Ма?саты :Білімділік: О?ушыларды? ???ы?ты? білімдерін ?алыптастыра отырып, за? алдында?ы жауапкершілікті арттыру, ?йымшылды? пен т?ртіптілікті? тиімді жолын сын с?тте таба білу ар?ылы же?іске жету, алдына ма?сат ?оя білуге баулу;
Просмотр содержимого документа
«За?ды білу - заман талабы»
Тақырыбы: «Заңды білу –заман талабы»
Мақсаты :Білімділік: Оқушылардың құқықтық білімдерін қалыптастыра отырып, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат қоя білуге баулу;
Дамытушылық:оқушылардың ойлау, тыңдау,сәйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорларын молайту.
Коррекциялық: Көзге арналған жаттығу жасату арқылы көру қабілетін сақтау.
Өткізу әдісі: Дөңгелек үстел
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қанатты сөздер, ҚР Конституциясы кітапшасы
Жүру барысы: І Психологиялық тренинг .
ІІ Құқық туралы жалпы түсінік .
ІІІ. Көкейде жүрген сауал (сұрақ-жауап).
ІV.Көзге арналған жаттығу
V. Ойды аяқта (мақал-мәтелдің жалғасын табу).
VI. «Сен білесің бе?» .
VI. Қорытынды.
Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар, ,оқушылар және кеш қонақтары «Заңды білу- заман талабы» атты дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер! Кешіміздің негізгі мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Енді сіздерді бүгінгі дөңгелек үстелімізге келіп отырган қонақтармен таныстырып өтейін:
1.Абулькасимова Маржан Тоқтаровна –адвокат.
2.Конысбекова Акерке Косаевна –заңгер.
3.Калигожин Акрам Асемканович - № 3 мектеп –интернат директоры.
4. Ибраева Жанна Мырзагалиевна –директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
5.Демебаева Альмира Саятовна- мектеп психологы.
Дөңгелек үстелімізді бастамас бұрын сіздермен ерекше түрде амандасып алайык:
1. Ең бірінші кім күзде,қыста,көктемде,жазда туғандар сәлеметсіздерме?
2.Енді біздің дөңгелек үстелімізге жақсы көңіл-күймен келгендер сәлеметсіздерме?
Бүгін осындай маңызды тақырыпты жақсы көңіл-күймен талқылауға жиналғандарыңызға көп рахмет.
І Психологиялық тренинг.
Кешімізді бастамас бұрын бір-бірлеріңізге деген қарым – қатынастарыңызды ізглендіру мақсатында біз мектеп психологымен бірлесіп тренинг дайындаған болатынбыз:1. Жүргізуші қатысушыларға альбом парағына алақанын салып, оған жан бітіру керектігін ұсынады. Алақанға ауыз, көз..... салу. Саусақтарын бояу. Әрбір саусаққа ерекше есімдер ойлап тауып жазу. Соңында неге олай аттағандықтары туралы айтып беру.
2. Ақ парақ берілген. Дәл ортасында дөңгелек қара ноқаты бар. Осы суреттен не көріп тұрсыздар, соны суреттеп берсеңіздер. (бұл тренингте аққа қарағанда қара түс тез көзге шалынады. Сондықтан ақ жақсылықтың белгісі болғандықтан оны көре білуіміз керек).
Тәрбиеші: Республикамыз өз тәуелсіздігін алып, небір қиыншылықтарды артқа тастап, бүгінгі күнде экономикасы дамыған мемлекетке айналған тұста да елімізде ақсап жатқан кейбір келесі мәселелер бар екендігі да жасырын емес.
Ел болған соң, соңғы кездері жалпы халықтық құқық бұзушылық теріс әрекеттерінің қоғамда өршіп, оның алдын алудағы құқықтық тәрбие берудің кемшін тартып отырғаны қоғамдағы өзекті мәселеге айналуда. Қазақта «ел боламын десең-бесігіңді түзе» деген нақыл сөз бар. Осы сөз арқылы айтылған бабалар аманатындағы жауапкершілікті ата-анаға ғана тиісті деп емес, қоғамдағы әрбір адамзат баласының саналы ұрпақты тәрбиелеудегі, білім берудегі қағидалы мақсаты деп түсінгеніміз жөн шығар.
Сондықтан да қоғам болашағы құқықтық мемлекет тағдырымен байланыстыра қарап отырған шағымызда ұлттық дәстүрлі ерекшелігімізді негізге ала отырып, жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесін жалпы білім беру мазмұнында қарастырудың маңыздылығы бүгінгі күні өз қажеттілігін танытып отыр.
Себебі күнделікті күйбең тіршіліктің құрығына түсіп, өз ар-ұжданын, ұятын, намысын бір сәттік дүниенің жалған қызығына айырбастап, заңды сыйламау арқылы қоғамда құқық бұзушылықтың кең өршіп отырғаны ойланарлық жағдай. Осының өзі жас ұрпақтың, одан қала берсе жалпы халықтың құқықтық санасын жетілдіру идеясын қуаттайды.
“Құқық” терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті өмірде және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құқықтық мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз.
Баланы қорғау конвенциясында
Әрбiр баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы бар.
2. Мемлекет баланың жеке басына ешкiмнiң тиiспеуiн қамтамасыз етедi, оны тәнiн және (немесе) жанын жәбiрлеуден, адамдық қадiр-қасиетiн қатыгездiкпен, дөрекiлiкпен қорлаудан, кемсiтуден, баланы қылмыстық iс-әрекетке және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан, және оны адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлерiнен қорғауды жүзеге асырады.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген аталы сөзді атамыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды құрметтеп, ата – бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы «отау иесі» деп атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады. Заңды білу – заман талабы.
( Видео көрсету)
ІІІ. Көкейде жүрген сауал (сұрақ-жауап). Дөңгелек үстелімізге қонақтар келіп отыр. Өздеріңізді мазалап жүрген сұрақтарыңызды қоюларыңызға болады.
1. Жасөспірімдердің арасында қандай құқық бұзушылықтың түрлері көп таралған?
2. Кәмелетке толмағандарды қандай жағдайларда жауапқа тартылады?
3. Мектеп оқушыларына қандай ақыл-кеңес бере едіңіз? .......
Мектеп психологына:
1. Мектеп жасындағы балалардың мінез-құлқының ауытқуына қандай жағдайлар әсер етеді? .......
Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына бірер сауалдар қойсақ.
1.Оқушылар мектеп ішкі ережесін қай деңгейде сақтап жүр?
3. Мектеп ішкі ережесін сақтамайтын оқушыларға қандай шаралар қолданады, оны болдырмаудың жолдары қандай?.....
Енді балалар көзге арналған жаттығу жасайық:
1-жаттығу. Орындыққа шалқайып, терең дем аламыз. Алға еңкейіп, іштегі демді баяу шығарамыз. Мұны 5-6 рет қайталау керек.
2-жаттығу. Орындыққа шалқайып, көзді қатты жұмып, ашу керек. Бұл да 5-6 рет.
3-жаттығу. Қолды мықынға қойып, басты оңға бұрып, оң қолдың шынтағына, басты солжаққабұрып, сол қолдың шынтағына қараймыз. 5-6 рет.
4-жаттығу. Алдымен жоғарыға қараймыз. Сосын көзді сағат тілімен айналдырамыз. Ендісағаттіліне қарсы жүреміз. 5-6 рет.
5-жаттығу. Қолды созып, саусақ ұшына қараймыз. Қолды жоғарыға көтеріп,қимылын көзбенбақылаймыз. Басты қозғамай, қолды түсіреміз. Бұл жаттығуды 4-5рет жасау жеткілікті.
6-жаттығу. Алдымызда алыс тұрған затқа 2-3 секундтай қараймыз. Сосын мұрынның ұшына 3-5 секунд қараймыз. 6-8 рет қайталауқажет.
Оқушылар бағанадан бері құқық туралы,өз құқықтарыныз туралы көптеген мәліметтер алдыныздар.Енді тұрып жаттығу жасасақ.Ол құқығым ба жоқ әлде міндетім ба деп аталады:мен құқықтарыңызды айтқанда қолдарыңызды жоғары көтеріп шапалақтаймыз,ал міндеттерінізді айтқанда қолдарыңызды белдеріңізге қойып ,орнында тұрып қадам басамыз:
1.Мектеп мүлкін сақтау....
2.Отбасында өмір сүру....
3.Жолда жүру ережесін сақтау......
4.Тегін оқуға.....
5.Туысқандарымызға көмектесу.....
6.Ем алуға....
7.Жеке бас тазалығын сақтауға.....
Міне , балалар, өздерің байқап отырғандай құқық дегеніміз заң рұқсат ететін адам табиғатына, жаратылысына сай әрекеттер жасау мүмкіндігі екен, яғни азаматтарға кең көлемді құқықтар мен бостандықтар берілген.Бүгін біз адам дүниеге келгеннен бастап, тұлға болып қалыптасқанға дейін қандай құқықтарға ие болатынын білеміз. Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие, бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді.
- Сонымен Балалар сендер не істеуге құқылысыңдар? Өмір сүруге, отбасына тәрбиеленуге, білім алуға, демалуға, денсаулықты сақтауға,ЖОО түсіп бір мамандық иесі атануға құқылымыз,т.б.
Енді біраз ойын ойнайық.Ортамызда биыл мектеп бітіріп, жоо түсіп,бір мамандық иесі атансақ деп отырған оқушылар бар:
Ойын «Пантомима» Әртүрлі мамандық қимылын көрсетеді, басқалары қандай мамандық иесі екенін тауып береді.
V. «Сен білесің бе?»
Бұнда сұрақтардың дұрыс, бұрыс екендігі анықталады.
Бала құқығы туралы конвенция 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ- ның Бас Ассамблеясы қабылдады? Ж: Дұрыс
18 жасқа толған жеткіншек бала деп саналады Ж: Бұрыс
Әрбір бала өмір сүру құқығына ие Ж: Дұрыс
Мемлекет әрбір баланың аман – сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етпейді Ж:Бұрыс
Әрбір бала өз отбасында, ата – анасымен бірге өмір сүруге құқылы; Ж: Дұрыс
Бала мектепте кінәлі болғанда да оны біреудің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы бар ; Ж:Бұрыс
Тәрбиеші: Бүгінгі дөңгелек үстеліміздің негізгі тақырыбы «Заңды білу –заман талабы» болған. Көкейлеріңіздегі осы тақырып жөнінде сұрақтарыңызға жауап алдыңыздар деп үміттенеміз.Енді «мен саған сыйлаймын» деп аталатын тренинг арқылы кешімізді аяқтасам дегем:- қатысушылар бір – біріне алғыс айтып, бір – біріне мына жүректі сыйлайды. (Жаттығудың психологиялық мағынасы: тренингті қорытындылау , жағымды эмоционалды фонда бекіту.)