kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ойын ар?ылы бала танымын дамыту"

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                   

       Ойын ?мірде ?те ерте жастан басталып, адамны? к?сіпті толы? ме?гергенінше жал?асады. Адамны? ойын ?рекеттеріні? формалары мен ?дістері ж?не мазм?ны ?арапайым сылдырма?тар мен ?оз?алыстар жасаудан, бірте-бірте к?рделі ойындар?а дейін ауысады. Ойын о?у ?рекетіне т?н бір?атар ?асиеттерге ие екені белгілі. М?ны балаларды? білімі мен да?дыларын ?алыптастыру?а ба?ыттауына ма?сатталуы ай?ын к?рсетеді. Ойын т?рбие ??ралы, а?ыл ойды,с?здік ?орды байытады. Мектеп жасына дейінгі балаларды? жан-жа?ты дамуы ?шін ойындарды? ма?ызы ерекше. Ойын ар?ылы баланы? болаша??а деген к?з?арасы ?алыптасады. Орыс ?алымы, д?рігер, педагог К.А.Покровский: «Ойын- к?нделікті бала е?бегі, болаша? ?міріні? бастамасы. Ойын ?стінде баланы? ерте?гі ?мірге деген ?абілеті бай?алады»- деген. Балалар ойын ойнау ар?ылы ?здерін еркін сезінеді. Ойын-мектепке дейінгі балалар ?рекетіні? негізгі т?рі, сонды?тан ол бала ?мірінде т?рбиені? шешуші шарты болып табылады. Бала ?зін ?орша?ан ортаны, ?мір с?ріп отыр?ан айналасында?ы  заттар мен ??былыстарды, адамдар арасында?ы ?арым-?атынасты білуі, сезінуі ойын негізінде ж?зеге асады.Баланы? таным т?сінігі,іс-?рекеті ойыннан бастау алады да болаша? ?мірінде жал?асын табады.                 

Ойын баланы? негізгі ?рекеті. Ойын кезінде баланы? ортамен ?арым-?атынасы ке?ейіп, таным ?абілеті ?седі, ойын ?стінде бала жолдасты??а, к?пшілікке, тап?ырлы??а,ептілікке,адамгершілікке,т?рбиеленеді.                                                         Ойынны? негізгі міндеті:балаларды? а?ыл-ойын дамыту, білімін байыту. Ойын кезінде баланы? ?имыл ?оз?алысы дене бітімін жетілдірсе, іс-?рекеті мен амал т?сілдері ой-сананы? дамуына ы?пал етеді, ал ?арым-?атынас пайымдаулары ?зіндік таным т?сінік, мінез ??л?ы ?дептерін бекіту. Ж?мысымны? ма?саты: балаларды жан-жа?ты т?рбиелеу, оларды? д?ниетанымын жетілдіру, с?здік ?оры мен с?йлеу тілін, эмоциялы? сезімдерін дамыту. Ойын ?стінде балаларды сергіте, ?уанта отырып, белсенді ?рекетке ж?мылдыру, ой-?рістерін дамыту. ?ызы?ты, к??ілді ойындар ар?ылы балаларды? білімдерін жетілдіру, жеке ?асиеттерін ?алыптастыру, к??іл-к?йлерін к?теру.                                       

  1. Ойын ар?ылы бала танымын ?алыптастыру

Ойын-таным процесін дамытуды? негізі бол?анды?тан ?рбір т?рбиеші о?ыту мен т?рбие беруді? мазм?нын ?немі ойын элементтерімен толы?тырып отыруы керек. Саба?та ойын элементтерін ?олдану немесе саба?ты толы?тай ойын т?рінде ?ткізу т?рбиешіден аса біліктілік пен шеберлікті, шы?армашылы? ізденісті талап етеді. Сонды?тан о?у іс-?рекеттеріндегі ойындар?а ?лкен жауапкершілікпен, са?ты?пен ?арау ?ажет. Ойын мазм?нында?ы о?у іс-?рекетін жоспарла?анда к?зделетін ма?сат балаларды? жас ерекшелігі мен психологиялы? ерекшеліктеріне сай ??рылып, оларды шы?армашылы??а жетелей алуы керек. ?йткені ойын ар?ылы ?ана дамы?ан бала болаша?та білімді, ?о?амды? т?жірибені тез ме?геріп, ?зіні? психологиясын жан-жа?ты жетілдіріп, мінез-??л?ын, ерік-жігерін, ?абілетін дамытып, д?ниетанымын ке?ейтіп, о?уды? мазм?нына ?ызы?ушылы?пен ?арайды. Б?дан шы?арылатын ?орытынды: д?рыс та?далып, сауатты т?рде ?йымдастырыл?ан ойын ?ана танымны? дамуына жа?дай жасайды. О?у іс-?рекетінде ойынды д?рыс ?олдану ?шін ?р ойынны? мазм?ны мен ?ткізілу ретін жете білу керек. Т?рбиеші топта?ы ?рбір баланы? мінез-??л?ын, сана сезіміні? жетілу д?режесін, таным ?рекеттеріні? (?абылдау, зейін, ес, ойлау) д?рыс ?алыптасуын ?немі ?ада?алап отыруы ?ажет. М?селен, таным процесіні? бірі- зейін. Зейін дегеніміз не? Зейін- белгілі бір зат?а адам санасыны? ба?ытталуына, т?ра?талуын к?рсететін ??былыс немесе айналада?ы объектіні б?ліп алу, со?ан назар шо?ырландыру, психикалы? ?рекеттерін т?ра?тандыру.

?абылдау процесі дегеніміз не? ?абылдау дегеніміз- заттар мен ??былыстарды? ?з ?асиетімен, б?лшектеріні? жиынты?ымен ?осылып-сезім м?шелеріне тікелей ?сер ету кезінде бейнеленуі. Т?йсіктер ар?ылы адам затты? жеке ?асиеті мен сапасы туралы білім алатын болса, ?абылдау ар?ылы-??былысты? т?тас бейнесін ?абылдайды. Балаларда ?абылдауды? дамуы-т?йсік, ойлау, бай?ау ?рекеттеріні? дамуымен бірге ж?ріп отырады. Ал, ес дегеніміз не? Ес деп сырт?ы заттар мен ??былыстарды? адам миында са?талып, ?айтадан жа??ыртылып, танылып, ?мытылуын айтамыз. Ойда ?алдырылатын не ?айта жа?ыртылатын н?рсені? сипатына ?арай ес т?ртке б?лінеді: ?оз?алыс, образды?, с?з-логикалы? ж?не эмоциялы? болып б?лінеді. Осы?ан байланысты материалдарды жа?сы ме?геру ?шін о?ан ?атты зейін ?ою жеткіліксіз, ол ?шін ал?а ай?ын, ?рі аны? ма?сат ?ою керек.                        

Таным процесіні? ішіндегі е? жо?ар?ысы ойлау процесі. Ал, ойлау дегеніміз не? Ойлау- деп сырт?ы д?ние заттары мен ??былыстарыны? елеулі белгілері бойынша миымызда жалпылай ж?не жанама т?рде с?з ар?ылы бейнелеуін айтамыз. О?у т?рбие процесі бала ?шін ?те ма?ызды. О?у іс-?рекеті арасында та?ырып?а сай балаларды? ойлау ?абілетін бай?ау ?шін «Кім шапша??», «Ойлан, тап»,   т.б ойындар ар?ылы жауап алу?а болады.Сонымен бірге таным процесіні? бірі- ?иял. ?иял – б?л елестерді ?айта ??ру, сырт?ы д?ние заттары мен ??былыстарыны? субъективтік образдарын ?айтадан жа??ыртып, адамны? жеке т?рбиесінде кездеспеген объектіні? бейнесін жасау.  М?селен, тіл дамыту саба?ында бала?а та?ырыпты? мазм?нына ?арай суреттерді к?рсетіп: «Нені бай?ап отырсы?дар, м??ият ?арап алы?дар», деп ескертіп, біраз уа?ыттан кейін оны алып ?ою керек те, бірер минуттан со?: «К?рген суреттерді кім ??гімелеп береді?», деп с?рау керек. ?р бала ?рт?рлі пікірлер айтуы м?мкін, біреуі ке? к?лемде ?зіні? ?иялыны? даму де?гейіні? ке?дігін, ой-?рісін, с?здік ?орыны? байлы?ын к?рсетеді. Ал, кейбір балалар к?рген суреттеріні? мазм?нын толы? айта алмайды, кейбіреуі толы? айтпаса да шамалайды. М?ндай психологиялы? талдауды барлы? о?у іс-?рекеттеріне ?олдану?а болады. Ол т?рбиешіге де бала?а да тиімді. Мектепке дейінгі кезе?де балаларды? дамуы мен ойын ?стіндегі ?р т?рлі іс-?рекеттері олар?а ?здерін ?орша?ан ортаны заттар мен ??былыстарды? т?рлі ?асиеттерін танып білуіне, а?ыл-ойыны? дамуына игі ы?пал етеді.                         

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ойын ар?ылы бала танымын дамыту"»

Өтініш



Баяндама авторы: Тулегенова Саягул Самиғоллақызы



Атырау облысы

Индер ауданы

Жұмыс орны: «Көктем» қазақ орта мектебі

Лауазымы: Мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі

Мекен жайы: Атырау облысы

Индер ауданы

Индер кенті

М. Мөңкеұлы көшесі, 19 а үй

Бағыты: Мектепалды даярлық,

бастауыш сынып секциясы

Байланыс: жұмыс телефоны: 3-00-37

87785693667

Электрондық почта: аslahbolat w



Аңдау хат

Шығармашылық жұмыстың мазмұны тақырыбына сай. Мақсат міндеттерімен жазылған. Баяндамада баланың ақыл-ой белсенділігін дамыту арқылы таным тәрбиесін нығайтудың барлық әдіс-тәсілдері көрсетілген.

Annotation

Report’s content is corresponds to it’s theme. In this report was written how to bring up pre-school children and show a kinds of ways.





Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі

Тулегенова Саягүл Самиғоллақызының

«Ойын арқылы бала танымын дамытудың жолдары»

тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысына



Пікір

Баяндамада қабілеті мол, жан-жақты дамыған балаға білім беруде ойын арқылы бала танымын дамытудың жолдары арқылы білім сапасын арттыру көзделген. Бала танымын дамытудың мақсаты балалардың ақыл-ойын,білім, шығармашылық қабілетін қалыптастыру.Білім сапасын арттырудың бір көзі- ойын болса,әр сабаққа сай танымдық ойын түрлерін қолдану,баяндамада көптеген ойынның әдіс-тәсілдер арқылы бала белсенділігін арттырудың тиімді тәсілдері көрініс тапқан. Бала дүниетанымын дамытудың жолдарын қолдану арқылы баланы ізденімпаздыққа,ойын үстінде балаларды қуанта отырып,ой-өрісін дамыту дағдыларын тәжірбиесін ұсынған.Жас ұрпақты жеке тұжырымды ой-пікірі бар, жеке тұлға ретінде тәрбиелеу ұстаздың басты мақсаты екендігі баяндамада айқын көрсетілген.









Мектеп директоры: О. Дилмукашева

Бастауыш сынып жетекшісі: М.Серикбаева









«Ойын арқылы бала танымын дамытудың жолдары»

Тулегенова Саягул Самиғоллақызы

Индер ауданы Индербор кенті

«Көктем» қазақ орта мектебі

мектепалды даярлық

сынып тәрбиешісі







«Ойын дегеніміз ұшқын,

білімге құштарлықпен еліктеудің

маздап жанған оты.»

В. М. Сухомлинский



Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық меңгергенінше жалғасады. Адамның ойын әрекеттерінің формалары мен әдістері және мазмұны қарапайым сылдырмақтар мен қозғалыстар жасаудан, бірте-бірте күрделі ойындарға дейін ауысады. Ойын оқу әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екені белгілі. Мұны балалардың білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді. Ойын тәрбие құралы, ақыл ойды,сөздік қорды байытады. Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойындардың маңызы ерекше. Ойын арқылы баланың болашаққа деген көзқарасы қалыптасады. Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский: «Ойын- күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады»- деген. Балалар ойын ойнау арқылы өздерін еркін сезінеді. Ойын-мектепке дейінгі балалар әрекетінің негізгі түрі, сондықтан ол бала өмірінде тәрбиенің шешуші шарты болып табылады. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды, адамдар арасындағы қарым-қатынасты білуі, сезінуі ойын негізінде жүзеге асады.Баланың таным түсінігі,іс-әрекеті ойыннан бастау алады да болашақ өмірінде жалғасын табады.

Ойын баланың негізгі әрекеті. Ойын кезінде баланың ортамен қарым-қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өседі, ойын үстінде бала жолдастыққа, көпшілікке, тапқырлыққа,ептілікке,адамгершілікке,тәрбиеленеді. Ойынның негізгі міндеті:балалардың ақыл-ойын дамыту, білімін байыту. Ойын кезінде баланың қимыл қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, іс-әрекеті мен амал тәсілдері ой-сананың дамуына ықпал етеді, ал қарым-қатынас пайымдаулары өзіндік таным түсінік, мінез құлқы әдептерін бекіту. Жұмысымның мақсаты: балаларды жан-жақты тәрбиелеу, олардың дүниетанымын жетілдіру, сөздік қоры мен сөйлеу тілін, эмоциялық сезімдерін дамыту. Ойын үстінде балаларды сергіте, қуанта отырып, белсенді әрекетке жұмылдыру, ой-өрістерін дамыту. Қызықты, көңілді ойындар арқылы балалардың білімдерін жетілдіру, жеке қасиеттерін қалыптастыру, көңіл-күйлерін көтеру.

  1. Ойын арқылы бала танымын қалыптастыру

Ойын-таным процесін дамытудың негізі болғандықтан әрбір тәрбиеші оқыту мен тәрбие берудің мазмұнын үнемі ойын элементтерімен толықтырып отыруы керек. Сабақта ойын элементтерін қолдану немесе сабақты толықтай ойын түрінде өткізу тәрбиешіден аса біліктілік пен шеберлікті, шығармашылық ізденісті талап етеді. Сондықтан оқу іс-әрекеттеріндегі ойындарға үлкен жауапкершілікпен, сақтықпен қарау қажет. Ойын мазмұнындағы оқу іс-әрекетін жоспарлағанда көзделетін мақсат балалардың жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктеріне сай құрылып, оларды шығармашылыққа жетелей алуы керек. Өйткені ойын арқылы ғана дамыған бала болашақта білімді, қоғамдық тәжірибені тез меңгеріп, өзінің психологиясын жан-жақты жетілдіріп, мінез-құлқын, ерік-жігерін, қабілетін дамытып, дүниетанымын кеңейтіп, оқудың мазмұнына қызығушылықпен қарайды. Бұдан шығарылатын қорытынды: дұрыс таңдалып, сауатты түрде ұйымдастырылған ойын ғана танымның дамуына жағдай жасайды. Оқу іс-әрекетінде ойынды дұрыс қолдану үшін әр ойынның мазмұны мен өткізілу ретін жете білу керек. Тәрбиеші топтағы әрбір баланың мінез-құлқын, сана сезімінің жетілу дәрежесін, таным әрекеттерінің (қабылдау, зейін, ес, ойлау) дұрыс қалыптасуын үнемі қадағалап отыруы қажет. Мәселен, таным процесінің бірі- зейін. Зейін дегеніміз не? Зейін- белгілі бір затқа адам санасының бағытталуына, тұрақталуын көрсететін құбылыс немесе айналадағы объектіні бөліп алу, соған назар шоғырландыру, психикалық әрекеттерін тұрақтандыру.

Зейін

Ойлау

есте сақтау





Қиял

Қабілеті

Таным әрекетін қалыптастыру





Сезім

Ерік







Қабылдау процесі дегеніміз не? Қабылдау дегеніміз- заттар мен құбылыстардың өз қасиетімен, бөлшектерінің жиынтығымен қосылып-сезім мүшелеріне тікелей әсер ету кезінде бейнеленуі. Түйсіктер арқылы адам заттың жеке қасиеті мен сапасы туралы білім алатын болса, қабылдау арқылы-құбылыстың тұтас бейнесін қабылдайды. Балаларда қабылдаудың дамуы-түйсік, ойлау, байқау әрекеттерінің дамуымен бірге жүріп отырады. Ал, ес дегеніміз не? Ес деп сыртқы заттар мен құбылыстардың адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын айтамыз. Ойда қалдырылатын не қайта жаңыртылатын нәрсенің сипатына қарай ес төртке бөлінеді: қозғалыс, образдық, сөз-логикалық және эмоциялық болып бөлінеді. Осыған байланысты материалдарды жақсы меңгеру үшін оған қатты зейін қою жеткіліксіз, ол үшін алға айқын, әрі анық мақсат қою керек.

Таным процесінің ішіндегі ең жоғарғысы ойлау процесі. Ал, ойлау дегеніміз не? Ойлау- деп сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының елеулі белгілері бойынша миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнелеуін айтамыз. Оқу тәрбие процесі бала үшін өте маңызды. Оқу іс-әрекеті арасында тақырыпқа сай балалардың ойлау қабілетін байқау үшін «Кім шапшаң?», «Ойлан, тап», т.б ойындар арқылы жауап алуға болады.Сонымен бірге таным процесінің бірі- қиял. Қиял – бұл елестерді қайта құру, сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңғыртып, адамның жеке тәрбиесінде кездеспеген объектінің бейнесін жасау. Мәселен, тіл дамыту сабағында балаға тақырыптың мазмұнына қарай суреттерді көрсетіп: «Нені байқап отырсыңдар, мұқият қарап алыңдар», деп ескертіп, біраз уақыттан кейін оны алып қою керек те, бірер минуттан соң: «Көрген суреттерді кім әңгімелеп береді?», деп сұрау керек. Әр бала әртүрлі пікірлер айтуы мүмкін, біреуі кең көлемде өзінің қиялының даму деңгейінің кеңдігін, ой-өрісін, сөздік қорының байлығын көрсетеді. Ал, кейбір балалар көрген суреттерінің мазмұнын толық айта алмайды, кейбіреуі толық айтпаса да шамалайды. Мұндай психологиялық талдауды барлық оқу іс-әрекеттеріне қолдануға болады. Ол тәрбиешіге де балаға да тиімді. Мектепке дейінгі кезеңде балалардың дамуы мен ойын үстіндегі әр түрлі іс-әрекеттері оларға өздерін қоршаған ортаны заттар мен құбылыстардың түрлі қасиеттерін танып білуіне, ақыл-ойының дамуына игі ықпал етеді.

Таным процесі

ойлау

қиял

ес

зейін





Сыртқы заттардың бала миында сақталуы,жаңғыртылуы мен танылуы

Сыртқы заттар мен құбылыстардың елеулі белгілерінің мида жалпылай немесе жанама түрде сөз арқылы бейнелеуі

Бұл елестерді қайта құру,сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның жеке тәрбиесінде кездеспеген бейнесінде жасау

Белгілі бір затқа бала санасының бағытталуы









Сондықтан да үлкендер балалардың әр нәрсенің мән-жайын танып білуге деген ықыласын үнемі қамқорлықпен бағыт - бағдар беріп отыруы тиіс. Өйткені олардың танымы мен қабылдау қасиеті сол әрекет кезінде жетіле түседі. Демек, белгілі бір заттар туралы түсінігі толығымен еске байланысты анықталады да олардың әлі жалпылаудың обстракциялық тәсілін меңгере алмағаны айқын байқалады. Осылайша баланың ең алғашқы дүниетанымы қалыптаса бастайды. Мектепке дейінгі балалардың психикалық дамудың келесі бір маңызды сатылары- қиялының дамуы мен өз мінез-құлқын басқаруы болып табылады. Бұл баланың ес процесімен тығыз байланыста болады да мұнан әрі қарай аталған танымдық процестер ерік, әрекеттерінің сипаттарын білдіретін процестермен тығыз байланыста дамиды. Біртіндеп қиындап отыратын ойын іс-әрекетінің міндеттері балаға алға жүруді, өз шығармашылық қасиеттерін дамытып, өздігінен жетілуге мүмкіндік береді.

2.Мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесі мен дүниетанымын

нығайтуға арналған ойындардың әдіс-тәсілдері

Тәрбиеші-педагог мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда, оның көзін ашуда басты тұлға. Қазіргі таңда балалардың танымдық белсенділігін арттыру мәселесі жоғары деңгейде шешіліп, оқытудың жаңа технологиясы енгізіліп, сапалы нәтижелері байқалып отыр.Балалардың танымдық қызығушылығын дамыту мақсатында ойындардың маңызы зор. Ойын дегеніміз баланың көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырлықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің тағы басқа да сапалық қасиеттердің қалыптастырудаОйын баланың қисынды дамуын,зейінін,есін,белсенбілігін қалыптастыруда. Ойын түрлері өте көп.Олар ойын-жаттығулары, сергіту ойындары, дидактикалық ойындар. Ойындар арқылы балалардың танымдық әрекеттері дамиды, өйткені ойын барысында

Қимыл қозғалыс

дидактикалық

Ертегі қойылымдары

Ойын



Ойын жаттығулары



Сергіту және саусақ





білім алып, оларды елестету, есте сақтау, ойлау, сөйлеу қасиеттері жетіледі. Ойын сабақты түрлендіре түседі, сабақты тартымдылығын арттырып, баланың ынтасын, белсенділігін күшейтеді. Ойын арқылы өздігінен жұмыс істеуге, қорытынды жасай білуге машықтанады.

Жалпы танымдық ойындарға келетін болсақ, танымдық ойындар негізінен мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілітінің дамуына үлкен көмек көрсетеді. Танымдық ойындар көбіне қоршаған ортамен таныстыруда түсіну мен қабылдаудан басталады. Олардың даму деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын қоршаған өмірді тану соғұрлым мол болады. «Не қайда қонады?», «Қуыршақты киіндіру», «Қайсы ненің дауысы?», «Жемістер мен көкөністер» т.б зияткерлік ойындар бала қиялын дамытып, мүмкіндіктерін ашып, жаңалыққа, бәсекелестікке ұмтылуға, танымдық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

3.Балалардың танымдық қабілетін нығайтудың дидактикалық

ойындардың маңызы

Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Дидактикалық ойындар-балалар үшін өзіне тән жүру барысы бар, мақсаты бар ойын түрі. Дидактикалық ойындар екі мақсатты көздейді, танымдық, яғни тану, іздену әрекеті және тәрбиелік. Дидактикалық ойын: заттық, сөздік, үстел үсті ойындары. Заттық дидактикалық ойындар- дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады. Көру қабілеті, зейін және есін дамытуда мына ойындарды ойнатамын.

Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар: «Лото», «Домино», «Кубиктер»Мысалы, кубиктер арқылы үй жануарларын топтастыру, кубизм әдісі арқылы үй жануарларының біреуінің жеке қасиеттерін сипаттау т.б Сөздік дидактикалық ойындар- баланың таза, анық сөйлеуіне мүмкіндік береді. Сөздік ойындар тіл дамыту, қоршаған ортамен таныстыру, көркем әдебиет сабақтарында қолданылады. Мысалы: «Не қайда өседі?» «Суреттін жұбын тап», «Кім табады?» т.б Дидактикалық ойынның ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті талап етеді.Ойындарды өткен сабақты қорытындылау кезінде пайдаланған өте тиімді. Ойын түрлерін белгілі бір мақсатта таңдап алу керек. Дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, сабақта меңгерген материал туралы түсінігін кеңейту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ойындарды тақырыбына сай, мақсатына сай таңдап алдым. «Тіл байлығын дамыту» атты ашық оқу-әрекетінде де осындай түрлі дидактикалық ойындарды пайдаланып, балаларға үй жануарлары туралы білім бердім.Сабақтың тақырыбы:Үй жануарлары мен олардың төлдері. Сабағымның мақсаты: Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту.Дамытушылық: үй жануарларына байланысты тақпақтар мен мақал-мәтелдерді қайталай отырып, сұрақ-жауап арқылы тіл байлығын дамыту. Тәрбиелік: үй жануарларына қамқорлық жасауға үйрету. Әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын.Көрнекілігі: слайд-шау, проектор, суреттер,әліппе дәптер, лазер,ойыншықтар.Жүру барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. 2.Қызығушылығын ояту.Жұмбақ шешу. (шешу арқылы,әрбір жауаптағы жануарлардың суретін шығарып ілу.1.Кезікті бір жануар,үстінде екі тауы бар.2.Желп-желп етіп сақалы,қолынан дәм татады. Балалар бұлардың балығын бір сөзбен қалай атаймыз?Олар қайда мекендейді? «Үйде, қорада» 4. «Айнытпай сал» ойыны.Олай –былай жүгіріп,ала мысық ойнайды.Аша алмаса есікті,дыбыстайды ол қалай.5. Әліппе дәптермен жұмыс.6.Сергіту сәті.Шип-шип шөжелерім.(Музыкамен) Сонымен балалар үй жануарларына нелер жатады?7.Үй жануарларының пайдасы.Сиыр-зеңгі баба тұқымы.Түйе-төрт түліктің төресі.Жылқы-жер жүзінің бәріне.Қой-төрт түліктің ішіндегі ең момыны.8.Дид ойын «Қайсы ненің даусы?» мақсаты: Баланың есту,зейіні,тез ойлау қабілетін дамыту.9.Қортындылау. Сабаққа жақсы атсалысқан балаларға медальдар әкелдім.(балаларға тарату)

-Сабақты қорыта келе сендерге айтарым,үй жануарларына қамқор болып жүруіміз керек.Олар бізден үнемі қамқорлық күтеді.



Балалардың ақыл-ой белсенділігін дамыту, таным тәрбиесін нығайту мақсатында күнделікті тәрбие жұмысымда қазақ әдебиеті үлгілерін: санамақтар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар қолданамын. Халқымыз өзінің бай салт дәстүрлеріне өскелең ұрпаққа өнеге көрсетіп, оның ақыл-ойы мен қиялын, дүниетанымымен тілін дамытуға жете мән береген. Санамақтар- балалардың ойлау қабілетін дамытады, сандарды ретімен санауға үйренеді, тілдері дамып, сөздік қоры молаяды. Жұмбақтар шешу- жасырын тұрған ойдың нені меңзеп тұрғанын ойлап табу баланың ми қыртыстарының жұмысын шыңдайды. Ойлау, қиялдау қабілеттерін дамытады. Мақал-мәтелдер- бір ауыз сөзге айтылар бар ойды сиғызатын осы бір халық ауыз әдебиетінің саласын пайдалану арқылы бала тілі дамып, сөздік қоры молаяды. Ұлттық ойындар- ата-бабамыздан бізге жеткен, өткенмен бүгінгіні жалғастырып баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны күнделікті оқу тәрбие үрдісінде пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор екені сөзсіз.

Қорытынды

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деп елбасымыз айтқандай, өз Отанын шексіз сүйетін, еліміздің болашағына, оның гүлденуіне аянбай үлес қосатын білімді жеткіншектерді даярлау үлкен міндет. Осы міндетті орындау ата-аналар мен тәрбиеші ұстаздардың басты мақсаты. Баланы болашақ өмірге, белсенді еңбекке даярлауға, ақыл-ойы, адамгершілігі мен ойлау қабілетін қалыптастыруда балаға құрметпен қарау қажет. Сонымен қатар түрлі мерекелік шараларда, сабақтарымда балалардың танымын дамытатын осы көрсетілген ойын түрлерін ұйымдастырып тұрамын.

Көрсетілген жұмыс түрлері бала үшін өмірде қажет екендігін көрсетіп отыр. Яғни, шығармашылық деңгейін көтеріп, қызығушылығын арттырады.Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымыдастырушылық қабілетін арттырады.Бүгінгі күн талабы-баланың ақыл -ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойын жүрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқытудың және тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы-ойын әрекеті.Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлімдік- тәрбиелік,іс-әрекеттерді игерумен бірге ойлау, елестету, тағы басқа да қабілеттерінің танымдық, іскерлік, шығармашылық дамуын қамтиды.Қортындылай келе мектепалды сынып тәрбиешісі ең озық педогог, психолог иесі болу керектігіне көз жеткіздім. Бес-алты жастағы бала танымы дамып,жеке тұлғаға айналдыру әр тәрбиешінің басты міндеті.Сондықтан бала жүрегіне жылылық ұялатып, қабілетімен дарынын ашу әр тәрбиешінің алдына қойылған ең басты міндеті деп есептеймін. Болашақта бұл балалардан дарынды, қабілетті балалар шығады деп нық сеніммен айта аламын. Осы жұмысымның көмегімен мен өзіме дидактикалық материалдар жинақтап, өзіндік зерттеу мен бақылау жұмыстарын жүргіземін. Бұл жұмысымның бастамасы ғана, алда талай қызықты да, өзекті мәселелерді қозғап, жұмысымды жалғастырамын.



































Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Бондаренко А.К «Дидактикалық ойындар» 1991 жыл

2. «Отбасы және балабақша» №4 2004 жыл

3. А.В.Фарков «Дидактикалық ойындар»

4. «Отбасы және балабақша» №2 2010 жыл

5. «Отбасы және балабақша» №4 2011 жыл

6. «Отбасы және балабақша» №11 2011 жыл

7. Бастауыш мектеп №11 2011 жыл

8. Қазақстан мектебі журналы. №6 2010ж

9. «Мұғалім және заң» журналы. №6 2009ж

10. Қазақстан мектебі журналы №2 2012ж



















I.Кіріспе

Ойын арқылы бала танымын қалыптастыру

II.Негізгі бөлім

1.Мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесі мен дүниетанымын нығайтуға арналған ойындардың әдіс-тәсілдері.

2.Балалардың танымдық қабілетін нығайтудағы дидактикалық ойындардың маңызы.

III.Қорытынды.

Бүгінгі күн талабы-баланың ақыл -ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойын жүрік етіп тәрбиелеу.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
"Ойын ар?ылы бала танымын дамыту"

Автор: Тулегенова Саягул Самигуллиевна

Дата: 20.02.2016

Номер свидетельства: 296313

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(137) "«Мектепке дейінгі тәрбиешінің музыка оқу іс-әрекетіндегі рөлі!» (Баяндама)"
    ["seo_title"] => string(80) "miektiepkie_dieiinghi_t_rbiieshinin_muzyka_ok_u_is_riekietindieghi_roli_baiandam"
    ["file_id"] => string(6) "396133"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1488191697"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(146) "Бастауыш сыныпта а?паратты?  - коммуникациялы? технологияларды тиімді пайдалану"
    ["seo_title"] => string(84) "bastauysh-synypta-ak-parattyk-kommunikatsiialyk-tiekhnologhiialardy-tiimdi-paidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "330274"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1464177513"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства