kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Әлем таныған азат ел"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Әлем таныған азат ел

Мақсаты: оқушы бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру, тақырып бойынша сөйлесім жұмыстарын ұйымдастыру, Қазақстанның болашақта дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендігін ұғындыру; оқушыларды Отанымызды сүюге, тауып өскен жеріміз Қазақстан Республикасын құрметтеуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге баулу; елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру; оқушыларды достыққа, адамгершілікке, саналалыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Әлем таныған азат ел"»

Әлем таныған азат ел


Мақсаты: оқушы бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру, тақырып бойынша сөйлесім жұмыстарын ұйымдастыру, Қазақстанның болашақта дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендігін ұғындыру; оқушыларды Отанымызды сүюге, тауып өскен жеріміз Қазақстан Республикасын құрметтеуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге баулу; елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру; оқушыларды достыққа, адамгершілікке, саналалыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

Барысы.

Жүргізуші: «Отан» деген сөзді естігенде есіңізге не түседі?

Ал біздің отанымыз сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке – Қазақстан. Қазақстан – тәуелсіз, азат ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыста өтті. Әсіресе ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр, қайғыға толы кезеңдерімен есте қалды. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, 1928-1932 жылдардағы аштық, ССРО- Германия соғысы, 1986 жылғы, әлемді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы.

Бұның барлығы да қазақ жанына ауыр жара салды. Қанша қиыншылық өтсе де біз оны ешқашан ұмытпаймыз, себебі бұл – тарих.

Оқушылар Қазақстанның кешегі күніне, яғни тарихқа шолу жасайды.

1. Жоңғар шапқыншылығы

2. Ашаршылық

3. Репрессия

4. ССРО- Германия соғысы

5. Желтоқсан оқиғасы.

- Отан деген не? Осы сөзді қалай түсінесіңдер? Өз ойларыңды әрқайсыларың қағазға жазыңдар. Енді көрші отырған балалар жеке пікірлеріңмен алмасыңдар. Ойларыңды ортаға салыңдар. Әр оқушы сөйлейді. (оқушщылар өз ойларын айтады)

Еліміздің басынан қандай қиын-қыстау кезең өтті? Желтоқсан оқиғасына бөлек тоқталайық.

1-оқушы: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы кеңес империясының толитарлық режіміне тұңғыш рет қарсылық көрсетумен тарихта қалды. Қайрат, Ляззат, Ербол, Сабира, Мырзағұлдар – еліміздің нағыз ерлерінің ерлігін ешқашан ұмытпаймыз.

2-оқушы: Қазақстан біздің сүйікті отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, ойдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзеңдері, ормандары бар.

Осының бәрі Алтай менен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп, жасанып, жасырып жатыр. «Отан отбасынан басталады» деп халқымыз айтқандай, Отан – кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті- оның жарық дүниедегі жан саясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны.

3-оқушы: 1941-1945 жылдары адамзат тарихында болмаған алапат соғыста жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл азамзатты қорғап, ерекше ерлік көрсетті.100-ге тарта қазақ қаһарманына «Кеңес Одағының Батыры» деген абыройлы атақ берілді.

4-оқушы: ХХ ғасырда дүние жүзіндегі бірде – бір ел қазақ халқы көргенді бастарынан кешкен жоқ. 1949-1950 жылдары Семей полигонында сыналған 600-ден астам ядролық жарылыстарының кесірінен осы өнірдегі 500 мыңнан астам адам уланды.

5-оқушы: 1986 жылдың желтоқсаны. Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейін байтақ жерімізге желтоқсанның қанды қара дауылы үдей түсіп, дүр-белең жайылды. Қазақтың көптеген азаматтарының мойындарына қыл шылбыр салынды. Әділдік үшін бас көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа созылды. Төбелеріне қара бұлт үйірілді.

Қазақстан бүгін. (Бүгінгі күннің тарихына шолу).

Қазіргі кезде Қазақстан қандай? Оқушылардың жауабын тыңдау.

6-оқушы: Біздің туып өскен жеріміз, еліміз – Қазақстан. Еліміз мұнайға, пайдалы қазбаларға өте бай. Жерімізде ынтымағы жарасқан көптеген ұлттық өкілдері тұрады. Олар: орыс, татар, өзбек, неміс, түрік т.б. Қазақстан бүгінде дүниежүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Біздің еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейбітшілікті нығайту жолында көп жұмыстар атқарып келеді. Еліміз – ЕД, БҰҰ ұйымдарына мүше. Қазір еліміз алдыңғы қатарлы дамыған 5 елдер қатарына қосылуға талпынып жұмыстар атқаруда. Мемлекетімізде заман талабына сай заманауи техникалар мен машиналар, өнеркәсіптер қарыштап дамып келеді. Мен осы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматы болғаныма мақтанамын.

7-оқушы: Қазіргі таңда Қазақстан – өркениетті, дамыған елдер қатарына қатысқан мемлекет. Еліміз тәуелсіз, дербес ел атанды. Халық өз қалауымен президентті сайлап, Ата заңымыз бен мемлекттік рәміздерді қабылдадық. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды.

Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Ол күннен күнге жаңарып, белестерге көтерілуде. Осы мемелекетті одан да биіктен көрсету ұрпақтың, қазақ ұландарының қолында деп есептеймін. (Қазақстанның бүгінгі күні туралы слайдтар көрсету).

Жастарға жасалып жатқан жағдайлар

Бала құқығын қорғау конвенциясы.

Үштұғырлылық – заман талабы.

Оқу кабинеттері жасақталуда.

Мектептер, балабақшалар саны көбеюде.

Интерактивтік жүйе еңгізілуде.

Халықаралық «Болашақ» стипедлиясы тағайындалды.

Жоғары оқу орындары ашылды.

Жастар саясаты қолдау алды.

Жүргізуші: Енді, балалар, мына сұрақтарға жауап берейікші.

  • Еліміздің тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Назарбаев қай жылы сайланды? (1991 жылы 1 желтоқсанда).

  • Еліміз тәуелсіздігін қашан жариялады? (1991 жылы 16-желтоқсан).

  • Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қашан қабылданды? (1992 жылы 4-желтоқсан)

  • Қазақстан Республикасының Ата заңы қашан қабылданды? (1995 жылы 30 тамызда)

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы кім әңгімелеп берді?

Қазақстан кеше, бүгін, ертең...

Ертең (ертеңгі күнге болжам жасау). Оқушылар өз жобаларын қорғап шығарады.

Қазақстанның қазіргі уақытта ең басты назар аударып негізгі жобаларының бірі – ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінің Астаналда өтуі. Мұндау ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы мемлекет басшысы бастама көтерді. ЕХРО көрмесі әлемдегі ең айтулы және беделді көрмелер алаңы болмақшы.

Бекіту. «Білгім келеді!»

Оқушылар не білгілері келетіндіктері туралы айта кетеді.

Жүргізуші: Балалар, міне, біз қазір бақыт сезімімен «Бұл менің елім, менің жерім, тәуелсіз Қазақстаным» деп жар салып, мақтанышпен айта аламыз. Халқымыздың ғасырлар бойғы арманы орындалды.

ӘРИНЕ, БҰЛ Тәуелсіздік Туы бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата-бабамыз өз елін, өз жерін сыртқы жаулардан найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған. Біздің халқымыз өзінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолында тер де, қан да төкті.

Халықтың, елдің болашағы, тіректері – Сіздер, жас ұландар! Бойларыңыздағы патриоттық сезім шынайы болып, туған еліңді, жеріңді, тәуелсіздігіңді, ата салтыңды, салт-дәстүріңді сақтауға абыроймен атсалысыңдар!

Қазақ халқында Атамекенді ардақтау ананың ақ сүтінен, әкенің ақыл-өсиетінен тараған. Өз елінің Тәуелсіздігі үшін жанын да, арын да аямайтын ержүрек жастар сіздер деп білемін!

«Шәкіртімнің ғарышқа қол созғанын,

Қазағымның адал ұлы болғанын

Көрсем деймін. Жастам – тұрсам ойланам,

Өзімнен де көш ілгері озғаным» деп осымен дөңгелек үстелімізді аяқтағым келеді.

Барлықтарыңызға рахмет!










































Қазақстан еліне саяхат


Мақсаты: Қазақстан туралы білімін кеңейту және толықтыру; Отанға сүйіспеншілікке, намысқа дағдыландыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, карточкалар.

Барысы:

І. Қазақстан туралы өлең оқу (хор)

Жаса, жаса, Қазақстан,

Өскен жая бастаған!

Болашақтың есігін

Өз қолыңмен аш маған!

Асқақтай бер, Қазақстан,

Берекеге бастаған!

Болашақтың есігін

Өз қолыңмен аш маған!


Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.


ІІ. – Балалар, бүгін біз Қазақстан еліне саяхат өткіземіз. Біз Отанымызды тағыда зерттеп білеміз. Отанымызбен одан да бетер жақсылап танысамыз.

Біздің алып еліміздің барлық жағын аралау үшін пойызға немесе ұшаққа билет сатып алу мүлдем міндетті емес. Сол үшін біз бүгінгі саяхатты жариялаймыз.

Саяхатқа бару үшін алдымен бірнеше тапсырманы орындау керек. Орындасақ бізді осы сыныптан сиқырлы тақтамыз саяхатқа апарады.

ІІІ. Интерактивтік тақта арқылы тапсырмаларды орындау.

1-тапсырма. Дұрыс аудар.

Мектеп-школа

Отан – родина

Мемлекет-государство

Ту-знамя

Елтаңба-герб

Әнұран-гимн

Моя школа – менің мектебім

Наша родина – біздің Отанымыз

Красивый город- әдемі қала

Зеленое дерево – жасыл ағаш

Жақсы оқушы-хороший ученик.

2-тапсырма. «Шала» қазақ.

1. Біздің Родина – Қазақстан.

Біздің Отанымыз – Қазақстан.

2. Қазақстан үлкен государство.

Қазақстан үлкен мемлекет.

3. Мен Қостанай городта тұрамын.

Мен Қостанай қаласында тұрамын.

3-тапсырма: Төртінші артық.

1. Бес, тоғыз, жеті, қыз

2. Тақта, орындық, мұғалім, кітап

3. Жасыл, есік, қоңыр, қызыл

4. Күз,жаз, жеті, көктем

5. Тұр, отыр, оқы, адам.

- Өте жақсы! Тапсырмаларды орындадық, Балалар, Отан туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?


ІҮ. Отан туралы мақал-мәтелдер


Гүлдер өз алаңқайынға ғана – гүл,

Адам тек Отанында ға – адам.


Ат айналып қазығын табады,

Жігіт әлемді қаншама кезсе де Отанына оралады.


Бөтен елде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол.


Адамды адамға арман жақындатады,

Алысты еңбек жақындатады.


Адамды еңбек көркенйтеді, ал адам өз заманын көркейтеді.


Ізгілікті көктем іздеме, оны халық бірлігінен ізде.


Жердің бәрі жақсы, ал өз жерің өзгелерден сондай артық!


  • Өте жақсы. Тапсырмаларды орындадық, мақал-мәтелдерді айтып шықтық. Ал енді біз Қазақстан елеме саяхатқа барайық.

Ү. Қазақстан қалалар туралы презентация көрсету.

Оқушылар музыкалық фонограмма сүйемелдеуімен карточкаларға қарап қалалар туралы ақпатар береді.

Ақтау. Маңғыстау облысының бас қаласы. Ақтауға барған қонақты міндетті түрде теңізге апрады. Бұл қала әлемдегі ең үлкен көлдің (Каспий теңізінің) жағасында тұр.

Атырау. Атырау қаласында сізге мақтанышпен мынаны хабарлайды: облыс мұнайға, сондай-ақ балықтардың құнды тұқымдарына бай.

Орал. Батыс Қазақстан облысының басты қаласы – Орал. Ол тарихи оқиғаларға куә болды. Оның атаөқтылығы сол – екі құрылықтың (Еуропа мен Азияның) арасындағы шекара соның үстімен өтеді.

Ақтөбе. Ақтөбе облысы хром, никель, фосфори қорларымен даңқы шыққан.

Қостанай. Қостанай облысы өздерінің астықты алқаптарымен атақты.

Көкшетау. Ақмола облысы курорттарымен әйгілі. Бұл жерге жыл сайын мыңдаған туристер денсаулықтарын түзеу үшін, өте көркем көлдерге сүйеніп, қарағайлы ормандарды аралауға келеді.

Петропавл. Солтүстік Қазақстан облысы өздерінің астықты алқаптарымен атақты.

Қарағанды. Қарағанды еліміздің шахтерлер астанасы деп есептеледі. Осы облыста әлемдегі ерекше көлдердің бірі – Балқаш көлі мен қорыққа айналдырған Қарқаралы ормандары орналасқан.

Павлодар. Павлодар облысында «Богатырь» көмір кеніші бар, ло дүние жүзіндегі аса ірі ашық шахта.

Өскемен. Мұндағы кентастарда қорғасын, мырыш, мыс, күміс, және кадмий, молибден, висмут, индий, талий серек металдар бар. Ал ормандар аң-құсқа, өзендері мен көлдері балыққа бай.

Талдықорған. Осы өлкедегі басты өзендердің санына қарай Жетісу деп атайды. Сонымен қатар бұл өңір ең таулы өңір болып есептеледі.

Қызылорда. Қызылорда облысы – әйгілі Қызылқұм шөлі мен Арал ьтеңізі орналасқан аймақ. Бұл облыста Байқоңыр ғарыш айлағы бар.

Шымкент. Ерте замандарда Шымкент облысы аумағымен Ұлы Жібек жолы өткен. Бұл өлкені «Мыңдаған ежелгі қалалар елі болған» деп батыл атауға болады.

Тараз. Егер сіз Жамбыл облысына келсеңіз, сізге Тараз қаласына таяу тұрған Айша Бибі кесенесіне барып қайтуға кенес береді.

Алматы: Бұл – біздің еліміздегі ең үлкен қала. Мұражайлардың, театрлар мен концерт залдарының, кітапханалардың, ғылыми-зерттеу институттарының, мектептер мен спорт кешендерінің ең көп шоғырланған қаласы – осы Алматы.

Астана. Астана – мемлекеттің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы және елдікті, ұлттық бірлікті білдіретін бас қаласы. Ең бірнеше жылдан кейін онда ең кемі миллион адам тұратын болады және олардың көпшілігі балалар болмақ.

  • Балалар, ұнады ма біздің саяхатымыз? Біздің әдемі қалаларымыз ұнады ма?

  • Сендер үлкен азамат болған кездеріңде қайда жүрсендер де біздің Қазақстан жерінің көркем екенін, қалаларының әдемі екенін сезінетін боласыңдар. Мен соған сенемін.





































Жирен жаман әдеттен.


Мақсаты: 1. білімділік – « Бірінші байлық – денсаулық » деп дана

халқымыз айтқандай болашақ еліміздің әрбір азаматын зиянды әдеттерден , ішімдік, нашақорлық , шылым шегушіліктен сақтандыру , олардың денсаулыққа , бола-

шақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру , өркениетті елімізге лайықты , зиянды әдеттерге қарсы күресетін білімді тұлға тәрбиелеу.

2. дамытушылық - Темекінің адам өміріне зиянды және улы екенін түсіндіре отырып, саналылыққа , құқықтық тәрбиеге баулу.

3. тәрбиелік – Салауатты өмір салтын сақтауға оқушыларды тәрбиелеу. Тазалыққа, лас істерден аулақ болуға, тән сұлулығын қатар сақтауға тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс сабақ.

Әдісі: Түрлі тыйым сөздер мен мақал-мәтелдер, сахналық шағын

көріністер арқылы оқушыларға ой салу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта , түрлі-түсті электронды слайдтар, «дәрігерлік кеңес» кітапшалары.

Барысы:

Қазақстан Республикасының ән ұраны орындалып, тақырып баяндалады.

Мұғалім : Саламатсыздар ма , құрметті қонақтар , ұстаздар мен оқушылар!

Елбасымыз Н. Ә.Назарбаевтың барлық Қазақстандарға жолдаған «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен.

Сол бағдарламаға орай бүгінгі өткізілетін «Жирен жаман әдеттен » атты тәрбие сағатымызда ой бөліспекшіміз.

Біз оқушыларды 2 топқа бөліп отырмыз. Олар « Тазалық » тобы мен «Денсаулық» тобы. Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.

  1. Таныстыру. ( Әр топ өздерін таныстырып , төс белгілерін қорғайды )

  2. « Бірінші байлық – денсаулық ». ( зиянды әдеттер тақырыбында мақал-мәтелдер айту )

  3. « Тәні саудың жаны сау». (зиянды әдеттер тақырыбындағы сұрақтарға жауап беру )

  4. Уланбасын өмірің. (көрініс)

  5. Темекінің зияны. (темекінің зияны туралы оқушылардың жинаған мәліметтері)

Енді сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!


Жүргізуші: Көк түтінге жас өкпеңді ыстама ,

Ащы суға өзіңді-өзің қыстама.

Ер жетудің белгісі деп бұл да бір ,

Әуес көріп ұстамасты ұстама ! – деп жас жеткіншектерді салауаттылыққа үндейтін « Тазалық » тобын шақырайық.


I – кезең « Таныстыру »

Топ басшысы:

Тобымыздың аты: «Тазалық»

Тобымыздың ұраны: «Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі »


Шықтық біз де топ құрап ,

Кілең сайдың тасындай.

Тазалықты ұрандап,

Сөз сөйлейміз жасындай.


Жүргізуші: Иманыңды , дидарыңды ,

Тазалап ал , қазағым.

Ұрпақтарың , ұл-қыздарың ,

Түзу бассын қадамын ! – деп келешекке келелі азамат ретінде

баруды көздеген « Денсаулық » тобын ортаға шақырайық.


Топ басшысы:

Тобымыздың аты: «Денсаулық»

Тобымыздың ұраны: «Денсаулық – зор байлық »


Денсаулық ол күлуің ,

Көңіл-күйің жадырай.

Денсаулық ол жүруің ,

Ешбір жерің ауырмай.


Жүргізуші: Жігерің бар , талабың бар, қайратың,

Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.

Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,

Өмірің бар алда әлі солмайтын , - дей отырып , жаман әдеттер-

ден жирендіретін ,зиянды әдеттерге байланысты мақал-мәтелдер мен ұлағат-

ты сөз жарыстыруға кезек берейік.


II –кезең

« Бірінші байлық – денсаулық ». ( зиянды әдеттер тақырыбында мақал-мәтелдер айту )

« Тазалық » тобы :

1-оқушы: Темекі тартып ерікпе ,

Өкпеңді алар демікпе.


2- оқушы: Темекінің кермегі ,

Еріккеннің ермегі.


3-оқушы: Жалқаулықтың жан күтімі ,

Екі қолды ыстайды.

Темекінің көк түтіні,

Екі өкпені ыстайды.


4-оқушы: Ұзартқың келсе ғұмырды ,

Таста арақ пенен шылымды.


5-оқушы: Ішпеген шылым тартпаған,

Денсаулықты сақтаған.


6-оқушы: Елемеген ауру жаман,

Ескермеген дау жаман.


7-оқушы: Күлкі – денсаулықтың мүлкі.

8-оқушы: Ішің ауырса аузыңды тый.

9- оқушы: Маскүнем арақтан өледі.


«Денсаулық» тобы

1-оқушы: Түтіні тісіңді сарғайтады ,

Уы ерте қартайтады.


2-оқушы: Шылымды жерге тастама,

Айналаңды ластама.


3-оқушы: Көзге түскен қауыз жаман,

Шылым шеккен ауыз жаман.


4-оқушы: Жасында темекісін будақтатқан,

Күркілдеп қартайғанда құлап жатқан.


5-оқушы: Шылымқор өзін ғана емес,

Өзгелерді де улайды.


6-оқушы: Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық ,

Аздырар адам баласын.


7-оқушы: Темекі тартсаң ақырын ,

Азаяр сана ақылың.


8-оқушы: Жақсыдан үйрен ,

Жаманнан жирен.


9-оқушы: Ауырып ем іздегенше ,

Ауырмайтын жол ізде.


Жүргізуші: Шәкірттер алды-артын аңдасын ,

Шешілмеген сұрақтары қалмасын.

« Ол кім ? Бұл не ? » бөлімінде ,

Танымдықпен , білгірлікпен

Жауаптары тыңдалсын , - дей келе « Тәні саудың , жаны сау»

бөліміне тоқталайық.

III –кезең

« Тәні саудың , жаны сау » ( зиянды әдеттер тақырыбындағы сұрақ-

тарға жауап беру )

« Тазалық » тобына сұрақ :

  1. Есірткінің әлеуметтік салдары қандай ?

( Отбасының бұзылуы , қылмыстың артуы.)

  1. Құрамында этил спирті бар. Ол не ?

( Ішімдік )

  1. Темекі құрамындағы улы зат ?

( Никотин )

  1. СПИД неліктен қорқынышты ?

(Ауырғаннан кейін ең көбі 5-7 жыл өмір сүреді,ең жаманы емі жоқ. )

« Денсаулық » тобына сұрақ :

  1. Салауаттылық сөзінің негізгі мағынасы ?

( Парасатты , байыпты , ақылды , ойлы , сабырлы.)

  1. СПИД нашақорларға қалай жұғады ?

( Ортақ пайдаланған ине арқылы )

  1. Дүние жүзілік СПИД – пен күрес күні ?

( 1 желтоқсан.)

  1. Шылымның зияны тиетін ағза ?

( Өкпе )


Жүргізуші: Салауатты өмір салтын қолдайық!

Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!

Өз өмірің өз қолыңда , ей жастар,

Су ішпеген гүлдей болып солмайық! – демекші «Уланбасын

өмірің » бөліміне кезек берейік.


IV –кезең

« Уланбасын өмірің » ( көрініс)

« Тазалық » тобы:

« Шылым шегудің пайдасы »

( Сахнаға ақ сақалды дана қарт пен жас бала шығады )

  • Ата , мен шылым шегуді үйреніп жүрмін. Қалай ойлайсыз , бұл денсау-лыққа пайдалы ма ?

  • Шылым шегудің үш түрлі «пайдасы» бар , балам. Біріншіден , шылым шеккен адам ешқашан да қартаймайды.

  • Қалайша ?

  • Себебі , олар қартайып үлгермейді. Шылым шегетіндердің өмірі қысқа болады , олар жастай өліп кетеді , балам. Екіншіден , олардың үйін ешқашан ұры тонамайды.

  • Қалайша ?

  • Себебі , шылым шегетін адамның өкпесі таза болмайды да күндіз-түні күркілдеп жөтелумен болады. Ұрылар үй иесінің көкжөтелін естіп , үйге жақындай да алмайды. Үшіншіден , шылым шегетін адамды ешқашанда ит 0аппайды7

  • Қалайша ?

  • Себебі , олар өте ерте мүгедек болып қалады да , таяққа сүйеніп жүреді. Ал қолында таяғы бар адамға ит жақындай ма ,айналайын?

( Ақсақал қулана жымияды. Ал бала ойланып қалады )


« Денсаулық » тобы:

Оқушы:

Ерте, ерте, ертеде,

Дәл қазіргідей заманда

Айбек деген баланы,

Еркелетіп өсірді.

Сұрағанын әперді,

Оқу деген ойда жоқ.

Өсе келе ол бала,

Жамандыққа бойлады.

Өз бойына жолатты,

Есірткі деген пәлені.

Оқушы: ( Айбек )

Керек емес үйретпе,

Оқымаймын ереже.

Еркесімін әкемнің,

Кенжесімін атамның.

Қалтам толы ақшаға,

Ауырмайды басым басқаға.


Тыныш еді өмірім,

Көріп сені өзгердім.

Сүйіп сені көңілім,

Жұлдыздарға тең келдім.

Сөз таппаймын айтуға,

Сені ойға алғанда.

Түсімде де жүрсің ғой,

Темекі мен есірткіні ұсынып.

(Музыка қосылып би биленеді. Ысқырықпен балалар дискотекаға шығады, Айбек билеп жүріп құлайды.)

Оқушы: (дәрігер)

Тамырын умен суарып,

Инемен таза денеңді.

Тесуге неге келістің ?

Көк түтінмен уланып,

Ащы суды неге іштің ?

Төсекке асыл азамат,

Аурумын деп құлайсың.

Дәрігерді мазалап,

Не үшін енді жылайсың ?

Жасұлан, Мұхаммеджан ( жолдастары )

Бұл тірлікте не тындырдың, не көрдің ?

Құрбанысың СПИД деген кеселдің.

Ақталмай-ақ кетіп барады арманы,

Жалғыз бала деп өсірген әкенің,

Кім кінәлі аялаған анаң ба ?

Бар қажетті даярлаған қоғам ба?

Оқушы: ( анасы )

Мен еркелетіп өсірдім сені, балам,

Сен ешқашан таршылық көрмедің.

Сен еркелеп менің жанымды жұбатқан,

Сен жалғанның жырларын,

Жаттатқан жалықпай , балам,

Сен ботақаным, сол өмірді ұнаттың.

Өмірімнің гүлі едің,

Сағынып сені жүрегім,

Жолыңа қарап жүремін.

Қатемді білемін , сеземін, балам.

( Әкесі баласын көтеріп сахнадан шығып кетеді )

Оқушы:

Жас жеткіншек!

Өздеріңе айтып кету – борышым.

Ауырсаңдар бұл кеселмен,

Дәрігер де бере алмайды қол ұшын,

Жат әдет пен темекіге,

Жоламаңдар сол үшін!

Оқушы:

Есірткі жойылсын,

Ішімдік құрысын.

Дені сау қазақтың,

Ұрпағы көбейсін.

Мәдениет өркендеп,

Табиғат көркейіп,

Қазақтың сымбатты,

Ұл-қызы көбейсін!


Жүргізуші: - Арақ ішіп шылым шексең жасыңнан,

Өсе келе айрыласың басыңнан.

Төбелесіп дарақы боп жүрсең сен,

Таба алмайсың бір досыңды қасыңнан.

Сондықтан да замандасым жас ұлан,

Денсаулықты сақтай көрші жасыңнан! – деп « Темекінің зияны » бөліміне кезек берейік.


V – кезең

Темекінің зияны. ( темекінің зияны туралы оқушылардың жинаған мәліметтері)

« Тазалық » тобы:

1-оқушы: – Темекінің құрамында өте улы зат – никотин бар. Шылым шеккенде адам ауамен бірге темекінің де түтінін жұтады.

2-оқушы: - Шылымның күніне жиырмасын тартқан адам 90 мл. шамасында

никотин жұтады. Алғаш рет темекіні тартқанда адам уланады, басы айна-

лады, жүрегі қағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді.

3-оқушы: – Темекінің түтіні өкпе тарамдары мен тыныс жолдарын бітеп,

түрлі ауруларға шалдықтырады.

4-оқушы: - Никотин қан тамырларын тарылтады. Өкпе ауруымен ауыра-

тындардың 97 пайызы шылым шегетіндер.

5-оқушы: – Қазіргі дамыған медицина темекі шегудің, адамды « баяу өлімге » алып баратын бірден-бір зиянды зат екенін айтып, әрбір тал те-

мекіні адам өмірін 12 минутқа қысқартатынын анықтаған.

6-оқушы: - Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн.

адам қайтыс болады екен.

7-оқушы: – Мұны жыл бойына әр күн сайын 25 авиалайнер апатқа ұшырап, сол себепті түгел ажал құшқан жолаушылардың санымен салыс-

тыруға болады.

8-оқушы: - Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша

1997 жылы темекіден 3 млн. адам қайтыс болған болса , бұл көрсеткіш

жыл сайын 33 пайызға өсіп отырған.

10-оқушы: - Шариғатта адамды есіртетін , мал ететін , ақылынан аздыратын , нәрсенің барлық түрі харам деп аталады.

1-оқушы: - Лұқпан хакім ерекше дарынды , зерек болыпты. Соның қал-

дырған жеті өсиеті бар екен.

  1. Ерте тұру.

  2. Орта тазалығын сақтау.

  3. Дене шынықтыру.

  4. Үнемі денені таза ұстау , ыңғайлы киіну.

  5. Үнемі сергек жүру.

  6. Артық тамақ ішпеу.

  7. Көп ұйықтап жалқау болмау.

Осылардың барлығы денсаулықты сақтандыру негізі болып табылады.


« Денсаулық » тобы:

1-оқушы: - Құрамында никотин және 4 мыңға жуық улы зат бар

темекі өсімдігінің майдаланған, құрғатылған және қолдануға дайын күй-

дегі жапырағынан жасалады.

2-оқушы: – Темекінің елі Америка болып табылады. Американы ашқан- нан кейін темекі Еуропада кең таралады.

3-оқушы: - Темекінің ішінде ең көп мөлшерде никотин болады.Никотин

улы зат болғандықтан медицинада қолданылмайды және дәрі болып та

саналмайды. Бір қорап темекінің құрамындағы никотинді адамға инемен

шаншыса, адам өліп кетеді.

4-оқушы: - Темекінің зияны : Ерін , тіл және өңеш қатерлі ісігіне душар

болады. Ас қорытуды қиындатады. , тәбетті қайтарады.

5-оқушы: - Асқазанда жара айда болады , өкпе мен көмекей қатерлі ісігі-

не ұшырайды.

6-оқушы: - Қол-аяқ тамырлары бірте-бірте бітеледі.Гангренаға айналып,

қол, аяқ кесілуге дейін барады.

7-оқушы: – Миды қамтитын тамырларда да қатаю пайда болып , жасуша-

лары өледі және орнына қайтып келмейді. Жүрек ауруына шалдығады.

Тез қартаяды, теріде әжім пайда бола бастайды.

8-оқушы: - Темекі өрттің шығуына да ықпал етеді. Соның кесірінен үй, орман өртеніп , адам өліміне де душар етуі мүмкін.

9-оқушы: – Темекі шегуді о баста « ойнап » бастаған 100 адамның 80-і

біртіндеп тұрақты шылымқорға айналады.


Жүргізуші: Биылғы жылдың 9 қазаннан бастап «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі жөніндегі кодекске сәйкес» енді қоғамдық орындар- да темекі тартуға тыйым салынды. Яғни, ауруханаларда, оқу орындарында, сауық-сайран кешендерінде (дискотека, түнгі клуб, кинотеатр), қоғамдық көлікте, мемлекеттік мекемелерде, мұражай, кітапханаларда, әуежай немесе теміржол вокзалдарында темекі тартуға тыйым салынады. Егер тыйымға көңіл аудармасаңыз,12 960 теңгеден 77 760 теңгеге дейін мөлшерде айып- пұл салынады.

Денсаулықты сақта, түзу өсесің,

Күнәдан пәк жаннат өмір кешесің.

Көрген күнің қараң ғой дерт шалса,

Харамменен тәніңді улап не етесің?

Жаман әдет көп шектірер қасірет,

Сақта өзіңді жақсылыққа жетесің!

Қорытынды.

Мұғалім: Ыбырай Алтынсарин: «Көңіліңді, бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста». Олай болса, балалар, бойға желік бітіріп тек жамандыққа бастайтын ащы судан арылайық! Ішімдіктің, темекінің, есірткінің зардаптарынан болатын өзгерістердің ішіндегі ең елеулілері – адамның ақыл-ойы мен санамыздың бұзылуынан сақтанайық, жас ұрпақ!  


Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар 7 \ 2010, 12 жыл.

  2. Власова Ю.В. “Вредные привычки и их влияние на здоровье подростков”

  3. Ғаламтор желісі.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
"Әлем таныған азат ел"

Автор: Куптлеуова Гульжайнар Даулетовна

Дата: 18.04.2017

Номер свидетельства: 409868

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Ра?мет са?ан, ?ліппе "
    ["seo_title"] => string(22) "rak-miet-sag-an-lippie"
    ["file_id"] => string(6) "172657"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423844454"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "«Т?уелсіз елді? жа?а белесі!» Т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(39) "tuielsizieldinzhanabieliesitrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "326511"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463209834"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(124) ""Мені? Президентім" та?ырыбында?ы ашы? т?рбие са?атыны? жоспары 2-сынып"
    ["seo_title"] => string(78) "mienin-priezidientim-tak-yrybyndag-y-ashyk-t-rbiie-sag-atynyn-zhospary-2-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "286329"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454326872"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "«Т?уелсіз ?аза?стан ?сіп-?не бер»"
    ["seo_title"] => string(29) "tuielsizkazakstanosiponiebier"
    ["file_id"] => string(6) "255856"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1448010993"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "«Т?уелсіз ?аза?стан »"
    ["seo_title"] => string(17) "tuielsizkazakstan"
    ["file_id"] => string(6) "255857"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1448011059"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства