kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мейірімі мол анашым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы:  «Мейірімі  мол  анашым»

Мақсаты:
1. Оқушыларға ананың қадірін, отбасындағы орнын ұғындыру. Отбасы сыйластығын үлкенге құрмет көрсетіп, қадірлеу, ана еңбегін ақтауға үйрету.

2.Сөздік қорларын молайту, тіл байлығын,ой-өрісін дамыту.

3. Адамгершілікке, әдептілікке,инабаттылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: гүлдер, шарлар, мақал – мәтелдер, слайд.

 Сынып сағатының барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:

II. Кіріспе:

Ана деген асыл жандар болаттай,

Ана деген - мөлдір жандар бұлақтай.

«Ат биеден туады, алып анадан туады» деген дана халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Ел басқарған көсем де, данышпан  ғалым да, күміс  көмей  әнші, мың бұралған биші  де анадан туып,  соның  көкірегінен   нәр  алып  өскен. Ана - отбасының  берекесі, бүкіл  адамзаттың  тәрбиешісі.

Құрметтесек - ананы құрметтейік.  Көктем   мерекесі қарсаңында  осы  аяулы  аналарымыздың  басын  қосып, еңбектерін бағалап, мерекеде  сый  құрмет көрсету бала үшін үлкен парыз.  Ендеше аналар жүздеріңізден қуаныш пен шаттық нұры төгіліп,   отбасыңыздың бақытын көре беріңіздер!

«Мейірімі мол анашым»  атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Сіздер үшін ән салып,  би билейміз,  бірге ойын ойнаймыз.

Вальс «Әлемнің жарығы», ортаға балаларымызды  шақырайық!  

   Мұғалім:

   Шықты көктем, келді бүгін  гүлін алып,

   Көктемнің мерекесі бүгін анық.

   Өмірдің көктемі де гүлі - аналар,

   Ана деп бас иеді күллі халық.

1 – оқушы:     Жансая

Күнде той бола бермес дәл осындай,

Тыншымас көңіл бақыт жол ашылмай,

Өмірде саған жақын адам болмас

Түн ұйқысын төрт бөлген анашыңдай.

2– оқушы:   Бекболат

Адамдықтың ашқан соң қақпасын кеп,

Туған елін сүйсіне мақтасын деп.

Пәк сезіммен тілеймін адамдарға

Анасының ақ сүтін ақтасын деп.

3– оқушы:       Нұрәли

Өмірде ана – бақыт, ана – пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай көсем, талай шешен,

Талай ер, талай ақын, талай дана.

4 – оқушы:      Талшын

Ана! Ол біздің елде ардақты адам,

Кіші де, үлкені де ардақтаған.

Өзінің аяулысы Отанын да

"Ана" деп біздің халық текке айтпаған.

5– оқушы:    Алмас

Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған.

Адалдықты, ар-намысты сақтаған.

Мен анамның сонысына мақтанам.

6– оқушы:  Расул

Туғаннан "құлыным" деп аймалаған,

Өзіңнен қымбат адам қайда маған.

Дүние аналармен көрікті ғой,

Онсыз бір бұлбұл да сайрамаған.

7– оқушы:    Назерке

Бірде ұстаз, бірде әнші, анасыз,

Қыздарға да ақ пейілмен панасыз.

Сіздің жазған әніңізді орындап,

Шаттанып біз, мақтанып бір қаламыз.

8 – оқушы:      Жансая

Құттықтаймын мейрамыңмен аналар,

Әр күлгенің бізге бақыт саналар.

Еңбегіңді еш етпейтін өмірде,

Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар.

10– оқушы:    Бекболат

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген – бәйтерегі өмірдің,

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.

11 – оқушы:    Назерке

Ана десем, сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Бар адамға берсе анамның мейірін,

Орнар еді бар әлемде тыныштық.

11 – оқушы:     Нұрәли

Ана десем, шешек атып жанары,

Өмірімнің бастау алар жаңа әні.

Ана деген тіршілікте пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

13– оқушы  Талшын

 О, анашым,

Таянышым, тірегім,

Бар бақытты бір басыңа тіледім!

Мені жақсы болса екен деп қашан да,

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

14– оқушы:    Алмас

Ол – ана, адамзатқа қанық үні,

Әр жүрек, әр көңілдің жарық күні.

Ол деген алыбы ғой алыптардың,

Ана тілі емес пе халық тілі.

15 – оқушы:    Расул

Сәуле кіріп енгенмен саналарға,

Бірте – бірте басқанмен заман алға,

Адам болып жер басып жүрген менен

Алдыменен қарызбыз аналарға.

16-оқушы:      Талшын

                      Тыныштық - баршамыздың ұранымыз,

                      Мәңгілік таусылмайтын жыр – әніміз.

                      Арманның асқарына қанат қаққан,

Бәрі бірге:    Бақытты бейбіт елдің ұланымыз!

Хор:  «Әрқашан күн сөнбесін!»

Мүғалім:

Шалқып тасып әніміз,

Жадырасын жанымыз.

Ана,  сізді  құттықтап,

Әндетеміз  бәріміз.

«Аналар күні»   әнімен ортамызға Алмас пен Талшынды шақырамыз!

Мұғалім:

Анашым бар сымбатты,

Әкешім бар қымбатты, - деп ән салатын

Нұрәли мен Жансаяны  «Ән  салам»  әнімен ортаға шақырамыз!

Тал шыбықтай бұралған  Талшынды «Қазақ биімен» ортаға  шақырамыз!

Ата  - аналармен ойын:

  1. ойын ойналады

Мұғалім:

Аналарды құрметтейміз, елейміз,

Аспандағы ай мен күнге теңейміз.

О, Аналар, сіздерді үлгі тұтып,

Бақыт пенен денсаулықты тілейміз.

Монолог, көркем сөз оқу:  Талшын / «Ана туралы» әнінің музыка әуенімен

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Біз   ана деген сөзді қанша айтсақ та жалықпаймыз. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ол - ана. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші достар!

Ана деген - адамзаттың анасы,

Ана деген - сәбилердің панасы.

Ана деген –жарық жұлдыз шырағың,

Ана деген –қайнар ыстық бұлағың.

Ана деген өмірдегі қамқорың,

Ана деген-сүйенерің жан құрбың.

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,

Махабатың жүрегімде жүр менің.

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,

Қандай жақсы ортамызда жүргенің!

Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым!

«Батырлар»  биі  ұлдар тобы

Ата – аналармен 2-ойын:

Нұрәли мен Расул:

1-оқушы:  Нұрәли

Ана деген асыл жан,

Әке деген абзал жан.

Анамыздың анасы,

Әкеміздің анасы,

Бәрімізге панасың,

Өзің сондай данасың,

Мені жақсы көретін

Ақ жаулықты әжетай!

Менің әжем мейірбан,

Мені жақсы көреді

Қажетіне жарасам.

Жас балаша күледі.

2-оқушы:  Расул

Қайырымды, қасиетті,

Ең ардақты ақ әжем!

Әрбір сөзі өсиетті,

Баға жетпес, бал әжем!

Аман – есен  жүріңізші,

Бар тілегім сол әжем!

(Әжелерге аздаған сыйлықтарын  табыс ету)

   Шықты көктем, келді бүгін гүлін алып,

   Көктемнің мерекесі бүгін анық.

   Өмірдің көктемі де гүлі - аналар,

   Ана деп бас иеді күллі халық!

     Біз ғана емес,

   Қадір тұтқан балалар.

   Аналардан туған небір даналар,

   Ана деген- тіршіліктің тірегі

   Армысыздар, ұстаз аналар!

 (Ұстаз аналарымызға оқушылар өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын тарту етеді)

Анамыздың анасы,

Әкеміздің  анасы  яғни әжелерімізге арнап және осы отырған барлығымыздың аналарымызға арнап  айтылатын  келесі  әнді  қабыл алайық!

Назерке, Расул, Бекболаттардың  орындауында «Сенің анаң алтын» әні

қабыл алыңыздар!

Қорытынды: / музыка әуенімен/

Аналарды құрметтейміз, елейміз

Аспандағы ай мен күнге теңейміз.

О, Аналар,сіздерді үлгі тұтып,

Бақыт пенен денсаулықты тілейміз!

Осымен аяулы  қыздарымыз бен қымбатты аналарымызға арналған ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Келесіде кездескенше сау болыңыздар. Отбасыларыңызға бақыт, бірлік, береке, зор денсаулық тілейміз! Балаларыңыздың қуанышы мен бақытына бөлене беріңіздер!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мейірімі мол анашым

Автор: Дукетаева Гульсум Кабдрашкызы

Дата: 23.02.2017

Номер свидетельства: 394860

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(27) "Рахмет анашым! "
    ["seo_title"] => string(16) "rakhmiet-anashym"
    ["file_id"] => string(6) "181357"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1425321028"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) ""Айналайын, анашым!" ерте?гілігі"
    ["seo_title"] => string(34) "ainalaiyn-anashym-iertien-ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "327786"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463496357"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "«Айналайын, анашым!» (ерте?гілік)"
    ["seo_title"] => string(29) "ainalaiynanashymiertienghilik"
    ["file_id"] => string(6) "304712"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1457780931"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "К?ркем ?дебиет саба?ы, та?ырыбы аяулы анашым "
    ["seo_title"] => string(49) "korkiem-diebiiet-sabag-y-tak-yryby-aiauly-anashym"
    ["file_id"] => string(6) "184153"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426000427"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) ""Мереке?мен анашым" "
    ["seo_title"] => string(23) "mieriekien-mien-anashym"
    ["file_id"] => string(6) "172397"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423815338"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства