Просмотр содержимого документа
«Мен адаммын! Мен ???ылымын!»
«Мен және менің құқығым» атты тақырып аясында өткізілген
бала құқығы бойыншатанымдық іс – шара.
Тақырыбы: «Мен адаммын! Мен құқылымын!»
Мақсаты: -балалардың құқықтық білімін жетілдіру,құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру, өз құқықтарын білуге үйрету; -ой-өрісін дамыту,белгілі бір пікір айтуға,тұжырым жасауға үйрету,есте сақтау қабілетін жетілдіріп,сөздік қорын молайту; -балалардың бойына құқықтық,патриоттық,адамгершілік тәрбиені сіңіру;
Балалар музыкамен кіріп екі қатарға тұрып, үштілде амандасады.
Тәрбиеші:
-Бүгінгі іс-шарамыз ерекше баланың құқығы тақырыбында өткізіледі. Бұл шарада балалар екі топқа бөлініп, өздерінің бала құқығы туралы білімдерін байқау арқылы көрсетеді.
Байқауды бастамас бұрын бір-бірімізге көтеріңкі көңіл-күй тілеп, амандасып алайық.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
І –топ – «Әділет»
ІІ–топ –«Ақиқат»
Құқың бар: күл, ойна, шаттанып білім ал,
Құқың бар табиғат сырларын біліп ал.
Химик бол, ғалым бол, пайдалы еңбек ет,
Халқың да құрметтеп, достарың қызығар.
І – «Болашақтың білімпаздары»
«Әділет» тобына:
Балдан тәтті не? (бала)
«Ақиқат» тобына:
Үйдегі алтын қазық кім? (ана)
«Әділет» тобына:
Қара шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)
«Ақиқат» тобына:
Балаға кім сыншы? (ата)
«Әділет» тобына:
Тәрбие мен білімнің ордасы (мектеп)
«Ақиқат» тобына:
Екі адамның бір-біріне деген адалдығы (достық)
«Әділет» тобына:
Құқық деген не? -Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы. «Ақиқат» тобына:
Құқық немен қорғалады? -Заңмен қорғалады.
«Әділет» тобына:
Баланың алғашқы құжаты? (куәлік)
«Ақиқат» тобына:
Бала құқығы туралы құжат? (Конвенция)
ІІ – «Ертегілер елінде»
«Әділет» тобы:
«Бауырсақ», «Қызыл телпек»
«Ақиқат» тобы:
«Айболит», «Көжектің үйшігі»
ертегілерін бетпердемен үнсіз, қимылмен үзінді көрсетеді, қарсы топтағы балалар қандай ертегі және қандай құқықтың бұзылғанын айтады.
ІІІ – «Көркем сөздер шебері»
«Әділет» тобы:
Алина:
Мама работала,
Папа трудился,
А я в детском садике все находился.
Все кто устал от работы нелегкой
Имеют полное право на.... (отдых)
Қайсар:
Алтын заңым қорғайды Бар адамның теңдігін Әділетті қолдайды Арқа тұтып, ел бүгін.
Аружан Сапарғали:
Қорғайтын ынтымағын, беріктігін.
Тау да мен, теңіз де мен!
Мен-халықпын, туған жер-Атамекен.
Ажырамас мызғымас егіз дер ем
Елім осы Ата заңын аялаған.
Санжар:
Чтобы вырасти успешным
Надо много знать, уметь.
Чтобы вырасти большим
Недостаточно питанья
Мы использовать должны
Право на.... (образование)
Айдара:
Бас иетін бар адам Әрбір сөзі салмақты Қорғар бәле –жаладан Ата Заң бұл ардақты.
«Ақиқат» тобы:
Айдын:
Ғұрпымыз бар ел сенген
Дәстүрлері –ең ізгі Әділдікпен өлшенген Заңымыз бар негізгі.
Альмира:
Сказка учит нас, друзья
Жить без домика нельзя.
Лисе, зайке, поросенку
Даже глупому мышонку.
Ох, как нужно нам оно
Это право на ... (жилье)
Аружан Сансызбаева:
Ата заңым, алтын заңым ардағым, ата заңым Отанымның құшағы. аялаған адамзаттың арманын, Ерлігімнің, елдігімнің нышаны.
Жансая:
Если дети заболели, плохо чувствует себя. и у них бронхит, ангина, Пневмония, скарлатина.
Слышен детский крик и плач,
Вам поможет только ...(врач)
Айзат:
Ата заңы- ынтымақ бірлік кепілі.
Азаматпын! Еркінмін! Еріктімін!
Адымдаймын, кеудемді керіп бүгін.
Егеменді елім бар, Ата заң бар.
Ойын: «Сен дос, мен дос»
ІV – «Сиқырлы суреттер»
Слайдтан суреттер көрсетіледі, қандай құқыққа байланысты екенін білген топтар қол көтеріп айтады.
Туу туралы куәлік, үй, әліппе, жедел жәрдем, отбасы, достар.
V – «Әркімнің өз тұрғын үйі бар»
Балаларға отбасы, құс, ит, түлкі, аю, балық және олардың тұрғын жерлерінің суреттері беріледі. Музыкамен билеп жүреді де, музыка тоқтағанда қолдарындағы суреттері бойынша тұратын жерлерімен жұптасып тұрады.
VІ – «Ой жалғау» (мақалдың жалғасын айту)
«Әділет» тобына:
Біреуге ор қазба ... (өзің түсесің)
«Ақиқат» тобына:
Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)
«Әділет» тобына:
Ұрлықтүбі ... (қорлық)
«Ақиқат» тобына:
Қолыңмен істегенді...(мойныңмен көтер)
«Әділет» тобына:
Еңбек түбі...(зейнет)
«Ақиқат» тобына:
Ақырын жүріп... (анық бас)
«Әділет» тобына:
Тәрбие ... (отбасынан басталады)
«Ақиқат» тобына:
Әдепті бала ... (арлы бала)
Тәрбиеші:
Құқың жоқ гүлдерді, көк шөпті жұлуға,
Құқың жоқ құстардың ұясын бұзуға.
Құқың жоқ тәртіпсіз, қатыгез бала боп,
Халқыңның алдында қызарып тұруға.
Тәрбиеші екі топ балаларынан міндеттерін сұрайды.
Балалардың міндеттері:
-отбасын, ата-анасын, мұғалімдерді сыйлауға;
-қоғамдық мүліктерді бүлдірмеуге;
-өзге баланың құқығын сыйлауға;
-сабақты жақсы оқуға;
-табиғатты қорғауға;
-ҚР рәміздерін қадірлеуге.
Ән: «Біз бақытты баламыз»
Тәрбиеші:
Құрметті балалар!
Біз бүгінгі «Мен адаммын! Мен құқылымын!» атты байқауымызды қорытындылай келе, сіздердің келешекте өз білімдеріңізді шыңдай, рухани жан дүниеңізді байыта отырып, өз құқықтарыңызды жете меңгеріп, еліміздің жақсы азаматы болуларыңызға сенім артамыз.
«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» (Б. Момышұлы) дей келе қашанда Ата-заңымызды қорғауға, бекітілген тәртіпке бағынуға, өз құқықтарыңызды орынды пайдалана білуге шақыра отырып, бүгінгі байқауымызды аяқтаймыз.