kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сыныптан тыс шара "?з тілінді ??рметте"

Нажмите, чтобы узнать подробности

      ?ымбатты ?стаздар мен о?ушылар! Мектебімізде ?аза?стан хал?ыны? тіл мерекесіні? он к?ндігі жал?асуда. Б?гін 7-8 сыныптар аралы?ында ?тетін «?з тілі?ді ??рметте» атты «ХХІ ?асыр лидері» танымды? ойынымыз?а ?ош келдініздер!

Жыла?ан ал?аш?ы і?г? ?ннен тілім,

Ж?ргекке былдыр ?а?ып к?лген тілім.

Жа?ымды ана ?лдиі, а? с?тімен

Ж?регіме, ?аныма сі?ген тілім

Жанымды жадырат?ан бала тілім,

Жыр, ертек жаттаттыр?ан сана тілім,

Жаралып жермен бірге, к?н к?зімен,

Жасас?ан ?аза? тілі – ана тілім

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс шара "?з тілінді ??рметте" »

Тақырыбы: Өз тіліңді құрметте!

Мақсаты: Оқушылардың пәндер бойынша білімдерін шыңдау.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Өз ана тілін құрметтеуге баулу.


Барысы.

І Ұйымдастыру бөлімі

Қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Мектебімізде Қазақстан халқының тіл мерекесінің он күндігі жалғасуда. Бүгін 7-8 сыныптар аралығында өтетін «Өз тіліңді құрметте» атты «ХХІ ғасыр лидері» танымдық ойынымызға қош келдініздер!

Жылаған алғашқы іңгә үннен тілім,

Жөргекке былдыр қағып күлген тілім.

Жағымды ана әлдиі, ақ сүтімен

Жүрегіме, қаныма сіңген тілім

Жанымды жадыратқан бала тілім,

Жыр, ертек жаттаттырған сана тілім,

Жаралып жермен бірге, күн көзімен,

Жасасқан қазақ тілі – ана тілім - деп ойыншыларымызды таныстырып өтейін.

Мақсотова Құралай

Кушеккалиева Гүлшетай

Кенжегалиев Елжан

Төлеев Аблай

Нариманов Қайсар

Сариев Төлеген.


ІІ Негізгі бөлім

Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.

1. «Бәйге»

2. «Ғажайып жетілік»

3. «Полиглот»

4 . «Жорға»

5. « Шешендік өнер»

Әр бөлімнен кейін 1 оқушы ойыннан шығады.

Сайыскерлеріміздің білімін, шешендік шеберліктерін, зеректіктерін байқап, бағалайтын әділқазы алқасымен таныс болыңдар.


І турымыз «Бәйге»

І. Тур «Бәйге»

1. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? /Түркі/

2. Қазақ жазба әдеби тілінің негізін салушы /Абай Құнанбаев/

3. Лексикалық мағынасы бойынша қарама- қарсы сөз қалай аталады /Антоним/

4. Қазақ тілінде неше өздік есімдік бар /1 ғана өз сөзі/



5. Барлық бір түбірлі сөздердің жалпы мәнін беретін басты бөлік қалай аталады? /Түбір/

6. Үзік сызықпен белгіленетін сөйлем мүшесі /Толықтауыш/

7. Одағай, қаратпа, қыстырма қандай сөздер /Оқшау сөздер/

8. Қазақ тілінде неше септік бар /7 септік/

9. Қазақ тілінде бастауышы жоқ сөйлем қалай аталады /Жақсыз сөйлем/

10. Ең тәтті, ең ащы не? /Тіл/


Адамзат дүниеге келе сала ана тілінде сөйлеп, ана тілінде ән салады. Ана тілі- біздің ар- ождан, адамгершілігіміздің айнасы. Адам ана тілімен бақытты, ана тілімен асқақ.

Ойынымыздың ІІ турын бастаймыз. Ойыншыларға 7 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.


ІІ. Тур «Ғажайып жетілік»

  1. Қазақ тілі қашан мемлекеттік мәртебеге ие болды /22.09.1989/

  2. Қазіргі кезде қолданыстан шығып қалған сөздерді қалай айтамыз /архаизм/

  3. Қазақ халқының алғашқы ағартушы педагогы кім? /Ы. Алтынсарин/

  4. А. Құнанбаевтың шын есімі /Ибраһим/

  5. Қазақ тілінде сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі нешеу /3/

  6. Әдебиет сөзі араб тілінен аударғанда қандай мағына береді /асыл сөз/

  7. Ұлыбританияның мемлекеттік тілі, қай тіл? /Ағылшын/

Қазақ тілі халқымыздың бай мұрасы, ол- халық ауыз әдебиеті үлгілері, ақын, дүл- дүл жырауларымыз, халық ауызынан қалған ертегі, қисса әңгімелері мен мақал- мәтелдері, аталы сөздер. Ұлы Гетте айтқандай «Өзге тілді білмеген адам, өз тілі туралы ешнәрсе білмейді» деген сөздермен ІІІ турымызды бастаймыз.


ІІІ. Тур «Полиглот»

  1. Ана сүті бой өсіреді, ............. ой өсіреді. /ана тілі, родной язык, mother tongue/

  2. Көп сөз – күміс, аз сөз - .......... /алтын, золото, gold/

  3. Өнер алды ..........тіл /Красный, қызыл, red/

  4. Тіл тас жарады, тас жармаса........... жарады. /бас, голова, head /

  5. Адам басшысы - ........... /ақыл, ум, mind/

  6. Жердің сәні егін, ердің сәні........... /білім, знание, knowledge/

  7. Айтылған ....., атылған оқпен тең /сөз, слово, werd/

  8. Тіл- адамның ........... /айнасы, зеркало, mirror/

  9. Жақсы ......., жан азығы /кітап, книга, воок/

Тілім барда қазағым бар, халқым бар.

Дәстүрім бар, ата жолы, салтым бар

Кіршіксіз қардай сақтаңдар

Қазақтың тілін ғаламат

Ана тілім арым, иманым

Аманат, саған аманат- деп келесі бөлім «Жорға»

ІҮ. Тур «Жорға»

  1. М. Мақатаев өлеңінде «Үшінші бақытым» дегеніміз не? /Тілім менің/

  2. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? /9/

  3. Басқа тілдерден енген сөздерді қалай атаймыз /кірме сөздер/

  4. Фонетика ғылымы нені зерттейді? /тіл дыбыстарын/

  5. Қазақ әліппесінде неше әріп бар? /42 әріп/

  6. «Абай жолы» роман- эпопеясының авторы? /М. Әуезов/

  7. «Төбе шашы тік тұру» фразеологизмі қандай мағына білдіреді? /қорқып кету/


  1. Кімнің өлені «Сүемін туған тілді- анам тілі. Бесікте жатқанымда берген білім» /С. Торайғыров/

  2. Ш. Уалихановтың шын аты /Мұхамедханафия/

  3. Сөз тіркесінің баламасын айт Ит арқасы қиянда? /алыс/

  4. Мағыналары бір біріне жақын айтылатын сөздер /Синоним/

  5. Жалғауы жоқ септік /Атау/

  6. Әлсін- әлсін қандай қос сөз? /қайталама/

  7. «Әдемі» сөзінің мағынасы? /сұлу/


  1. Заттын санын білдіретін сөз табы? /Сан есім/

  2. Сөздін одан әрі бөлінбейтін бөлігі? /Түбір/

  3. Бас әріппен жазылатын сөздер /Жалқы/

  4. «Мәлімдеме» сөзінде неше буын бар? /4 буын/

  5. да, де, та, те қай септіктің жалғаулары? /Табыс септік/

  6. Сөз мағынасын өзгертетін қосымша /Жұрнақ/

  7. Қара көк сын есімнің қай түрі. /дара/.

Тіл тағдыры –қазіргі кезде ең басты проблеманың бірі, себебі ғалымдардың зерттеуі бойынша өткен ғасырдың басында дүние жүзінде 8 мың тіл болған деп болжайды. Сол тілдердің қазіргі таңда 2 мыңы ғана қолданыста. Қалған тілдер ірі тілдерге жұтылып өлі тілдер қатарына өтті. Сондықтан да бізге мына жаһандану заманында өз тілімізді сақтап қалу үшін ойланатын кез келді деп ойлаймын.


Ү. Тур «Шешендік өнер»

Дүниеде тыңдаушыларының өзі жақсы білетіндерін өздеріне тәптіштеп айтып жатудан жаман нәрсе жоқ. Сенің өзгеге айтқаның кісіге білім беретіндей, оның жүрегін қозғайтындай нәрлі болу керек. Нәрсіз, дәмсіз сөзді сөйлемеген жақсы.

«Мемлекеттік тілді үйрену - әрбір азаматтың қасиетті борышы»

Ана тілі туралы өлеңдер оқитындар

Сади Арсен

Кушеккалиева Рабиға



Қорытынды.

Сөз кезегі әділқазы алқасына беріледі.

Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен-кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлей аламыз.

Ана тілін қастерлейік, құрметтейік!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Сыныптан тыс шара "?з тілінді ??рметте"

Автор: Мукангалиева Альфия Жанатовна

Дата: 23.11.2014

Номер свидетельства: 134353

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Сыныптан тыс шара: "Ж?лдызды с?т""
    ["seo_title"] => string(27) "synyptantyssharazhuldyzdyst"
    ["file_id"] => string(6) "312468"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459344241"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Сыныптан тыс шара  «К?н с?улесі ?аза?стан!» "
    ["seo_title"] => string(43) "synyptan-tys-shara-kun-s-uliesi-k-azak-stan"
    ["file_id"] => string(6) "172997"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423912714"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "Сыныптан тыс шара: «Жігітті? жампозы кім,сарала?ыз?» "
    ["seo_title"] => string(53) "synyptan-tys-shara-zhighittin-zhampozy-kim-saralan-yz"
    ["file_id"] => string(6) "175389"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424266674"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) ""Білімділер" сайысы (сыныптан тыс шара) "
    ["seo_title"] => string(37) "bilimdilier-saiysy-synyptan-tys-shara"
    ["file_id"] => string(6) "194990"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427827621"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Сыныптан тыс шара  «?ыз саны 2014!» "
    ["seo_title"] => string(33) "synyptan-tys-shara-k-yz-sany-2014"
    ["file_id"] => string(6) "172999"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423912818"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства