Сабақтың мақсаты: Егеменді еліміздің жетістігі туралы таныстыру.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан ұ л- қыздардың ерліктері жайлы түсінік беру.
Өз отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. өз ана тілін, әдет- ғұрпын, салт- дәстүрін сақтауды оқушылардың бойына дарыту.
Сабақтың көрнекілігі:плакатқа жазылған нақыл сөздер, қазақ елі рәміздерінің суреттері, Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті.
Сабақтың барысы
Әнұран орындалады.
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар! Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі Желтоқсанға қатысқан жастар жайлы әңгімелекпіз.
- Балалар, 1986 ж 17 желтоқсанда Брежнев атындағы алаңға жастар және студенттер не үшін жиналып еді?
- Үкімет басына Колбиннің келуіне байланысты. өз тәуелсіздігін алу үшін.
- Қазақстанда қазақ мектептері мен бала-бақшалары азая бастады.
Қазақтар өз ана тілін де ұмыта бастады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сабақтың мақсаты: Егеменді еліміздің жетістігі туралы таныстыру.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан ұ л- қыздардың ерліктері жайлы түсінік беру.
Өз отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. өз ана тілін, әдет- ғұрпын, салт- дәстүрін сақтауды оқушылардың бойына дарыту.
Сабақтың көрнекілігі:плакатқа жазылған нақыл сөздер, қазақ елі рәміздерінің суреттері, Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті.
Сабақтың барысы
Әнұран орындалады.
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар! Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі Желтоқсанға қатысқан жастар жайлы әңгімелекпіз.
- Балалар, 1986 ж 17 желтоқсанда Брежнев атындағы алаңға жастар және студенттер не үшін жиналып еді?
- Үкімет басына Колбиннің келуіне байланысты. өз тәуелсіздігін алу үшін.
- Қазақстанда қазақ мектептері мен бала-бақшалары азая бастады.
Қазақтар өз ана тілін де ұмыта бастады.
- Колбин қайдан келген?
- Колбин Ресейден келген болатын.
- Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?
- Өз алдына дербес, еркін мемлекет, ешкімге тәуелді, бағынышты болмау.
1-жүргізуші: 1986 ж 17 желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты. Олар "Қазақ елінің өз көсемі сайлансын!"деген тілек білдірді.
2-жүргізуші: Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға "бұзақылар", "ұлтшылдар", "нашақорлар" деген кінә тағылды.
1-оқушы: Нашақор деп, ұлтшыл деп
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір күнде
Қйғыға халық батқан күн.
Әділдік пен шындықты
Өтірік жала жапқан күн.
Надан жасаған сұмдықтан
Адамдар азап шеккен күн.
Қасқалдақ ұшып көлінен,
Шүрегей келіп қонған күн
Қыранды қуып көгінен
Қарғалар билік алған күн.
2-оқушы: Шектеліп ана тіліміз,
Оқылмай өлең- жырымыз,
Жабылып жатса мектептер,
Жадырар қалай күніміз?
Тарылып жатса даламыз,
Қайтіп біз тыныс алармыз?
Қақымыз да жоқ айтуға,
Әділет қайдан табамыз?
3-оқушы:Бұрқ етті қазақ баласы,
Кеудеге өршіп наласы.
Алаңға қарай ағылды,
Таусылып барлық шарасы.
4-оқушы: Желтоқсан айы естесің,
Дауыл боп бұрқап ескенсің.
Азаттық күйі қашаннан
Көкейін елдің тескенсің.
5-оқушы: Желтоқсан – заман, толғағы байтақ даланың,
Шарпысаң сәті үміт пен күдік, наланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат пенен Себира
Құрбаны болған жаланың!
6-оқушы: Түн. Кәдімгі миллмондаған түндердің бірі. Бірақ бул түн өзгеше түн еді. Себебі бұл түнде қаланың кез- келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып- соғып, өлімше халге жеткізді. Осындай қатыгездікті көрген, оларға арашаға түсем деп жүргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар еді.
Көрініс
Милиционер: Ұстаңдар бұзақыны! Әкетіңдер, жауып тастаңдар!
Милиционер: Алып кетіңдер. Бәрібір құтылмайсың. Бұзақы!
Қайрат: Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
"Еркек тоқты - құрбандық"
Атам десең атыңдар.
Милиционер: Алып кетіңдер. Бәрібір құтылмайсың. Бұзақы!
Қайрат: Шыңғырдым да шындықты айтып жаңғырдым,
Кете бардым жетегінде тағдырдың.
Бірге өткізген студенттік шақтар ай!
Хош аман бол,
Оралам ба, жан құрбым!
Мұғалім: 1988 ж 13 мамырда Семей түрмесіне әкелінген Қайрат Рысқұлбеков 21 мамырда таңда өмірімен қоштасады.
Хор: "Желтоқсан желі"
1-жүргізуші: 1991 ж 16 желтоқсанда Мемлекеттік тәуелсіздігін жарияланды.
2-жүргізуші: Бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына тәуелсіз Мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан деп аталамыз.
Хор: "Жас дәуірдің тулегіміз".
7-оқушы: Шаңырақ- "Отан отбасынан басталады".
Шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны білдіреді.
1-жүргізуші: Аман бол, жаңа ғасыр- жарқын заман,
Аман ба жаңаша күн жарқыраған.
Азат күн, арман ғасыр, мәңгі паш ет
Қазақтың қасиетті ел екенін.
2-жүргізуші: Пайдамыз тиіп Отанға,
Риза болсын халқымыз.
"5" болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Мұғалім: Міне балалар бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстанбыз.
Сендер Отанымыздың болашақ ұрпағысыздар. Жақсы оқып тәртіпті болып, өз еліңді,жеріңді көркейтіп, Қазақстанның намысын қорғайтын келешегі, тірегі атаныңдар.