kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Это классный час посвещенному к дню учителя. Учительство это исскуство, это труд тяжелый и ответственный 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік»

5 мектеп-лицей





(Ұстаздар күнінде өткізілген тәрбие сағаты)

« Ұстаз аты биік,әрі мәңгілік»






Өткізген: Жанелова А.Е.

6 в класс










2018-2019 оқу жылы

Тақырыбы: «Ұстаздың жолы ұлылық-ұрпағы жүрер ұғынып»

Мақсаты: Мектеп тарихымен, зейнеткер ұстаздардың еңбектерімен таныстыра отырып, олар туралы мол мағлұмат беру. Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету. Ұстаз мамандығының қырымен сырларын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.Мектептің байырғы ұстазы, мектеп директоры, СССР-дің Білім үздігі, жан-жақты тұлға, мектептің жанашыры, ардагер ұстаз Туюшев Равиль Рафкатовичтің еңбегін, жан-жақтылығын, оқушыларға үлгі етіп, таныстыру.

Көрнекілігі: Туюшев Р.Р. туралы бейнеролик, слайдтар, шарлар, түрлі ұстаздар туралы нақыл сөздер.

Барысы:

Мұғалім: Ұстаз! Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым.

Ұстаз ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт бағдар беруде еңбегі зор.

Мадияр: Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,

Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған.

Шаршаса да, осы жолдың бойында,

Қандай жақсы шын бақытын тапса адам.

Жанат: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.

Ұстаз деген ұлылардың ұлысы,

Қасиетіне бас иейін мәңгілік.
Дильназ:
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор.
Мұғалім: Балалар бүгінгі мерекелік шарамыз мектептің байырғы ұстазы, мектеп директоры, СССР-дің Білім үздігі, жан-жақты тұлға, мектептің жанашыры, ардагер ұстаз Туюшев Равиль Рафкатовичтің еңбегімен, жан-жақтылығымен танысу мақсатында өткелі отыр. Олай болса «Ұстаздың жолы ұлылық-ұрпағы жүрер ұғынып» атты мерекелік шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Назарбек: Ұстаз - ол дос, ол шәкірттеріне тек жақсылық ойлап, қиындықта қымсынбай көмек көрсетеді, жанын салып жақсылық жасайды.

Ұстаз – ол жолдас, ол әрқашан да шәкірттерімен бірге, көпшілікпен араласып жүреді, қатар құрбысындай қатарлас өмір сүреді.

Ұстаз – ол әке, шәкірттеріне алаламай қамқорлық жасайды.!

Дильназ: Иә, ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.
Бекарыс: Айта берсек ұстазға тіл жетпеген,

Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!

Айтыңдаршы, адам бар ма өмірде,

Ұстаздарға қарыздар болып өтпеген.

Ерасыл: «Мектеп – білім тірегі, ұстаз - оның жүрегі» - деп ғұлама ағаларымыз айтқандай, менің ойымша, кез – келген адам ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық - өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез – келген адамға қона бермейді.

Найман: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың
Олжас: Данышпан да, дана да оқып сенен,

Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.

“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,

Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!


Алуа: Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам

Гүлмарал : Мектеп үйім, ұстаздарым ата – анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа тараған.


Аружан: Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын !

 Мұғалім:

Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,

 Зейнет емес бейнеттен арылмаған.

Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,

Қариялар өзіңді ел сыйлаған.

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ардагерлеріміздің  орны ерекше.

      Мектептің байырғы ұстазы, мектеп директоры, СССР-дің Білім үздігі, жан-жақты тұлға, мектептің жанашыры, ардагер ұстаз Туюшев Равиль Рафкатовичтің еңбегімен , жан-жақтылығымен танысатын да уақыт жетті.

Видеоролик

Туюшев Равиль Рафкатұлы 1948 жылы мамырдың 11-і күні дүниеге келген. Әкесі Туюшев Рафкат Ахмедович Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер. Анасы Кузьминцева Антонина Александровна №5 мектеп-лицейінде сол жылдары бастауыш сынып мұғалімі боп жұмыс жасаған. Туюшев Равиль Рафкатұлы 5 мектепте (сол кезде №439 мектеп) оқып білім алып, Орал қаласындағы Мемлекеттік Педагогикалық институтынан мұғалім мамандығын алып шықты.

Равиль Рафкатұлы 1981 жылы №39 мектептің директоры қызметіне кірісті. 2013-2016 жылдар аралығында қала сыртындағы жазғы «Тұлпар» лагерін басқарды. Ол 20 жылдан астам уақытын мұз айдынында сырғанаумен айналысып, хоккей ойынының майталманы болды.

Наградалары:

1. «СССР-дің Білім үздігі» медалінің иегері

2. «1941-1945 жылдардағы Ұлы отан соғысы Жеңісінің елу жылдығы» мерекелік медалінің иегері

3. «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы» мерекелік медалінің иегері

4. «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» мерекелік медалінің иегері

5. 2016 жылы «Жыл адамы» атағын алды

Ол мүсінші, суретші, спортшы, коньки тебудің майталманы, хоккей командасының мүшесі, мектептің жасыл ауласының авторы, шығармашыл тұлға.


Динара: Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол – мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, ұлттың да, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі. Ол – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы. Ұстаз – мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерінің көрігі. Ұстаз – білім беру сапасын арттыру саясатын тікелей жүзеге асырушы. Ол – мемлекетімізді құрметтеу жауапкершілігін шәкірттеріне жеткізіп дарытушы.


Данияр:

Кем көрмейміз сізді ардақты әкеден
Сізге ұқсап қудық біз де сан арман
Сіздей адам дүниеде көп болса,
Балалардың бақыты үшін жаралған



Диас: Күллі өмірін жеткіншекке арнаған

Мұғалімді ардақтайды барша жан

Ол мектептен шықпаса да қыс - жазы,

Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

Ардақтысың, ардагерім ұстазым,
Саған айтар жыр - алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын
Ұстазыма арналады бұл әнім.


Шапағат: Өткізіп өз алдыңнан талай бала,

Бойына құйдың ақыл , ой мен сана

Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,

Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға

Шәкірттер сізді айтып мақтанады,
Бейнеңіз жүректерде сақталады
Біз әлі биіктерден көрінеміз
Үмітпен сеніміңіз ақталады.

Равиль Рафкатұлы төл мерекеңізбен!!!

Біз сізді құрмет тұтамыз!!!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік

Автор: Жанелова Алтынай Елемесқызы

Дата: 06.11.2018

Номер свидетельства: 483738

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Шы?армашылы? кеш "?стаз аты - биік, ?рі м??гілік" "
    ["seo_title"] => string(51) "shyg-armashylyk-kiesh-u-staz-aty-biik-ri-m-n-ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "185342"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426171862"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Ұстаз аты биік әрі мәңгілік!"
    ["seo_title"] => string(31) "u_staz_aty_biik_ri_m_n_ghilik_2"
    ["file_id"] => string(6) "356023"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1478453518"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "?стаз аты - биік, ?рі м??гілік "
    ["seo_title"] => string(29) "u-staz-aty-biik-ri-m-n-ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "150757"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420553845"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік"
    ["seo_title"] => string(31) "u_staz_aty_biik_ri_m_n_ghilik_3"
    ["file_id"] => string(6) "406626"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1491323577"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "?стаз аты - м??гілік"
    ["seo_title"] => string(16) "ustazatymnghilik"
    ["file_id"] => string(6) "258797"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1448560855"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства