kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Танымдық сайыс "Тәуелсіз елім-Қазақстан"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты:

  1. білімділік: еліміздің тәуелсіздігі жолында құрбан  болған ерлер туралы білімдерін кеңейту
  2. дамытушылық: ой – өрістерін кеңейтіп, шапшаңдыққа баулу, тілдерін дамыту
  3. тәрбиелік: оқушыларды өз туған жерлерін сүйіп, қастерлей білуге баулу
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Танымдық сайыс "Тәуелсіз елім-Қазақстан"»

Тақырыбы: «Тәуелсіз елім – Қазақстан» атты танымдық сайыс

Мақсаты:

  1. білімділік: еліміздің тәуелсіздігі жолында құрбан болған ерлер туралы білімдерін кеңейту

  2. дамытушылық: ой – өрістерін кеңейтіп, шапшаңдыққа баулу, тілдерін дамыту

  3. тәрбиелік: оқушыларды өз туған жерлерін сүйіп, қастерлей білуге баулу

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, суреттер



Өткізілу барысы:



Қатысушы оқушылар 3 топқа бөлінеді. Топ басшыларын әр топ өздері сайлайды.

Топ атаулары:

  1. «Қыран» тобы

  2. «Лашын» тобы

  3. «Сұңқар» тобы



Сайыс 4 кезеңнен тұрады:

  1. «Тұлғаны таны»

  2. «Сөз атасы – мақал»

  3. «Суреттер сыр шертеді»

  4. «Ойлан, тап!»

Сайыс алдында әділ қазылар алқасы сайланады.



Мұғалімнің кіріспе сөзі



Құрметті ұстаздар, оқушылар!



Бүгінгі сайысымызға хош келдіңіздер!



Биылғы жылы еліміз Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойлап отыр. Осы күнге біз оңайлықпен жеткен жоқпыз. Қазақ халқы небір қилы заманды бастан кешіріп, қаншама батырларымыз туған жерімізді ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғау жолында өз өмірлерін құрбан етті. Ата – бабамыздан қалған осы ұлан – байтақ жерімізді біздер де келешек ұрпаққа аманат етуіміз керек.

Сендерге бүгінгі сайыста үлкен табыс тілеймін.

Сайысымызды бастайық!



І кезең «Тұлғаны таны» деп аталады.

Интербелсенді тақтада белгілі тұлғалардың суреттері шығып отырады да, мұғалім олар туралы оқиды. Оқушылар кім екендігін анықтаулары керек.

  1. Жүсіпбек Аймауытов

Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы Қызыл ту жері.

Әкесі кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен. Жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.

1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді. 1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. 1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған.

«Қанапия Шәрбану», «Күнікейдің жазығы» повесі, «Ақбілек» романы, т. б. шығармалардың авторы.

  1. Қайрат Рысқұлбеков

1973 – 81 жылы Шу ауданы Төле би ауылындағы орналасқан Сәду Шәкіров атындағы мектеп-интернатта оқып, 8 жылдық білім алды. 1981 – 83 жылы Бірлік ауылындағы бұрынғы Киров атындағы орта мектепте оқып, он жылдықты бітірген соң, әскер қатарына шақырылғанға дейін әкесі Ноғайбайға жәрдемші-малшы болып, Көктерек тауарлы-сүт фермасында жұмыс істеді.

1984 – 86 жылы Амур өлкесі Белогор қаласында әскери міндетін өтеді. Әскери-саяси қызметтердің үздігі ретінде бірнеше мақтау қағазымен марапатталып, әскери бөлімше командирлері ата-анасына алғыс айтқан құрмет қағаздарын жіберді. 1986 жылы мамырда әскери борышын өтеп ауылға оралды. Тамыз айында әскери бөлімшенің жолдамасымен Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтына келіп сынақтан сүрінбей өтіп, оқуға түсті.

Осы жылы 16 – 18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты.

Қазақ КСР-і Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі коллегиясының төрағасы Е.Грабарниктің 1987 жылы 16 маусымдағы Үкімімен оған – ең жоғары жаза – өлім жазасы – атуға бұйырылды.

Зиялы қауым өкілдері СОКП Бас хатшысы Горбачев пен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының төрағасы Громыконың атына жазасын жеңілдету туралы өтініштерін жолдады. Кейіннен ату жазасы амалсыздан 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды. Бірақ Шу, Қарағанды темір жол бекеттері арқылы Рысқұлбеков белгісіз себептермен Семей түрмесіне жеткізіліп, құпия жағдайда оның өміріне қастандық жасалды.

Желтоқсан көтерілісінің бас құрбаны болған ол еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстан Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылы 21 ақпандағы шешімімен толықтай ақталды. Оған «Халық қаһарманы» атағы берілді. Тараз қаласында оның есімімен аталатын демалыс паркі бар. Сондай-ақ онда оған ескерткіш қойылған.



  1. Кенесары хан

Мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837 – 1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Шыңғыс ханның 27-ұрпағы.

Жастайынан шабандоз, ұшы-қиырсыз даланың қатал табиғатына шыныққан, қиындыққа төзімді болып тәрбиеленеді. Жеке басының ерлік қасиеттері, бірбеттігі, алға қойған мақсатына жету жолындағы қайсарлығы мен дүлей күш-жігері оның жетекшілік қабілетін айналасына ерте мойындатқан.

1841 жылы ол хан сайланды.

Басты мақсаты — азаттыққа қол жеткізу үшін ортақ жауға қарсы үш жүздің күш біріктіре күрес жүргізуі керек екенін түсінді. Алайда ұлт-азаттық күрестің 1844—45 жылдары қарқыны үдей түскен кезеңде де қазақтардың басы толық бірікпеді. Көтерілістің бас кезінде-ақ қазақтар қарама-қарсы екі топқа бөлінді: бірі ол жағында болса, екіншісі патшаның жүргізген саясатын қолдады.

Мемлекет құрылымына көп көңіл бөлді, елді басқаруда жаңа құрылымдар мен ережелер енгізді, сонымен бірге істен шығарылған құрылымдарды қайта қалпына келтірді. Әскер қатарында қатаң тәртіп орнатты. Әскерді ұзақ дала соғыстарына бейімдеу үшін мыңдықтар мен жүздіктерге бөліп басқару құрылымын құрды.

  1. Сүйінбай Аронұлы

1815 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылында дүниеге келген, айтыс ақыны.

“Өтеген батыр” жырын шығарып, “Мың бір түн”, “Шаһнама”, “Көроғлы”, “Тотының тоқсан тарауы” дастандарын жырлаған.

Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер оған дарыған.

Тарихи деректерде Қоқан хандығы шапқыншылығының әсерінен жан-жаққа бытырай көшіп, қиын-қыстау кезеңде (1840 – 1860) іргесі ыдыраған қазақ руларының басын біріктіруде Сарыбай бимен бірге ықпалдары зор болғандығы айтылады.

Аумалы-төкпелі қоғамда өмір сүргендіктен, сал-серіліктен гөрі қоғамдық-әлеуметтік істерге белсене араласқан. Өлеңдерінде Қоқан билеушілері мен жергілікті әділетсіз сұлтан, төрелерден, бай-болыстардан жасқанбай, турасын айтып отырған.

Мектеп бағдарламасынан сендер бұл ақынның «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңімен таныссыңдар.







  1. Әлихан Бөкейханов

XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.

Ата тегі - Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы.

Оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры оны қатты толғандырды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды.

1926 жылы екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Мәскеуге жер аударылады, зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда он жыл үй қамауында отырды, 1937 жылы тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 71 жасында Мәскеуде ату жазасына кеседі.

Күлі көмілген -Дон шіркеуіндегі бауырластар зираты.

1989 жылы мамырдың 14 – і КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, ақталды.

  1. Исатай Тайманұлы

1836-38 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры. Кіші жүз Байұлының Беріш руынан.

Халық батыры 1791 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған құмында дүниеге келген. Анасы Есентемір руының Тағашы бөлімінен. Жастық шағында оған ықпал жасап, қамқорлық еткен әкесі.

Әртүрлі алым-салықтан күйзелген, жайылым жерден айырылған, казак әскерлері мен жергілікті феодалдардың екі жақты езгісінен әбден шыдамы таусылған бұқара халық қолдарына қару алып, көтеріліске шығады. Бұл - 1836-1837 жылдардағы Бөкей хандығындағы немесе Ішкі Ордадағы батыр басқарған халық-азаттық көтеріліс еді.

Патша әскерімен батырдың іріктелген 500 сарбаздарының арасындағы шешуші ұрыс 1837 жылы 15 қарашада Тастөбе деген жерде болады.

  1. Баубек Бұлқышев

1916 жылы Қарағанды облысы Ұлытау ауданында дүниеге келді. Ақын, жазушы. Шығармаларын қазақ, орыс тілдерінде жазған.

Алматы сауда-қаржы техникумында оқи жүріп (1937), көптеген өлең, “Балалық шақ” поэмасын, “Ауылдан Алматыға” атты әңгімесін жазды.

Шығармашылық дарыны Ұлы Отан соғысының ауыр сын сағаттарында ерекше көрінді. 1942 жылы 1 мамырда “Комсомольская правда” газетінде “Өмір мен өлім туралы” деген өршіл, отаншыл мақаласы жарық көрді.

Ұлы Отан соғысы майдандарындағы ұрыстарға алғашқы күндерден бастап қатысады. Оның соғыстағы отаншылдық ерлігі ата дәстүрінің жалғасы іспетті. Әкесі

А. Иманов басқарған ұлт-азаттық қозғалысына белсенді қатысқан. Ата дәстүріне берік азамат, жалынды көсемсөз шебері, ержүрек жауынгер Мәскеуді қорғау, Украинаны азат ету шайқастарының бел ортасында болды.

1944 жылдың бас кезінде майданда қаһармандықпен қаза тапты. Днепропетровск қаласының түбінде жерленген.

  1. Тұрар Рысқұлов

26 желтоқсан 1894жылы Жетісу облысы, Верный уезі Шығыс Талғар болысында туған. Мемлекет қайраткері. Оның әкесі 19 ғасырдың 80-жылдары патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамай Сырдария облысының Черняев уезінен (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы) Верный уезіне қоныс аударып келген болатын. Жаңа қонысында да әділетсіздік көрген ол 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді. Түрмеде жатып өш алушылардың жалғыз ұлына зияны тиер деп қауіптенген ол оны өзінің қасына алдыртады. «Түрме баласы» аталған бала түрме үйлерін сыпырып, бастықтың атын айдап жүріп, орыс тілін үйренеді. Әкесі 10 жылға сотталып Сахалинге жер аударылған соң – «Қырғызбаев» деген жалған фамилиямен нағашыларының қолына келіп, Меркідегі орыс-түземдік бастауыш мектепте оқиды.

1916 жылы жазда қазақ даласында ұлт-азаттық көтеріліс басталған кезде де осы ауылға оралады.

1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін көктемде Меркіде «Қазақ жастарының революциялық одағын» құрады.

1937 жылы 21 мамырда Кисловодскіде демалыста жүргенде «пантүрікшіл», «халық жауы» деген айыппен тұтқынға алынды.

Кеңестік қуғын-сүргінге ұшыраған ол Мәскеу түрмесінде жүрек ауруынан қайтыс болды.

  1. Олжас Сүлейменов

Орыс тілді қазақ ақыны, тілтанушы, саясаткер, ядролық қару-жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы, Төтенше және Өкілетті Елші. Қазақстанның Еңбек Ері .

1936 жылы мамырдың 18 – і Алматыда дүниеге келген.

«Арғымақтар», «Земля, поклонись человеку!», « Таңдамалы туындылары», т. б. шығармалары бар.

Бүгінгі таңда оның қазақ жеріндегі ең танымал ақын екендігіне күмән келтіретін адам да аз болар. Ақын туралы жазылған дүниелер жетерлік, солардың бәрінің басын қосып жинақтаса, бірнеше томдық еңбек болары сөзсіз. Оның ақындығы туралы тек өзінің Отанында ғана емес, сонымен қатар алыс елдерде де көп жазылды.

1989 ж. ақпанында халықаралық Невада-Cемей ядролық қаруға қарсы қозғалысының президенті болды.

  1. Рақымжан Қошқарбаев

Ақмола облысының Астанаға жақын орналасқан Тайтөбе ауылының маңындағы қыстақта дүниеге келді. Ол ата-анасынан ерте айырылды. 4 жасында анасы дүниеден өтті, ал әкесі болса, жалған саяси жаламен сотталып, лагерьде болды. Тайтөбе балалар үйінде тәрбиеленді. 7 жылдық мектепті бітірген соң, осы арадан Балқаш қаласындағы фабрика-зауыт училищесіне (ФЗУ) жіберілді. Өзінің өмірі және ФЗУ туралы өзі жазған "Штурм" деген кітабында жан-жақты баяндады. Оның балалық шағы туысқансыз және жанашырлық білдіретін адамдарсыз өтті. Оған ананың мейірімі мен жылы алақанын, әкенің қамқорлығын сезіну бұйырмады. Ол жатақханаларда тұрды, асханадан тамақтанды, бір үлгіде тігілген арнаулы киіммен жүрді.

Ол 1942 жылы 18 жасында әскер қатарына келді.

Берлиннің өзінде болған соғыстарда ол өзінің взводымен ең алдыңғы шептерде болды, ол Григорий Булатов деген солдатпен Шпрееғе — соңғы сулы бөгетке және Король алаңына — "Гитлердің үйіне" бірінші болып жетті.

1988 жылы дүниеден өткен еді.

«Халық қаһарманы» атағы оған 2001 жылы берілді.

ІІ кезең. «Сөз атасы – мақал»

Орысша мақалдар интербелсенді тақтада шығып отырады да, оқушылар көркем қазақ тілінде аудармасын айтулары керек.

  1. Батыр умирает — имя оставляет, трус умирает — ничего не оставляет. - Батыр өлсе — аты қалады, қорқақ өлсе — не қалады?

  2. Храбрый джигит путь пробивает, поющий джигит праздник открывает. - Батыр жігіт жол бастар, әнші жігіт той бастар.

  3. Цветы лишь на поляне своей цветами считаются, человек лишь на Родине своей человеком является. - Ер — елінде, гүл — жерінде.

  4. Цель достигнет тот, кто ищет. - Ізденген жетер мұратқа .

  5. Человек без Родины своей, что без леса одинокий соловей. - Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.

  6. Тепло Родины своей, огня намного горячей. - Отан оттан да ыстық.

  7. У лодыря завтра не кончается. - Еріншектің ертеңі таусылмас.

  8. Тот, кто горя не знает, чужого несчастья не понимает. - Қасірет шекпеген өзгенің қайғысын білмес.

  9. Труд героем сделает. - Еңбек ер атандырады.

  10. Трус не возглавит войско. - . Қорқақ қол бастамас.

  11. Трус первым в бою погибает. - Ұрыста қорқақ бірінші өледі.

  12. У того, кто предал Родину, Родины нет. - . Опасызда Отан жоқ.

  13. Хороша всякая земля, а лучше всех земля своя. - Ел-елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен де жақсы.

  14. Хоть внешность плохая, намерения хорошие. - Бетім жаман болса да, ниетім жақсы.

  15. Чем ястреб с земли чужой, лучше ворон — зато свой. - Жат жердің қаршығасынан өз еліңнің қарғасы артық.



ІІІ кезең. «Суреттер сыр шертеді»

Қазақ жерінде қойылған ескерткіштер, күмбездер, әсем ғимараттар суреттері интербелсенді тақтада шығып отырады да, оқушылар оларды тауып, атаулары керек.

Қожа Ахмет Йасауи кесенесі, Желтоқсан құрбандарына қойылған ескерткіш, ЭКСПО ғимараты, Бәйтерек, «Думан» ойын – сауық орталығы, Кенесары ханға қойылған ескерткіш, Ақорда, Бас мешіт, Халықтар достастығына қойылған монумент, Тәуелсіздік символы, Пирамида.



IV кезең. «Ойлан, тап!»

Мұнда шашылған әріптер беріледі. Оқушылар сол әріптерден 2 минут ішінде Тәуелсіздікке қатысты сөз тіркесін құрастырулары керек.



Е Ж Р А Л Ы Б Ы С И Ж М - ЖИЫРМА БЕС ЖЫЛ



Әділ қазылар алқасы қорытындысын шығарады.



Мұғалімнің сөзімен аяқталады.

Құрметті оқушылар! Осындай іс – шараға қатысқандарыңа рахмет.

Келешекте жеңістен жеңіске жете беріңдер!

Ұлдарымыз қайратты, қыздарымыз сымбатты болып, еліміздің намысын қорғап жүре беріңдер!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Танымдық сайыс "Тәуелсіз елім-Қазақстан"

Автор: Быксыбаева Баян Баймановна

Дата: 21.12.2016

Номер свидетельства: 372002

Похожие файлы

object(ArrayObject)#867 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "«Мені? елім – ?аза?стан» танымды?-этнографиялы? ойын-сайыс"
    ["seo_title"] => string(52) "mieninielimkazakstantanymdyketnoghrafiialykoiynsaiys"
    ["file_id"] => string(6) "296941"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456123602"
  }
}
object(ArrayObject)#889 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) ""Бірлігі жарас?ан - ?аза?стан""
    ["seo_title"] => string(31) "birlighi-zharask-an-k-azak-stan"
    ["file_id"] => string(6) "286145"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454305348"
  }
}
object(ArrayObject)#867 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Тәуелсіз елім -тірегім."
    ["seo_title"] => string(27) "t_uielsiz_ielim_tirieghim_1"
    ["file_id"] => string(6) "397275"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1488469457"
  }
}
object(ArrayObject)#889 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(114) "«Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтарымыз» (тарихи танымдық сайыс)"
    ["seo_title"] => string(58) "t_uelsiz_eldin_bilimdi_urpaktarymyz_tarikhi_tanymdyk_saiys"
    ["file_id"] => string(6) "538608"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1580971012"
  }
}
object(ArrayObject)#867 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "Сыныптан тыс саба?:Т?уелсіз елді? білімді ?рпа?тары "
    ["seo_title"] => string(55) "synyptan-tys-sabak-t-uielsiz-ieldin-bilimdi-u-rpak-tary"
    ["file_id"] => string(6) "227658"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1440860840"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства