Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс шара "Алтын к?з"»
Алтын күз(Ортаңғы топ үшін)
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынаc қалыптастыру.
Барысы: Бөлме мерекеге сай безендірілген.
Тәрбиеші: Күз халқымның ежелден берексі,
Жерден ғой адамзаттың несібесі! - дей отырып, бүгінгі «Алтын күз!» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, ата-анлар және оқушылар. Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын халық неліктен күзді «Алтын күз» дейді, соған тоқтала кетейік.
1 – Сөз Күз маусымының алғашқы айы – қыркүйек. Ол ерлік пен еңбек айларының бірі. Қойма алтын астыққа толады.
2 – Күз маусымының екінші айы – қазан. Бұл ай жиын - терін аяқталатын, диқандар еңбек жемісіне кенелетін береке айы, берекесін қуаныштайтын мереке айы.
3 – Күздін ең сонғы айын қазақ халқы қараша дейді. Қараша десе дегендей, айнала қоңырқай тартады. Ағаш қурап, жапырағынан айырылып, орман – тоғай сирейді, қара суық түсіп, қыс демін сезілетін кез.
Уа, халайық, халайық,
Мұада назар салайық.
Мерекесі халықтың Алтын күзге арналған
Ертеңгілігімізді бастайық.
Құтты болсын осы шаттық күніміз,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.
Қуанышты жүздеріңізбен әрдайым,
Бұл өмірде күліп қана жүрейік..
Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл жарқын жүз.
Сары алтынға малынған,
Жетті міне алтын күз.
( Мектепалды тобының бүлдіршіндердін ортаға шақырамыз. )
1 – Бауыржан: Қуаныштың ағайын,
Қоңырауын қағайын.
Қуандырып біздерді,
Өлкемізге күз келді!.
2-Дариға: Айнала сары ала,
Қырманға дән тола.
Жемістер пісіпті,
Қоймаға түсіпті!
3 – Ерсұлтан: Ендеше не тұрыс,
Болмасын жан қалыс.
Тойлайық, күлейік,
Қуанып билейік!
Би ".Ортаға барлық балалар билейді...................." Музыка жетекшісінің шешімімен жалпы би қойылады. Барлық балалар шығып көңілді би билейді. Би аяқтала бергенде бір бала әлсірей құлайды)
4 - Жанель: Онда дәрі ішіп ал, Менде міне, көп дәрі бар!
5 -Әмір : Ауырмау үшін суық суға шомылу керек, Бұл - дәлелденген рецепт!
Хормен: Ах! (деп жауап береді.)
Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! ("Жедел жәрдем" машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала келеді)
6- Бота: Мені неге шақырдыңдар, Қандай шағым, арыздар бар?
Бәрі бірге: (Әлсіреп құлаған баланы атайды) дәрігерлік көмек керек! Бота: Қазір қарап шығайын, Неден ауырғанын ұғайын... (Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды) Сонда дәрігер: - А - а - а - деп қане, аузыңды ашшы...... (Тексереді) Тістерің орнында, тамағың іспеген Қол - аяғың әлсізденген Қызуың ыссы екен Білдім, неден ауырғаныңды...! Жеткілікті мөлшерде ағзаңа Дәрумендер жетіспеген!
1 - Асубек: Енді не істеймін? Бота дәрігр: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс, Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!.. 6 – Нұржан; Қазір күз мезгілі түсті ғой! Жемістер де, көкөністер де пісті ғой! Қоймаға қоңырау шалайық Күз өнімдерін осында алдырайық!
7 - Жандос: Дұрыс айтасың! (Қалта телефонымен қоңырау шалады) - Алло, алло! Қойма ма? Бізге жемістер мен көкөністер керек Машинаға тиеп жіберіңіз Мүмкін болса тезірек! (Машинаның дыбысы естіліп, руль ұстаған жүргізуші бала жемістер мен көкөністерді «тиеп» алып келеді)
Тәрбиеші; Күз айлары тамаша,
Қыркүйек,қазан,қараша
Сары кілем бейне бір –
Жердің бетін қараса
Күз айы да келіпті,
Жемістерін беріпті.
Мәз-мейрам боп балалар
Бау-бақшадан теріпті.
Мектепалды блалардын дайындаған киімдері мен тақпақтарын қабыл алыныздар.
1 – Жанель Алма: Мен - алмамын, алмамын,
Таңдандырған бәрін.
Пісіп толдым, мінекей!
Баптап ерек бағбаным.
2 - Еркеназ Өрік; Мен - өрікпін,өрікпін,
Дәмімен тәтті еліттім.
Сүйіктімін сәбилерге,
Айтпасам да бөліп тым.
3 – Даулет Жүзім; Мені бәрі жүзім дер,
Бір – бірлеп дәмдеп үзіп жер.
Қызықтырам көркіммен,
Қатар – қатар тізілген.
4 – Айым Шие; Мен шиемін,шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қажеттімін адамға,
Оны жақсы білемін.
5 - Әмір Қияр; Мен қиярмын, сәндімін,
Салаттардын сәнімін.
Дәруменім мол менің,
Жегенге қуат сыйлаймын!
6 – Жалғас Асқабақ; Тандандырар бәрін,
Асқабақпын дәмд!
Кептірілген дәнім
Таптырмайтын дәрім!
7 – Жандос Картоп: Мен картоппын, картоппын
Бір қарасаң - доппын?!
Немен жесең де жағам
Мені қоссаң тәтті болар тағам!
8 – Ақсұлу Қызанақ: Менің атым – қызанақ,
Тұзды сеуіп молырақ.
Банкілерге салыңыз,
Аузын мықтап жабынсыз.
Тағамға дәм қосамын,
Қыста тәбет ашамы.
9 –Асугүл Қырыққабат; Оранып
Көп жапыраққа,
Өсіп жатыр
Атырапта.
10 –Құндыз Сәбіз: Көкөніс бұл қалаулы,
Жасамас онсыз Палауды.
11 – Мейіржан Пияз:
Болса да ащы,
Дәмді етер асты.
Өседі ол жерге,
Тығып алып басты.
12 – Шұғыла Қызылша : Жасағанда борщты,
Қосуға оны борышты.
Бұл көкөніс болмаса,
Қызармайды ол аса.
13 –Бота Саңырауқұлақ: Өседі жота, жазықта,
Бойында көп дәрумен
Ел құмар жеуге ас,азық та,
Жасайды одан дәрі де.
14 – Бауыржан Қарбыз: Қарбыз деген қой сойдым
Ой бәріміз бір тойдық.
Сусап тұр ек бәріміз,
Қанып қалды шөліміз.
15 – Мерей Өрік: Мен өрікпін, өрікпін,
Бау бақшаға көрікпін.
Пісіп тұрған кезінде,
Алар екен күздеген.
16 – Нұржан Баялды: Жұп-жуан тұрқы,
Қара-көк түсті сырты,
Қуырмасаң оны,
Жей алмайсың шикік.
17 – Асубек Бұрыш: Бақшамызда өседі,
Керек тағам деседі.
Бар қызыл, көк, сарысы
Ащы- тұщы бәрісі.
18 –Әлібек Жаңғақ: Жаңғақты алындар,
Жаңғақты жарындар.
Жаңғақтың ішінде,
Дәп-дәмді дәні бар.
18 –Ерсұлтан Банан: Мен бананмын,бананмын,
Өзім сондай тәттімін.
Жесе қуат беретін,
Дәруменім көп менін.
19 – Ұлжан Алмұрт: Жүзім жейді бәрі де,
Үлкен- кіші кәрі де.
Жаздан үзіп пісесін,
Күзде жерген түсесін.
20 – Дариға
Ән «Алтын күз» Тәрбиеші: Алтын күз, жаңбырлы күз, жомарт күз, суығы шыңдайтын, сұлулығы арбайтын мәрт күздің тойында
- шаршауды білмеуге!........ (Балалар қайталайды) - көңілді би билеуге!....... (Балалар қайталайды) - әсем сазды ән салып, (Балалар қайталайды) - бір - бірімізге жақсы тілек тілеуге ант етейік! Балалар: Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз! Тәрбиеші: Қане онда..... Қызықтайық бірге, сүйінелік, қыздар биін тамашалайық.
Би «Көбелек биі»
Тәрбиеөі: Күз тойын осыменен тамамдайық « Алтын күз» ертенгілігіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет! Сау болыныздар!