1.білімділік: тұмау ауруы оның қаупі туралы және одан сақтану жолдары туралы түсінік беру.
2.тәрбиелік: жеке және қоғамдық гигиенаны сақ- тауға тәрбиелеу.
3.дамытушылық: сөйлеу тілдерін,сөз қорларын дамыту.
Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық дайындық.
Бір екі үш
Бойға жинап күш
Шынығамыз таңертең
5,6,7 жаттығу жасап сергі.
8,9,10 өз орныңа қон.
Сабақ мақсаттарымен таныстыру.
-Бүгінгі сабақта жұқпалы, әрі қауіпті,вирусты аурулардың бірі тұмау туралы айтамыз.
Жаңа сабақ.
Жедел респираторлы аурулар және тұмау.
Аурудың қоздырғышы не болып табылады?
Жедел респираторлы аурулардың қоздырғышы көптеген вирустар: парагрипп,аденовирус,риновирус.Тұмау-әр түрлі вирустармен(а,б,с ) қоздырылатын,жедел жұқпалы ауру.
Инфекция көзі кім?
Инфекция көзі-ауру адам.Әсіресе алғашқы күндері ауру жұқпалығы жоғары болады.Инфекция ауа- тамшысы арқылы басым таралады.
Аурудың негізгі көрністері:
Ауру қалтыраумен,жоғары температурамен,бас аурумен,көз шарасының ауруымен,жарықтан қорқумен сипатталады.2-3 тәулікте түшкіру,мұрының бітелуі,жөтел белгілері қосылады.
Негізгі алдын алу шаралары:
Антигриппин,оксалин майы(мұрын жолдарына жағу үшін )және басқа алдын алу дәрмектерін пайдалану;
Халық көп жиналатын жерлерге баруды шектеу;
Қоғамдық көлікпен жүруді шектеу;
Бөлмелерді жиі желдету,жуып тазалау;
Ауруларды және оларды қолданатын заттарымен бірге оқшаулау олармен қатынасты шектеу;
Бір рет қолданылатын маска немесе 4 қабатты дәкелік маска кию,дәкелік масканы күнделікті қайнатып,ыстық үтікпен үтіктеу қажет;
Ауырып қалсаң үйге дәрігер шақыру керек.
Сұрақтар бойынша жұмыс.
Инфекция көзі кім?
Аурудың қандай негізгі көріністері бар?
Негізгі алдын алу шаралары қандай?
Тұмау кезінде қолдануға болатын халықтық емдер туралыәңгіме.
Ағзаның ауруға қарсы тұруын күшейтетін шаралар және дәрумендер,тағамдар туралы әңгіме.
Сабақты қорытындылау.
ПДТ балаларға арналған облыстық арнаулы түзету мекеп-балабақшасы