Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс іс-шара "К?ктем аруы"»
Сыныптан тыс іс-шара
Тақырып: «Көктем аруы»
Мақсаты: Қыз балаларды ұлттық, халықтық тәрбие рухында тәрбиелеу, ана өнегесінен үлгі алу, салт-дәстүрлерді бойына сіңіру. Эстетикалық тәрбие беру, сұлулыққа тәрбиелеу, тазалыққа үйрету.
Көрнекіліктер: шарлар, гүлдер, сыйлықтар, сұрақтар жазылған карточкалар
Барысы: 8- наурыз - Халықаралық әйелдер күні!
Мереке құтты болсын, қымбатты аналар!
Бүгінгі «Көктем Аруы» аты сайысымыз сіздерге арналады!
(Музыка орындалады)
Армысыздар, әлеумет, кеш қонағы,
Бүгін бізде мереке аса мәнді.
Қуанып зер салайық, ей халайық!
Аруларды қошеметтеп қарсы алайық!
(Музыка орындалады)
Аруларды ортаға шақырып отырып, тақпақтар оқу:
Аруларға:
1.Толғанайдай қыз табылмас, Өзі әдемі, сыпайы Қазақ қыздан аумайды Сегіз қырлы бір сырлы.
2. Анель Үздік оқып сабағын,
Бәрімізге жағатын,
Әкесінің еркесі,
Анасының сәулесі
Сүйікті ісі: сурет салу,кітап оқу.
Бағалы қасиеті: инабатты,сыпайы,кішіпейіл
3.Аяужан Алар дәйім «бестігін»
Аққуба қыз кескінің
Бойшаң біздің Аяужан
Ақылды деп деп естідім
Сүйікті ісі: сурет салуды,жазуды,спортты жақсы көреді.
Бағалы қасиеті: анасының көмекшісі, кішілерге қамқоршы.
4. Інкәр Айтқанда әні әуелі
Ерекше шығар әуені
Биязы қыз Інкәр
Өзі де пысық әдемі
Сүйікті ісі: сурет салуды, билегенді ұнатады.
Бағалы қасиеті: үлкенді сыйлайды, кішіге қамқор болады.
5. Інжу Сабағын да меңгерген.
Жақсылықты жөн көрген.
Арамызда Інжу бар
Өзі өнерлі қыз тіпті.
Сүйікті ісі: сурет салуды, кітап оқығанды, билегенді ұнатады.
Бағалы қасиеті : ақылды, парасатты,үлкенді сыйлайтын,кішіге қамқор бола алатын қыз.
6. Жанель Ай секілді өзі де
Сыңғыр-сыңғыр сөзі де
Жанель біздің сыныпта
Әдемі ғой өзі де.
Сүйікті ісі: өлең жазуды, билегенді ұнатады.
Бағалы қасиеті : зерек, еңбекқор,апасының көмекшісі
Әділ қазыларға:
Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Таныстырайын әділ қазы алқасын!
(Әділқазаларды таныстыру)
Сайыстың кезеңдері:
І сайыс: Таныстыру (арулардың әрқайсысы алдын ала дайындалған)
ІІ сайыс: Өз өнері
ІІІ сайыс: Үй тапсырмасы(буклеттерін – көктемнің, салаттар жасап әкелу)
ІҮ сайыс: Сұрақ – жауап
«Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба» кімнің сөздері? Абай
Ы. Алтынсаринның қай өлеңін білесін Кел, балалар, оқылық
Қазақ әліпбиінде неше әріп, неше дыбыс бар? 42 – 40
Дыбыстардың неше түрі бар? 2
Өрнек түрлерін ата? Әріпті – санды
Ойын-есеп:
Дүкеннен кеп сабын алдым, оның және қабын алдым.
Екі дәптер, бір қарындаш, тіс іысқышты тағы да алдым.
Есептеші, сонда бәрі қанша болды қолда бәрі? 6 зат
Тудың авторы кім? Шәкен Ниязбеков
Елтаңбаның авторларын ата? Жандарбек Мәлібеков, Шота Аман
Уалиханов
Гимннің авторларын ата? Ш.Қалдаяков, Жүмекен Нәжімеденов, Н. Назарбаев