- Бүгін 1. Біз кімбіз (таңбалау) 2. «Елдің жастарға жасауы»
-Ертең Болашақ біздің көзімізбен (ой толғау, суреттер, өлең, шығарма, т.б)
Даналар деген екен... Тәуелсіз ел туралы афоризмдер, даналық сөздер мақал-мәтелдер.
Түйін
№1 слайдта сабақ тақырыбы көрсетіледі.
Кіріспе
Мұғалім
Мұғалім сөзі:
“Тәуелсіздігі халқымның жарқырап атқан алтын күн” тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық. Міне содан бері 22 жыл!
I - жүргізуші
Сәлеметсіздерме, ұстаздар және оқушылар Біздің сыныбымыздың “Тәуелсіздігі халқымның жарқырап атқан алтын күн” ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасының ән ұраны орындалсын!
ІІ – жүргізуші:
Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.
I-жүргізуші
Ендеше тарихқа тоқтала кетейік.
Желтоқсан. Алматы. Алаң
Осы үш ауыз сөзді естігенде жүрегі дір етпейтін қазақ жоқ шығар. Желтоқсан отты оқиға болды. 1986 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тарихында өзінің жаңғырығымен өшпес із қалдарған Республика Орталық Комитетінің 5-ші пленумы болды Небәрі
18 минутқа созылған осы пленумда республиканы ширек ғасыр басқарып келген Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына Г.В. Колбин сайланды. Бұл қазақ халқының ұзақ жылдар бойы жинаған намысын қозғап кетті. Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Жастарымыз алаңға “Біз, қазақ, ежелден еркіндік аңсаған” елміз. Әрбір ұлттың өз көсемі басқарсын, Тәуелсіздік керек, Қазақстан жасай берсін деп ұрандатып алаңғы шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. Жан түршігерлік оқиға болды. Қазақ халқының мәңгі есінде қалары сөзсіз. Иә, желтоқсан оқиғасын еске алғанда әуелі, сөз жоқ, желкілдеп өсіп, келе жатқан қаншама ағаларымыз бен апаларымыздың тағдырын жас құрақтай жапырып, өктемдік пен үстемдіктің табанының астына тастаған қайғылы да қаралы күн еріксіз еске түседі.
II-жүргізуші
Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын. 1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді. Мұз жастанып азаттықтын жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Сойыл таяқ ойнаса да жанында.
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,
Күйініштен ауырады жүрегім,
Естігенде желтоқсанның ызғарын.
Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке,
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке.
Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді. Баршаңызды еліміздің ұлық мерекесімен Қ.Р Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын
I-жүргізуші
Ал енді оқушылар сендерге сұрақ біздің мемлекетіміз қандай мемлкекет?
II-жүргізуші
Жарайсындар оқушылар енді миға шабуыл жасайық, тақтадағы желтоқсан, желтоқсан жастары деген сөздерде ойларыңа бірінші қандай сөдер келеді.
I-жүргізуші
Оқушылар енді желтоқсан жастары туралы айта кетейік.
Ләззат Асанова 1970 жылы қазіргі Алматы облысы
Жаркент ауданына қарасты Айдарлы ауылында дүниеге келген.
Жастайынан зерек өскен бала орта мектепті үздік бітіріп,
Алматыдағы Чайковский атындағы музыка училищесіне
өз талантымен оқуға түскен.
Ләззат Асанова Алтынқызы қазақ жастарының ішінде көтеріліске
белсене қатысқандардың бірі.Ол республика алаңына «Қазақтар!
Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!” деген ұранымен шықты.
II-жүргізуші
Қайрат Рысқұлбеков небәрі 21 жыл ғұмыр кешті. Ол батыр ғана емес,ақын да еді. Ол түрмеде көз жұмды.
I-жүргізуші
Даналар деген екен... Тәуелсіз ел туралы афоризмдер, даналық сөздер мақал-мәтелдер
Тәубенің бәрі тәуелсіздік болсын.
Ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі тәуелсіздік
Тәуелді ұлт бұл байлықтың бәрінен айырылып, бейшара болады.
3. Тәуелсіздік –азаттықтың алтын діңгегі, ұлттық өрлеудің ұлы күші
Тәуелсіз елдің ұлы-өжет, қызы-қайратты, халқы-қаһарман
5. Тәуелсіздікті қорғау-ұлттың ұйытқысын сақтау , еліңнің жеріне жау жуытпау, халқыңның азбай-тозбай мәңгі өмір сүруіне өз үлесіңді қосу
II-жүргізуші
1. Ханның да қараның да рухани өзегі –тәуелсіздік. Өзегінен айрылған ел өледі
2. Тәуелсіздік үшін тәніңді де, қаныңды да, жаныңды да аяма. Ең қасиетті күрес-тәуелсіздік күрес екенін ұмытпа!
3. Тәуелді елдің сұлтаны болғанша,тәуелсіз елдің ұлтаны бол!
4. Тәуелсіздік-тарих тұлпарының қос тізгіні. Тәңір қолына ұстатқан ол қасиеттің тізгінінен айырылма! Айырылсаң- ит пен құсқа жем болып, айдалада қаласың, осыны ойыңда ұста!
5. Тәуелсіздің тынысы тарылмайды, тәуелдінің тұншықпасы айырылмайды. Тәуелсіздер тойын қуанышпен тойлайды, тәуелділер қалай азаттықты алуды ойлайды. Тәуелсіздік тойын тойла, тойлай жүріп оны өркендетуді ойла. Оған өзіңнің қосар үлесіңді пайымда!
Қорытынды:
«Ынтымақты елге ырыс енші». Аталардан қалған аңыз да соны меңзейді. Сондықтан бостандығымыз баянды болу үшін өзімізбен мидай араласып кеткен жүздеген ұлт өкілдерімен арамызға сызат түсірмеуіміз керек. Мыңға жөн айтып алқалы топты аузына қаратқан қаз дауысты Қазыбек би бабамыздың сөзімен айтқанда «Біз мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз». Бір сөзбен айтқанда қалайтынымыз бейбітшілік, тыныштық, бостандық, еліміздің босағасын нығайту. Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолмен алға баса береміз.
Бір ата, бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз!-дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды қорытындылаймыз!