Ой мен ойын ойыны 9-10 сынып оқушыларына арналған. Ойынның мақсаты: оқушылардың топпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту,тарихы мен мәдениеттерін құрметтей түсулерін нығайту
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«"Ой мен ойын"»
«Ой мен ойын»
Қатысушылар: 9-10 сынып оқушылары
Күні: 09/02/2017
Ойынның мақсаты: оқушылардың топпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту, тарихы мен мәдениетін құрметтеулерін нығайта түсу.
Кіріспе: «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле» деген мақал астында үлкен мән жатқаны анық . Күнделікті біз қаншама адаммен тіл табысамыз, кейде түсініспей қалатын кездеріміз де болады. Бірақ соның кейде ойын арқылы да жеңуге болады екен. Сондықтан өмірлік бүгінгі бір сағат ын ойынға арнасақ. Ол үшін оқушыларды ортаға шақырамын.
Топқа бөлу: «Тіл мен язык»
Ойынның басталуы: «Асықтың алшысы»
1 кезең- Көп сөйлеме. Шарты: Топ ойыншыларына белгілі бір сөз жасырылады. Бірақ ыммен ғана түсіндіріледі. Әр топтағы оқушыға 1 мин уақыт беріледі. Әр жауапқа 1 ұпай.
2 кезең- «Естіп қойма». Шарты: бұл сайыс дыбыссыз режимде өтеді. Топ басшысына топтағы адамдар еріндерін жыбырлата отырып, сөзді жасырады. Қай топтың басшысы бірінші тапса, сол топқа ұпай есептеледі.
3-кезең- «Сөзжұмбақ» . Шарты: Ойыншылардың көздері байланады. Оларға сұрақтар қойылады. Қолдарына әріптер ұстатылады. Сол әріптерден сұрақтың жауабын табады. Әр топқа 3 минут беріледі.
4 кезең – «Мақал- мәтел». Шарты: Топтағы үш оқушы тақтаға шығып, мақалдың мағынасын көрсету үшін сурет салады. Топтағылар сурет арқылы мақалды табады.
5 – кезең – «Өлең өзгерісі». Тақтада әр топқа 4 өлең жасырылады. Өлең жай оқылады. Ойыншылардың өлеңді айтып, орындаушысын табу керек.
6 – кезең-«Хронология». Фотосуреттермен жұмыс. Тақтадағы сандарды суретке сай орналастырады.