Мөлдір: Картоптың қандай дәмді де пайдалы екенін барлығы біледі.Қатысушыларға картопты өнімді жинауды ұсынамыз.Ойынның аты «Картопты жинап ал».
(Сайыскерлердің көздері байланады, қолдарына шелек беріледі, қай жұп көп картоп жинаса сол жеңеді)
Асылжан: Сайыскерлеріміз шаршаған шығар, дем алсын. Ал сіздер Даринаның орындауында ән тамашалаңыздар.
(Даринаның әні )
Мөлдір: Жүзіктің өзінен де – көзі қымбат.
Ақынның сыйлығынан – сөзі қымбат -
дегендей сайысымыздың 4 бөлімі – «Поэзия минуты». Әр жұп дайындаған өлеңдерін оқиды.
(Өлеңдер оқылады)
Асылжан: Жарнама. Күзгі киім үлгілері.
( Балалар күзгі киім үлгілерін көрсетеді)
Мөлдір: Әрбір ақын –жазушы өзінің өлеңдерінде, шығармаларында күзгі мезгілді суреттеген.Ендеше біздің сайыскерлеріміз де күз мезгілін қағазға түсіреді. Келесі бөліміміз «Қылқалам шебері» деп аталады.
1 жұп-Күз мезгілі, алтын күз салады.
2 жұп-Күз мезгілі, қатты желді салады.
3 жұп-Күз мезгілі, құстардың ұшып бара жатқанын салады.
4 жұп-Күз мезгілі, бақшаны салады.
-Олар сурет салғанша біздің сынып оқушыларының биін тамашалаңыздар.
(Флешмоп биі)
Асылжан: Татсақ тағамның дәмі қандай
Барша жұрт көзбене қызыққандай.
Күзгі тағам дайындап әзірлеуде,
Қанеки? Қайсымыз жылдамбыз –ай?
(Әр жұп өздерінің дайындаған тағамдары туралы айтады)
Мөлдір: Ортаға күзде туған оқушыларды шақырамыз.
(Мұғалім оларды құттықтап, от шашуын шашады)
Мөлдір: Жеңіс пенен жеңілістен тұратын,
Өмір –күрес, жеткізе ме мұратың.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң оны ұғатын.
Сайысымыздың қорытындысын шығаратын әділқазыларға сөз берейік.