kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Наурызым-мерекем,Наурызым- берекем!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Наурызым-мерекем,Наурызым- берекем!
Ма?саты: Балалар?а  ?аза? хал?ыны? салт - д?ст?рлері мен ?дет-??рпыны? т?рбиелік м?нін ??ындыру, баланы? бойына адамгершілік ?асиеттерін ?алыптастыру, халы? ?негесін ?йрету. Тіл байлы?тарын дамыту. Салт-д?ст?рлерге деген ??рметпен ?арау?а т?рбиелеу.

?діс-т?сіл: ??гімелеу, к?рсету,т?сіндіру
К?рнекілігі: суреттер,

С?здік  ж?мыс: с?йінші,те?елу

?остілділік: Бата – благословение , ?уаныш – радость

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Наурызым-мерекем,Наурызым- берекем!»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

19 күні наурыз айы 2015ж

Білім беру саласы:Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Наурызым-мерекем,Наурызым- берекем!
Мақсаты: Балаларға қазақ халқының салт - дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету. Тіл байлықтарын дамыту. Салт-дәстүрлерге деген құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл: әңгімелеу, көрсету,түсіндіру
Көрнекілігі: суреттер,

Сөздік жұмыс: сүйінші,теңелу

Қостілділік: Бата – благословение , қуаныш – радость


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық түрткі болатын

Наурыз құтты болсын! 
Дендеріміз сау, мықты болсын! 
Наурыз тойы келе берсін! 
Барлық халық бақытты болсын,

 

-Балалар, сендер Наурыз мейрамы туралы не білесіңдер?

-Бүгін біз сендермен Наурыз мейрамы туралы әңгімелесеміз. 


Наурыз –жыл басы. Қазақстанда Наурыз мейрамын 22 наурыз күні тойлайды. 22 наурызда күн мен түн теңеледі. Адамдар мейрамға дайындалады. Әжелер мен аналар ұлттық тағамдар, Наурыз көже әзірлейді, жастар үлкендерге көмектеседі, аула тазалайды. Наурыз мейрамында адамдар бір бірін құттықтап, қонаққа барады. Аталар мен әжелер бата береді. 


Балалар барлығы қуанышпен бірге қайталайды





Тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды

Ұйымдық іздену

Асылбек:

Жас қосатын жасына
Жыл басы бұл Наурыз.
Әр кіргізген асыңа.
Бал татыған сары уыз.

Зарина:

Көктем тойы - әніміз.
Көркемөнер сәніміз.
Өлең, әнмен той сәнін
Өрнектейміз бәріміз.

Бұрынғы уақытта нәресте туғаннан кейін 40 күн өткен соң, ел ішіндегі сыйлы адамға баланың атын қойғызған. Ат қою дәстүрінде бүкіл бір халықтың ұлттық ерекшелігі, ой-арманы көрінген. Баланың аты келешекте бай, батыр, сұлу, атақты (би, бек) болса екен, тіл-көз тимей, аман болсын деген тілекпен ат қойылған. Жалпы адам есімі тілге жеңіл, жүрекке жылы, сәнді болуы ескерілген.

Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойда,
Керемет рәсім жасайық.
Бала: Сүйінші, сүйінші, дүниеге сәби келді.!
Әже: Ой айналайын балам, бұл қуанышты хабар ғой! Сүйінші сұрау шын қуаныштың белгісі. Қазақ сүйіншіден нені аяған, мінекей сүйіншіңді ала ғой.


-Ой қандай керемет, дүниеге бір қазақ келді десейші!. Балаға қандай ат қойсақ болады екен?
Қазақтың ғұрыптарының бірі «Ат қою» рәсіміне кезек берейік.
«Балаға ат қою» рәсімі жасалады.


-Балалар барлығы столға жайғасып отырады.

Сол үйдің үлкен ақсақалы баланың құлағына үш рет айғалап есімін атайды «Сенің атың-Наурызбай?» , «Сенің атың-Наурызбай?», «Сенің атың-Наурызбай?»

Тәрбиеші:

-Балалар енді кішкентай Наурызбайға арнап тілек айтайық

Ата: Кішкентай балаға арнап бата оқиды:

Жас ұрпақ өмірлі болсын,
Тұрмысы көңілді болсын,
Ата-анаға мейірлі болсын
Ағайын-туысқа пейілді болсын.


































Үлкен азамат болып өс!

Барлық арманың орындалсын7

Ата-анаңның қуанышы болсын!




Рефлексті-түзету

 Балалар біз бүгін қандай қазақ халқының салт-дәстүрімен таныстық?

Наурыз мейрамы жылдың қай мезгілінде тойланады? 
2. Наурыз мейрамы ненің белгісі? 
3. Наурызда адамдар не істейді? 



Тәрбиеші оқу іс-әрекетіне белсене қатысқан балаларды мадақтайды.

«Балаға ат қою» рәсімі

Көктем мезгілінде


Жаңарудың белгісі


Бір-біріне қонаққа барады,мерекені тойлайды

Балалар қуаныш сезіміне бөленеді

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Наурыз мерекесінің маңызын біледі

Игерді: Қазақ халқының салт –дәстүлерінің бірі «ат қою рәсімінің» өткізілу ретін біледі

Меңгереді: Өз есімдерінің мағынасын түсіндіріп айта алады



Тәрбиеші: Фариза Талғатқызы



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Наурызым-мерекем,Наурызым- берекем!

Автор: Т?сіпбекова Ж?ния Ынтызырбековна

Дата: 21.12.2015

Номер свидетельства: 268638


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства