kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Рәміздер сыр шертеді

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға рәміздер туралы мәлімет беріп, оларды қастерлеуге тәрбиелеу. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Рәміздер сыр шертеді»





Сабақтың тақырыбы: Рәміздер сыр шертеді

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға мемлекеттік рәміздер тарихы туралы жаңа ақпараттар бере отырып, жинақтаған білімдерін тиянақтау.
2. Оқушыларды өз ойын, пікірін айта алуға дағдыландыра отырып, жеке тұлға ретінде қалыптасуын дамыту.
3. Өз елі мен жерін сүюге, отанын құрметтей білуге, мемлекеттің құндылықтарын қорғай алуға, мемлекеттің жетістіктеріне қуана біліп, мақтан етуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: ҚР рәміздері, Лондон-2012 Олимпиада жеңімпаздарының суреттері, суретті кітаптар, рәміздер туралы DVD диск.

Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- Оқушылармен амандасу.
- Сабақтың тақырыбын, мақсатын таныстыру.
- Әнұран айту.

ІІ. Негізгі бөлім.
- Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Ел Тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Көне түркі дәуірін айтпағанның өзінде, бергі XV ғасырда Қазақ хандығының да өз байрағы, шекарасы болған. Кеңестік дәуірде де одақтас республикалардың бірі ретінде Қазақстанның Туы, Елтаңбасы, Әнұраны болды. Бірақ бұл толық дербестігімізге, егемендігімізге кепілдік бере алмайтын еді. Біз одақ құрамындағы бодандық құрсауындағы ел едік. Еліміз толық тәуелсіздікке 1991 жылы ғана қол жеткізді. Әлемдік қауымдастық бізді дербес мемлекет ретінде тани бастады.

   Неге мемлекеттік рәміздерге осынша мән беріліп отыр? Өйткені Отанға деген сүйіспеншілік, ел тарихына құрмет мемлекеттік рәміздерге деген құрметтен басталады. Тәуелсіз Қазақстан рәміздері біздің болашағымыздың, еліміздің орнықты, оң үдерісте дамуының ерекше белгілері.
Кеше ғана 31 жылдығы аталып өткен ҚР Конституциясын да Мемлекеттік рәміздердің ажырамас бөлшегі ретінде құрметтей білуіміз қажет. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың басты міндеттері еліміздің осы құндылықтары жайлы сендердің білімдеріңді зерделеу.

- Ой қозғау бөлімі

1. Мемлекеттік рәміздер 1992 жылы, 4 маусымда қабылданды
2. Туға сипаттама :  Ту көгілдір түсті мата, ені 1 м, ұзындығы 2 м, Авторы – Шәкен Ниязбеков.
3. Тудағы бейнеленген элементтер Қандай балдар айтып кетейікші:
4. Елтаңбаның авторлары а  вторлары- Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов
5. Елтаңба элементтері туралы не білеміз( Оқушылар жауаптары тыңдалады)
6. Әнұран жайлы  ақпаратпен  бөлісетін болсақ  а лғашқы гимн 1992 жылы желтоқсан айында қабылданған. Қазіргі Әнұранымыз 2006 жылы қаңтар айында қабылданды
7. Әнұран авторлары жайлы айтып өтсеңдер? (Оқушылар жауаптары тыңдалады)
Мұғалім:
Сонымен рәміздер дегеніміз не?
(мемлекеттердің барлығын бір-бірінен ажырататын және өзіндік бет бейнесін айқындайтын нышан - белгілері)

Қосымша ақпарат:
Мемлекет басшыларын қарсы алу және шығарып салу кезінде сол елдердің Әнұрандары орындалады. Бұл – мемлекеттің екінші мемлекетке ресми түрде көрсеткен жоғары дәрежедегі құрметі. Шетелдегі әртүрлі ресми іс-шараларда, Парламентаралық мәжіліске қатысқан депутаттардың жанында Туымыз тұрады. Шетелдерде Ту екі жағдайда көтеріледі:
- Мемлекет басшысының басқа елге сапары кезінде;
- Олимпиада жеңімпаздары анықталғанда.

Мұғалім:
Балалар, биыл ХХХ жазғы Олимпиада «тұманды альбион» жері Англияда өткенін жақсы білесіңдер. Дүбірлі додада топ жарып, егемен еліміздің абыройын асқақтатқан спортшыларымыздың жетістіктеріне шаттанып үлгердік. Әсіресе алтыннан алқа тағынған толағайларымыздың арқасында Лондон төрінде 7 рет Көк Туымыз биікке көтеріліп, 7 рет Әнұранымыз шырқалды. 7 саны қазақ халқы үшін киелі екені салт-дәстүрімізден белгілі. Біз спортшыларымыздың әрқайсысымен мақтануымыз керек. Олардың мемлекеттің намысы үшін жасаған ерліктерінен үлгі алуымыз керек. Сендер де дәл сол саңлақтарымыз секілді елін сүйер азамат, Отанының басты құндылықтары - туған тілді, дінді, рәміздерді, ата заңды қастерлеп, қорғай алатын тұлға болып қалыптасатындарыңа кәміл сенемін.

ІІІ. Қорытынды бөлім.
Мұғалім:
- Сонымен, балалар, бүгінгі тәрбие сағатын түйіндесек. Ол үшін «Қазақстан» атты сөз жұмбақты бірігіп шешейік:
1. Қазақстан жерін мекендейтін халық? (қазақ)
2. Лондон олимпиадасында жұлқа көтеруден 95 келі, серпе көтеруден 131 келі көтеріп, олимпиялық және әлемдік рекордты бұзған ауыр атлет? (Зульфия Чиншанло)
3. 63 келіге дейін салмақта олимпиялық рекорд жасаған ауыр атлет? (Майя Манеза)
4. Елтаңбаларды зерттейтін ғылым саласы? (геральдика)
5. Елтаңбаның екі жағында не бейнеленген? (пырақ)
6. Еліміз солтүстік батыста қай елмен шектеседі? (Ресей)
7. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астанаға қандай атақ берілді? (Бейбітшілік қаласы)
8. Желтоқсан оқиғасының басты қаһарманы? (Қайрат Рысқұлбеков)
9. Түркияда ҚР Президентіне арналып ескерткіш ашылды. Ескерткіш қай қалада орналасқан? (Анкара қаласында)
Терең тағлымға толы тәрбие сағатында белсенділік танытқандарың үшін рахмет! Елін сүйер, жерін қорғар, салт-дәстүрді қадірлер азамат болуларыңа тілектеспін






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Рәміздер сыр шертеді

Автор: Куаншалиева Лаззат Жексенгалиева

Дата: 12.01.2023

Номер свидетельства: 622926

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Ертегі сыр шертеді  МДТ"
    ["seo_title"] => string(25) "iertieghisyrshiertiedimdt"
    ["file_id"] => string(6) "317164"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460292163"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Бояулар сыр шертеді Ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(35) "boiaular-syr-shiertiedi-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "168694"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423286952"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Кәсіптік мамандықтар сыр шертеді."
    ["seo_title"] => string(36) "k_siptik_mamandyk_tar_syr_shiertiedi"
    ["file_id"] => string(6) "406430"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1491299580"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Сандар сыр шертеді "
    ["seo_title"] => string(21) "sandar-syr-shiertiedi"
    ["file_id"] => string(6) "228413"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1441295864"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Ж?мба?тар сыр шертеді"
    ["seo_title"] => string(27) "zhu-mbak-tar-syr-shiertiedi"
    ["file_id"] => string(6) "278675"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453122140"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства