kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мен өз елімнің патриотымын

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз ұлтын сүйетін саналы, білімді, азамат тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мен өз елімнің патриотымын»

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Н.С.Манаев атындағы жалпы орта мектебі




















6 А сынып



Сынып жетекшісі: Н.Ниязова











2016-2017 оқу жылы



Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз ұлтын сүйетін саналы, білімді, азамат тәрбиелеу;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, сын тұрғысынан ойлау, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру.

  3. Тәрбиелік: Оқушылардың жеке басындағы патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру.


Түрі: Саяхат сабақ


Көрнекілігі: ҚР рәміздері, даналық сөздер, суреттер, слайдтар.


Тәрбие сағатының барысы:


Ұйымдастыру кезеңі. Құрметті оқушылар!

Қазақстан – біздің сүйікті Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, сылдырлап аққан өзендері, ормандары бар. Осының бәрі Алтай мен Атырау, Ақжайық пен Алтайдың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп жасанып, жасарып жатыр.

«Отан отбасынан басталады!» - деп халқымыз айтқандай Отан кең мағыналы қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті оның жарық дүниедегі жан саясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны. Отанымызды сүйіп, аялау үшін еліміз, туған жеріміз оның тарихын, өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз қажет.

Менің елім-Қазақстан! Бұл әрбір дала перзентінің көкірегінде мақтаныш пен айтатын сөзі.
Елбасы «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа»,-дейді. Расында да, болашақта өз елінің қожасы да, иесі де өздеріңізсіздер. Сіздер жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді еліміздің ертеңісіздер.

Сіздер - еліміздің экономикасын, мәдениетін, білімін көтеретін азаматсыздар. Жаңа дәуір көшін жалғастыруға, халқымыздың әл-ауқатынның артуына, еліміздің көркейіп нығаюына үлес қосу, басты борыштарыңыз деп санаймыз.
Бұл ғасыр-білім ғасыры. Еліміздің дамуы үшін Қазақстанды әлем танитындай бәсекеге қабілетті ел болу үшін бүгінгі жас ұрпақ білімді болуы шарт. Ақыл мен сананың, білім мен біліктің бәсекеге түсер ғасыры, ертеңін ойлайтын ел болғандықтан, елбасымыз шәкірт біліміне аса көңіл бөліп отыр. Ертеңгі күннің бүгінгі күннен нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға жетелейтін күш білімге ғана тән.


Негізгі бөлім.
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін.
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске.
Айта бергім келеді, айта бергім.


Дүркірете елінен жауды қуған батырларымыз Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шағатай, Қарасай, Райымбек, Махамбет, Исатай т. б. бабаларымыздың ерліктері үлгі – өнеге.


Өз елінің бостандығын, теңдігін аңсаған Мағжан, Сәкен, Ахмет, Шәкәрім, Бейімбет, Ілияс сынды ағаларымыз жазықсыз құрбан болып кетті. Тарихта өшпестей іздерін қалдырды.

XXI ғасыр – білім ғасыры. Біздің алға қойған мақсатымыз өткенді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу.

Туған жер алтын босағам,
Аттандым сенен қияға
Анам мен Отан қос анаң
Қондырған мені ұяма.
Туған жер алтын мекенім,
Бақытым сенсің аңсаған.
Мәңгі де бақи өтемін,
Қарыздар болып мен саған.

Отан дейміз – от жаққан жерімізді,
Отан дейміз – өсірген елімізді,
Отан дейміз – туған жер – Атамекен.
Биік тау, орман тоғай, көлімізді.
Отан дейміз – кең байтақ Астананы.
Жасыл жайлау, жаңа жол жас қаланы
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ, өз үйіңнен басталады.

7 - оқушы:
Елімнің бәрі есімде,
Уақыт болса көшуде.
Тыңда игеріп қазағым,
Қиырсыз дала төсіңде.
Өмірдің мына жайын - ай
Шығады кімдер арымай.

Қазағым қайрат танытып,
Нарыққа келді мойымай.
Тәуелсіздігім – намысым
Алысқа тартар ар үшін.
Қияға көзін тігеді,
Қазақстаным – барысым.


Бүгінде Қазақстан әлем назарында. Өзінің болашағынан үлкен үміт күттірген, жері бай, халқы бейбіт ел. Біз – Қазақпыз! Біз оны жүрегіміз толы мақтанышпен, құрметпен айтамыз!

Тәрбие сағатымыздың екінші бөлімі сайыс түрінде өтеді. Біз елімізге сапар шегіп, Отанымыздың тарихы, өнері, салт - дәстүрі, табиғаты жайлы қосымша мағлұматтар аламыз. Ол үшін біз төрт топқа бөлінеміз.


Топтар жауап бере алмаған жағдайда келесі топ жауап береді.

Бірінші «Тарих» бекеті:
1. Қазақтың үш биі? (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
2. Қазақ халқының атақты үш батыры?

(Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай)
3. Алтын адам табылған жер? (Есік қорғаны)
4. Қазақстанның ең алғашқы астанасы? (Орынбор)

Екінші «Тау мен дала» бекеті:
1. Зайсан көлі Қазақстанның қай облысында орналасқан? (Шығыс Қазақстан облысы)
2. Қазақтар қандай дала өсімдігін Отанның символы деп есептейді? (Жусан)
3. Қазақстанның ең биік нүктесі? (Хан Тәңірі)
4. Қазақстанның таулары? (Алатау, Алтай, Тарбағатай, Қаратау т.б.)

Үшінші «Әдебиет» бекеті:
1. Қазақ халқының ұлы ақындарын ата?

(А. Құнанбаев, Ж. Жабаев, М. Жұмабаев, М. Мақатаев, Ш. Құдайбердиев)
2. Қазақ халқының ертегілерін атаңдар?

(«Ер Төстік», «Алтын сақа», «Тазша бала», «Керқұла атты Кендебай», «Жыл басы» т.б.)

3. Отан, туған жерге байланыста мақал - мәтелдерді жалғастырып айтыңдар:
Отансыз адам.... (ормансыз бұлбұл)
Отан оттан да ....(ыстық)
Туған жерге .... (туын тік)
Туған жердей жер болмас,.... (туған елдей ел болмас)


Отанды сүю — …басталады. (отбасынан)

Отансыз адам — … бұлбұл. (ормансыз)

Ер туса – елдің көркі,

Қыз туса — …көркі. (жердің)


Төртінші «Ән - күй» бекеті:
1. Қазақтың әйгілі композиторларын атаңдар?

(Н. Тілендиев, Ш. Қалдаяқов, Ә. Бейсеуов, А. Жұбанов т.б.)
2. Қазақ халқының атақты күйшілері? (Құрманғазы, Тәттімбет, Ықылас, Дина)
3. Қандай халық әндерін білесіңдер? («Елім-ай», «Әй-әй бөпем», «Бір бала», «Бесік жыры» )
4. Ұлттық аспаптарды атаңдар? ( Домбыра, жетіген, шаңқобыз, дауылпаз т. б.)

Бесінші «Салт – дәстүр» бекеті:
1. Қазақ халқының ежелгі мейрамдарын атаңдар? (Наурыз, Айт мейрамдары)
2. Қазақ халқының ұлттық тағамдары? (Бесбармақ, қазы-қарта, қымыз, жал-жая, құрт т.б.)
3. Қазақ халқының ұлттық киімдерін атаңдар?

(Айыр қалпақ, сәукеле, шапан, тымақ, ішік, кимешек, камзол, мәсі, бөрік, кебіс т.б.)
4. Қазақ халқының ұлттық сувенирлері? (Түйе, домбыра, киіз үй т.б.)

Алтыншы «География» бекеті:
1. Қазақстанның көрші елдері? (Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан)
2. Қазақстанның шекарасының ұзындығы?
3. Қазақстандағы саяси маңызы бар қала? (Байқоңыр)
4. Қазақстанда неше облыс бар? (14)


Өткенге көз тастау.

«Егеменді елдің болашағы» дегенді қалай түсінесіңдер? Әр топ осы жұмыс бойынша өз ойларын маркерлермен ватманға түсіреді немесе интерактивті тақтамен жұмыс жүреді.

Әрекет жасай отырып оқушылар жаңа мазмұн, жаңа ақпарат, идея, жаңаша ойлауға ұмтылады. Бұрынғы білімі мен жаңа мазмұнды интеграциялайды.

Отан патриоты болу үшін өз Отанының, жерінің, елінің тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін құрметтеуді айтады.


Қорытынды.
- Тілдесіп көкпен тауларың,
Жайқалды жасыл орманың.
Алатау, Қаратауларым,
Елдікті бізге мұра етіп,
Ерліктің күйін толғадың.
Салтанатпенен сән құрған,
Елім бар бүгін жаңғырған
Бақытым, ата мекенім!

- Қазақстаным, мекенім
Ынтымақпенен достықтың,
Кеңдік пен кемелдіктердің,
Даламды бабам мұра еткен.
Жайқалтар соны түлек мен.
Қалалар жайып қанатын.
Ауылымды арай нұр еткен.
Қазақстанымды қасиетті
Сүйемін алай жүрекпен! - дей отырып бүгінгі Білім күніне арналған сағатымызды аяқтайық.


Хор «Атамекен».





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Мен өз елімнің патриотымын

Автор: Ниязова Надежда Сабировна

Дата: 11.10.2016

Номер свидетельства: 348297

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Мен елімні? патриотымын "
    ["seo_title"] => string(25) "mien-ielimnin-patriotymyn"
    ["file_id"] => string(6) "177292"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424615238"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Мен - елімнің патриотымын"
    ["seo_title"] => string(27) "mien_ielimnin_patriotymyn_4"
    ["file_id"] => string(6) "428571"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1505675731"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Мен, елімнің патриотымын !"
    ["seo_title"] => string(23) "men_elimnin_patriotymyn"
    ["file_id"] => string(6) "560671"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1603203079"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) ""Мен -?з елімні? патриотымын!" "
    ["seo_title"] => string(28) "mien-oz-ielimnin-patriotymyn"
    ["file_id"] => string(6) "164008"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1422555441"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Мен, өз елімнің патриотымын."
    ["seo_title"] => string(31) "mien_oz_ielimnin_patriotymyn_10"
    ["file_id"] => string(6) "432050"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1507808517"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства