kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ұлы дала елі"

Нажмите, чтобы узнать подробности


                                                Ұлы Дала Елі
                                                                      Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,

                                                                      Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз.

                                                                      Қас тағдырдың қиқаңына көнбейміз,

                                                                      Ер намысын ешбір жанға бермейміз
                                                                                                               Қасым  Аманжолов

Ата жұрт,атамекен-өте кең ұғым.Атамекен- адамның ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп-өніп келе жатқан жері.Өмірден көретін қызығы мен бақытының тұрағы.

Біздің халқымызда  атамекенді ардақтау сезімі өте тереңде жатыр. Туған жерді қасиет тұту-қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр.Бұл таным жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған.

Бұдан бірнеше ғасыр бұрын айтылған,атап айтқанда, Күлтегін ескерткішінде жазылған:

                                                   Қызыл қанымды ағыздым,

                                                   Қара терімді төктім.

                                                   Түн ұйықтамадым,

                                                   Күндіз отырмадым,

                                                  Тізеліні бүктірдім.

                                                    Бастыны еңкейттім,

                                                   Түрік болғаным үшін,- деген жолдар атамекен құдіретін, Ұлы Дала елін айқындай түсетіндей.Біздің атамекеніміз-Қазақстан! Қазақ деген намысшыл ұлттың ұрпағымыз

  Міне, осындай  намысшыл  елдің ұрпағы болғаныма мақтанамын!Тарихы тереңде жатқан елімнің  өткен жолдары тарих беттерінде   өшпестей із қалдырған.Қаншама қиындықтан өткен елімнің  болашағынан үміт күткен  бабаларымыздың арманы орындалып,бүкіл әлем  қызыға да, қызғана да қарайтын  Тәуелсіз Мемлекетке айналдық.
Еліміздегі әрбір атқарылған игі істер – еліміздің болашағына,келешек үміт күткен, жастарына    яғни Ұлы Дала елінің перзенттеріне арналып отыратыны сөзсіз.  Ұлы Дала  Елі. Елбасымыз   өз сөзінде  былай деген болатын: «XXI ғасырда далалық Еуразияның құшақ жетпес кеңістігі қайтадан түлеп, өркендеуде. Біз өз тарихымыздың жаңа шамшырағын жақтық. Сондықтан да бүгінде және әр кезде де біздің Қазақстан, ол — Ұлы Дала елі! Ол — түлеген Ұлы Дала елі. Біздің сүйікті Отанымыздың халықтық аты да дәл осы. Ол біздің Отанымыздың өткенін де, қазіргісін де, болашағын да бейнелейді. Онда қазақстандық мінез бен оның негізгі сипаттары көрініс тапқан. Олар — біздің жан дүниеміздің ашықтығы мен кеңдігі, біздің жүректеріміздің жылуы, қонақжайлылық пен бейбітсүйгіштік, кемеңгерлік пен ойшылдық, еңбексүйгіштік пен іскерлік. Ол — сүйікті жеріміздің өркендеуіне осы уақытқа дейін болмаған қол жеткізудегі өзіміздің күшіміз бен мүмкіндіктерімізге деген сенім. Мен біздің жаңа Қазақстанның осындай бейнесінің әрбір 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ұлы дала елі"»


Ұлы Дала Елі
Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,

Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз.

Қас тағдырдың қиқаңына көнбейміз,

Ер намысын ешбір жанға бермейміз
Қасым Аманжолов

Ата жұрт,атамекен-өте кең ұғым.Атамекен- адамның ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп-өніп келе жатқан жері.Өмірден көретін қызығы мен бақытының тұрағы.

Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте тереңде жатыр. Туған жерді қасиет тұту-қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр.Бұл таным жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған.

Бұдан бірнеше ғасыр бұрын айтылған,атап айтқанда, Күлтегін ескерткішінде жазылған:

Қызыл қанымды ағыздым,

Қара терімді төктім.

Түн ұйықтамадым,

Күндіз отырмадым,

Тізеліні бүктірдім.

Бастыны еңкейттім,

Түрік болғаным үшін,- деген жолдар атамекен құдіретін, Ұлы Дала елін айқындай түсетіндей.Біздің атамекеніміз-Қазақстан! Қазақ деген намысшыл ұлттың ұрпағымыз

Міне, осындай намысшыл елдің ұрпағы болғаныма мақтанамын!Тарихы тереңде жатқан елімнің өткен жолдары тарих беттерінде өшпестей із қалдырған.Қаншама қиындықтан өткен елімнің болашағынан үміт күткен бабаларымыздың арманы орындалып,бүкіл әлем қызыға да , қызғана да қарайтын Тәуелсіз Мемлекетке айналдық.
Еліміздегі әрбір атқарылған игі істер – еліміздің болашағына,келешек үміт күткен , жастарына яғни Ұлы Дала елінің перзенттеріне арналып отыратыны сөзсіз . Ұлы Дала Елі... Елбасымыз өз сөзінде былай деген болатын: «XXI ғасырда далалық Еуразияның құшақ жетпес кеңістігі қайтадан түлеп, өркендеуде. Біз өз тарихымыздың жаңа шамшырағын жақтық. Сондықтан да бүгінде және әр кезде де біздің Қазақстан, ол — Ұлы Дала елі! Ол — түлеген Ұлы Дала елі. Біздің сүйікті Отанымыздың халықтық аты да дәл осы. Ол біздің Отанымыздың өткенін де, қазіргісін де, болашағын да бейнелейді. Онда қазақстандық мінез бен оның негізгі сипаттары көрініс тапқан. Олар — біздің жан дүниеміздің ашықтығы мен кеңдігі, біздің жүректеріміздің жылуы, қонақжайлылық пен бейбітсүйгіштік, кемеңгерлік пен ойшылдық, еңбексүйгіштік пен іскерлік. Ол — сүйікті жеріміздің өркендеуіне осы уақытқа дейін болмаған қол жеткізудегі өзіміздің күшіміз бен мүмкіндіктерімізге деген сенім. Мен біздің жаңа Қазақстанның осындай бейнесінің әрбір қазақстандықтың ой-санасы мен жан дүниесінен орын табатынына, бүкіл әлемде мойындалатынына сенімдімін. Тағы қайталап айтайын, біздің қасиетті жерімізді ықылым замандардан Ұлы Дала деп, ал бабаларымызды Ұлы Даланың ұрпақтары деп атаған. Біз солардың жалғасымыз. Ұлы Даланың мұрагерлеріміз. Осынау кең байтақ Ұлы Даланың көгінде халқымыздың бақ жұлдызы болып, жаңа Қазақстан дүниеге келді. Біздің Қазақстанымыз — ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы Дала елі! Бұл — біздің тағдырымыз! Бұл — біздің таңдауымыз!»-деген болатын.

Ұлы Дала Елі –біздің мақтанышымыз, бүгініміз бен болашағымыз. Бабалар аманат еткен Ұлы Дала елін көзіміздің қарашығындай сақтау-біздің міндетіміз екені сөзсіз. Ұлы дала елі туралы ойымда қорыта келе, өзімнің «Елімменен мақтанам!» атты туындыммен қорытамын.

Мынау дархан елімменен мақтанам,

Көз жетпейтін жерімменен мақтанам

Бүкіл әлем мойындаған бұл күнде,

Қазақ болып туғаныма мақтанам!


Халық болып тойлап жатқан мереке,

Тарихымның 550 жылдығына мақтанам!

Ұрпағының келешегін ойлаған,

Бабалардың ерлігімен мақтанам!


Тәуелсіз мынау- елімменен мақтанам,

Нар тұлғалы ерлеріммен мақтанам.

Адамдықтың адал жолын ту еткен,

Ұлы ақын-Абайыммен мақтанам!


Терең ойлы, тарихына көз салған,

Еліміздің жастарымен мақтанам!

«Еліміздің болашағы жастар»-деп,

Сенім артқан,Елбасыммен мақтанам!







№118 орта мектептің

9-сынып оқушысы

Асқар Динара







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Ұлы дала елі"

Автор: Ойнарова Мира Мұратқызы

Дата: 10.03.2017

Номер свидетельства: 398859

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Ұлы дала елінің ұлттық ойындары"
    ["seo_title"] => string(31) "uly_dala_elinin_ulttyk_oiyndary"
    ["file_id"] => string(6) "514127"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1560113790"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "«ҰЛЫ ДАЛА елі – өркениеттің бастауы»"
    ["seo_title"] => string(36) "u_ly_dala_ieli_orkieniiettin_bastauy"
    ["file_id"] => string(6) "399804"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489411140"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Қазақстан-Ұлы Дала елі /Эссе"
    ["seo_title"] => string(32) "k_azak_stan_u_ly_dala_ieli_essie"
    ["file_id"] => string(6) "366807"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1481098117"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Ұлы Дала перзентi"
    ["seo_title"] => string(20) "u_ly_dala_pierzienti"
    ["file_id"] => string(6) "361797"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1479896465"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) ""Ұлы даланың 7 қыры""
    ["seo_title"] => string(18) "uly_dalanyn_7_kyry"
    ["file_id"] => string(6) "530143"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1575438819"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства