут)

Жігіт: Рақмет, достар. Орындарыңызға жайғасыңыздар. Біздің достарымыздың межелеген уақыты да таяп қалды, ал біздің барлаушыларымыз қайда екен? (Іздеп кеткен оқушылар келеді.)
Қыз: Қанекей замандастар Аяз ата мен Ақшақарды табалдыздарма. (Оқушылар Аяз ата мен Ақшақарды таппағандарын жариялайды.)
Жігіт: Мінекей, біздің көптен күткен қонақтарымыз келіп жеткендігі туралы хабарлама. Олай болса, қонақтарымызды қошеметпен қарсы алайық.
Қыз: Бәріміз бірге «Аяз ата, Ақшақар» деп оларды ортамызға шақырайық. (Аяз Ата мен Ақшақар кіреді)

Аяз ата: Амансыңдар ма, балаларым! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана 4-пен 5-ке оқыңыздар! Біз сіздердің жіберген хабарламаларынды алып, естіген бойда жолға шығып, сіздерге де келіп қалдық.
Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, балалар! Орманды көктей өтіп жеттік-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Өздерің де жайнап құлпырып тұрсыңдар.
Аяз ата: Біз сіздерге жеткенше біраз шаршап та қалдық. Енді бізге қай төрден орын табылады екен?
(Шырша жанына орналасқан арнайы үстелге отырып, мерекелік шыршаны күтпеген сәтте жағады).
 Жігіт: Қош келдіңіз Аяз Ата,
Қарсы аламыз орын беріп.
Ән салыңыз бізбен бірге,
Би билеңіз бізге еріп.
 Қыз: Ортамыз нұрға толып, 
Төрт құбыламыз түгел болды.

Жігіт: Аяз ата, Ақшақар достарымыздың сіздерге арнап дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар. Ендеше келесі кезекті әр сыныптың әзірлеп отырған ерекше нөмірлі мерекелік кештегі қойылымдарына берейік.

Қыз: Достар сендер Тиматидің қандай жанрда ән айтатытыны білесіңдер ме?

- Дұрыс!

Жігіт: Назерке сен Тиматидің қазіргі кездегі хит әнін білесіңбе?

Қыз: Қайсы ? Мынау ма? Кемене бетте, кеменебетте каме блак па?

Жігіт: Тоқта....Тоқта сен жанылысып кеткен секілдісің Тиматидің мұндай әні жоқ секілді еді.

Қыз: Е, есіме түсті «Слышь ты че такая дерзкая» ма?

Жігіт: Жоқ Мұхиддин ағайдың көлігінің маркасы қандай еді ?

Назерке: Лада...

Жігіт: Йа дұрыс! Лада седааан ..... (Оқушылар, баклажан )

Қыз: Біздің 8 – сыныптың ару қыздары дәл осы әуенге билемеседе, керемет әнге билемекші. Ендеше қарсы алыңыздар!

Жігіт: Назерке Флешмоб – сөзнің мағынасын білесінбе?

Қыз: Нақты жауабын айтпасамда өз ойымды айтып көрейін, флешмоб ол көп адамның бірдей іс қимылмен билеуі, немесе бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін деген ұғымды білдіретіні шығар.

Жігіт: Ия Назерке жауапқа келеді ал, оның толық жауабы: Флешмоб – ағылышын тілінен Флеш- жарқыл, сәт, мезет; моб – топ, адамдар жиыны деген мағынаны білдіреді.

Қыз: Бұл қазіргі кезде жастар арасында кенінең тарап қалыптасып келе жатқан салт- дәстүрге айналды. Екеуміз не себепті бұл тақырыпты қозғап отырмыз?

Жігіт: Себебі қазір сахна төріне мектебіміздің 9 «а» сынып оқушыларының дайындап келген флешмобын тамашалайық.

Қыз: Құлажан, 9 «а» сыныбының өнерін тамашаладық, өте керемет! Ендеше, неге бізге 9 «ә» сыныбынның Жаңа жылға дайындап алып келген флэшмобын көрмеске.

Жігіт: Олай болса, 9 «ә» қошеметпен қарсы алайық!!

Жігіт: Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй, - деп Алаш жұртына есімі мәшһүр болған ғасырлар тоғысындағы ұлы тұлға Абай атамыз айтқандай, әнді Абайша сүйіп өз өнерін достарының арасында паш етіп жүрген 10 сынып оқушысы Асанбаев Асылбекке мерекелік әнін айтуға шақырамыз.

Қыз: Құлажан сен Баян Есентаеваның қыздардан құрылған жаңа тобын білесің бе?

Жігіт: КешYou-ме?

Қыз: Жоқ, мен Лашын тобын айтып тұрмын? Ол топтың әні өте керемет? Біздің 2016 жылдың жас түлектері, осы Лашын тобының «бағаламадың» әніне керемет вальс билемекші. Қошаметпен қарсыалыңыздар!

Жігіт: Пах,шіркін! Неткен ғажап би! Шапалақтарыңыз қайда?

Ән: Мерекелік ән орындалады

Жігіт: Көңілді кешімізді әрі қарай қызықты ойындармен жалғастырайық.

Қыз: Ал енді кезекті келесі ойынға береміз. Бұл ойын «Тосын сый» деп аталады. Мына тұрған шарлардың ішінде құпия тапсырма жатыр. Сіздер құраған жұп бұл шарлардың біреуін таңдап, қолдың көмегінсіз шарды жаруыңыз керек, және де аяқ киіммен де басуға болмайды. Айланы өздеріңіз ойлап табасыз. Шарды жарып болған соң, қағаздағы тапсырманы орындайсыз. Егер орындамасаңыз сыйлықтан құр қалдыңыз деп есептей беріңіз.

Жігіт: Ал енді ойынды бастайық. Сұрақтарды оқиық.
Ойын шарттары: 1. Лимонның жартысын қантсыз жеу керек. 
2. Күлдірту керек.
3. 7,8,9 санының көбейту кестесін айтыңыз.
4. Маймылдың қимылын келтіріңіз.

5.Музыкасыз билеу керек.
(Ойын біткен соң)

Қыз: Мына сандықта әртүрлі сөздер бар. Сіздер сол сөздерді алып рет-ретімен ән айтасыздар және би билейсіздер. Соңында көрерменнің үлкен қошеметіне ие болған адам жеңімпаз атанады. Бастайық!
Ән: 1. Жаңа жыл 2. Мектеп 3. Арман 4. Қар

Би: 1. Қара жорға 2. Грузин биі 3. Шығыс биі 4. Ча-Ча-Ча

Жігіт: Достар сендер Ғаділбекті білесіңдерма?

Қыз:Йа,оның біз секілді сұлу қыздарға арналған әсем әуенін білесіңдерма?

Жігіт: жарайсыңдар достар,ал қазір алдарыңызда бүкіл қазақтың ару қыздарына Ғаділбек емес Райымбек әсем ән арнайды.Қарсы алыңыздар Қадірқұл Райымбек «ханшайымымау»

Қыз: келесі ойынымыз «мафия» ойыны.

Жігіт:Бұл ойынның шарты мынадай,

Келесі би сайысы 7 би
Аяз ата: 
Жарайсыңдар, балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер.
Ал енді біз жолға шығайьқ. Бізді басқа да сендер сияқты балалар күтіп отыр. Тағы да Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Ақшақар: Жаңа жылда, балалар, 
Тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық
Қастарыңда болмасын
Сау болыңдар, балалар!
Аяз-Ата: Қош, сау болыңдар, балалар!

Қыз: Аяз ата мен Ақшақарды суретке түсуге шақырайық!

Жігіт: Аяз ата мен Ақшақарды шығарып салдық, ендігі кезекте Жаңа 2016 жылдың Ханзадасы мен Ханшайымын анықтайтын кез де келді. Бүгінгі кештің қонақтарына бір-бір жапсырмадан беріп шығамыз. Бұл жапсырмаларды қыздар осы кеште ұнатқан жігіттеріне, ал жігіттер ұнатқан қыздарына жапсырады. Ең көп жапсырма жинаған жігіт пен қыз Жыл Ханзадасы мен Ханшайымы атанады. Ал қазір жапсырмаларды тарата берейік.

Ән қойылып, би билейді. (Ханзада мен Ханшайым анықталған соң)

Жігіт: Сонымен бүгінгі кештің Ханшайымы ... ал Ханзадасы ... Қане, қошемет білдірейік.
Қыз: Жаңа жыл, жаңа жыл.
Қалауын тап, қар үстіне қада гүл, 
Жігіт: Жаңа жыл, жаңа жыл.
Сан тілектің бастамасы ғана бұл.
Қыз: Кел жаңа жыл, игілік боп, иба боп
Жер бетіне кереметті жина көп.
Жігіт: Ақ қауырсын қанатына қайғы емес
Түтін емес, рауан нұры жинап от.
Жаңа жылдарың құтты болсын! 
Қыз: Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын. 
Жігіт: Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Жа?а жыл 2016

Автор: Молдасапаров Айбек Мыктыбаевич

Дата: 27.12.2015

Номер свидетельства: 270659

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "?ош келді?, жа?а жыл! "
    ["seo_title"] => string(27) "k-osh-kieldin-zhan-a-zhyl-3"
    ["file_id"] => string(6) "162629"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422376180"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "« Жай ғана әжей »"
    ["seo_title"] => string(16) "zhai_g_ana_zhiei"
    ["file_id"] => string(6) "394141"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1487652160"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "«?ош келді?, Жа?а жыл» "
    ["seo_title"] => string(25) "k-osh-kieldin-zhan-a-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "150073"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420391707"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Жа?а жыл: он екі жыл иелері "
    ["seo_title"] => string(33) "zhan-a-zhyl-on-ieki-zhyl-iielieri"
    ["file_id"] => string(6) "150743"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420552526"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) ""?ош келді?, Жа?а жыл!" ерте?гілік кеш"
    ["seo_title"] => string(38) "koshkieldinzhanazhyliertienghilikkiesh"
    ["file_id"] => string(6) "272745"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452059417"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства