kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сыныптан тыс сабақ: "Көктем аруы - 2016"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сыныптан тыс сайыс сабақ. Қыс сыны байқауы. 7 сыныптар арасында. Әр сыныптан бір-бір оқушы қатысады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс сабақ: "Көктем аруы - 2016"»


Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

«№9 жалпы білім беру орта мектебі» КММ












(7 сыныптар арасында)






Дайындаған: Макашова Жулдуз Жумабаевна
















2016 жыл




«Көктем аруы – 2016» байқауы


Мақсаты:

1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, іскерлік т.б. негізінде тәрбиелеу.

2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.


Байқаудың шарттары төмендегідей:

1. Таныстыру (әр қатысушы өздерін өлеңмен, әнмен таныстырады)

2. «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» (Қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу)

3. «Өнер» (Ән айту, би билеу, күй тарту және т.б.)

4. Үй тапсырмасы (Үйден алып келген құрал-жабдықтардын Құттықтау қағазын дайындау)

5. «Сұлулық сыры» (Музыка ырғағымен сәндік киім үлгісін көрсету)

Әр сыныптан бір үміткерден қатысуы қажет.


Барысы:

1-жүргізуші: Құрметті – асыл аналар, қадірлі – ұстаздар, қырмызы қызғалдақ – қыздар! 8-наурыз Халықаралық әйелдер мересі қарсаңында 7 сыныптар арасында ұйымдастырылып жатқан «Қыз сыны – 2016» байқауына қош келдіңіздер! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі құтты болсын!


2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздары, оқушы қыздар! Қар астынан қылтиып шыққан қызғалдақтай болып, келіп қалған, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз, көктем мерекесі құтты болсын!


1-жүргізуші:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.


2-жүргізуші:

Қыз сұлу көрінеді шашыменен,

Ай қабақ қиғаш қара қасыменен.

Қыз сұлу көрінеді толған айдай,

Өнері мен алған тәртібімен.


1-жүргізуші:

Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

1. 7 «А» аруы – Қуанышбаева Құндызай

2. 7 «Ә» аруы – Ізбасарова Нұрсұлу

3. 7 «Б» аруы – Хутходжаева Асира

4. 7 «В» аруы – Қадырова Насихат

5. 7 «Г» аруы – Теңелбай Гүлназ

6. 7 «Ғ» аруы – Рахматтулаева Айдана

7. 7 «Д» аруы – Кемалова Фатима

8. 7 «Е» аруы – Лабакова Айгерім

9. 7 «Ж» аруы – Қуандықова Әсел

10. 7 «З» аруы – Тохтарбаева Айнаш

11. 7 «И» аруы – Алигулова Салима


1-жүргізуші:

Уа, арулар, арулар!

Ешкімің жоқ алалар.

Ару болу үлкен сын,

Оны қазың бағалар


2-жүргізуші:

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,

Әділ – қазы алқасымен танысайық, – деп әділ төрешілік ететін әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.


1. ____________________________________________________________

2. ____________________________________________________________


3. ____________________________________________________________


4. ____________________________________________________________


5. ____________________________________________________________


 1-жүргізуші:

Әділ баға беретін әділ-қазылар алқасымен таныстық, ендеше сайысымызды бастаймыз. Бүгінгі сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:

1-кезең. Өзін – өзі таныстыру.

2-кезең. «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» (Бұл турда қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу)

3-кезең. Өз өнері

4-кезең. Үй тапсырмасы (Үйден алып келген қағаз, клей және т.б, құрал-жабдықтардын Құттықтау қағазын дайындау)

5-кезең. Сәндік киім үлгісін көрсету


2-жүргізуші:

Сұлу қыз келіп жетті алдыңызға,

Бойындағы бар дарынды танытуға.

Дараланып сахнаға келді бүгін,

Әдеппен, ізетпенен танысуға.


1-жүргізуші:

Өнер қуып арулар өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Сынға түскен арулар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін, олай болса бірінші кезең «таныстыру» кезеңін бастаймыз.

1. 7 «А» аруы – Қуанышбаева Құндызай

2. 7 «Ә» аруы – Ізбасарова Нұрсұлу

3. 7 «Б» аруы – Хутходжаева Асира

4. 7 «В» аруы – Қадырова Насихат

5. 7 «Г» аруы – Теңелбай Гүлназ

6. 7 «Ғ» аруы – Рахматтулаева Айдана

7. 7 «Д» аруы – Кемалова Фатима

8. 7 «Е» аруы – Лабакова Айгерім

9. 7 «Ж» аруы – Қуандықова Әсел

10. 7 «З» аруы – Тохтарбаева Айнаш

11. 7 «И» аруы – Алигулова Салима


(Келесі кезекте әділ – қазы алқасынан арулардың «Таныстыру» кезеңі бойынша бағасын күтеміз)


1-жүргізуші:

Жас ару – жас ғұмырдың талғамысың,

Қуантқан әрбір үйдің арманысың.

Дәл бүгін қанат қомдап сыналарда,

Сан сұрақтан сүрінбей самғап ұшқын.

 

2-жүргізуші:

Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,

Көркімен таң қалдырған тамам жұртты.

Қыздардың қылығымен өмір қызық,

Қыздардың ғұмырымен заман құтты – дегендей байқаудың 2-кезеңі «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» деп аталады.


1-жүргізуші:

Бұл кезеңде қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу бойынша аруларымыз сынға түседі. Құрметті арулар, әділқазылар алқасының алдындағы парақшаларды алып, сол парақшалардағы қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашып берсеңіздер.

1. «Біреудің ала жібін аттама». Қыз бала үшін өтірік айту, ұрлық істеу және қатыгездік, қулық-сұмдық деген жат қасиет екенін айтып, өтірік өрге бастырмайды, ешкімге қиянат жасама деп адалдыққа тәрбиелеп отырған. Тәрбиенің бұл түрінің әсері сол қыз баланың өмір жолын дұрыс таңдауына зор ықпалы болған.

2. «Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі». Біздің халқымызда «қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Қыз баланы гүлге теңеп, көрікті болатынын аңғартады. «Елдің көркі» деп қыз баланың айрықша әдептілігіне көңіл бөліп, олардың жүрегін жылылыққа бөлеп, жандарын жаманшылықтан аластап өсірген.
Қыз баланың сүйкімділігінен, жанының нәзіктілігінен шыққан сөздер.

3. «Қызға қырық үйден тыйым». Қыз бала тәрбиесіне ата-ана ғана емес, көрші-қолаң, туған-туыс, ауыл-аймақ болып сергектікпен қарайтын болған.

4. «Қыздың жиған жүгіндей». Бұл теңеу қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін көрсетеді. Өздеріне тән нәзіктілігімен, сүйкімділігімен, сыртқы және ішкі сымбаттылығымен ерекше екендігін айтқан.

5. «Шеше көрген тон пішер». Халқымыз қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Қыз балаға 5 – 6 жасынан-ақ апа-жеңгелері, шешесі мен әжесі үй шаруасын жүргізуді (үй сыпыру, төсек жинау, ыдыс-аяқ жуу, ас пісіру, мал сауу), ою ойып, өрнек, кесте тоқуды үйрете бастаған. Қыз бала тәрбиесінде шешенің орнын ерекше бағалаған. Қыз баланың әр іске талапты да алғырлығынан, өнер-білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер.

6. «Қыз жат жұртқа жаратылған». Қыздарды тұрмыстық мүліктерді даярлауға: жүн түту, жіп иіру, шекпен тоқу, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан есі, көрпе көктеу, т.б. өнерлерін қыз балалар бөгде босағаға бармай тұрып-ақ үйреткен. Осындай еңбекке баулу нәтижесінде жанұя алдындағы жауапкершілік сезімдеріне бойларын үйретіп, психологиялық жағынан отау тігуге даярлай бастаған.

7. «Қызым – үйде, қылығы – түзде». Халқымыздың тәрбиесінде қыздардың ерсі қылықтары мен әрекеттеріне үлкендер тыйым жасап отырған, сыпайылыққа, жарасымды мінез-құлыққа тәрбиелеген. Дөрекілікке, менменшілдікке, әдепсіздікке барудан сақтап отырған.


(Осымен, байқаудың екінші кезеңінде аяқтады, әділ – қазылардан арулардың екінші кезең бойынша бағасын күтеміз!)

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


2-жүргізуші:

Өнер білім тапқырлықтың тарланы,

Еңбектегі әріптестер мақтаны.

Өнеріңді ортаға сал сайысқа,

Өнер көрсет құрбылармен жарыс та.

                   

1-жүргізуші:

Шеберлермен өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған ата-баба жолынан.

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,

Біз айталық төрелігін соңынан.


2-жүргізуші:

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі қыз сынында бәйге алуға,

Арулар аянбай – ақ жан салыпты, – деп келесі сайысымыз «Өз-өнері» сайысына кезек берсек.


Олай болса қыздардың өнерін тамашалайық.

1. 7 «А» аруы – Қуанышбаева Құндызай

2. 7 «Ә» аруы – Ізбасарова Нұрсұлу

3. 7 «Б» аруы – Хутходжаева Асира

4. 7 «В» аруы – Қадырова Насихат

5. 7 «Г» аруы – Теңелбай Гүлназ

6. 7 «Ғ» аруы – Рахматтулаева Айдана

7. 7 «Д» аруы – Кемалова Фатима

8. 7 «Е» аруы – Лабакова Айгерім

9. 7 «Ж» аруы – Қуандықова Әсел

10. 7 «З» аруы – Тохтарбаева Айнаш

11. 7 «И» аруы – Алигулова Салима


(Келесі кезекте сайыскерлеріміздің өнерлері бойынша әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз)


2-жүргізуші:

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым,


1-жүргізуші:

Сұлулық табиғаттан басталады,

Көктеммен олар бірге шаттанады.

Бәйшешектей құлпырып, гүлдей жайнап,

Сән думанға барлығы аттанады, – дей отырып сайысымыздың келесі бөлімі үй тапсырмасын бастайық. Бұл турда қыздарымыз үйден алып келген қағаз, клей және т.б. құрал-жабдықтардан «Құттықтау» қағазын дайындау керек, дайындау уақыты 1 минут.


(Келесі сөзді әділқазылар алқасына берейік. Қыздарымыздың үй тапсырмасы бойынша ұпайларын берсеңіздер)


2-жүргізуші:

Жұлдыз, адамның сыртқы түріне, киіміне қарап та қандай адам екендігін айыруға болады деген пікірмен келісесің бе?


1-жүргізуші:

Әрине. Қазіргі талғамға, өзінің жас ерекшелігіне, эстетикалық талғамына сай жарасымды киінген, сыпайы да үлгілі қылығымен, мәдениеттілігімен ерекшеленген қыздарды көргенде көңілің толады.


2-жүргізуші:

«Жастықтың өзі жастығымен әдемі» деген бар емес пе? Жас қыздардың өздері-ақ қырдың қызыл гүліндей әдемі ғой. Табиғат берген көркі – жастығынан артық не бар?


1-жүргізуші:

Қыздарға әсемдік жарасады,

Ай көркі биіктерге таласады.

Болмаса сұлу қыз, ару әйел

Табынып еркіндікпен санасады – деп, аруларымыздың сәндік киім үлгісін тамашалайық

1. 7 «А» аруы – Қуанышбаева Құндызай

2. 7 «Ә» аруы – Ізбасарова Нұрсұлу

3. 7 «Б» аруы – Хутходжаева Асира

4. 7 «В» аруы – Қадырова Насихат

5. 7 «Г» аруы – Теңелбай Гүлназ

6. 7 «Ғ» аруы – Рахматтулаева Айдана

7. 7 «Д» аруы – Кемалова Фатима

8. 7 «Е» аруы – Лабакова Айгерім

9. 7 «Ж» аруы – Қуандықова Әсел

10. 7 «З» аруы – Тохтарбаева Айнаш

11. 7 «И» аруы – Алигулова Салима


2-жүргізуші: Осымен «Көктем аруы – 2016» байқауы өз мәресіне жетті. Әділқазылар алқасы «Көктем аруын» анықтағанша

____________________________________________________________________________________________________________________________________


1-жүргізуші:

Өнеріміз сайыста,

Жетелейді алысқа.

Бүгінгі күннің жеңісі,

Достық болып қалуда.


2-жүргізуші:

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

Аруы деп мектептің жүрейікші.

Әділқазыларға тек әділдікті,

Ал, аруларға сәттілік тілейікші.


1-жүргізуші:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен сайысымыз аяқталды, – дей отырып сайысымызды қорытындылау үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сыныптан тыс сабақ: "Көктем аруы - 2016"

Автор: Макашова Жулдуз Жумабаевна

Дата: 21.10.2016

Номер свидетельства: 351138

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Сыныптан тыс іс-шара "К?ктем аруы""
    ["seo_title"] => string(34) "synyptan-tys-is-shara-koktiem-aruy"
    ["file_id"] => string(6) "305185"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1457881022"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Сыныптан тыс шара  «?ыз саны 2014!» "
    ["seo_title"] => string(33) "synyptan-tys-shara-k-yz-sany-2014"
    ["file_id"] => string(6) "172999"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423912818"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Тап?ыр достар  (Интеллектуалды? ойын)"
    ["seo_title"] => string(37) "tapk-yr-dostar-intielliektualdyk-oiyn"
    ["file_id"] => string(6) "290205"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454932389"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства