Просмотр содержимого документа
«Мұғалімдерге психологиялық жаттығу жасау маңызды»
Мектеп мұғалімдерге арналған психологиялық жаттығулар
Мақсаты: мұғалімдер арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.
Тренинг жоспары:
Амандасу.
«Табиғат мінезі» жаттығуы.
«Оның есесіне мен...» жаттығуы.
Қортынды. «Майшам» жаттығуы.
Қажетті құралдар: жүрекше, жануарлардың аты жазылған карточкалар, жаттығуға қажетті парақтар, майшам, магнитофон.
Ұйымдастыру: 1. Амандасу.
Психолог
«Табиғат мінезі» жаттығуы.
Қане, барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді, көзімізді ашып, өзімізді еркін сезінейік. Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да кенет, аяқ астынан жеңіл жел соқты.
Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жәмен ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипаймыз.
Жел күшейді – енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз.
Кенет, боран басталды - енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз.
Содан кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр сіркірей бастады – енді қолымызбен жаңбырдың тамшысындай жәймен ұрамыз.
Бір кезде қатты жауын жауды – біз қатты жауын сияқты арқамызды саусақтң ұшымен жоғары төмен сипалаймыз.
Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді. Енді алдымыздағы адамдармен алмасамыз. Осы жаттығуды сізге алдыңызда тұрған адам орындайды.
«Оның есесіне мен...» жаттығуы.
Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.
Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне ..... .
Мен шаршадым, оның есесіне ...... .
Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне .... .
Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне .... .
Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне .... .
Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне ... .
Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне ... .
Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне .... .
Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне ..... .
Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне...... .
Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне..... .
Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне .... .
Мен тым толықпын, оның есесіне.... .
Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне ... .
Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне ... .
Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне ..... .
Қорытынды. «Майшам» жаттығуы.
Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. Рахмет!
object(ArrayObject)#851 (1) {
["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
["title"] => string(176) "Қазақ тілін деңгейлеп оқыту жүйесін жасау және қазақ әдебиетінің білім беру мазмұнын жетілдіру"
["seo_title"] => string(80) "k_azak_tilin_dien_ghieiliep_ok_ytu_zhuiiesin_zhasau_zh_nie_k_azak_diebiietinin_b"
["file_id"] => string(6) "366617"
["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
["date"] => string(10) "1481044993"
}
}