Арайлап атқан бейбіт таңы бар, асу бермес асқар - асқар тауы бар. Кең жазиралы мекенді, қонақжай, жомарт халқы бар еліміз – Қазақстан. Біз 29 жылда үнемі даму үстіндеміз.
Бүгінгі біздің дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі – осы тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп, құрметтеп келер ұрпаққа аманаттап тапсыруға тиіспіз, оны ішкі - сыртқы дұшпандардан сақтауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ.
Қазақстан!
Туымен тұғырлы.
Елтаңбасымен еңселі.
Әнұранымен айбатты
«Тәуелсіздік – халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі» деп Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай оңай келген жоқ. Бұл Тәуелсіздік бізге қазақтың басы мен жұлын жүйкесі Кенесары арқылы, қайқы қара қылышты Бауыржан арқылы, уыз сезімді Қайраттар арқылы келді. Сондықтан оны аялауымыз керек. Біздің еліміз көптеген елдерге танылды. Қайда жүрсек те Отанымызды мақтан тұтуымыз керек.
Тәуелсіз 25 жыл туыңды биік ұстадың,
Көтерді халық уақыттың қатал қыспағын.
Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!
О, кең дала!
Ен қызыққа батқаның.
Шалқып толқып, бақытты боп жатқаның.
Халқымыздың қуанышын молайтқан,
Егемендік сенің алып жатқаның.
Жеткен арман, жаса тәуелсіздігім,
Өз қолыма берген ерік тізгінін.
Ие болған әлем ілтипатына,
Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін.
Қына көктеп қоңыр қырдың тасында,
Бастағандай көгім бүгін ашыла.
Еңсесі тік, егеменді ел болып.
Бақыт қонды қазағымның басына.
Сарыарқа сайран төріміз,
Кең байтақ біздің жеріміз.
Егемендікке қол жетіп,
Тәуелсіз болды еліміз.
Ұмытпаймыз біздер әрқашан,
Тағдырдың берген бұл сыйын.
Еліміз болып тойлаймыз,
Тәуелсіздіктің біз күнін!
Тәуелсіздік ырысым мен қазынам!
Ол - әсем ән,
Жан тынығар сазынан.
Әнұраным шалқығанда асқақтап
Жаздай жайнап
Құрысымнан жазылам.
Бүгінде тәуелсіздіктің туын тігіп, еңсемізді тік көтеріп жатқан тұста Елбасымыздың еңбегін айтпай кету мүмкін емес.
Н. Ә. Назарбаевтың тағы бір ерлікке пара - пар еңбегінің жемісі, сарабдал саясатының бірі – астанасы Ақмола қаласында көшіруі еді. Астанамыз – Ақмола қаласына 1997 жылы көшіріліп, 1998 жылдан бастап Астана атауымен қайта жаңғырып келеді.
Тәуелсіздік күні – Қазақ елі тарихында ең атаулы күн, сан ғасырлық арманының орындалған күні.
Алғаш рет қазақ халқы өз тағдырын өзі айқындап шешуге мүмкіндік алды.
Егемендік алғаннан бері Қазақстан өзін әлемге әйгілі, бейбіт мемлекетте өмір сүретін ретінде танытты.
Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақсыңдар!