«Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтарымыз» (тарихи танымдық сайыс)
«Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтарымыз» (тарихи танымдық сайыс)
Тақырыбы:Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары (танымдық сайыс) Мақсаты:Қазақстан елі бойынша жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру. Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге баулу. Туған жерін, Отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу. Сайыстың ұраны: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет.» Ш. Уәлиханов. Көрнекіліктері: Слайдтар, «Менің Қазақстаным», «Тәуелсіздік тарихнамасы» плакаттар топтамасы, күй дискілері, цитаталар. Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, әдебиет, қазақ тілі.
Сайыстың жүру барысы: Гимн орындалады. 1. Кіріспе. Тәуелсіздік - қасиетті ұғым, сәулелі құбылыс. Сандаған ғасырлар мен замандар бойы бабаларымыздың асыл арманы болған. Тәуелсіздік ақ қанатты періште сипатында халқымыздың басына бақ боп қонды. 1995 жылы 13 шілде күні Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Алматы қаласында ел тәуелсіздігінің белгісі ретінде Тәуелсіздік монументін орнату туралы қаулы қабылдады. Егемендік иесі мен деген сөз, Көптен бері естілмеген ерен сөз. Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған, Көркем жігіт болып өссе көркем сөз. Егемендік ел болудың белгісі, Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші. «Егемендік» деген сөзден естілер, Атажұрттың арғысы мен бергісі.
Егер тәуелсіздікті ақ сұңқар құсқа теңесек, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәпелеп, әлпештеп, құрметтеп, ардақтайық! Бәйтеректей асқақтап, аспан құшағына өршелене құлшынып өссін, Отанымыз көркейсін!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтарымыз» (тарихи танымдық сайыс)»
Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары (танымдық сайыс)
Тақырыбы:Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары (танымдық сайыс) Мақсаты:Қазақстан елі бойынша жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру. Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге баулу. Туған жерін, Отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу. Сайыстың ұраны: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет.» Ш. Уәлиханов. Көрнекіліктері: Слайдтар, «Менің Қазақстаным», «Тәуелсіздік тарихнамасы» плакаттар топтамасы, күй дискілері, цитаталар. Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, әдебиет, қазақ тілі.
Сайыстың жүру барысы: Гимн орындалады. 1. Кіріспе. Тәуелсіздік - қасиетті ұғым, сәулелі құбылыс. Сандаған ғасырлар мен замандар бойы бабаларымыздың асыл арманы болған. Тәуелсіздік ақ қанатты періште сипатында халқымыздың басына бақ боп қонды. 1995 жылы 13 шілде күні Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Алматы қаласында ел тәуелсіздігінің белгісі ретінде Тәуелсіздік монументін орнату туралы қаулы қабылдады. Егемендік иесі мен деген сөз, Көптен бері естілмеген ерен сөз. Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған, Көркем жігіт болып өссе көркем сөз. Егемендік ел болудың белгісі, Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші. «Егемендік» деген сөзден естілер, Атажұрттың арғысы мен бергісі.
Егер тәуелсіздікті ақ сұңқар құсқа теңесек, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәпелеп, әлпештеп, құрметтеп, ардақтайық! Бәйтеректей асқақтап, аспан құшағына өршелене құлшынып өссін, Отанымыз көркейсін! 2. Тәуелсіздік тарихнамасы. Ел тәуелсіздігіне биыл 21 жыл толып отыр. Олай болса, сайысымызды бастамас бұрын тәуелсіздік тарихнамасына шолу жасайық. 1991 жыл – Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жылы. Осы жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. ҚР Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. 1992 жыл – Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы өтті. 1993 жыл – ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1994 жыл – Халықаралық отбасы жылы. 1995 жыл – Ұлы ақын Абай жылы 1996 жыл – Бейбітшілік пен рухани татулық жылы. 1997 жыл - жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу жылы. 1998 жыл – Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы. 1999 жыл – Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы. 2000 жыл – Мәдениетті қолдау жылы. 2001 жыл – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл. 2002 жыл – Денсаулық сақтау жылы 2003 жыл – Ауылды қолдау жылы. 2004 жыл – Қазақстандағы Ресей жылы. 2005 жыл – Ұлы Жеңіске 60 жыл. 2006 жыл – Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 15 жыл. 2007 жыл – Қазақ тілін қолдау жылы 2008 жыл – Астана - елбасы ерлігі. 2009 жыл – Германиядағы Қазақстан жылы 2010 жыл – Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ - ға төрағалық жылы. 2011 жыл – Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл. 2012 жыл - Тұңғыш президент күні жарияланды «Жаса, Қазақстаным» әні хормен орындалады.
3. Сайысқа қатысушы топтармен таныстыру. Әділ қазылар алқасын сайлау. Бағалау парағын беру. Әр топтың жеке таныстыруы. 1. «Жас қыран» тобы. Ұраны: Білім, ғылым, өнерге талмай қанат қағамыз, Қазақстандай ұлы елдің қырандары боламыз! 2. «Бәйтерек» тобы. Ұраны: Бәйтерек, шық бүгін сайысқа, Білімді сынауда қалыспа. Көк туын құрметтеп сүйіп те, Ел даңқын көтер сен биікке.
Алғашқы бөлім «Әріптер сөйлейді». Бұл бөлімде экраннан әріптер көрсетіледі. Әріпті таңдағаннан кейін сұрақ қойылады, ал жауап сол әріптен басталады немесе жауаптың ішінде таңдаған әріп кездеседі. А Ә Б В Г Ғ Д Е Ж З И К Қ Л М Н О Ө П Р С Т У Ф Ц ь А - Еліміздің оңтүстік астанасы (Алматы) Ә – Абылай ханның шын есімі (Әбілмансұр) Б - Астана қаласының символы (Бәйтерек) В - 1993 жыл қарашада болған тарихи оқиға. (валюта енгізілді) Г - Мемлекеттік рәміз (гимн) Ғ - Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген атақ. (Ғасыр адамы) Д - Алла тарапынан берілген әмір, міндет пен тыйымдардың жиынтығы (Дін) Е - «Алтын адам» қайдан табылды? (Есік қаласы маңынан) Ж - «Мен қазақпын» поэмасының авторы (Жұбан Молдағалиев) З - Сиырдың пірі (Зеңгі баба) И - Елбасымыздың мамандығы (инженер - металлург) К - Қазақтың соңғы ханы (Кенесары) Қ - Қазақтың инженер - геолог, академик, ғалым ұлы. (Қ. Сәтпаев) Л - Желтоқсан оқиғасының құрбаны болған қазақтың қаһарман қызы (Ләззат Асанова) М - ҚР Мәдениет және ақпарат министрі (Мұхтар Құл - Мұхаммед Абрарұлы) Н - Күйші, сазгер, дирижер, домбырашы (Нұрғиса Тілендиев) О - Қазақстанның бұрынғы астанасы (Орынбор) Ө - Бес дұшпанның бірі (Өсек, өтірік) П - Жоғарғы заң шығарушы орган (Парламент) Р - Бес асыл істің бірі (Рақым) С - 2010 жылы Астана қаласында өткен ЕҚҰЫ - ның жиыны.(саммит) Т - Қазақстанды алғаш тәуелсіз ел деп таныған ел. (Түркия) У - Малдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті (уыз) Ф -«Екінші ұстаз» атанған ғұлама. (Фараби) Ц - Астана қаласының бұрынғы атауы (Целиноград) Ь - Бейжің олимпиадасының чемпионы, ауыр атлетикадан бірнеше дүркін әлем чемпионы атанған спортшы.(Илья Ильин)
Келесі бөлім «Сандар сыры». Бұл бөлімде әр топ 3, 4, 5, 7 сандарына байланысты сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар сол сандардың қасиеттеріне байланысты болады. 3саны 10 - Үш дана (Абай, Шоқан, Ыбырай) 10 - Үш арыс 20 - Үш байлық (Денсаулық, ақ жаулық, он саулық) 20 - Үш қадірлі (Бақ, ырыс, дәулет) 30 - Үш тұл (Қайратсыз ашу, тұрлаусыз ғашық, әкіртсіз ғалым) 30 - Үш алыс (Көк пен жер арасы, кәрі мен жас арасы, жақсы мен жаман арасы)
4 саны 10 - Төрт маусым (қыс, көктем, жаз, күз) 20 - Төрт тұлға (от, су, жер, жел) 30 - Төрт кітап (Зәбүр, Тәурат, Інжіл, Құран) 30 - Төрт періште (Жәбірейіл, Мекайіл, Әзірейіл, Исрафил)
5 саны 10 - Бес парыз (Иман, намаз, ораза, зекет, қажылық) 10 - Бес қару(садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта) 20 - Бес жаратылыс (Күн, ай, жұлдыз, күндіз, түндіз) 30 - Бес өсиет (Топасқа сенбе, жайға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге қонба, жарлыдан сый алма)
7 саны 10 - Жеті күн (Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі) 10 - Жеті ата (бала, әке, ата, арғы ата, баба, ту ата, тек ата) 20 - жеті қазына (Ер жігіт, сұлу әйел, ілім - білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, құмай тазы) 30 - Жеті жұт (Зілзала, жұт, оба, өрт, топан су, құрғақшылық, соғыс) 30 - Жеті жоқ (Аллада бауыр, аспанда тіреуіш, жерде өлшеуіш, таста тамыр, тасбақада талақ, аққуда сүт, жылқыда өт)
Каримжанова Асельдің орындауында араб биі.
Үшінші бөлім «Пәндер сыры» Қазақ тілі 10 - Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша. 20 -«Бостандық» сөзіне дыбыстық талдау жаса 30 - Сөйлем мүшелерінің байланысы. ережесі. Суретші әсем табиғатты бейнеледі.
Математика 10 - 7 квадраты 20 - Ұзындығы 8см, ені 5см тіктөртбұрыштың периметрі мен ауданын тап.(Р - 26см, S - 40см/кв 30 - Сатып алынған заттың құнын қалай табамыз? (Заттың бағасын оның санына көбейту керек)
Әдебиет 10 - Тәуке, Абылай хандардың тұсында өмір сүрген ұлы ойшыл, жырау. (Бұқар жырау) 20 - Батырдың ұрпағы әңгімесіндегі жер - су атауларын ата.(Баянауыл, Қалмақ қырған, Шідерті, Шүршіт қырған, Омбы, Шойынкөл, Жасыбай) 30 - Қобыланды батыр жырынан үзіндіні жатқа айт.
Дүниетану 10 - Гранит қандай бөлшектерден тұрады және ол облыста өндіріледі? (дала шпаты, кварц, слюда. Жамбыл облысында) 20 - Апат дегеніміз не? (Жер сілкіну, су тасқыны, дауыл, сел сияқты табиғат құбылыстары апат деп аталады. Апатта адамдар қаза табады, жануарлар қырылып, қалалар мен ауылдар қирайды. Апат қашанда қайғы - қасірет, қорқыныш әкеледі.) 30 - Ас қорыту жүйесін ата (ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, асқазан, бауыр, ащы ішек, тоқ ішек)
Шығармашылық тапсырма Берілген ұйқастар бойынша өлең құрастыру Мақалды жалғастыр Соңғы сөз әділ қазыларда. Сайысты қорытындылау, марапаттау. Есімбек Иманғалидың орындауында «Атамекен» әні.