kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі

Нажмите, чтобы узнать подробности

28 Панфиловшылардың Ұлы Отан соғысына қатысуы, түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы, қазақ халқының батырлары, олардың ерліктері жайлы мәліметтерді  пысықтау, тиянақтау,үлгі ету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі»



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

№14 мектеп –гимназиясы





СЫНЫП САҒАТЫ

Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі







7 «Ә» сыныбы





Сынып жетекшісі:Ергалиева Н.У











Астана





Сынып сағатының тақырыбы:Ұлы ерлік - ұрпаққа үлгі

Сынып сағатының мақсаты:

 28 Панфиловшылардың Ұлы Отан соғысына қатысуы, түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы, қазақ халқының батырлары, олардың ерліктері жайлы мәліметтерді  пысықтау, тиянақтау,үлгі ету.

Сынып сағатының барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім сөзі: Ұлы Отан соғысының Жеңісіне биыл 70 жыл толды. Ұлы Отан соғысы кезінде қиыншылықтарды көп көрген.Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс атаулы адамзатты  қырып – жоюға бағышталған.Адам адам болғалы осылай.Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан.Арыға бармай-ақ, 50 миллионнан астам өмірді жалмаған соңғы соғысты алайық.Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды.

Отан үшін отқа түскен Отандастарымыздың ішінде бүгін Панфилов басқарған атқыштар дивизиясының 28 Панфиловшылардың ерлігіне тоқталамыз.

Аружан:

1941-1945 жылдар аралығында құрылған әскери орталықтар түрлі және шешуші шабуылдарға қатыстырылды. Мәскеу түбіндегі шайқаста генерал Панфилов басқарған 316 атқыштар дивизиясының аты шықты.Халқымыз Мәскеуді қайсарлықпен қорғаған 28 Панфиловшы батырларды ғұмыр бойы құрметпен есте сақтайды.

1 минут еске алу сәті.

Мирас:

Бұлт басып күңіренді,

Күзге қарсы ақ аспан.

Дабыл қағып ерлер жөнелді

Қару-жарақ белге асқан.

Кірпік қақпай алға аттай,

Бейне темір болаттай.

Қарсы тұрды жиырма сегіз ер,

Келсе де жау жер қаптай.

«Ала алмайсың, - деді батыр,

Дұшпанына, - еркімді.

Кең жерімді туған өрт салып,

Бұза алмайсың көркімді!»

Жолын бөгеп дұшпанның

Құрбан болды қайран ер,

Ер боп туған адал баласын,

Қойнына алды туған жер!

Сіз Рамазан Елебаевтың осы бір өлең жолдарын бұрын-соңды естіп көргенсіз бе? Олай болса, кімдер туралы әңгіме қозғайтынымызды да біліп отырған боларсыз. Иә, дұрыс таптыңыз! Аттары аңызға айналған - «28 панфиловшы»!



Ақтілек:

28 панфиловшы — Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуді ерлікпен қорғаған қазақстандық қаһарман жауынгерлер.

1941 жылы 15 қарашада Германия әскерлері 51 дивизиямен Мәскеуге екінші “негізгі шешуші шабуылды” бастады. Батыс майдан жауынгерлері ауыр ұрыстар жүргізді. Осы майданға кіретін 16 армияның құрамында Алматыда жасақталған генерал-майор И.В.Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы (кейіннен 8 гвардиялық-панфиловшылар дивизиясы) Мәскеу түбіндегі Волоколам тас жолын қорғады. Қазақстандық жауынгерлер соғыс тарихында сирек кездесетін ерлік жасап, жаудың болат құрсанған машиналарына төтеп берді. 28 панфиловшының 23-і қазаға ұшырады, бірақ жау танкілері олардың шебінен өте алмады. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1942 жылғы 21 шілдедегі Жарлығымен бұл жауынгерлердің барлығына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Динара: Иван Васильевич Панфилов (1.1.1893, Ресей, Саратов облысы Петровск қаласы – 19.11. 1941, Мәскеу облысы Волоколамск ауданы Гусеново село) – әскери қайраткер, генерал-майор (1940), Кеңес Одағының Батыры

1941 жылы соғыс басталғаннан кейін Алматы қаласында жергілікті ұлт өкілдерінен 316-атқыштар дивизиясын жасақтап, Мәскеуді қорғауға жіберілді.

1941 жылдың қазан-қараша айларында Мәскеу түбіндегі қорғаныс кезінде Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясының жауынгерлері Волоколамск бағытын қорғауда асқан ерлік көрсетті .Панфиловшы батырлар тобының ерлігі Кеңес әскері жауынгерлерінің жаппай ерлік көрсетуінің үлгісі болды.

Диас:

17 қарашада 316-атқыштар дивизиясы Сегізінші гвардиялық атқыштар дивизиясы болып аталып, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Панфилов қаза тапқаннан кейін дивизия оның есімімен аталды. Ленин, 2 рет Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған. Панфилов Мәскеудегі Новодевичье зиратына жерленген.

Алматы облысында аудан Панфиловтың есімімен аталады. Алматыда оның атында бір көше, 28-гвардияшы-панфиловшылар атындағы парк бар, онда батыр-генералға ескерткіш орнатылған

Ербол:

Москва шайқасы (1941 жыл 30 қыркүйек - 1941 жыл 6 желтоқсан)

Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы, әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста шықты. Республикада жасақталған 316 - атқыштар дивизиясына Москваға апаратын негізгі өзекті жолдың бірі - Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1075 ұлан атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. 28 танк жоюшылар («28 панфиловшы») тобы Дубосеково разъезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберді. Ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочков «Россия кең - байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва» ұранын көтерді. Оның бұл сөзі бүкіл майданға тарады.



Әдия:

Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай - ақ Москва қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Габдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Амангелдиев мәңгі өшпес із қалдырды.

Диана:
Қасарысты  жиырма сегіз,

Тынбай  атты  гранатты.

«Отан» деген  отты  лебіз-

Жандарынан  жалын  атты.

Кетпес  олар  естен  мәңгі,

Кектері  тұр  кеудемізде,-

Ерлік  даңқы —  жеңіс  таңы

Жарқыратып  келді  бізге.

Аяулым: Соғыс  тарихында  асқан  ерлікті  бейнелейтін  бұл  ұрыста  28  Панфиловшының  23-і  қаза  тапты,  28-дің  22-сі  қазақстандықтар  еді.

Орыс , қазақ ,  қырғыздан,

Құрылған  бұл  шағын  топ.

Жауға  үрей  туғызған

Жайпап  түсер  жалын  боп.

Даңқ  қосып  даңқына,

Сұрапылға  төтеді.

Борыштарын  халқына,

Ерлігімен  өтеді.

Алмас:

Жиырма  сегіз, жиырма  сегіз – бір  ғалам,

Анау  жаудың  танктері  лаулаған.

Ресей  кең,  Отан  кең , артымызда  Москва.

Шегінуге  хақымыз  жоқ ,  хақымыз  жоқ  бір  қадам.

Бейнефильмнен үзінді.( 28 Панфиловцы)

Дина:

  Кек  қайтарып  фашистен ,

Соғыс  бітті  жеңіспен.

Жеңдік  жауды  күресте,

Жасалсын  той  мереке!

Саян:

Халық  легі  куәсіндей  елдіктің,

Көптен  бері  осы  күнді  сағынған.

Ардагерлер  осында  отыр  ерліктің,

Медальдарын,  ордендерін  тағынған.

Айжан:

  Жеңістің  туы  жалтылдап,

Жығылмай  мәңгі  тұрады.

Сол  тумен  өскен  аршындап,



Ерлердің  бізбіз  ұланы!

Қуаныш:

1941 жылы Алматыда генерал  И. В. Панфилов 316-атқыштар дивизиясын жасайды.Осы дивизияны 28 панфиловшыбатырлары Мәскеу қаласын қорғауда өшпес ерлік көрсетті.

Волоколомск жолын қорғаған 28 панфиловшының 22-сі қазақстандықтар еді.

 Мәскеу түбіндегі шайқаста 316-атқыштар дивизиясы

 ( кейін 9-гвардиялық атқыштар дивизиясы) командирі, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы болған.

Хор.  «Ақ  көгершін»

Мұғалімнің қорытынды сөзі

Ержүрек ерлеріміздің ерліктеріне тағзым ету және өскелең ұрпаққа таныта білу мақсатында Алматы қаласында 28 панфиловшыға арналған ескерткіш орнатылған. Тіпті, ескерткіш орнатылған саябаққа жауынгерлердің есімі берілген.

Саябақ Даңқ мемориалымен және Мәңгі алауымен танымал. Ұлы ерлiк және даңқтың мемориалы, кеңес халқы жеңiсiне 30 жыл толу мерейтойы қарсаңына, 1975 жылдың 8 мамырында, Отанымыздың тәуелсіздігін, бостандығын, абыройын қорғағандарға арнап құрылған. Батырлардың есімімен аталатын мектеп, ауыл, аудан, көше, саябақтар да бар.

Халқымыз  Мәскеуді  қайсарлықпен  қорғаған  28  Панфиловшы  батырларды  ғұмыр  бойы  құрметпен  есте  сақтайды.








 

 















Жиырма сегіз гвардияшы Панфиловшылар — Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуді ерлікпен қорғаған қазақстандық жауынгерлер. 1941 ж. 15 қарашада Германия әскерлері 51 дивизиямен Мәскеуге екінші “негізгі шешуші шабуылды” бастады. Батыс майдан жауынгерлері ауыр ұрыстар жүргізді. Осы майданға кіретін 16-армияның құрамында Алматыда жасақталған генерал-майор И.В. Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы (кейіннен 8-гвардиялық-панфиловшылар дивизиясы) Мәскеу түбіндегі Волоколам тас жолын қорғады. 16-қарашада жау Волоколам бағытында ұрысқа шығып, Дубосеково разъезіндегі 1075-атқыштар полкі 4-ротасының 2-взводы тұрған бекініс шебіне шабуыл жасады. Ротаның саяси жетекшісі В.Г. Клочков басқарған взвод жауынгерлері — барлығы 28 адам мылтықпен, жанармай құйылған шөлмектермен, гранаталармен қаруланып, жаудың 20 танкісімен 4 сағатқа созылған ұрыс жүргізді. Жаудың 14 танкісі қиратылып, панфиловшылар арасынан да бірнеше адам қаза тапты. Жау ұрысқа тағы 30 танк шығарды. Қазақстандық жауынгерлер соғыс тарихында сирек кездесетін ерлік жасап, жаудың болат құрсанған машиналарына төтеп берді. 28 панфиловшылардың 23-і қазаға ұшырады, бірақ жау танкілері олардың шебінен өте алмады. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1942 ж. 21 шілдедегі Жарлығымен бұл жауынгерлердің барлығына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олар: Николай Яковлевич Ананьев, Григорий Михеевич Безродных, Николай Никонорович Белашев, Бондаренко Яков Александрович, Васильев Илларион Романович, Иван Евстафьевич Добробабин, Дутов Петр Данилович, Емцов Петр Кузьмич, Нарсұтбай (Нұрсұлтан) Есболатов, Калейников Дмитрий Митрофанович, Клочков Василий Георгиевич, Абрам Иванович Крючков, Григорий Ефимович Конкин, Қожабергенов Әлиасқар, Әлікбай Қосаев, Николай Гордеевич Максимов, Гавриил Степанович Митин, Митченко Никита Андреевич, Иван Васильевич Москаленко, Иван Моисеевич Натаров, Григорий Алексеевич Петренко, Мұсабек Сеңгірбаев, Дмитрий Фомич Тимофеев, Николай Игнатьевич Трофимов, Иван Демидович Шадрин, Иван Алексеевич Шепетков, Григорий Мелентьевич Шемякин, Дүйшөнкул Шопоков. Батырлардың есімімен аталатын мектеп, ауыл, аудан, көше, парктер бар. Алматы қаласындағы 28 панфиловшы-гвардияшылар паркінде, Мәскеу түбіндегі Дубосеково разъезінде және батырлардың туған жерінде ескерткіштер орнатылып, мемориалдық мұражай ашылған.














ӘЙГІЛІ ӘСКЕРИ ОЧЕРК

1942 жылдың 22 қаңтарында «Красная звезда» газетінде әдебиет бөлімінің меңгерушісі Александр Кривицкийдің «28 батыр туралы» очеркі жарық көрді. Онда 1941 жылдың күзінде Алматыда жасақталған 316 атқыштар дивизиясының 28 панфиловшы-батырларының ерліктері жайында егжей-тегжейлі баяндалды.

Алайда әскери басылымдағы очерк майдандық тілші Василий Коротеевтің 1941 жылдың 27 қарашасындағы «мерт болған 28 батырдың өсиеті» атты мақаласының ізімен жазылды. Онда толып жатқан сәйкессіздіктер бар болғандықтан қазіргі ресей тарихшылары оны «насихаттық қиял», «шындыққа сай келмейді» деп тапты.

Александар Кривицкийдің сол кездері жазған атақты жолдары Совет Одағындағы соғыстан кейінгі миллиондаған комсомолдардың есінде қалғандығы анық:

«Елуден астам жау танкісі Панфилов атындағы дивизияның жиырма тоғыз советтік гвардияшылары қорғаған шепке жылжып келеді. Жиырма тоғыздың ішінен біреуі ғана жігерсіздік танытты... олардың біреуі ғана қолын жоғары көтерді... бірнеше гвардияшы бір мезгілде, келіспестен, бұйрықсыз, қорқақ, сатқынды атып салды...

Соғыс төрт сағаттан астамға созылды. Бұл кезде жаудың 14 танкі майдан даласында қимылсыз қалған еді. Сержант Добробабин мерт болды, қызыл әскер Шемякин де қаза тапты... Конкин, Шадрин, Тимофеев және Трофимовтар да жан тапсырды... Көзі қызарып кеткен Клочков жолдастарына қарады. «Достар, отыз танкі екен, – деді ол жауынгерлерге, – бізге осы жерде өлуге тура келетін шығар. Ресей кең байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ – артымызда Москва...

Қазақстандықтардың майданға аттануы және олардың қаһарман ерліктері (1941–1945 жж.)
Мәскеу шайқасының тарихи маңызы
Қызыл Армия Москва түбінде гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі де көп болды. Қазақстандық генерал-майор И. В. Панфилов пен комиссар А. С. Егоров басқарған 316-атқыштар дивизиясының аты аңызға айналды. Бұл дивизия 1941 жылы 26 қазаннан 18 қарашаға дейін ерлікпен жауға қарсы шайқасты. 1941 жылы 18 қарашада И. В. Панфилов ерлікпен қаза тапты.
Бауыржан Момышұлы басқарған батальон жаумен болған шайқаста ерліктің тамаша үлгісін көрсетті. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Т. Тоқтаровқа кеңестер Одағының батыры атағы берілді.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі

Автор: Ергалиева Нагима Уткелбаевна

Дата: 10.02.2017

Номер свидетельства: 390135

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) ""Аталар ерлігі-?рпа??а ?лгі" "
    ["seo_title"] => string(32) "atalar-ierlighi-u-rpak-k-a-ulghi"
    ["file_id"] => string(6) "182635"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425565554"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Өшпес ерлік- ұрпаққа мұра"
    ["seo_title"] => string(31) "oshpies_ierlik_u_rpak_k_a_mu_ra"
    ["file_id"] => string(6) "468735"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1525719279"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) ""Ерлік  ?рпа??а ?ран ""
    ["seo_title"] => string(23) "ierlik-u-rpak-k-a-u-ran"
    ["file_id"] => string(6) "297661"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456226813"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) ""Аталар ерлігі- бізге ?лгі" "
    ["seo_title"] => string(29) "atalar-ierlighi-bizghie-ulghi"
    ["file_id"] => string(6) "208500"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430828250"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "«Ерлік – ұрпаққа ұран»."
    ["seo_title"] => string(23) "ierlik_u_rpak_k_a_u_ran"
    ["file_id"] => string(6) "471336"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1527526650"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства