kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас." өлең сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка содержить подробную информацию. Стихи с названием и авторами.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас." өлең сайысы»

«Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.»

атты мәнерлеп оқу сайысы

Мақсаты:

Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай – қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту.

Жүргізуші:
Сәлеметсіңдер ме құрметті де кішкентай достарым!
Здравствуйте мои маленькие, но истинные ценители слова!
Бүгінгі біздің іс-шарамыз тәуелсіз мерекесіне арналады.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.


Қазақстан - сен заңғар биіксің, кеңсің.

Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген.

Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз,

тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз!

Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз.


Сайысты бастамас бұрын біз жеребий өткіздік. Сан ретімен қатысушылар сахнаға шығып, өзінің өлеңін мәнерлеп оқиды.


Ал енді әділ-қазыналармен танысайық.

Давайте познакомимся с нашим многоуважаемом жюри
1. Сарбасова Жұлдызай Самуратқызы

2. Тайлақова Гүлбану Наурызбайқызы

Ал барлық қатысқан оқушыларға сәттілік тілеймін!
Алдарыңызға №1 нөмерлі сайыскер шығып, өз өнерін көрсетеді.


Жүргізуші:


Қазақстан - көк байрақты ел едің,

Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.

Өзің менің мақтанышым, тірегім,

Өзің менің қуанышым, бақытым


Ән

Алдарыңызға №2 нөмерлі сайыскер шығып, өз өнерін көрсетеді.


Туған елім бүгін саған не дейін.
Ертегідей ертеңіне сенейін
Бүгінгідей бүкіл әлем алдында
Асқақ тасын мәртебең мен мерейің!


Алдарыңызға №3 нөмерлі сайыскер шығып, өз өнерін көрсетеді.

Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң, Ұлы Отан.

Елім менің –тірегім,

Құшағында гүл атам.

Шығысыңнан арайлы,

Күліп атқан құба таң.

Сенен бақыт тарайды

Баршамызға Ұлы Отан.

Алдарыңызға №5 нөмерлі сайыскер шығып, өз өнерін көрсетеді.

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Алдарыңызға № 6 нөмерлі сайыскер шығып, өз өнерін көрсетеді.

Өзіңсің , Қазақстан, ән, арманым да,

Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.

Бір нәрсе жетпейді деу қате болар

Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.

Гүл дала – Қазақстаным.

 Алдарыңызға № 7 нөмерлі сайыскер шығып, өз өнерін көрсетеді.

Туған елім – гүл елім,

Қасиетіңді білемін.

Өзіңе деп жүремін –

Лүпілдеген жүрегім!

 Алдарыңызға № 7 нөмерлі сайыскер шығып, өз өнерін көрсетеді.

Көкірегімнің үміті мен тілегі
Күй боп түлеп, күн боп шығып күледі.
Күн астында көк төбелер түледі —
Менің елім, менің елім — гүл елі!

Алдарыңызға № 8 нөмерлі сайыскер шығып, өз өнерін көрсетеді.

Әділ-қазылар ақылдасып жауабын күткенше дейін сіздің назарларыңызға видеобейне Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған.

Сахнаға әділ-қазыларды шақырайық.

На сцену приглашается наше многоуважаемое жюри.

Жүргізуші:

Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.

Оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Келесі кездескенше! Сау саламатты болыңыздар!

Наше праздничное мероприятие подошло к концу. Спасибо за внимание!

До новых встреч!





Туған жер /Ғалым Жайлыбай/

Кеңсің дала,

Туған ана,

Көйлегің кең көк ала!

Жан беретін,

Тән беретін,

Мейірімді ана сен ғана.



Туған жер /Төлеген Айбергенов/

О, менің байтақ мекенім,

Жанымның қаршығасы сен.

Шырқағым келіп кетеді,

Жазбаған ән шығарсың сен.

Құстарың мәңгі ән салсын деп,

Жат қолға ілгізбедім мен.

Қызарып мәңгі қалсын деп,

Қырыңнан гүл де үзбедім мен.



Қазақстан /Мариям Хакімжанова/

Қаақстан өлкесінің кеңдігін

Өлшеп жатпай өзгелерше мен бүгін.

Оңай ғана ұғындырып байқайын,

Болмашы бір белгілерін айтайын.

Көк теңіздей толқын ата көпірген,

Домбыра үні жетсе сізге эфирден.

Қабылдаңыз Қазақстан күйлерін

Қуанышты бақытты Отан үйлерін!



Сенің Отаның /Әнуарбек Дүйсенбиев/


Отан сенің ата – анаң

Отан – досың, бауырың,

Отан- өлкең, астанаң,

Отан – аудан, ауылың.

Отан – тарих, Отан – тіл,

Жасаған елің, өз халқың.

Отан – өлең, Отан – жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Отан осы, достарым,

Көңілге мұны түйе біл.

Отан деп өсіп жас жаның,

Оны ардақтап сүйе біл.






Туған жер /О. Асқар/

Сүйем сені, туған жер,

Әжем жөргек, жуған жер.

Шапқан жауды елімнен

Батыр бабам қуған жер.

Сүйем сені, туған жер,

Байлық, бақыт тұнған жер.

Миллиард пұт астықты

Қамбаға жылда құйған жер.

Сүйем сені, туған жер,

Өнер, білім қуған жер.

Ұшу үшін ғарышқа

Тоқтар белін буған жер.


Отан туралы /М. Мақатаев/

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.

Жаным менің кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Отан! Отан!

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем...


Мақта, досым! /Тұманбай Молдағалиев/

Мақтайсың туған жердің

Долданған боранын да.

Мақтайсың бұлағын да

Мөлдіреп ағып жатқан.

Мақтайсыңтау, тасын да

Мақтайсың топырағын.

Өйткені ол – туған жерің,

Өйткені ол – туған елің!


Ауылым /Ж. Бейсенов/

Кіндігімнің жас қаны,

Тамған жерім ауылым,

Жастығымның куәсі

Шұрқыраған ауылым.

Жусаны мен жуасы

Бұрқыраған ауылым.

Алыс сапар шеккенде

Сағындырған ауылым.




Туған жерім тамаша /Мұзафар Әлімбаев/

О, балақай, туған жер!

Жақсы-ау бақша – бауларың!

Көзге ыстық көрінер

Сенің асқар тауларың.

Туған жердің жырларын

Қызғалдақтай терейік.

Кең өлкенің қырларын

Жүр, аралап келейік!


Республикама қарашы! /М. Әлімбаев/

Ақжайық, Алтай арасы,

Қазақтың шалқар даласы

Республикама қарашы!

Жерінің дәмі маржандай,

Қырманы асқар таулардай,

Республикама қарашы!


Отаным /Ә. Табылдиев/

Отаным – өзегім сен!

От алдым өзіңнен мен.

Жаралдым топырағыңнан,

Нәр алдым өзеніңнен.

Өңірді жаңарта алам,

Өмірді жалғап қалам!

Сен үшін еңбек етіп,

Ел ісін алға апарам!



12. Отан

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Отан дейміз кең байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отан шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.


Отаным

Атам, Әжем, Әкем, Анам -
Төртеуі де «Отан!» маған
Төртеуі де «Ботам» дейді
«Ер азамат атан!» дейді
Мақтанамын Отаныммен,
Отаныма «Ботамын» мен!





Ұлы Отан

Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің тірегім,
Құшағыңда гүл атам.

Сарқылмайтын қуатым

Тірегімсің сен, Отан.

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің сен, Отан!


Отан десем...

Отан десем оралады ойыма

Ақсақалды, ақ шапанды қария,

Туған жерім – құт мекенім, дариям,

Егеменді елім, туым, әнұран,

Қанатымды қағып ұшқан жанұям.

Осы жолды аңсап елім еліміз,

Ар-намысты батыр туған жеріміз.

Мақтан етер бай мұрасы,салты бар,

Мен сүйетінқалың қазақ, халқым бар.


Ауылым

Гүлденсе, біздің ауылымыз,

Гүлденеміз бәріміз,

Ауылменен әрқашан,

Кіреді біздің сәніміз.

Берекем мен бірлігім,

Ауылымнан таралар.

Ауылым менің көркейіп,

Өркениетті ел болар.


























ММ « № 10 орта мектебі»













«Мен өз елімді сүйемін»

атты мәнерлеп оқу сайысы









Сынып: 4

Мұғалім: Орынбаева З.Т.





























2017 – 2018 оқу жылы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас." өлең сайысы

Автор: Урунбаева Зайра Темирболатовна

Дата: 13.12.2017

Номер свидетельства: 444156

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Мы? бір ма?ал, ж?з бір ж?мба? "
    ["seo_title"] => string(32) "myn-bir-mak-al-zhuz-bir-zhu-mbak"
    ["file_id"] => string(6) "131457"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1416154686"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) ""Сынып аруы" сыныптан тыс шара"
    ["seo_title"] => string(29) "synyp_aruy_synyptan_tys_shara"
    ["file_id"] => string(6) "438085"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1510302550"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Мен ж?не сен ?аза?ша с?йлейміз. "
    ["seo_title"] => string(38) "mien-zh-nie-sien-k-azak-sha-soilieimiz"
    ["file_id"] => string(6) "152403"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420831704"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) ""Жас тарихшы - 2016" сайысы"
    ["seo_title"] => string(23) "zhastarikhshy2016saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "312629"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459359881"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Білім керек б?ріне "
    ["seo_title"] => string(21) "bilim-kieriek-b-rinie"
    ["file_id"] => string(6) "158203"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421693697"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства