kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәрбие сағаты "Есірткі-адамның қасы, аурудың басы "

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділік: «Есірткі дегеніміз – қазіргі заманымыздың кесел ауруы» екендігін, есірткілердің дәуірлерден айырмашылығын, олардың аттары, түрлері, ауру белгілерін ажырата білуге үйретіп, алдын алу жолдарын қарастыру.

Дамытушылық: Ойын элементтерін пайдалана отырып, жылдам ойлау алу, тапқырлық, білгірлік, алғырлық таныту, есте сақтау қасиеттерін жетілдіріп, ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды достық ұйымшылдық, ынтымақтастық қасиеттеріне баулып, есірткімен күрес жолында белсенді болып өсуге тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты "Есірткі-адамның қасы, аурудың басы "»



Еңбекшілдер орта мектебі















СЫНЫП САҒАТЫ

«Есірткі-адамның қасы, аурудың басы»





Өткізген: Байгабулова Г.А.

Сынып: 8 «А»



















2016-2017 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы:«Есірткі-адамның қасы, аурудың басы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Есірткі дегеніміз – қазіргі заманымыздың кесел ауруы» екендігін, есірткілердің дәуірлерден айырмашылығын, олардың аттары, түрлері, ауру белгілерін ажырата білуге үйретіп, алдын алу жолдарын қарастыру.

Дамытушылық: Ойын элементтерін пайдалана отырып, жылдам ойлау алу, тапқырлық, білгірлік, алғырлық таныту, есте сақтау қасиеттерін жетілдіріп , ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды достық ұйымшылдық , ынтымақтастық қасиеттеріне баулып, есірткімен күрес жолында белсенді болып өсуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Қанатты сөздер: «Есірткіге жол жоқ!», «Есірткі-жас өмірді улаушы»,

«Есірткі-адамзаттың соры»

Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру бөлімі

ІІ.Жаңа сабақ

Сабақтың жоспары:

  1. Есірткі туралы түсінік беру

  2. «Шылым шегудің пайдасы» көрініс

  3. Ситуациялық сұрақтар

  4. Пародия

  5. Есірткінің зияны туралы Үкілім Мұратбаеваның «Тағдырыңның кілті сенде»

  6. Қорытынды

Бүгінгі «Есірткі-адамның қасы, аурудың басы» атты ашық тәрие сағатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың мақсаты: жастар мен жасөспірімді жат қылықтардан аулақ болуға шақыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Ал енді балалар мен сендерге ең бірінші, салауаттылық-халқымыздың үлгі-өнегелік дәстүрі дегім келеді. Есірік туғызатын ішкіліктен, темекі тартудан аулақ болу, таза жүру, тамақты қалыппен ішу және денеміздің сау болуы, игі іс-әрекеттер міне бұлар салауаттылықты көрсетеді. Адам психикасы-медицинаның өте күрделі әрі аз зерттелген саласы, әсіресе, наркологиялық тұрғыда.Әдетте, жұртшылық алкоголизм мен нашақорлықтың жеке бастың аса ауыр күйзелісінен ушығатын дерт екендігін біле бермейді. Ең дұрысы, ондай жандарды ұға, түсіне білген жөн. Нашақорлыққа салынатындардың дені-жұмыссыздар, босқындар, қаңғыбастар тағысын тағылар... Бір нашақорды емдеп, қатарға қосу үшін шамамен 1000 АҚШ доллары керек.

Нашақорлық – адам ағзасын өте тез уландыратын аса қауіпті психикалық дерт. Оны әсіресе, жас ағзалар тез қабылдайды. Есірткі заттарды ішуге әбден дағдыланған аурулар оларды 12-18 сағаттан кейін тағы ішпесе болмайды. Өйтпеген жағдайда есінейді, денесі құрысып-тырысып, көздерінен жас ағып, тамақ ішсе құсады, тәбеттері ашылмайды. Басы жиі ауырып, буын-буыны, аяқ-қолдарының бұлшық еттері шымырлап, ішек қарыны бүріп, іші өтіп, бойынан сұп-сұйық тер парлай бастайды. Ең қатерлісі есірткіге ақша табу үшін кісі тонаудан бастап, тіпті жақын адамын өлтіруден де тайынбайды. Нашақор өзі үйренген есірткілердің бірін көрсе, аш табандай тарпа бас салады. Мұны медицинада «наркотизм» , ал оның ауыр түрін «наркомания» дейді. Грек тілінен аударғанда «нарко»- жасанды ұйқы,«мания» - есі кету,есіру деген ұғым береді.

Елбасымыздың Жолдауында:«.....есірткі дертіне ұшыраған қоғам қауіпсіз бола алмайды» делінген. Қоғам қауіпсіздігі үшін қолдан келгеннің бәрін жүзеге асыру керек.

Кім мұндайды естіпті,

Есірткі жұртты есіртті

Иіскеген жастардың

Жан-тәнін түгел кесіпті

Сақ болайық, ағайын,

Қатерлі жау есірткі!

Есірткі түрлері әр алуан болып келеді және бағасы адам ойламайтын құнға жетеді. Оларды тізіп айта берсек, өте көп. Мысалы: кокаин, героин, конопля, ханка, мак, гашиш т.б. Бұлардың ең танымалысы – анаша. Көптеген жасөспірімдер нашақорлыққа бет алуды анашадан бастайды. Мәселен, осы мәселемен араласып жүрген Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрі Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің хабалауынша , 2001 жылы Қазақстанда 41031 нашақор болса, қазіргі күні ол 54705 тен асып отыр екен.

Егер келешегі әлі алда деп есептелетін кейінгі толқын өкілдері мұндай қауіпті кеселге бой алдырса, онда ертеңгі күнге қандай сеніммен қарай алмақпыз. Ұрпақтың аузы-ұлттың соры. Өйткені, өзегіне құрт түскен мемлекеттің өркениет көшіне ілесуі екіталай екені айтпаса да түсінікті.

«Жұт-жеті ағайынды» - деген сөз бекер айтылмаса керек. Нашақорлықтан туындайтын қиындықтар өте көп. Нашақорлар жиналып бір ғана инені қолданады. Соның салдарынан бір-біріне СПИД секілді екінші бір жазылмас дертті жұқтырады. Сонымен бірге нашақорлар әрдайым қылмыс жасауға бейім тұрады.Марихуананың буына масайраған жандар кісі өлтіруден де тайынбайды.

Есірткілер қандай зиян әкеледі?

Есірткілер зат алмасу процесіне еніп, ең бірінші серотин өндіріп шығаратын ми жасушаларын өлтіреді. Серотин мидың көңіл-күй өзгерісін қадағалайтын зат, бұл адамды пәсең және селқос қылдырады. Иммундық жүйе зардап шегеді. Сондықтан адам ағзасы әртүрлі инфекцияларға қауқарсыз келеді. Ішкі тамырға есірткі қолданудың салдарынан психика, жүрек-қан тамырлар және жүйке жүйесі ғана емес, сонымен қатар бауыр, бүйрек ауырады, иммунитет төмендейді, тістер бұзылады, тамырлары ауырады, ой-өрісітің деңгейі төмендейді. Есірткіні мөлшерден тыс қолданудың қауіпі зор, оның салдары өлімге алып келеді, ал есірткі қолданғаннан болатын психиканың бұзылуы кей кезде өзіне –өзі қол жұмсауға әкеліп соғады.

Сіз білуіңіз керек!

Есірткілерді сирек қолдануды өз бетімен тоқтату өте қиын. Оңайы- оларды қолдануды бастамау. Егер есірткімен сонда да «таныстық» болса, психиатр дәрігерге немесе наркологқа неғұрлым ерте көрінсеңіз, соғұрлым бұл өлім әкелетін уға құштарлығыңыз бен үйренуіңізден арылу оңай болмақ.

Мемлекет нашақор ауруларға көмек беруге кепілдік береді, оның ішіне тексерілу, кеңес беру, диагностика, емдеу және медициналық-қоғамдық ақтау кіреді. Сонымен бірге, қоғам есірткіні енді бастағандарға және одан құтылуға тырысатындарға төзімді. Бірақ, қоғам емдеуден бас тартатындарға қатал, басқа біреулерді есірткі саудасына итермелейтіндерге аяусыз.

Нашақорлық –еліміздің дамуына орасан зор кедергі келтіретін індет, сондықтан біз осы індетпен табанды түрде Қазақстанның болашағы үшін аянбай күресуіміз керек.



Тәжікстан Пакистан


Есірткі бизнесінің

әлемдегі ірі орталықтары







Ауғаныстан Қырғызстан



«Есірткі – жас өмірді улаушы»./ оқушыларға сөз кезегі беріледі/

1 окушы

Қазіргі нашаның көп тарағаны – героин, яғни ақ ұнтақ. Одан адам санасы тез уланады. Бірінші рет көргенде ләззат алады, сол ләзатты өмір бойы іздеуімен өтеді. Нашақор тамырға енгізеді. Ол организмді тез улайды. Одан адам қалай тез өліп кеткенін де білмей қалады.

2 окушы

Нашақорлықты басқаша «мидың қатерлі рагі» деу керек. Егер ол асқынып кетсе лағдарысқа ұшырайды. Онда «мен» деген нәрсе болмайды, «әке-шешем мен үшін жүгіріп жүр-ау , ертең ел –жұртқа қалай қараймын?» , яғни болашағына есеп бермейді. Мақсаты тек біреу «қайда бар, кімде бар, қалай ақша тапсам, қалай алсам?» деп, есірткіні ғана ойлаумен болады.

3 окушы

Есірткіні алғаш қолданар алдында ойлан! Ол ешқандай жақсылық әкелмейтінін ұмытпа. Егер сен қызық ретінде есірткі сатып алған болсаң, онда тез құтылуға асық. Танысың қанша жерден үгіттесе де, қарсылық таныт!

Айдаһардың үш басындай арақ, темекі және наша – ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері. Нашақор адамдар – өмірлерінен күдер үзген, болашағы жоқ адамдар. Саралап алсақ , осының барлығы адам қолымен жасалып, қоғамның ілгері дамуына кері әсер тигізуде.


Ситуациялық сұрақтарға өз ойларын айту.

  1. Қыз бен жігіт – өте жақсы достар. Қыз өз достарымен бірге тұрғанда, жігіт қызды түнгі клубқа шақырады. Қыз түнгі клубқа барудан бас тартты. Ал бұл кезде дос қыздары сен неге бармайсың, ол сенің жақсы досың ғой деп қызды қайрайды.Бұл жерде қай қыздың ойы дұрыс деп ойлайсың?

  2. Екі қыз жақсы дос. Қыздың біреуі шылым шегеді. Ал оған дос қызы үнемі қарсылығын білдіреді. Бұдан қорытынды шықпаған соң, «егер сен шылым шегуді қоймасаң мен сенімен дос болудан бас тартамын» деген шарт қояды. Қыздың қойған шарты дұрыс па? Егер сіздің досыңыз шылым шегетін болса, мейлі ұл, не қыз болсын оның шылым шегуін тастауына қандай ықпал жасайсыз?

  3. Кепка киген, үстінде футболкасы бар ересек бала жанжағына қарап алып, көшеде кетіп бара жатқан кішкене баланы шақырады. Бала оған тақалып: не айтасыз? Дейді. Ол баланы «үй шатырында телескоп бар, бүкіл қаланы көргің келе ме?» деп қызықтырады. Екеуі шатырға шықты. Шатырда шынымен де бір нәрсе тұр. Ол дүрбі болды. Бірақ баланы ол қызықтырмады. Кетейін деп: – мен үйге нан әкелуім керек-деп бұрылып еді, 3-4 бала алдынан шыға келді. Әй-шәйға қарамай, қол аяғын байлап тастады. Шамалыдан кейін не болғанын түсінбеді. Ұйықтап тұрса басы ауыратын сияқты. Маңайында ешкім жоқ. Түс көрген екенмін деп ойлады. Үйіне келді. Әрі қарай не болды деп ойлайсыңдар? Сенің өз ойың.

  4. Кинодан кеш қайтып келе жатқан бала соңғы подъездің есігі алдында тұрған бір топ баланы көрді. Олар баланы шақырды. Ойында ешнәрсе жоқ, ішінде көршісі тұрған соң таянады. Олар темекіні беріп: -жігіт емессің бе , сор –деп бұйырды. Сорып қалып еді, түтін бірден тұншықтырып, шашалып қалды. Барлық бала күліп: Мынау қыз ғой-деді. Баланың намысшыл екенін білетін көршісі қорғаған болып: жоқ менің көршім нағыз жігіт! Деп арқасынан қақты. Оған мақтаншақ бала тағы бір – екі сорып-сорып жібереді.

Баланың қалтасына 3-4 – еуін тағы салып жіберді. Ары қарай не болды деп ойлайсың, сен сол баланың орнында болсаң не істер едің?


Нашақорда жақын жоқ,

Апиында ақыл жоқ.

Құмартып наша шеккенің

Ар-намысты төккенің

Нашар жігіт – нашақор!

– деп бекер айтылмаған. Есіңізде болсын! Сіздің денсаулығыңызға тек героин мен кокаин ғана емес есірткі қосылған темекі де зиян. Олай болса келесі кезекті пародияға кезек берейік.

Қорытынды:

Денсаулықты сақта, түзу өсесің

Күнәдан пәк жәннат өмір кешесің

Көрген күнің қараңғы ғой дерт шалса

Харамменен тәніңді улап не етесің?

Жаман әдет көп шектірер қасірет

Сақта өзіңді, жақсылыққа жетесің


  • Сонымен оқушылар бүгінгі сабақта жат қылықтың аяғы неге апарып соғатынына көздеріңді жеткізгім келді. Жақсы әдетті айтып, салауатты өмірдің өз қолымызда екенін түсіндіруге тырыстым, біздің көшпенді тіршіліқ кешкен ата-бабамыз салауатты өмір сүрді, ұрағының аман сау , азып тозбауын қадағалады. Сол дәстүрді сақтап, бүінгі ұрпақ біздер қоршаған ортаны, денсаулығымызды күтіп , терең білім алып , саналы азамат болуға ұмтылуымыз керек.

«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты өмір» деген нақыл сөзбен қорытындылағым келіп отыр.


Барлық оқушылар бірге: ««Есірткі-адамзаттың соры»

Салауатты өмір салтын қолдайық!

Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!

Өз өмірің өз қолыңда , ей, жастар,

Су ішпеген гүлдей болып қалмайық.





































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тәрбие сағаты "Есірткі-адамның қасы, аурудың басы "

Автор: Байгабулова Гулжанар Айтжановна

Дата: 23.12.2016

Номер свидетельства: 372790

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "«Денсаулы?-зор байлы?» (т?рбие са?аты)"
    ["seo_title"] => string(39) "diensaulyk-zor-bailyk-t-rbiie-sag-aty-1"
    ["file_id"] => string(6) "254088"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447694635"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Ашы? т?рбие са?аты "Са?тансан сау боласын""
    ["seo_title"] => string(44) "ashyk-t-rbiie-sag-aty-sak-tansan-sau-bolasyn"
    ["file_id"] => string(6) "297129"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456147524"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Т?рбие са?аты  "Са?таса? сау боласы?""
    ["seo_title"] => string(30) "trbiiesagatysaktasansaubolasyn"
    ["file_id"] => string(6) "297790"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456238351"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) ""Ж?ТБ-?асыр  індеті" та?ырыбында?ы ашы?  т?рбие  са?аты "
    ["seo_title"] => string(59) "zhk-tb-g-asyr-indieti-tak-yrybyndag-y-ashyk-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "162180"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422333086"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Зиянды әдеттерден сақтанайық!"
    ["seo_title"] => string(32) "ziiandy_diettierdien_sak_tanaiyk"
    ["file_id"] => string(6) "399262"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1489241310"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства