kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жаңа жыл - жаңа бақыт" ертеңгілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға Жаңа жыл мерекесінің ерекшелігін түсіндіру, мерекені сезіне білуге, бір-бірін сыйлап, тыңдай білуге, құрметтей білуге баулу. Эстетикалық тәрбие беру. Мерекелік көңіл-күй сыйлау. 

Просмотр содержимого документа
«"Жаңа жыл - жаңа бақыт" ертеңгілік»



Тақырыбы: «Жаңа жыл – жаңа бақыт!»

Мақсаты: Оқушыларға Жаңа жыл мерекесінің ерекшелігін түсіндіру, мерекені сезіне білуге, бір-бірін сыйлап, тыңдай білуге, құрметтей білуге баулу. Эстетикалық тәрбие беру. Мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Түрі: ертеңгілік

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Жаңа жыл мерекесіне орай безендірілген залға музыка ырғағымен сәнді киінген балалар залға кіреді.

Жүргізуші:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,

Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.


Кіріспе сөз:

-Құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар және қонақтар!

Баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен және Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтаймын! Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан – 2050» стратегиясы – Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында былай деген еді. «... Міне, біз 25 жыл бойы осы ұлы мерекені мақтанышпен атап өтіп келеміз. 1991 жылғы 16 желтоқсанда біз – Қазақстан халқы – егемендікті, бостандықты, әлемге ашықтықты таңдадық. Бүгінгі күні осы құндылықтар біздің күнделікті өміріміздің бөлшегіне айналды. Сол кездері, сапарымыздың басында бәрі басқаша болды. Енді біздің ортақ күш-жігер жұмсауымыздың арқасында ел танымастай болып өзгерді. Біз бүгін – өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері бар табысты мемлекетпіз... Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын!

Тәуелсіз еліміздің болашағы жастардың, өсіп келе жатқан мына сендердің қолдарыңда. Басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың жалғастыратынына кәміл сенемін. Баршаларыңызға бақ-береке, отбасыларыңызға амандық тілеймін! -дейді біздің Елбасымыз.

Ендеше , Жаңа жылымыз құтты болып, Тәуелсіздігіміз баянды болсын дегім келеді. (слайд көрсетіліп тұрады)

Жүргізуші:

Келіңдер жас ұландар,

Ертегімді тыңдаңдар.

Ертегімде сан қилы

Қызық- қызық сырлар бар.

Жаңа жылдың кешінде

Аңдар келіп бір шешімге

Достаспақшы ниетпен

Жиналыпты келісімге

Соныменен, балалар

Жаңа жылға арналған

Ертегіні көріңдер

(Музыка ойналады.)


Шыршаның артынан лунтик пен ара шығады да:

Ау, жараңдар, ал қараңдар

Жауып тұр қар себелеп

Көкке толды, жерге қонды

Сансыз аппақ көбелек.

Тым алыстан айдан келдім

Досымды да ерте келдім

Көп қызыққа ерте келдім

Сендермен ойнап күліп

Көп қызыққа батар едім

(Секіріп билеп жүрген Лунтик пен араның алдынан Аю мен Маша шығады.)

Лунтик: Амансыз ба, аю паң

Аю: Жаңа жылдың алдында

Тойды еске алдымда

Ұйқымды ашып, сергідім

Ұйықтамаймын мен бүгін

Қасыма ертіп қызымды

Жылды қарсы алайық

Би, билеп ән салайық

Жаңа жылдың тойында

«Жан салайық» ойынға!

(Барлығы қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана Смешариктер келеді.)

Смешариктер: Сәлем, достар, аман ба?

Нұр берді шырша алаңға

Қане, шашу шашайық,

Тойлап көңіл ашайық

Бәрі билеп жатқанда

Босқа қарап тұрмайық

Өнерін жұрт көреді

Тауып өз сыңарымды

Тайсалмай биге түсіп

Тарқатам құмарымды

(Барлығы бірге билей жөнеледі. Осы кезде орталарына Спанч-боб келеді)

Тра-ля-ляй! Тра-ля-ляй!

Өнершіл аңдар-ай

Өңкей паңдар тыңдаңдар

Жаңа жылға әнім бар

Қол ұстасып, биге басып

Жыл әніне салыңдар

Бәріңізге бір сәлем!

(Бәрі қосылып билейді).

Бәрі: - Жаңа жылдарыңызбен!

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, соны шешесіңдер ме?

Балалар: иә

Жұмбақ:

Ақсақалды шал жылына

Бір-ақ рет келіп кетеді

қызы мен ұлына

Сыйлық алып келеді. ( Аяз ата)

Жүргізуші: Балалар енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз Атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.

Балалар: Аяз –Ата!, Аяз-Ата !- деп айқайлап шақырады.

Аяз Атаның орнына мыстан кемпір ұшып кіреді де, шыршаны бір айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.

Мыстан: Пай- Пай! Мен қайда келдім өзі! Мына шыршаның әдемісін-ай! Үйге алып кетпесем бе екен? ( Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаны түбімен жұлып алғысы келеді.)

Жүргізуші: Мыстан кемпір! Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды. Біз «жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршамызға!(Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: «ТУ-У-У!»). Маңдайдағы терін сүртіп тұрып.

Мыстан кемпір: Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғаны-ай жұлынбайды ғой. Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қалды да: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген сандықтың кілті болар. Сол сандықтан бір керемет дәмнің иісі шығып еді мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бір байып қалармын!

Жүргізуші: Балалар, Кәне тойды жалғастырайық, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар. Әнімізді шырқап, атамызды шақырайық!

Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз- Ата мен Ақшақар кіреді. Аяз- ата ақшақарды қолынан тартып, жетелейді,ол кіргісі келмейді.

Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мында, үйге кетемін.

Аяз- ата: Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсың ба?

Ақшақар: Жоқ,жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда барғым келмейді, үйге қайтамын.

Аяз-ата: Қызым-ау не айтып тұрсың?

Қарашы біз тойға келдік!

Қане балалармен амандасайық.

Аяулы аналарға, ардақты ұстаздарға

Бүлдіршін балаларға бір сәлем!

Аяз-ата: Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем жырларың

Асаулармен алысқан

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан
( Балалар амандасады)

Аяз-ата: Рахмет балаларым! Қанекей қызым! Қонақтардан ұят болады, басыңды көтер. ( Ақшақар басын көтермейді)

Аяз-ата: Қарашы балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәріде тым сұлуланып кетіпті. Шырша шамын жағайық, жаңа жыл тойын ашайық!

Сол кезде ақшақар жылап тұрып: Мен шырша шамын жағатын сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым.

Осы кезде Аяз-ата оны жұбатып тұрып: қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын дейді.

Ақшақар: Қойыңыз Аяз-ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тыстайсыз.

Жүргізуші:Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді?

Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздерме?

Жүргізуші: Жаңа мында мыстан болған, ол ұшып бара жатып,қалтасынан жылтыраған бір затын түсіріп алды, сол емеспе екен?

Қане барлығымыз іздеп көрейікші?

( Сөйтіп жатқанда Смешарик сиқырлы таяқты тауып алады.)

Аяз-ата: Жарайсың балапаным!

Жүргізуші: Қане шырша жағуға көмектесейік, балалар!

Үшке дейін санайық:1-2-3

(« Жаңа жыл» әнін шыршаны айналып орындау).

  • Аяз-ата мен Ақшақарға арналған ойын

  • Оқушылардың шығармашылығы: 1-сынып, 2-сынып


Жүргізуші: Достарымыз бар қуанып,

Тамашалар кештер де

Талшыбықтай бұралып

Биші болам өскенде


  • 3-сыныптың биін тамашалайық.


  • Оқушылардың шығармашылығы: 4-сынып



  • Марапаттау сәті

  1. Оқушыларды.

  2. Ата-аналарды.

  • Ата-аналармен ойын «Шыршаны безендіру»

Жүргізуші: Аяз- ата сіз біздің балалардың өнерін тамашаладыңыз, Сізге ұнады ма? Сыйлық әкелдіңіз бе?

Аяз-ата: Әрине барлық сыйлық мына сандықтың ішінде!

Ақшақар мына сандықтың кілті қайда? ( Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.)

Аяз- ата: Иә сол кілт шығар.

Жүргізуші: Аяз-ата, ол кілтті мыстан алып кетті. Ол тіпті шыршамызды алып кеткісі келген.

Аяз-ата: Қап, әттеген-ай! Ақшақар екеуіміз оны іздеп келейік.

( Осы кезде мыстан кіріп келеді)

Мыстанның өз балалары мен биі

Мыстан: А-а бәлем! Таптым! Сандық мында тұр екен ғой!

Аяз-ата: Мына ұрлықшы мында жүр ғой! Қане кілтті маған бер, балалар сыйлықтарын күтіп қалды.

Мыстан: Ойбай-тағы не дейді? Сыйлық өзіме де керек.

Аяз-ата: Аһ бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен сені қатырып тастайын. «Кане таяғым мына мыстанды қатырып тыста!»

« Мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады»

Мыстан: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой не істесем екен?

Аяз-ата: Бересіңбе сандықтың кілтін?

Мыстан: Жоқ, бермеймін!

Аяз-ата: А-а онда осылай тұра бер! Мен кеттім!

Мыстан: Жоқ, Аяз-ата! Кетпеші беремін кілтіңді, тек балалар мен мында отырған қонақтар менің қояр тілегімді орындасын, жұмбақтарымды шешсін!

( Осы кезде мыстан кемпір қалпына келеді, балаларға жұмбақ жасырады)

Жұмбақтар:

  1. Қолы менен қаламы жоқ

Бірақ сурет салады көп ( Аяз)

  1. Суда қалқиды,

Жылыда балқиды ( Мұз)

  1. Қыста шыны болып қатады,

Жылыда су болып жатады ( Мұз айдыны)

  1. Аспаннан ақ ұлпа борады,

Қырқаны сейсепке орады. ( Қар)

  1. Табаныма байладым,

Қос аяқпен айдадым ( Шаңғы)

  1. Қанаты жоқ ұшады

Аяғы жоқ желеді

Аузы жоқ ұлиды ( Боран)

  1. Зулап түстім төменге

Менсіз шықпас төбеге ( Шана)

Мыстан: Жарайсыңдар балалар! Жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер!

Аяз-ата: Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді, өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерің қандай әдемі! Солай емес пе қызым?

Біздің сыйлығымызға риза болдыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!

( Қолдарын бұлғап шығып кетеді)


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Жаңа жыл - жаңа бақыт" ертеңгілік

Автор: Нукешева Асел Омирзаковна

Дата: 10.05.2017

Номер свидетельства: 414229

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) ""Жа?а жыл - жа?а ба?ыт" ерте?гілігіне арнал?ан сценарий ересектер тобы"
    ["seo_title"] => string(72) "zhanazhylzhanabakytiertienghilighiniearnalganstsienariiieriesiektiertoby"
    ["file_id"] => string(6) "289773"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454858615"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""Жа?а жыл - жа?а ба?ыт""
    ["seo_title"] => string(19) "zhanazhylzhanabakyt"
    ["file_id"] => string(6) "289760"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454857201"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(201) "Т?зете - дамыта о?ыту сыныбында ойын элементтері ар?ылы о?ушыларды? танымды? белсенділіктерін арттыру жолдары. "
    ["seo_title"] => string(120) "tuzietie-damyta-ok-ytu-synybynda-oiyn-eliemienttieri-ark-yly-ok-ushylardyn-tanymdyk-bielsiendiliktierin-arttyru-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "195079"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427864352"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Т?рбие са?аты: Досты?, татулы? - е? жа?сы ?асиет!"
    ["seo_title"] => string(41) "trbiiesagatydostyktatulykienzhaksykasiiet"
    ["file_id"] => string(6) "283436"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453827186"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Жаңа жылдық ертегі (мерекелік ертеңгілік)"
    ["seo_title"] => string(52) "zhan_a_zhyldyk_iertieghi_mieriekielik_iertien_ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "376559"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1483890687"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства