Тәрбие сағаты: Берекелі алтын күз! 1 сынып оқушыларына арналған сыныптан тыс іс-шара. Өту орыны: Жиын залы. Тәрбие сағатында өлең, би, ән және сахналық қойылым қамтылды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Берекелі алтын күз!»
ШҚО Семей қаласының КММ «№7 ЖОББ мектеп-лицейі»
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Берекелі алтын күз!
«А»- сынып
Бастауыш сынып мұғалімі: Әбдыханова Ш.С.
Тақырыбы: Берекелі алтын күз!
Мақсаты: Күзгі еңбек, күзгі табиғат құбылыстары туралы білім беру.Күз мезгілінің сұлулығын түсіндіре отырып эстетикалық тәрбие беру. Сахнада өзін-өзін ұстауға, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тақырып жазылған банер, жапырақтар, шалқан және қарбыздар , шляпалар, су құйғыш, күрек , себет, жапырақ, алмалар
Барысы: 1. Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар!
Армыссыздар балалар, ата-аналар! . «Берекелі алтын күз!» атты ертеңгілікті бастаймыз
Қарсы алайық бәріміз, Жасымыз бен кәріміз. Қырдан кепті қыдырып, Алтын күзге нұр төгіп. Тілегім аман болсын ел іргесі, Алтын күз қайта келді берекесі. Молшылықтың жаршысы бола білді, Алтын күз-ырыс, береке, бірлік ала келді деп ортаға тамаша әнімен Жанеркені шақырайық.
Ән: Мұратова Жанеркенің орындауында «Жаңбыр» әні
Жүргізуші: (Классикалық музыка ойнайды) балалар бізге алтын күз келіп қалыпты , қол соғып күз ханшайымды қарсы алайық.
Күз ханшайым: Алима ( классикалық музыка)
Алтын сары, қызыл,көк...
Алуан алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Балалар күзді ортаға алып шеңбер құрып тұрады.
Армысыз,асыл күн!
Армысыз, асыл жер!
Армысыз,алтын күз!
Армысыздар,апайлар!
Армысыздар,балалар!
Би «Жидектер» Қыздар тобы
Жүргізуші:«Күзгі жиын» көрінісі
Автор: Бақшашы бақшасын күнде көріп , бағып, су құйып жүреді екен.
(Бақшашы қолын бір сілтеп, кейін теріп алам деп кетіп қалады)
Автор: Сол кезде екі көзі қызарып тауық келеді.
Тауық: Айзере: Қайсысын бірінші жесем екен.
(Бақшашы қыш,қыш деп тауықты қуып жіберіп, өзі жемістерді жинауға келеді)