kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ұлы даланың ұлы тұлғасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Айтулы мереке Тұңғыш Президент күніне арналған тәрбие сағатының жоспары. Жоспарда Елбасы, тәуелсіздік туралы өлеңдер, көріністер орын алған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ұлы даланың ұлы тұлғасы»

Лермонтов атындағы № 17 жалпы

орта мектебінің 7 «А» сынып жетекшісі

Айтаева Меруерт Маханбетовна



Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Ұлы даланың Ұлы Тұлғасы»

ӘНҰРАН

1 –жүргізуші Диас. Армысыздар құрметті Ұстаздар, Ата аналар, оқушылар!

Ертең 1 желтоқсан ел үшін ерен мереке. Бұл желтоқсан ызғары бар, ызбары жоқ, аязы мен бораны көп дегенменімізбен қазақ үшін қадірі артық мезгіл. Нақ осы айда халық бауы сөгілген қызыл өкіметтің ноқтасын сыпырып өздеріне лақтарып, ақ мылтық боранда жоғалтқан азаттықты қайтарып алғанбыз.

2- жүргізуші. Ұлдана

Оған дейін нақ осы айда 1917 жылы Алаш орда үкіметі құрылған. Нақ осы айда 1986 жылы қазақ жастары қасқайып тұрып теңдңк сұраған және осы айда тағы бір тарихи оқиғаны бастан өткеріп егемен еліміздің тұңғыш президентін бүкіл халық болып сайлағанбыз.

3 -жүргізуші. Малика

Көркемдесек тіл үйіріп тәттідей болған тіуелсіздік деген ұғымды енді сезген біздің халық 1991 жылы 1 желтоқсанда өз президентіне дауыс берді. Бүкіл халықтық науқанда Н.Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның Президенті атанды.

4- жүргізуші. Нұржігіт 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін жариялады. 1986 жылы қазаққа қайғы әкелген желтоқсан араға 5 жыл салып көл көсір қуаныштар сыйлаған еді. Сол теңдессіз қуаныш қазақтың жүрегін зор мақтанышқа толтырып келеді. Биыл Қазақстаннң тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр.

1 –жүргізуші Диас. Ия қуанышымыз ұзағынан болғай! Қазақ елі үшін қасиетті желтоқсан тағы бір мерекемен ерекшеленеді. Бұл күні қаймана қазақ халқы Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. Ұлы даланың дарынды тұлғасы халық, жолында басын бәйгеге тіккен Н.Н. қандай құрметке болса да лайық!

2- жүргізуші. Ұлдана

Ендеше бүгін 7 А сыныбы сіздерге Тұңғыш Президент күніне арналған «Ұлы даланың Ұлы Тұлғасы» атты ашық тәрбие сағатын ұсынады.

БИ

1-жүргізуші: Диас Нұрсұлтан Назарбаев – мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі алмағайып заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Н.Ә. Назарбаев тұсында жеттік. Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарының, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ жақсы білуі тиіс.

 

4-жүргізуші: Нұржігіт Н.Ә. Назарбаев – ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жетік білетін, ұлтын жан-тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп келе жатқан, халқының үмітін, сенімін ақтап келе жатқан ұлтжанды азамат.

– Қалың елінің жанашыры, мұрасы, тағдырласы

– Қорыққанға қорған, тарыққан пана, зырыққанға сана бола білетін өз елінің шын перзенті.

 МАЛИКА. ҰЛДАНА. ӘН.

1-жүргізуші Диас:1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.

Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».

 

4-жүргізуші: Нұржігіт Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі, саясаттағы, экономикадағы, мәдениеттегі атқарған игі істерін талдау үшін оқушыларға сөз кезегін береміз.

 1-оқушы: Ерасыл : Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылдың 6-шілдесінде Алматы облысының Қаскелең (Қарасай) ауданындағы Шамалған ауылында туған. Мамандығы инженер-металлург. Экономика ғылымдарының докторы, академик, «Ғасыр адамы» атанған қайраткер. Елбасының атасы Назарбай өз аумағында билік жүргізген, ел басқарған адам екен.

 2-оқушы:  Бейбарыс 1958 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Н.ӘНазарбаев Днепродзержинс қаласындағы №8 техникалық училищесіне оқуға түседі де, оны 1960 жылы бітіріп шығады. 1960 жылдың мамыр айында ол Теміртау қаласындағы «Казметаллургстрой» тресінің «Доменстрой» құрылыс басқармасында қара жұмысшы болып еңбек жолын бастаған. Ал осы жылдың шілдесінен бастап қарағанды металлургия зауытының балқыту цехында шойын құюшы болып жұмыс істейді.

 3-оқушы: Руслан 1964 жылдың ақпан айынан 1965 жылдың тамызына дейін қарағанды политехникалық институтының студенті болған ол балқыту цехының диспетчері, балқыту пешінің аға газщигі болып істейді.

 

4-оқушы: Бибосын 1969 жылдың шілде айынан бастап Теміртау қалалық партия комитетінің өндіріс және көлік бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады да, осы жылдың желтоқсан айынан бастап Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып істейді.

 5-оқушы:  Б. Диас 1971 жылдың маусымында Теміртау қалалық партия комитетінің екінші хатшысы, ал 1973 жылдың қазанында Қарағанды металлургия комбинаты партия комитетінің екінші хатшысы болады. 1977 жылдың наурызынан Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы,

 6-оқушы:  Мейіржан 1979 жылдың желтоқсанынан Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің хатшысы болды. 1984 жылдың наурызында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болаған ол 1989 жылдың маусымынан Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болды.

 7-оқушы: Рауан 1990 жылдың ақпанында қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1991 жылдың 1-желтоқсанында бүкілхалықтық сайлау қорытындысы бойынша  98.7 пайыз дауыс жинап, Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.

 8-оқушы:  Мурат 1995 жылы сәуірде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде өкілеттілігі 2000 жылға дейін ұзартылды. 1999 жылы қаңтарда жалпыхалықтық сайлау нәтижесі бойынша 79,75 дауыс алып Президент болып қайта сайланды.

 9-оқушы: Азамат 2005 жылы желтоқсанда сайлаушылардың 91,5 пайызы дауысын алып Президент болып қайта сайланды. 2011 жылы сәуір айында 95,5 дауыс алып Президент болып қайта сайланды.

2-жүргізуші: Ұлдана «Тәрбие тал бесіктен басталады», – деп атам қазақ айтпақшы, халқымыз тәрбиеге үлкен мән берген. Елбасы: «Әкем: үлкен кісіні көрсең, оны танысаң да, танымасаң да алдымен сәлем бер деп өсиет етуден жалықпайтын». Оның бойындағы қарапайымдылық, ізеттілік қасиеттері ата-ана тәрбиесінің жемісі екендігін айтуға болады. Ендеше, көрініске назар аударайық.

 КӨРІНІС: «ӘЖЕ КӨРГЕН ТҮС-АЯН»

Әжесі: Сұлтан, Сұлтан, ботам, құлыным, қайдасың?

                Нұрсұлтан:   – Әже мен мұндамын. Міне, келдім не айтасыз?

                Әжесі: – Отыршы қасыма сені берген құдайға тәубә. Бүгін таң ата Алла маған аян  берді, түс көрдім. Түсімді  айтайын, ол сенің болашағың.

Нұрсұлтан:  Ол қандай түс, аян деген не айтшы, әже?

Әжесі: Түсімде зеңгір көкте, шуағын шашып жарқыраған күнді, өркеш-өркеш ақ бұйра бұлтты көрдім. Сәлден кейін бұлт арасынан ақбоз атқа мініп, күннің алтын сәулесімен шағылысып биік (көгілдір) аспанда ұшып жүрсің. Оянсам түсім екен. Бойыма ерекше қуат алғандай сыртқа шығып, аспанға қарап, Аллаға тәуба келтіріп жалбарындым. Құлыньм, Алла маған сенің болашағыңды түс аркылы болжатқан ғажайып тылсым күш қой.

Нұрсұлтан:  Әже, мен ақбоз атқа мініп аспанға қалай шығам, күннің ыстығынан қатты терлеп шөлдеймін ғой. Ол ғажайыпқа мен қалай жетем? Оның сыры неде, соны айтшы?

Әжесі: Тыңда, Сұлтаным! Онын сыры мынау: бойыңды таза ұста, бар ыңтамен еңбек ет, білімді бол, көп-көп оқы, ғьлымды игер, мейірімді бол, адал да әділ бол! Сонда қалың елге даңқыңды жаятын үлкен беделді адам боласың. Өзіңді, еліңді әлем танитын болады. Көрген түсімді, айтқанымды жүрегіңде сақта, зерделі бол құлыным.

Нұрсұлтан: Әже көрген түсің, тілеген тілегің қабыл болсын! Мен сіз ойлағандай азамат боламын, халқымның тірегі болам деп уәде беремін!

Әжесі: Ақылыңнан айналдым, берген уәдеңнен айналдым, Тілегімді жаратушы ием қабыл етсін. Мен сенің болашағыңа сенемін. Осы көрген түсімді өңімде болдыр деп, Алладан тілеймін. Тәуба, тәуба.

Нұрсұлтан: Жарайды әже.

КӨРКЕМСӨЗ ШЕБЕРЛЕРІ

3-жүргізуші: Малика

Елдің, халықтың сенімін, үмітін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет. Бұл қызметті жаны Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы, мәдениетті құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін, нағыз патриот қана атқара алады. Балалар Елбасымызды тағы да қандай қырынан танимыз?
1-жүргізуші Диас

Ол Әнұранның авторы, Қазақстан Республикасының президенті, Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының бас қолбасшысы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы, ЕҚЫҰ төрағасы

ДАНИАЛ. НҰРЖІГІТ. ӘН ДОМБЫРА

1-жүргізуші Диас Елбасының аз ғана жылдарда адам айтса нанғысыз атқарған қыруар істері болашақ ұрпаққа аңыз болып жетері сөзсіз. Аумалы-төкпелі, алмағайып заманда мың өліп, мың тірілген қазақтың, үш ғасыр бодан болған елдің тізгінін Нұрағаңдай азаматтың ұстауы- Алланың халыққа берген сыйы еді.

2-жүргізуші Ұлдана Қазақ халқы сан мың жылдар іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында жетті.Осы жылдарда біз Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретіндегі көсем қасиеттерін айқын таныдық.

БАҒЖАН. ӘН.

3-жүргізуші Малика Нұрсұлтан Назарбаев – тарих толғатып туған ғасыр­дың тұлғасы, елінің жанын ұғатын, хал­қын замана көпірінен аман өткізіп келе жатқан қамқоршы; еліміздің дарынды ұйымдастырушысы, көреген басшысы, нарықтық экономиканың терең білгірі, аңқылдаған ақ көңіл; кекшіл емес, тек­шіл; жікшіл емес, көпшіл; жұртты сендіре де, иландыра да алатын, өз елім менің – өзегім дейтін Азамат.

4-жүргізуші Нұржігіт Н.Назарбаев – адамзат тарихын терең білетін, замана ағымын жіті ойлайтын, әлемнің озық тәжірибесін ұтымды пай­даланып, ата-бабадан қалған асыл өнегені әдемі ұштастырып келе жатқан стратег, тәуелсіздік заманының бірнеше ұрпағын өсіріп келе жатқан тәлімгер.


БАҒЛАН. ӘН.

1-жүргізуші Диас Елбасы ата-бабалардың төрт аманатын көзінің қарашығындай сақтап, қорғап, әлемге танытуға күш салып, еңбек етуде. Ол аманат-Ел, аманат-Жер, аманат-Тіл, аманат-Тәуелсіздік. Осы аманатқа адалдық көрсетіп, бүкіл Қазақстан халқының тағдыр-талайын жауапкершілікке алуы. Сондай-ақ еліміздің 25 жылдағы қол жеткізген жетістіктері Елбасының атқарған еңбегінің көрінісі.

2-жүргізуші Ұлдана Қазақтың құлан жортса тұяғы тоза­тын, қыран ұшса қанаты талатын ұлан-ғайыр даласы бар. Ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған соншама алып далада, мұн­дай алып кеңістікте мемлекет құру қиынның қиыны еді.

АЙНАЗЫМ. ӘН

3-жүргізуші Малика Бір кезде жығылған Орданы қайта тігу, құлаған туды қайта тіктеу, елдің елінің ғана, ердің ерінің ғана қолынан келетін іс еді. Бізде ондай елдің де барын, бізде ондай ердің де барын мақтаныш етеміз. Елдің аты – Қа­зақ­стан, ердің аты – Нұрсұл­тан. Қазақстан, Астана, Назарбаев дейтін сөздер бір-бірінен бөлінбейтін ұғымға айналды

4-жүргізуші Нұржігіт Біз бүгін ұлтымыздың абыройына, киесіне айналған Президентіміз үшін мақтана алатын халықпыз. Президентіміз үшін мақтанғанымыз, — елдігіміз үшін мақ­танғанымыз. Ол Алланың қазаққа берген сыйы. Н.Назарбаев – Қазақстанның паспортына, символына айналған адам. Елбасының осыншама жасап жатқан жасампаз еңбегі баянды болсын. Дені сау, ел-жұрты аман болсын.

2-жүргізуші Ұлдана Халқының мерейі үстем бола берсін. Қазақстаны­мыз қа­рыш­тай берсін. Асқақтай берсін азаттық­тың Астанасы. Бүкіл түркі дүниесінің, Алты алаштың айбары мен қорғаны бо­лып отырған Елбасына Алла ұзақ ғұмыр берсін!

4-жүргізуші Нұржігіт Есейген еліміз, еңселі еріміз аман болсын. Талай халықаралық жобаларды табыспен жүзеге асырып келе жатқан Қазақстанымыз ендігі жерде нұры тасып, абыройы аса берсін!

3-жүргізуші Малика Ертегі әлеміндегідей өмір сүріп жатқан Қазақ елі-күн сайын емес, сағат сайын өсіп, Өмір — атты дауылды теңізде, Нұрсұлтан- атты кемеңгер көшбасшымен татулық кемесінде жүзіп келеді.

БИ
1-жүргізуші Диас

Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.

Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!

Демекші сөз кезегін мектебіміздің директоры, сүйікті ұстазымыз Искакова Саулен Адырбекқызына береміз.

ҚҰТТЫҚТАУ. МАРАПАТТАУ

Осымен оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды, қош сау болыңыздар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Ұлы даланың ұлы тұлғасы

Автор: Айтаева Меруерт Маханбетовна

Дата: 05.01.2017

Номер свидетельства: 375675

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Ұлы дала елінің ұлттық ойындары"
    ["seo_title"] => string(31) "uly_dala_elinin_ulttyk_oiyndary"
    ["file_id"] => string(6) "514127"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1560113790"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Т?рбие са?аты:"Наурыз -?лысты? ?лы к?ні!" "
    ["seo_title"] => string(41) "t-rbiie-sag-aty-nauryz-u-lystyn-u-ly-kuni"
    ["file_id"] => string(6) "206190"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430126551"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "«?лы дала д?ст?рлері»"
    ["seo_title"] => string(21) "u-ly-dala-d-sturlieri"
    ["file_id"] => string(6) "311920"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459264884"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(24) ""Ұлы дала елі""
    ["seo_title"] => string(14) "u_ly_dala_ieli"
    ["file_id"] => string(6) "398859"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1489120665"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Тақырыбы: Ұстаз - ұлы тұлға"
    ["seo_title"] => string(24) "takyryby_ustaz_uly_tulga"
    ["file_id"] => string(6) "480382"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1539277782"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства