kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Наурызым мерекем - наурызым берекем"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:  

«Наурызым- мерекем, Наурызым- берекем»

Ма?саты:
1. Хал?ымызды? ?асырлар бойы ?алыптасып, д?ст?рлі т?рде тойланып келген жыл басы – Наурыз мерекесіні? ?асиеті мен д?ст?рінен сыр шерту. ?рпа?тар санасына ?лтты? та?ылым мен ?лтты? салт-д?ст?рлерден хабар беру.
2. Хал?ымызды? мол м?расын саналарына сі?іре отырып, та?ылым алу?а жетелеу.
3. ?лтты? т?рбие к?зінен н?р алу?а т?рткі жасау.
Ту?ан хал?ыны? бай  ауыз ?дебиетін ?адірлеуге, салт-д?ст?рін пір т?ту?а, ?лтты? та?ылымдармен сусындап ?сетін хал?ыны? азаматы болу?а баулу.


Т?рі, формасы: Мерекелік кеш.


?діс-т?сілі: Сахналы? к?ріністер,  ?лтты? ойындар.

 К?рнекілігі: ?анатты с?здер, ша?ыра?.

Би ?ыздар Наурыз Думан

1- ж?ргізуші:

  Ты?да?ыздар, ты?да?ыздар!

  Бос?а ?арап т?рма?ыздар!

  Наурыз тойы басталды!

  К?рген де арманда,

  К?рмеген де арманда,

  ?ызы?тан тыс ?алма?ыздар!

2- ж?ргізуші:

  Ты?да?ыздар, ты?да?ыздар!

  ?лыс тойы басталды.

  Наурыз тойын к?теріп,

  Жар салайы? ?лемге.

  К?рмегендер к?рі?дер,

  Естімегендер есті?дер.

  Дабылын наурызды? ?ажайып,

  Ша?ырамыз б?рі?ізді ?лысты? ?лы к?ніне!

Арда?ты  а?айын !  ?адірменді  ?ауым !

Б?гінгі ?лысты?  ?лы к?ні  - Наурыз тойын  ашу  ?шін  с?з Смирнов орта мектебіні? директоры Мулдашев Самат.Ба?ытжан?лына  беріледі!

2- ж?ргізуші:

  Жар?ыра, жайна Наурызым,
  ?аба?ы жауды? т?йілсін.
  Береке-байлы? –д?м-т?зы?,
  Хал?ыма м??гі б?йырсын

СІЗДЕРДІ? АЛДАРЫ?ЫЗДА Сахналы? к?рініс

   К?Й ОЙНАЛАДЫ.

Б?ЙБІШЕ,КЕЛІН- КЫЗЫМЕН ?Й-ІШІН ЖИНАЙ ОТЫРЫП, ДАСТАРХАН ЖАСАП Ж?Р.

Б?ЙБІШЕ: «ЖАЛ?ЫС ШАЛА С?УЛЕ БОЛМАС» БИЬМИЛЛА РАХМАН -РАХИМ (?ОС  ШЫРА? ЖА?АДЫ)  ?ЫЗЫМ, ЖА?А ЖЫЛ М?НТАЗДАЙ  ТАЗА ?ЙГЕ  КІРУ,ОЛ ?Й АУРУ СЫР?АУДАН,Б?ЛЕ, ЖАЛАДАН  АМАН  БОЛАДЫ ДЕГЕН ?Й ІШІН ЖИНАСТЫРЫП БОЛДЫ? БА?

?ЫЗ: И? АПА,ЕНДІ ДАСТАРХАН НЕ ?ОЯМЫЗ?

Б?ЙБІШЕ: ЖЫЛ БОЙЫ А? МОЛ ДЕП, С?Т, АЙРАН,УЫЗ. МОЛШЫЛЫ? БОЛСЫН,ЕГІН ?НІМДІ БОЛСЫН ДЕП,БИДАЙ, ТАРЫ,Ж?ГЕРІ. ЖАУЫН-ШАШЫН К?П БОЛСЫН ДЕЛ, ЫДЫСТЫ? Б?РІН ТОЛТЫРЫП ?ОЯДЫ ЕЖЕЛДЕН.

Бала кіреді: Апа, апа ?она?тар келе жатыр.

Б?йбіше:: ?лыс к?ні ?лыста ауылдан-ауыл?а, ?йден-?йге ж?ріп, аманды? с?расар ежелден ?ал?ан салт ?ой.  ?она?ты? келгені жа?сы. ?арсы ал, айналайын.

?она?тар:Ассалаума?алейкум! Амансыздар ма? ?лыс о? болсын!

Б?йбіше:Алла?а ш?кір. ?здері?ізді? ат-к?ліктері?із аман жетті ме? Т?рлеті?іздер!

?она?:Ауру-сыр?ау,п?ле-жаладан амансыздар!

Б?йбіше:Ш?кір! ?она?тар?а сусын бер,  ?ызым!

?она?:Айтпа?шы, ота?асы ?айда еді?

Б?йбіше:Балаларды ертіп та?с?ріден кеткен, б?ла? басына. Б?ла?ты? к?зін тазартып, а?аш отыр?ызба? ниетте, келіп те ?алар. «ана ??т жарыл?а» деп ашыл?ан б?ла? к?зіне май ??йып жа?а егілген а?аштар?а а? б?ркемекші.

?она?:Ж?н-а?, «Атадан бала?а мал ?ал?анша,тал ?алсын» демей ме.

(Ота?асы кіреді)

?она?: Ассалаума?алейк?м, ота?асы! Мал-ж

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Наурызым мерекем - наурызым берекем"»


Тақырыбы: «Армысың, Әз- наурыз»

«Наурызым- мерекем, Наурызым- берекем»


Мақсаты:
1. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, дәстүрлі түрде тойланып келген жыл басы – Наурыз мерекесінің қасиеті мен дәстүрінен сыр шерту. Ұрпақтар санасына ұлттық тағылым мен ұлттық салт-дәстүрлерден хабар беру.
2. Халқымыздың мол мұрасын саналарына сіңіре отырып, тағылым алуға жетелеу.
3. Ұлттық тәрбие көзінен нәр алуға түрткі жасау.
Туған халқының бай ауыз әдебиетін қадірлеуге, салт-дәстүрін пір тұтуға, ұлттық тағылымдармен сусындап өсетін халқының азаматы болуға баулу.


Түрі, формасы: Мерекелік кеш.


Әдіс-тәсілі: Сахналық көріністер, ұлттық ойындар.


Көрнекілігі: Қанатты сөздер, шаңырақ.


Би қыздар Наурыз Думан


1- жүргізуші:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар!

Наурыз тойы басталды!

Көрген де арманда,

Көрмеген де арманда,

Қызықтан тыс қалмаңыздар!


2- жүргізуші:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Ұлыс тойы басталды.

Наурыз тойын көтеріп,

Жар салайық әлемге.

Көрмегендер көріңдер,

Естімегендер естіңдер.

Дабылын наурыздың ғажайып,

Шақырамыз бәріңізді ұлыстың ұлы күніне!

Ардақты ағайын ! Қадірменді қауым !

Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні - Наурыз тойын ашу үшін сөз Смирнов орта мектебінің директоры Мулдашев Самат.Бақытжанұлына беріледі!

2- жүргізуші:

Жарқыра, жайна Наурызым,
Қабағы жаудың түйілсін.
Береке-байлық –дәм-тұзың,
Халқыма мәңгі бұйырсын


СІЗДЕРДІҢ АЛДАРЫҢЫЗДА Сахналық көрініс


КҮЙ ОЙНАЛАДЫ.

БӘЙБІШЕ,КЕЛІН- КЫЗЫМЕН ҮЙ-ІШІН ЖИНАЙ ОТЫРЫП, ДАСТАРХАН ЖАСАП ЖҮР.

БӘЙБІШЕ: «ЖАЛҒЫС ШАЛА СӘУЛЕ БОЛМАС» БИЬМИЛЛА РАХМАН -РАХИМ (ҚОС ШЫРАҚ ЖАҒАДЫ) ҚЫЗЫМ, ЖАҢА ЖЫЛ МҰНТАЗДАЙ ТАЗА ҮЙГЕ КІРУ,ОЛ ҮЙ АУРУ СЫРҚАУДАН ,БӘЛЕ, ЖАЛАДАН АМАН БОЛАДЫ ДЕГЕН ҮЙ ІШІН ЖИНАСТЫРЫП БОЛДЫҢ БА?

ҚЫЗ: ИӘ АПА,ЕНДІ ДАСТАРХАН НЕ ҚОЯМЫЗ?

БӘЙБІШЕ: ЖЫЛ БОЙЫ АҚ МОЛ ДЕП, СҮТ, АЙРАН,УЫЗ. МОЛШЫЛЫҚ БОЛСЫН,ЕГІН ӨНІМДІ БОЛСЫН ДЕП,БИДАЙ, ТАРЫ ,ЖҮГЕРІ. ЖАУЫН-ШАШЫН КӨП БОЛСЫН ДЕЛ, ЫДЫСТЫҢ БӘРІН ТОЛТЫРЫП ҚОЯДЫ ЕЖЕЛДЕН.

Бала кіреді: Апа, апа Қонақтар келе жатыр .

Бәйбіше:: Ұлыс күні Ұлыста ауылдан-ауылға, үйден-үйге жүріп, амандық сұрасар ежелден қалған салт қой. Қонақтың келгені жақсы. Қарсы ал, айналайын.

Қонақтар:Ассалаумағалейкум! Амансыздар ма? Ұлыс оң болсын!

Бәйбіше:Аллаға шүкір. Өздеріңіздің ат-көліктеріңіз аман жетті ме? Төрлетіңіздер!

Қонақ:Ауру-сырқау,пәле-жаладан амансыздар!

Бәйбіше:Шүкір! Қонақтарға сусын бер, қызым!

Қонақ:Айтпақшы, отағасы қайда еді?

Бәйбіше:Балаларды ертіп таңсәріден кеткен, бұлақ басына. Бұлақтың көзін тазартып, ағаш отырғызбақ ниетте, келіп те қалар. «ана құт жарылқа» деп ашылған бұлақ көзіне май құйып жаңа егілген ағаштарға ақ бүркемекші.

Қонақ:Жөн-ақ, «Атадан балаға мал қалғанша,тал қалсын» демей ме.

(Отағасы кіреді)

Қонақ: Ассалаумағалейкүм, отағасы! Мал-жаныңыз аман ба? Дені-басыңыз сау ма?Ұлыс бақты болсын! Төрт түлігіңіз ақты болсын!

Отағасы: (салқындау) Рахмет,айтқаныңыз келсін!Ауыл-аймақ,ел-жұрт аман ба?Бүгін ауада жел жоқ сияқты,айдап келді дейіндей.

Қонақ:әй,құрдас,маған деген ішіндегі өкпеңді жөні бар еді.Мынау Ұлыстың ұлы күні алдыңнан өтіп кешірім сұрайын деп әдейі келдім. Менен бір білместік өтті. Ішіндегі өкпең мен ызаң ескі жылмен бірге кетсін... Кеш, қатемді.

Отағасы: К-м (жөткірінгенде бәйбіше тыйылыпқалады). Басқа күні келгенде,жағдайыңның қалай боларын кім білген? Ұлыс үшін кешірмеске шарам жоқ. Орайын таптың неде болса.

Бәйбіше: «Ер шекеспей,бекіспейді» деген осы –ау. Бұдан былай тату болайық, пәле жала аулақ кетсін.

Отағасы: Бүгін барлық үйлерді қадірлі Қыдыр ата аралап жүр деп естідім, қазір бізге де келіп қалар. Ақ батасын алып, жыл бойы амандықта көрісейік.


1- жүргізуші:

Ұлы күнде халайық,

Қалай қарап қалайық,

Сәйгүліктей ағайық,




Жасын болып жанайық.

Ортамызға шақырып,

Бабамыздың Қыдырдай

Ақ батасын алайық!



2- жүргізуші:

Наурыз болып бізге сын,

Кержалқаулар торықсын.

Талапты мен іскерге

Қыдыр келіп жолықсын!


Бірге:

Қыдыр ата, Қыдыр ата келеді,

Қыдыр ата бізге бата береді!

Отағасы: Төрлетіңіз, жайғасыңы!

1- жүргізуші:

Осы тойға батасын берсін деп Кыдыр атаға сөз берейік.

Қыдыр Баба: (Нұрлыбек)

Армысыздар жамағат!

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Қайда барсаң жол болсын.

Жаңа жыл бақыт жылы болсын!

Малың тоқ, уайым, қайғың жоқ болсын.

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін!

Дастарқанымыздан дәм кетпесін,

Көңілімізден сән кетпесін.

Ұрпақ, ұлыс аман болып

Өмірімізден мән кетпесін.

Құдай пейілімізді тарылтпасын,

Қуаныштан арылтпасын.

Халқым ешбір қамықпасын,

Қасиеті шарықтасын!!!

Менің берген бұл батам-

Ұлыс күнге сақтап жүрген сұр батам! Әумин!!!


Жыршы: (Рахат )

Қыдыр ата, мен жас жыршымын, енді жырымды тыңдасаңыз.

Уа, құдайым, оңдасын,

Жаманшылық болмасын.

Әруақ біткен жар болып,

Қызыр бабам қолдасын.

Аман сақтап, төл басын,

Еккен егін солмасын.

Орта толып ырысқа,

Бейбіт өмір орнасын.

Бақыт ашып қақпасын,

Мәңгі бақи жаппасын.

Пәле – жала қазақты,

Іздесе де таппасын.

Әумин!


Қыдыр ата:

Әумин! О-о, көп жаса балам, ниетің қабыл болсын!



Отағасы: Ал,шаруанды тындырдың. Енді қорқатын ештеңе жоқ. Қане, дауысыңды сағындық.Бір ән йтып жіберші.

Қонақ: Біз жалғыз келмей, балаларымызды ертіп әкелдік,соларды тыңдайық.


Отағасы: Қыдыр ата, бізбен бірге Наурызға арналған балалардың ән-жырын

тыңдаңыз.

1 – Жүргізуші:

Еңбек пенен тірлікті.

Салт-дәстүрмен жарасса,

Қайта құрып жаңаша,

Жарыса өнер көрсетіп,

Той тойлайық тамаша!

Ортаға 5- сынып оқушыларын шақырамыз . (Ән және салт- дәстүрді көресетеді.)

  1. жүргізуші:

Армысың ауылымның асылдары

Жайнасын көңіліңнің жасыл бағы.

Сендер үшін, ән мен күй, өлең мен би,

Сендер үшін Наурыз той шашулары.

Апалар шашу табақтарын ұсынады, олар көрермендер залына түседі де, көпшілікке шашу шашады. Шашу жыры сахна сыртында ағылады.

2- жүргізуші.

Тұсауын кесіп сәбидің бар да жылдам,

Құр қалмасын өмірдің сайранынан

Шапқыласын туған жер төсінде еркін

Қыз қызғалдағын құлпырып елімде жайнап жүрсін.

Ала жіппен тұсау кесу баланы келешекте, ешкімнің ала жібін аттамай, адал болып өссін деген ниетпен туған. Олай болса, қазір тұсау кесу рәсіміне назар аударыңыздар. Баланың тұсауын ала жіппен кесейік.



Сахна төріне 6- сынып оқушыларын шақырамыз (Салт- дәстүр және ән)

2- жүргізуші:

Көргенде қуанасың таза әуені

Құлаққа естімегендей жаз әуені.

Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,

Наурызың құтты болсын – Қазақ елі!


1- жүргізуші:

Салтымен ата – бабамның

Жаңғырды қайта заманым.

Жаңа жыл басы – бұл Наурыз

Қайырлы болсын қадамың!

Ортаға 8- сынып оқушыларын шақырамыз (Салт- дәстүр және би)


2- жүргізуші:

Тамаша екен салтымыз,

Тамаша екен халқымыз.

Наурыздан қалар көңілге,

Өшпестей болып жарқын із.


1- жүргізуші:


Ал, халайық тұрмайық

Әндетейік, жырлайық

Ортамызды ашайық

Думандатып би – билеп

Інжу маржан шашайық.

2- жүргізуші:

Құлағың сал көпшілік,
Домбыраны қолға алып.
Тереңінен жүректің,
Тебірене толғанып.
Беташарға қам жасап,
Әсем жырды толғалық,
Қадам басты екі жас
Ақ тілекті жолға анық,- Деп Беташар салтын тамашалаңыздар


9 сынып оқушыларын шақырамыз

БЕТАШАР дәстүрі

2- жүргізуші:

Құрманғазы күйінің күмбірлеген

Төгіледі әуені сізге деген.

Толқиды домбырадан шыққан күй

Жырлайды қазағымның сырын шертіп

Назды әуен, сырлы сезім сиқырлы күй.

(Күй Дулат пен Самархан немесе Толқын ән

1- жүргізуші:

Наурыз шаттық тойымыз,

Қуанышты күніміз.

Мейрамда көп ойнымыз,

Атап өтер бүгін біз.

Наурыз тойы- береке,

Наурыз айы – жыр, аңыз.

Қызып дулы мереке,

Қызық думан құрамыз!

Жырға, күйге жараса,

Жырла, биле жаңаша!


2- жүргізуші:

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Жердің тойы – Наурызым!

Елдің тойы – Наурызым!

Төлдің тойы – Наурызым!

Көңіл тойы – Наурызым!

Көктем тойы – Наурызым!


Ортаға 10- сынып оқушыларын шақырамыз

1-жүргізуші:

Жыл сайын Наурыз айы келе берсін,

Жаңа жыл есікті ашып кіре берсін.

Ежелден көктем мейрамы Наурыз,

Еліме жаңа бақыт бере берсін!

2- жүргізуші:

Наурыз тойын тойлайық міне ағайын

Амандықпен туа берсін күн сайын

Бақыт тілеп, бақ тілеп халқымызға

Мерекені бүгінгімен жабайын

Молшылық пен тыныштық боп жерімізде

Бейбітшілік нық болсын елімізде

Достықпенен жайнай берсін отанымыз

Желбіресін қазақ туы көгімізде.


Қара жорға биі


Осымен біздің мерекелік іс шарамыз аяқталды, келесі жылда кездескенше дін аман болайық ағайын!









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Наурызым мерекем - наурызым берекем"

Автор: Исмакова ?алия Серік?ызы

Дата: 11.02.2016

Номер свидетельства: 292043

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Т?рбие са?аты " Наурыз –Мерекем!    Наурыз – Берекем!""
    ["seo_title"] => string(51) "t-rbiie-sag-aty-nauryz-mieriekiem-nauryz-bieriekiem"
    ["file_id"] => string(6) "323006"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461739950"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Т?рбие са?аты " Наурыз –Мерекем!    Наурыз – Берекем!""
    ["seo_title"] => string(53) "t-rbiie-sag-aty-nauryz-mieriekiem-nauryz-bieriekiem-1"
    ["file_id"] => string(6) "323007"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461739969"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "«Наурызым- мерекем, Наурызым – берекем»"
    ["seo_title"] => string(41) "nauryzym-mieriekiem-nauryzym-bieriekiem-1"
    ["file_id"] => string(6) "323942"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1462271116"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Наурызым-мерекем,Наурызым- берекем!"
    ["seo_title"] => string(36) "nauryzymmieriekiemnauryzymbieriekiem"
    ["file_id"] => string(6) "268638"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1450671466"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Наурызым-мерекем,Наурызым- берекем!"
    ["seo_title"] => string(37) "nauryzymmieriekiemnauryzymbieriekiem1"
    ["file_id"] => string(6) "268639"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1450671473"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства