kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қыз өссе - елдің көркі

Нажмите, чтобы узнать подробности

11 сынып  "Қыз  өссе -елдің  көркі" атты ашық  тәрбие  сағаты

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қыз өссе - елдің көркі»

«Жаңа Ғасыр» №175 гимназиясы

«Қызғалдақ» қыздар клубы

ҚЫЗ ӨССЕ – ЕЛДІҢ КӨРКІ







Ұлы мен қызы өсіп, кәмелетке толған соң келін түсіріп, қыз ұзату – әрбір әке-шешенің арманы, шықсам деген биігі, ең шатты кезеңі. Бозбала мен бойжеткеннің жүрегінің түкпірінде жүретін түйткілінің бірі – көрікті, көргенді, ибалы өмірсерік табу екені де баршаға аян. Міне, осы жастарды отау тігіп, үйлі-баранды ету мәселесіне қазақ өте-мөте көңіл бөлген. Біз бүгін ата-бабамыздың ертеден келе жатқан құда түсу жол-жоралғысына аз-кем болса да тоқталып өтуді жөн көрдік.

Қазақ құда түсу, некелесу әдет-ғұрпына айрықша мән берген. Елдің салт-дәстүрінде де, мұсылманшылық тұрғысында да некелесу, Алланың алдында жұп болып қосылу, үлкен мағынаға, мәнге ие. Ұл мен қыздың ата-ананың келісімінсіз қосылуына қатаң тиым салынған. Бұл салтты бұзғандарды тегіне қарамай аяусыз жазаланған. Мысалы, ертеде Маңғыстау өңірінде де бірін-бірі іштей ұнатып, әке-шеше разылығынсыз қосылып, атастырған жерге бармай бата бұзған жәйттер ұшырасып отырған. Ел аузындығы аңыздарға қарағанда Қараған түбектегі «Ақшора-Белтұран»,тау бойындағы «Олжаның қызы мен Қарағұлүмбет», Бозашы бетіндегі «Қараман-Кежек», «Қаламқас пен Кент» осылай ант бұзып, жазаланғандардың ескерткіші көрінеді.

Қазақта некелесу салтына айрықша мән беріліп, бұл іске көпті көрген, ақыл тоқтатқан адамдардың араласуын, кеңес бергенін жөн көрген.Қазақтың некелесу дәстүрі қыз айттырып, құда түсуден басталған.Жігіттің әкесі немесе туыстары жанашыр, жақын адамдарын қыздың үйіне жіберіп, құда түсуге алдын ала келіссөз жүргізетін болған. Бұл топ «жаушы» деп аталған. Егер қыз жағы қарсы болмаса, құда түсудің мерзімі белгіленеді. Қыз жағы жаушыларға немесе олардың жасы үлкендеріне сыйлық ретінде иықтарына шапан жабатын болған. Бұл сыйлық «Шеге шапан» деп аталыпты.

Жаушылардың келіскен мерзімінде жігіт әкесі жақын туыстарының бірін бас етіп бірнеше адамды құдалыққа аттандырады, әлде өзі бастап барады.

Құдалық қалың мал,қыздың жасауы, ұзату тойының мерзімі белгіленнен кейін антпен бекітіліпті. Ол үшін қойдың қанын ағаш аяққа құйып, екі жақтың құдалары оң қолының саусақтарын қанға батырып, құдалықтың шартын бұзбауға ант береді екен. «Бауыздау құда» деген атау осыдан қалса керек.

Ақсақалдар бата бергенде оларға «бата аяқ», ал айттырылған қыз үшін «қарғы бау» атты сыйлықтар беріледі. Бұдан соң екі жаққа «құйрық-бауыр» табағы тартылып, Құдай қосып, анттасқан құда болғандығы жария болады. Қыздың әке-шешесі құдаларға «кит» кигізіп аттандырады.

Құда болу салты ұл мен қыз бір жасқа толған соң-ақ бастала берген. Келісілген қалың мал жартылай немесе толығымен беріліп, екі жас оңы мен солын танитын болған соң күйеу жігіт қыз ауылына арнайы сапар шегеді. Бұл «Күйеудің ұрын баруы» деп аталған. Осындай сапарға күйеу жолдас есебінде жөн білетін, ысылған сақа жігіт басшылық еткен.

Олар қыз жағына беретін әртүрлі сыйлықтар, тартулар, кәделік ұсақ-түйек бұйымдар ала шығады. Ұрын келген күйеу тобына қыз аулында арнайы үй тігіліп, шағын той қамдастырылады. Кейде осы жерде неке оқылады. Бұл «Ұрын той» деп аталады.

Келесі күні кеште қыз жеңгелері әкесінің үйінде қыз бен жігітті оңашалап кездестіреді. Осыдан бастап күйеу қалыңдығымен жасырын түрде кездесе береді, оны «Қалыңдық ойнау» деп атаған. Сөйтіп қалыңдық ойнау кезеңінде ерлі-зайыптылық дәстүрінің алғашқы түні қыз үйінде өткізілетін болған. Егер қыз бұл сыннан «сүрінсе», оның бұрымы кесіліп масқараланып, әкесінен үлкен кісіге немесе жарымжан кісіге әйелдікке беріледі. «Бұрымың кесілгір», «жарылған жұмыртқа» деген өте жиіркенішті, қарғыс сөздер осындайдан пайда болған көрінеді.Мұндай жағдайда күйеу атының тоқымдары тілгіленіп, аулына қайтарылады, ал қыз жағы алған қалың малын мол айып төлеп, кейін қайтарады. Егер бәрі жақсы өтсе, екі жағы бір-бірінен шүйінші сұрап, той жабдығына кіріседі.

Қыздың ұзатылу тойына күйеу тобын бірқатар қазақ арасында оның шешесі бастап барады. Қыз анасына «Сүтақы», аға-інілеріне ат, ер-тоқым, басқа да ұсақ-түйек кәделерін атайды. Ал Маңғыстау қазақтарында күйеу тобына өмір тәжірибесі мол, орта жастағы жақын-жуықтарының бірі бастап барған. Егер күйеу бұрын ұрын бармаған болса, той басталардан бір-екі күн бұрын шағын той ұйымдастырылған. Оны «Қыз қашар» деп атап, ұрын келіп, “қалыңдық ойнау” рәсімдерін жасаған. Осы кеште қыз жеңгелері күйеу жігіттен «Қол ұстатар», «Шаш сипатар», «Төсек салар» ырымдарын алып, оларды оңаша кездестірген. Ал тойдан 5-6 күн бұрын кететін қыз жеңгелерін, сіңлілерін ертіп жақын туыстарын аралап қоштасатын.

Тойдан кейін қыз әкесі үйінде қыз-күйеулерге қонағасы беріліп, бата жасалады. Аттанарда қыз әке-шешесімен, аға-жеңгелерімен «Сыңсып көрісу» айтып қоштасады.

Ұзатылған қыз күйеу ауылына жақындағанда бір топ қыз келіншек қарсы алып, жас келінді жаяулатып әкеледі. Той алдында «Беташар» болады. Келіннің бетін ақын жігіт ашып, өсиет, ақыл-кеңес беріледі. Одан соң шашу шашылып, «Келін көрімдігі» беріледі. Той өткен соң келіннің сәукелесі алынып, жаулық тартылады, екі бұрымының ұшы біріктіріліп шолпы тағылады. Бұл жағдайлар оның күйеуі бар әйелдер қатарына қосылғандығы болып есептеледі. Жас келін бір балалы болғанша төркініне қатынамайтын дәстүр болған. Бұл келіннің жаңа шаңыраққа, жаңа елге алаңсыз үйреніп кетуі үшін істелген. Ал келіншек бір балалы болған соң төркініне баласы мен күйеуін ерте келіп, сағынышын басып қайтатын көрінеді. Бұл «Ұзатылған қыздың төркіндеу салты» деп айтылған. Әкесі 1-2 қара мал, жылқы, түйе, біршама ұсақ мал атаған. Мұны «Төркін сыбаға» деп атаған. Егер қыз әкесі болмаса бұл салтты орындау ағасының міндетіне кірген. Осы сапармен құдалық жолмен үйлену дәстүрі, оның төңірегіндегі алыс-беріс ырымдары аяқталатын болған.

Міне, осы жоралғы-дәстүрлердің бәрі жас отау босағасының берік,шаңырағының биік болуына, ерлі-зайыптылардың тату-тәтті тұрмыс кешуіне негіз салған. Ал бүгінгі күні ше? Кешегі кеңес дәуірінде бұлар ескіліктің қалдығы ретінде қазақ өмірінен аластатылды. Тарихынан, ата-баба салт-дәстүрінен жұрдай дүбәра ұрпақ дүниеге келді. Тәуелсіздік таңы әлдеқашан атса да, орта буын болашақ ұрпаққа өнеге болатындай жолды әлі де үлгі қылар емес.

\

















«Жаңа Ғасыр» №175 гимназиясы

«Қызғалдақ» қыздар клубы



Қызым, саған айтамын...









Алматы қаласы

Қызым, саған айтамын...

Отан отбасынан басталады», – десек, сол әрбір кіші отанның ұйытқысы, берекесі болатын – әйел адам. Ислам діні келгенге дейін арабтарда ананың құрсағына шарана бітсе, ол қашан дүниеге кел-генше «іштегі шарана ұл ма, әлде қыз ба» деп уайымдайтын. Себебі қыз дүниеге келсе, ол біздің тегімізге ұят әкеледі деп есептеп, қыз баланы тірідей көметін болған. Ал, Исламның келуімен мұндай надандық әрекеттер сап тыйылды. Әйел адамдардың дәрежесінің қан-дай екендігін көрсетіп берген Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) хадисінде: «Жаннат аналардың аяғының астында», – дейді. Яғни, ұлттың ұлт болып қалуы, қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі – ең алдымен әйелге, келешек ана болар қыздардың қалай тәрбиеленетініне байланысты болмақ.
Қыз баланың жүріс-тұрысы мен киім киісі тәрбиенің негізі болып саналады. Жасыратыны жоқ, кейбір ата-ананың ба-лаларына қарайлауға, тәрбие беруге де уақыты жоқ. Осыдан барып бала әке-шешесінен суып, оларға де-ген сыйластықтан алыстай бастайды. Бала кезінен жылы-лық мейірімді көрмеген адам баласы жүрегін бойлаған суық ызғардың өшін өзгелерден алатын қатыгездікпен өседі.
Бүгінгі күнде қыздары-мыздың көзге оғаш көрінетін киімдерін айтар болсақ, бұрын-соңды болмаған,  құлақ естіп, көз көрмеген ұятсыздықтарға куә болып жатырмыз. Міне, қоғамымызға өз қолымыздан осындай келеңсіз жағдай тудырып алдық. Қазіргі таңда кейбір қаракөз қыздардың арақ ішіп, шылым шегіп, түнгі клубтардың есігін баққанын көргенде жаның түршігіп, жү-регің ауырады. Осындай жеңіл мінездің салдарынан жүкті болып, жасанды түсік жасатып, келешекте аналық құқығынан айырылып жатады. Осылардың бәрі де өзіміздің қаракөз қыздарымыз, елдің ертеңгі болашақ аналары емес пе? Неге ойланбасқа? Олардың келешегі, тағдыры не болады? Бұлардан өнегелі ұрпақ күтуге болар ма? Қыз баланы кішкентайынан төрге шығарып отырған қазақ оның болашақтағы  Ел анасы боларына кәміл сенген.
Халқымызда «Келіннің шашына күн тисе,  кіндігіне у тиеді» деген даналық сөз бар. Ізеттілік, көргенділік нәресте кезінен ана сүтімен бойға сіңеді. «Қызға қырық үйден тыйым» деп қыз баланың  жүріс-тұрысынан бастап  дауыс ырғағына дейін мән берудің өзі қыз бала тәрбиесінің маңыздылығын сездірсе керек. Сондықтан да қазақ қыздары тәрбиелігімен, өздеріне тән нәзіктігімен және рухани тазалығымен ерекшеленетін еді. Ар-намысын жоғары ұстай білген қыз ғана жұрт алдында әрдайым абыройлы, сыйлы болары хақ.
Алла Тағаланың әмірі мен тыйым салғандарына бағынудың өзі құлшылық. Құран Кәрімде киім киюге байланыс-ты «Ағраф», «Ахзаб», «Нұр» сүрелерінде хабар беріліп бы-лай делінеді: «Ей, Адам бала-сы! Шайтан ата-аналарың-ның ұят жерлерін көрсету үшін киімдерін шешіп жән-наттан шығарған секілді, сендерге де сұмдық жасап жүрмесін»; «Ей, Адам баласы! Әрі құлшылық жасайтын кезде зейнеттеріңді киің-дер»; «Ей, Пайғамбар! Әйел-деріңе, қыздарыңа және мұсылмандардың әйел-деріне айт. Үстеріне бүр-кеншіктерін орансын. Бұл олардың танылуларына, кейітілмеулеріне жақыны-рақ. Алла аса жарылқаушы, тым мейірімді». «Некелесу-ден күдер үзіп, үйде отырған кәрі әйелдердің зейнеттерін ашпай сырт киімдерін шешулері айып емес. Егер бұдан сақтанса, олар үшін әлдеқайда жақсы».
Міне, осылайша қасиетті Құран аяттары арқылы әйел адамдардың ешқашан ашық-шашық киінуіне жол берілмеген. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қыздарымыздың ұлттық һәм діни киімдерін қайта жаңғырту мақсатында «Әсем киім – әйел көркі» атты бәйге де ұйымдастырған болатын. Бай-қауға дизайнерлер, кейбір танымал сән үйлері қатысты. Көрікті де, келісті киім үлгілері келіп түсті. Шариғатымызға да, заманымызға да сай, әрі қазақылығымызды жаңғыр-татын, киіп жүруге ыңғайлы тамаша киім үлгілері өмірге келген еді. Енді соны ұлт кәдесіне жаратсақ, нұр үстіне нұр болар еді.
Пайғамбарлар сардары Мұхаммед (с.ғ.с) тағы бір хадисінде: «Егер бір әйел еркектің назарына ілігу үшін сәнденіп, сыланып-сипанып, серуенге шықса, ол қаңғыбаспен бірдей және оған қадалған көздер де сондай», – делінген. Мұнда ниеттің дұрыс еместігі басты назарда ұсталып отыр.  Дана халқымыз «Қыз қылығымен сүйкімді» екенін ерте біліп, қызды қашанда «жат жұрттық», уақытша қонақ ретінде жас күнінен отбасының сенімді серігі, қара қазанның иесі, үйдің ұйытқысы ретінде тағылымды тәрбие берген. Халқымызда бала тәрбиесін құрсақтан бастаған асыл аналарымыз болған. Ұлжан  ана данышпан Абайды ғұсыл дәретсіз еміз-бегені адамзат баласын тәр-биелегені болып табылады. Ұлы Абайдың тәрбиешісі болған данагөй әжеміз Зерені қалай ұмытамыз?
«Қызың өссе, қызы жақсы-мен ауылдас бол», «Келіні жақсы үйдің керегесі алтын» деп көңілі мен жүрегі таза, әдемілікке, нәзіктікке құмар, өзінің емес, өзгенің өресін көтермелейтін қыз бала келешекте іргелі үйдің шаңырағын жоғары көтеретінін айтса керек. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Әйел – бесік иесі. Демек, әйелдің жайы түзелмей, бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей – еліміз толық түзелмейді», – дегені иманды да ұлағатты, ізетті де инабатты қыз тәрбиелеудің аса маңызды екенін еске салып тұрғандай. Әз Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) бір қызы болып, соны иманды, салихалы бойжеткен ғып тәрбиелеп, құтты орнына қондырған кісіге жәннатты сүйіншілегенін естен шығармайық, ағайын!











































Қыз бала- болашақ ана

– Жалпы, қазақта «қызды қырық үйден тыю» деген сөз бекер айтылмаған. Біздің ата-бабамыз келешек ұрпағының тазалығын қыздың тәрбиесінен бастаған. Осындай дәстүрдің бәрін жоққа шығарып, демократияны желеу етіп, өркениеттілік осы екен деп, бетімен кету – ол біздің ата дәстүрімізге, жалпы ұрпағымызды тәрбиелеп-өсіруге кері әсерін тигізеді. Оң жақта отырып, Алла Тағаланың берген қыздық қасиетін сақтай алмаған қыздардың өз тағдырына да жауапсыз қарағаны. Ондай қыздар келін деген, болашақ ана деген атқа лайықты деп айта алмаймын. Мұндай қыздарға бір әулеттің жауапкершілігін сеніп тапсыруға болмайды.

– Баланы тәрбиелеу ананың басты міндеті. Ұл өсті дегеннен өзіне жар болатын жанның арының тазалығына мән беру керектігін ана айтып отыруы керек. Бойжеткен қыздың қылығы көп, сондықтан да қызбаланың тәрбиесіне ананың ерекше мән бергені жөн. Қыз анасымен сырлас болып, өзін мазалаған ішкі ойларымен әрдайым бөлісіп отырса, жамандыққа жолықпайды. Қыздың ең бірінші ұстанымы — қыз деген атқа лайық болуы. Біз Кеңес Үкіметінің тәрбиесін көрген адамдармыз. Ал қазіргі ата-аналар заманына қарай жеңіл ойлайтын сияқты. Дегенмен, заман өзгергенімен, адам өзгерген жоқ қой. Қыз — болашақ жар, болашақ ана. Өзге үйдің босағасын аттағанда бойыңды тік ұстап, тәрбиелеп өсірген ата-анаңның елдің алдында жүзін төмен түсірмейтіндей етіп адал аттау үшін ананың әр сөзін қыз бала жадында ұстауы керек

– Бүгінде біз жоғары ақпараттық технологиялар заманында өмір сүрудеміз деп мақтанамыз. Сондықтан, өсіп келе жатқан ұрпақты сауатсыз деп те айтуға болмайды. Өйткені, олар осы жаңа технологияларды еркін меңгеріп, түрлі ақпараттармен алмаса алады. Иә, заман өзгергенімен, әдет-ғұрпымыз бен салт-дәстүріміз өзгерген жоқ. Адам өмірінде ешқандай қиындық болмайды деген кепілдік ешкімде жоқ. Ешкім де алдында қандай қиыншылық күтіп тұрғанын болжай алмайды. Әр адамның басында қуаныш пен қайғысы қатар жүретіні рас. Ол Алланың сыны деп айтуымызға болады. Алайда, осындай қиындықтардан шығудың да түрлі жолдары бар. Көбі сол қиындықтан алып шығатын жолды таппай қатыгездікке, қателікке бой алдырып жатады. 

Негізінде, қазіргі педагогика оқулығында жыныстық тәрбие туралы бөлім жоқ. Оны көбі ұят санайды. Мұғалімдердің өзі өрімдей балаға мұны қалай жеткіземіз деп оқушыларға мұндайды оқытуға ұялады. Сонда қыз баласы жыныстық тәрбиені қайдан оқып білуі керек? Міне осы жерде оған отбасында анасымен, жеңгесімен сырласу өте қажет. Мектепте осындай тақырыптарда сабақтар өткені жөн. Мұнын қыз баласына пайдасы көп. 

Сондай-ақ, біз баланы өте қатал тәрбиелейміз. Тәрбиелеу деген осы екен деп тым қаталдыққа салыну да бала жастан қызды жалтақтыққа алып келетінін ұмытамыз. Осыдан барып, қыз өз анасына ойындағысын айтуға жасқанады. Мысалы, алғашқы етеккір келгенін ол анасына емес, алдымен құрбысына, не жеңгесіне айтады. Сол үшін қызды кішкентайынан өзімізге әбден сендіріп, анадан артық жақын адам жоқ екенін ұғындырып өсіруіміз керек. Қыз – болашақ ана, бір әулеттің үлгілі келіні атанатындығын санасына сіңіріп, әйелге үлкен жауапкершілік пен міндет жүктелетіндігін айтып отыру керек

. Тәрбие мәселесінде әрине мектеп психологы, мұғалімдер және сынып жетекшілердің өзіндік рөлі бар. Дегенмен, ең алғашқы тәрбие отбасыдан басталады. Осы екі тәрбиенің үйлесім тапқан кезінде ғана оның оң әсері болары сөзсіз. Бүгінде оқу ошақтарында қыздар клубы және қыздар кеңесі жұмыс істейді. Сондай-ақ, оқушылар психологтардың кеңесіне жүгінуіне толық мүмкіндік жасалған. Сондықтан ең бастысы отбасындағы тәрбиеге мән берген абзал. Ал мектепте тәрбие ісіне үлкен көңіл бөлінген. Жанағы айтқан клубтарда осы тақырыптар үнемі айтылып жүр.

Мектебімізде кітаппен тәрбиелеу мәселесіне көңіл бөлінген. Әдеби кітап оқу арқылы балаларды ізгілікке, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеудеміз.

– Әрбір ана қызымен құрбысы ретінде сырласа білуі керек. Және анасы болашақ енесі тұрғысында да өз қөзқарасын білдіргені жөн. Бұрындары анасының қызымен оңаша отырып, сөйлесуіне мүмкіндік бола бермейтін. Өйткені, күнделікті күйбең тіршілікте әйелге жүктелетін міндет өте көп. Үйдегі шаруалар, бала тәрбиесі, қызметтегі жауапкершілігі бос отыруға мұрша бермейтін. Ал қазір, техниканың дамыған заманы. Қолмен кір жуып, ауыр кілемді сілкілеп жатқан келінді көрмейсің. Бәрі дайын, бос уақыт көп. Міне, осындайда әрбір ана өз қызымен сырласпағанда не істейді? Расында, барлық кінәні тек қыздарға ғана артқанымыз дұрыс емес. Ұл балаларға берілетін тәрбиені де күшейту керек. Қыздың арына тиген жігіттерге ел болып қарсы тұру керекпіз. Қыз әрине ибалы болуы керек, бірақ жігіт те қазақ екенін, ата дәстүрін ұмытпағаны жөн. Сондай-ақ, бала тәрбиесінде ата-әженің тәрбиесі де үлкен мәнге ие. 


Қызға 40 үйден тыйым:


1. Жарыса сөйлеуге

2. Жалғыз қыдыруға

3. Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге

4. Орынсыз ұрынуға

5. Басқаларға қол тигізуге

6. Өтірік, өсекке 

7. Суық жүріс, сумаң қылыққа

8. Кісіге қарай керіліп есінеуге

9. Талтайып отыруға

10.Шалқайып жатуға 

11.Тамақты обырлана асауға

12.Ұрлық-қарлыққа

13.Ұятты мүшелерін ашып жүруге

14.Бұраңдап, қылымысуға

15.Қызыл іңірде жатуға

16.Түске дейін ұйықтауға

17.Кісі алдында киім ауыстыруға

18.Салт-дәстүрден аттауға

19.Елді ғайбаттауға

20.Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға

21.Ішімдік пен шегімдікке

22.Ұрыс-керіске

23.Беттен алып, бет жыртысуға

24.Қараулыққа, ысырапқа

25.Рахымсыздық пен қатыгездікке

26.Түнде суға жалғыз баруға

27.Жат жыныстылармен арласып жатуға

28.Күйеуге қашып тиюге

29.Әдепсіз сөзге

30.Тарс-тұрс етуге

31.Адам мен жануарларды тебуге

32.Кісіні қорлап, жәбірлеуге

33.Тәкәппарлық пен сайқымазақтыққа

34.Айғай сүреңге

35.Шектен тыс сыланып жасануға

36.Қызғаншақтық пен күншілдікке

37.Менмендік пен өзімшілдікке

38.Алдап-арбауға

39.Көрсеқызарлыққа

40.Нәпсіқұмарлыққа тыйым




Әңгімені жүргізген: Мектеп мейірбикесі Үмбетбаева С.






















Қыз бала –ұлтымыздың мақтанышы

Әр елдің өміріндегі шешуші кілт  қыздарға берілетін тәлім-тәрбие арқылы өлшенеді.Біздің халқымызда «Қыз» деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданады.

Жарық пен жылу, от пен су жоқ жерде тіршілік жоқ, ал осылардың көктегі көзі – күн, жердегі көзі – адамзат. Адамдардың бір-біріне мейірімі мен ұлағатты тәрбиесі тіршілікті сақтайды. Тәрбиесі түзелмей елдің көсегесі көгермейді, отбасы түзелмей болашақ түзелмейді.

Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала болашақта да сол әдебін сақтамақ. Әдепті, инабатты, адамгершілігі мол, сыпайы қыз тәрбиелеу – бүгінгі мектептің, қоғамның және ата-ананың негізгі міндеті...

Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы — әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала ержеткенде сол әдетін сақтайды.

Қазақ халқының мақсаты — әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындыру, әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Қыз бала бойжетіп, әке-шешесінің, бауырларының ортасында бұлғақтаған дәуренін қалдырып, басқа бір үйге келіп келін атанады. Өз шаңырағын көтеріп, үй мен шаруаға иелік етіп, түтін түтетеді, ана болып өмірге перзент әкеледі. Жар құшып, ана болу – қыз баланың мақтанышы, әрі бақыты. Бұған әсіресе ата-ана қуанады.

Қыздың бойжетуі, яғни, жан-жақты жетіліп, белгілі дәрежеде өмір тәжірибесіне ие болуы заңды құбылыс. «Қыздың жолы жіңішке», «Қызға қырық үйден тыю» деген сияқты халықтық тәлімгерлік талаптарының мәнін түсініп қана қоймай, бойжеткен одан өзіне қатысты қорытынды шығара білуі, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысын басшылыққа алуы керек.

Ұят-әдеп жоралғыларын белден басып, отырғанда, тұрғанда өзінің әйелдік жаратылысын ескермейтін, қызға, келінге жарасатын қымсыну, қызару, тартыну, имену дегендер ойына кіріп-шықпайтын қыз өзіне ғана емес, ата-ана, бауыр-туғандарына сөз келтіріп, жерге қаратады. Сондықтан, қыз ибасы, қыз әдебі дегенге жеңіл-желпі қарауға мүлдем болмайды.

Біздің халық ұрпақ тәрбиесінде екі нәрсені естен шығармаған. Біріншіден, дүниеге келген ұрпақтың жалпы тәрбиесіне баланың ержеткенге дейінгі бағым-күтімі, жүріс-тұрысы бәрі-бәрі енген. Екіншіден, ұл мен қыздың тәрбиесін екі бөліп жүргізуге тырысқан. Мұнда негізінен ұлдың тәрбиесі әкеге, қыздың тәрбиесі шешеге байланысты жүргізілген. Олардың әдепті, тәрбиелі, тындырымды, іс-әрекеті тиянақты болуын қадағалаған. Соған орай ақыл-кеңес беріп отырған.

Ұлы ғұлама Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова: «Қыз баланың мына өмірдегі міндет-парызының жүгі ауыр,, әрі ардақты. Ол – адамзат ұрпағын өмірге әкелетін болашақ ана, үй ұстап, жар күтетін адал жар, ата-ене сыйлап, иілетін қамқор келін. Ол осыны қаласын-қаламасын, бұл — өмір заңы» — деген.

Соңғы кездері қыздарымыздың арасында темекі тартып, нашақорлыққа бой ұрғандары да кездеседі. Келешекте ондай қыздар өмірге қандай ұрпақ әкеліп, қандай тәрбие бермекші? Қыз баланың тым әлем-жәлем киініп, көзге түсуге тырысуы, орынсыз боянып сылануы ерсі болады. Сонымен қатар, өзінің сырт пішініне, киім сәніне немқұрайлы, салғырт қарауы да келіспейді. Бұл оның тәрбиесінің жетімсіздігі, төмендігі.

Қазіргі заман ағымына сай қыздар тәрбиесінде төмендегідей басты мәселелерге көңіл бөлінуін баса айтқым келеді:

  • Ата-аналармен тығыз байланыста болу, баласы туралы пікір алмасып әңгіме жүргізіп отырып тәрбиелеу өз нәтижесін бермек. Себебі, қай бала болса да (қыз, ұл) алдымен тәрбиені отбасынан алады, ата-анасына еліктейді, соларды қайталағысы келеді, ал бала жас шыбық тәрізді, қалай баулыса солай қарай бой түзейді.

  • «Қызға қырық үйден тыйым» деп, қыз баланың әлдебір іс-әрекетіне үзілді-кесілді тыйым салу, жылылық танытпай ұрысып, зеку зиян, керісінше баланың жағдайымен санасып сеніміне кіру, сырласып дос бола білу керек.

  • Отбасы  дұрыс, мәдениетті қарым-қатынаста болуы.

  • Өз ұлтының намысын жоғары қоя білетін, елінің сөзін сөйлейтін жас ұрпақты баулып,тәрбиелеу үшін «мұны білуге әлі ерте, оған тыйым салынады» деген тежеулерді алып тастап, баланы бұғаулы ойдан, шектеулі ұғымдардан құтқару қажет, қайта баланы ойын еркін айта білуге жетілдіріп, білігіне жетелеп отыруымыз керек.

  • Жас ұрпақты адамға тән табиғи сезіммен өмірді, табиғатты сүйе білуге, құрметтеуге үйрету.

  • Жаратылыстың ақиқатын, болмысты ашық, бүкпесіз көрсетіп ұғындыруға арналған мектеп — шындықты үйрету мектебі болуы керек.

















«Қызым, саған айтам...» атты аналар мектебі

Тақырыбы:  «Қызым, саған айтам...»

Мақсаты: Ананың  қызына беретін үлгі — өнегелері  туралы түсіндіру; ананың «бесік жыры» арқылы қыздарды адамгершілікке, адалдыққа, ізгілікке, инабаттылыққа баулу жолдарын көрсету.

Түрі: сырласу

Құрметті Аналар, ұстаздар, қадірменді сұлу да, әсем арулар «Тәрбие бастауы — Ана »  атты сырласу кешіне қош келдіңіздер!

 Бүгінгі дүниеге келген кішкентай қыз-ертеңгі сүйкімді бойжеткен, болашақ ана. Ата-бабамыз қыз бала тәрбиесіне ерте замандардың өзінде-ақ көңіл бөлген. Қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, құрметтеп, олардың дөрекі сөйлемей, ізетті, ұстамды болуды талап еткен.  «Қыз өссе – елдің көркі» деп біздің қазақ халқы ежелден қыз баланы аялап, мәпелеп, ерекше құрметтеп, оның нәзік те, ақылды болып өсуіне мән берген. Сондықтан бүгін біз осыған орай сырласу кешін ұйымдастырып отырмыз

Кешіміздің тақырыбы да соған байланысты  «Тәрбие бастауы — Ана»   деп аталады.

Кештің беташарын «Сіңліге сыр» атты өлеңмен ашсам деймін.

1.Осал да болма ойыңнан оңай адасқан,

Өжет те болма орынсыз сөзге таласқан.

Алдымен қызға керегі пәктік, адалдық,

Одан соң, жаным, жаз мінез керек жарасқан.

 

Айтарым тағы берік бол сертке бір сөйле,

Сабырлы таудың мінезі керек күлсең де.

Қыз мінез деген – сұлулық сыры өмірдің,

Жұмбақтай қиын жатқандай болсын бір сенде.

 

Десекте біздер, жастықтың сырын аз ұқтық,

Өмірдің жолы болмайды тегіс жазықтық.

Ісіңмен кейін есіңе сақта, жарқыным,

Жеңілме  мықты қаруың сенің – нәзіктік.

 

Қайғының жүгі жаныштап сені жатса да,

Досыңды, «Тағдыр талқысы сол» деп тастама.

Дұшпаның саған ойласа алуан қастандық,

Қалай да өзің жақсылық ойла басқаға.

 

Қадірлер сонда қалтқысыз танып асыл ер,

Өзгелер сені «адамдық бірі осы»-дер.

Арыңа тиіп, жолыңды кескен тентектер,

Алдыңа келіп өздері кейін бас иер.

Кешіміздің барысы:

  1. «Сезім бөлісу сәті »  (жақсы қасиеттерді айту)

  2.  «Тәрбие – табалдырықтан басталады» (қыздармен ой бөлісу, жаднама)

  3. «Балалық шақ- бақытты шақ»   (аналармен ой бөлісу)

  4. «Ананы құрметтеп, нұрға бөлейік...»  Дәрігермен, қонақтармен пікірлесу

  5.  «Бақыт» сырын ұғыну

Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен  әлемді тербетеді деген. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан десек, бүгінде ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесінің көтеріле түсуіне  өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандай құрметке болса да лайық!

1-ші бөлім «Сезім бөлісу  сәті»  алдарыңыздағы  жүрекке  келіп отырған қонақтар, аналардың қыздардың бойындағы қандай жақсы қасиеттерін көріп жүрсіздер соны жазасыздар

Қыз өссе — елдің көркі» — дегендей ежелден ата — бабаларымыз қыздарды әрқашанда гүлге теңеген. Табиғатта ең сұлу өсімдік гүл болса, әлемнің сұлуы — қыз. Қыздарымызға тән нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалылық, сыпайылық, әдемілік, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет, сүйіспеншілік, намысы, қайрат жігері, бәрінен де ар тазалығы тән. Осындай қасиеттерімен де қазақ қыздары зор тағылым иесі!
   Қыз тәрбиесі туралы көп айтуға болады. «Қызға қырық үйден тыйым» — деген сөз қызды кемсіту үшін айтылмаған, керісінше қыз баланың тәрбиесіне зор жауапкершілікпен қарауды меңзейді. Бүгінгі қыз — ертеңгі ана. Сондықтан, халқымыз әйел — барша тіршіліктің бастауы, өмірдің сәні деп қасиет тұтып, ардақтап аялаған.

Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,
Қыз сұлу көрінеді білімімен.
Қыз сұлу көрінеді шашыменен,
Ай қабақ, қиғаш қара қасыменен.
Қыз сұлу көрінеді толған айдай,
Он екі мен он сегіз жасыменен.-
дегендей, аналарымыз мәпелеп, үкі тағып, үлбіретіп өсірген Қыз Жібек, Баян, Айман — Шолпандар, Айша бибі сұлулықтың пірі емес пе?!
Халқымыз қыз сұлулығына ерекше мән берген. Қазақ қызы десе, бет — жүзінде ұяңдығы бар, шашы ұзын, басқан ізі білінбейтін жан елестейді.

 2-ші бөлім «Тәрбие – табалдырықтан басталады» (қыздармен ой бөлісу, жаднама)

«Тәрбие – табалдырықтан басталады» деген  нақылдың өзі өмірден алған шындық. Өмір есігін енді ашқан бөбекті жұбату үшін «бесік жыры» айтылған Осы «бесік жыры» арқылы халқымыз өзінің сол бөбекке деген тілегін, үмітін, жақсы азамат болып, өмірден өз орнын тапса екен деген арман  білдірген.

Отырысымыздың барысында қыздарға ана мен қыз арасындағы қарым қатынас жөнінде бірнеше сауал қойып пікірлерін білдірсе

  1. Жанұядағы саған ең жақын жан кім? Неліктен?

  2. Анаңмен сырласып, жеке басыңның сырын ашасың ба?

  3. Өзіңді толғандырып, жауабын, шешімін таппай жүрген сұрақтарыңа анаңнан ақыл-кеңес сұрайсың ба?

   Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт- дәстүрлерін қыз баланың бойына   сіңіре  отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы,   шаңырақтың құт- берекесі екенін ұғындырып, әдептілікке, сыпайылыққа   инабаттылыққа, мол мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа баулып,  ар тазалығын  жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу мектептен  бастау алғаны нұр үстіне нұр болып отыр.  Біз ата-ананы пір тұтқан, тегімізді атадан, тілімізді анадан санаған  халықпыз. «Атасыз ұл ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас», «Қыз ақылды ескермес, ана үлгісін көрмесе, ұл жарылқап ас бермес, әке үлгісін көрмесе».Ұлттық салт- дәстүрімізді білу, оның астарын түсініп,  атадан балаға мирас ету қазіргі таңда, әсіресе, қазақ қыздары үшін ауадай   қажет. «Қыз тәрбиелей отырып- ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөздің   өзі қыз бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді.

 «Қызым саған айтам...» деген нақыл сөз арқылы өзіміздің дайындаған мына бір ақыл-кеңесімізді өздеріңізге ұсынамыз.

1.Ешқашан да ешкімді жамандама.Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады.

2.Қыз көйлегінің етегі тізеден жоғары шықпауы керек, себебі қыздың жалаңаш жеріне көп көзінің құрты түскіш келеді. Ал халықта «Есті қыз етегін қымтап ұстайды» деген мақал бар.

3.Ешкіммен барқылдап ұрыспа, бағаңды жоясың.

4.Кемшіліксіз кісі болмайды, оны көруден оңай нәрсе жоқ. Кісі кемшілігін тез көруге емес, тез түзетуге көмектес.

5.Қызға қатты күлудің қажеті жоқ, жігіттерге оның жымиғаны да жетіп жатыр.

6.Қарқылдап күлу, тарқылдап сөйлеу-дарақылық белгісі.

7.Ауыз шешендік әркімде болады.Әсіресе қыздың аузы сүйреңдеп, көп сөймегені абзал.Өйткені қыздың күлкісі, жымиюы, бас изеуі, көзқарасы, жүріс-тұрысы- бәрі де сайрап тұрған сөз. Сондықтан, оның аз сөйлеп, айналасына ақылмен танылғаны жөн.

9.Махаббат барша байлықтан күшті. Бірақ күштіге де көмек керек.Сол сияқты махаббат та өзін байлық пен барлықтың қоса қолдауын қажет етеді.

3-ші бөлім «Балалық шақ- бақытты шақ» (аналармен ой бөлісу)

1.Сіздің балалық шағыңыз бен қазіргі таңдағы қыз балалар тәрбиесінің айырмашылығы бар ма?

Балалық шағыңыздан қызықты әңгімеңіз

 Қазақта «Әкемді алсаң ал, құдай, шешемді қой, шекпенімді тоқып берсе де өлмеймін ғой » деген нақыл сөз бар, аналық парызыңызды қалай өтеп жүрсіз?

2. Ана ретінде қызыңызға нені үлгі тұтар едіңіз?

3. «Аяғын көріп асын іш, Анасын көріп қызын ал» деп, ата-бабаларымыз айтып кеткен екен, қызыңызға берген аналық тәрбиеңізге ризасыз ба?

Ән «Ана» орындайтын   Мемлекет. С

4-ші бөлім «Ананы құрметтеп, нұрға бөлейік...»  Дәрігермен, қонақтармен пікірлесу

1. Дәрігер қыз балалардың тазалық гигиенасын айту

2. Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған, 

Сағынышым – сары ормандай самсаған.

Әке болып жүргенімді ұмытып,

Әлі күнге еркелеймін мен саған,- деп ақын сөзбен айтқандай, отбасында үлкенді ата-әжесін пір тұтқан

-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

3. Қыздар тәрбиесінің көлеңкелі, күңгірт жақтарын  қозғайтын болсақ, бүгінгі заманда қазақ қызының тәрбиесінің жағдайы сізді қандай мәселелерімен толғандырады?

4.Жас қыздарымыз көптеген жат қылықтарға ұрынып жүр, сол туралы ойыңыз?

5. Халқымыз «Қыздың жолы жіңішке» деп, оны қамқорлыққа алған, қазіргі уақытта қыздар тәрбиесінде жұмсақтық  тіпті жете көңіл бөлмеушілік көрсетіп жүрген жоқпыз ба?

Қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөле отырып, ел дәстүрі мен ата-салтына үйрету  әр отбасының,  сонымен бірге мектептегі ұстаздардың, қоғам алдындағы борышы екенін  естен шығармағаны жөн.

5-ші бөлңм «Бақыт» сырын ұғыну

Бақыт дегенді қалай  түсінесіздер?

Олай болса ақын ағамыздың ойын тыңдайық

Әр біріңіздің отбастарыңызға «Бақыт», «Қуашыш» тілеймін. Отбасыларыңыздың бақытына бөленіп жүре беріңіздер.

Мектеп өмірінде  өнегелі істер мен сыпайылық қарым- қатынасқа  тәрбиеленген  қыздар, болашақта да ертең еңбек еткенде де жақсы жақтарымен көпшілік  құрметіне бөленуі сөзсіз. Қыздардың бірі — жаңа буырқанған бұлақтың бастауы болса, екіншілері — ағысы қатты  арналы өзен сияқты, бірі момын да, жуас, енді бірі өткір де өжет.

Өмірде ана- бақыт, ана пана 

Өмірде өркендетер ана ғана .

Өсірген талай көсем, талай шешен,

Талай ер, талай ақын, талай дана.









































Ибалы қыз - иманды

Қазақ халқы бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Баланың ана құрсағында пайда болуына, оның өмірге келуіне, оның алғашқы қадамына, алғаш атқа отыруына, алғаш жолға шығуына арналған жеке-жеке әдет-ғұрпымыз, жол-жоралығымыз бар. Халқымыз сонымен қатар бала тәрбиесіндегі ананың ролін өте жоғары бағалаған. Тіліміздің өзін ана тілі деп атауы-аналарға көп жүк артады. Аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін көрсетеді.
Ана-барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі. Ол адамды адам етіп тәрбиелейді. Ол адамды өзінің тілінде, ана тілінде сөйлетеді. Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті. Халқымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама философиялық ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек қана анасы ғана жауапты емес, бүкіл ауыл, ру жауапты болып отыр. Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу-халқымыздың игі дәстүрлерінің бірі.
Ал, қазіргі заманда бала тәрбиесіне тек қана ана емес, радио мен теледидар, газет-журнал, кітаптар мен кинолар, барлар мен дискотекалар жан-жақты әсер етіп, оны тәрбиелеуде. Бұл тәрбиенің жағымды жақтары да, жағымсыз жақтары да толып жатыр. Ата-аналары күнұзақ жұмыста, бала тәрбиесіне бөлінетін уақыт күннен-күнге азайып барады. Сондықтан қыздарымыз өзімен-өзі қалып бара жатқан жайы бар.
Мектеп жасындағы қыз балалар тәрбиесін негізінен үш кезеңге бөлуге болады. Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру, кітап оқу мәдениетін дамыту.
Бесінші-сегізінші сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері ары қарай дамытыла түседі. Бұл тұста, жас ерекшелігіне қарай, қыз бала анасынан ешнәрсе бүкпейді. Қит еткен нәрсенің бәрін айтып келеді. Сол шыншылдығы мен ашықтығын пайдаланып, қыз баланың келешегіне ең керекті нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру-басты борыш. Сонда бұл сипаттар келешекте жарасымды жар, аяулы ана, қоғамымыздың белсенді мүшесі болатын қыз баланың бойынан әрқашан нұр болып төгіледі.
Үшінші кезең тоғызыншы-он бірінші сыныптарды қамтиды. Бұл аралықтағы тәрбие алдыңғы кезеңдермен тығыз байланысты. Адамға деген мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Сондықтан әрбір қыз балаға ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз.
Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу, ер-тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына мінгізу, киімнің әсем-сәндісін, әшекейлі бұйымдардың жақсысын қыздарына арнау-ежелгі дәстүр. Жиын-тойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған. Жаңа келін болып түскен жеңгелері де қайын сіңлілерін атымен атамай «Еркежан», «Шырайлым» деп еркелеткен. Орта Азия мен Қазақстанда жалғыз келе жатқан қызды көрсе, оған қорғаныш болып, баратын жеріне дейін шығарып салатын болған. «Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе-жердің көркі» дегендей, қызғалдақтай болып өсіп, көктеп келе жатқан гүлдің мезгілсіз солып қалмауына қамқорлық жасаған. «Қызға қырық үйден тыю» деген мақал да осының айғағы. Міне, осындай тәрбиелік мәні зор дәстүрлерді атадан балаға мирас етіп қалдырып отырған.
Қыз баланың тәрбиесі ата-анаға да үлкен сын еді. Жүн түту, жіп иіру, шекпен тоқу, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан есу, көрпе көктеу тағы басқа өнерді қыздарына бөгде босағаға бармай тұрып-ақ үйреткен. Осылай еңбекке баулу арқылы отбасы алдындағы жауапкершілік сезімін дамытып, психологиялық жағынан даярлай бастаған.
Қыздарымыздың асыл қасиеті, жан-дүниесі нәзік, адал махаббат иесі болғандығын, дәулетке, байлыққа, жиһазға қызықпағандығын жыр-дастандардан білеміз. Қазақ қыздары махаббат атты асыл сезімді айрықша қастерлеп, аялаған. Сүйген адамымен қол ұстасып бірге жүрсе, тіпті қатықсыз қара көже ішсе де бақыттымын деп, өмірге риза болған.
«Қыз» ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді.Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді.
Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді-тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дамытушы, әрине, әйел-ана. Халқымыздың ырысты ынтымағын, береке-бірлігін, туыстың татулығын іске асыратын да, ұйымдастыратын да әйел-ана. «Ағайын тату болса- ат көп, абысын тату болса-ас көп»,-деген ұлағатты сөз осыдан туса керек.
Кең байтақ ұлы даланы мекендеген қара орман халқымыздың бір тілде сөйлеп, әдет-ғұрып, салт дәстүрінің, мінез-құлықтарының да біркелкі ұқсас болып келуі бұрынғы өткен қасиетті Домалақ ана, Айша бибі, Жаған бегім, Нұрбике ханым, Айғаным,Ұлпан, Зере, Ұлжан сынды дана аналарымыздан қалған үлгі.
Қазақтар әдетте елге келін болып түскен қыз өз елінің барлық жақсы қасиеттерін, рухани-моральдық құндылықтарын өзімен бірге ала келіп, табалдырығын аттаған босағасының игілігіне, қала берді бүкіл сол бір қалың елге сіңірген. Бұл жақсы үрдіс, ғибратты ғадет бүкіл ұлттың бірлігіне, рухани болмысына игі ықпалын тигізген. Сондықтан да халқымыз қыздарына төрден орын беріп, қонақ деп еркелеткен, парасаттылыққа баулып еркін өсірген.
Ерке қыз, иманды әйел, қасиетті ана солардан шыққан. Қазақтың батыл қыздары, ақын қыздары, ақылды қыздары ұлтты тәрбиеледі.Пәрәнжі-сәтір кимеген, сөйте тұра еркіндік пен есерліктің ара жігін ажырата білген парасатты, тапқыр, төзімді, өнерлі, шашын төбесіне түйіп жауға шапқан батыр қыздар қазақта болған.
«Тар қолтықтан оқ тисе, тартып алар қарындас» деп қызға сеніммен арқа сүйеу де тек қазақта.Қыздар тәрбиесі қоғамда рухани құндылықтарды, ұлы мұраттарды иманды және инабатты бәсекемен қалыптастырады. Бұл адамның ішкі түйсігіне өрелі қасиеттерді алға шығарады. Сол адамдық қасиеттерді бойына сіңіре білген жандардан тараған ұрпақ ақыл мен алғырлықтың бүкіл бітім-болмысын одан да артығырақ жақтырады. Қызды тәрбиелеу, өсіру, ер жеткізу ең маңызды мәселе. Қыз өсіру өсіру гүл өсірумен бірдей! Гүлге әлсін-әлсін су құйып, ауа жеткізіп, айналасын арам шөптерден тазартып отыру керек. Мұндай тиянақты күтім болмаса гүл солып қалады. Қыз да сондай. Оған тәлім мен тәрбие, өнер мен өнеге, білім мен мәдениет керек. Қазақта әр ата-ана өз қызын өнегелі етіп өсіруге бар күшін салып отырады. Білген білімін аямайды. Әр қыз өз отбасының тәрбиесімен ұядан ұшып, өмір деген үлкен әлемге қанат қағып жатады. Әрине, бұрын отбасылардың бәрі бірдей білімді болған жоқ. Өнерден құралақандары да көп болған. Ғылымға қол жетпейтін еді.
Қазақ қыздары ғасырлар бойы осындай отбасылық тәрбиемен өсті. Олардың отбасынан алған бар тәрбиесі жақсы келін болу ғана еді. Одан өзге ешқандай мамандықтары болған жоқ. Жан-жақты білім беретін, әртүрлі мамандықтарға үйрететін, өз бойындағы өнерін өрістететін мемлекеттік тәрбие алуға қазақ қыздарының қолы XX ғасырдың орта кезінде ғана жетті. 1944 жылы Алматыда қазақ қыздарына арналған Мемлекеттік педагогикалық институт ашылған. Бұл институт өз қыздарын жақсы келін болуға ғана емес, әр саладағы жақсы мамандар болуға тәрбиеледі.
Қазіргі біз өмір сүріп жатқан қоғамға тоқталсақ-тәуелсіз, еркін еліміз осы заманның даму үрдісі жылдамдығымен зымырап келеді. Алдағы мақсат-дамыған елу елдің қатарына ену. Ал қоғам да уақыттан қалмай, ортамызға келген жаңа дүниелерге еніп, қалыптасу үстінде. Уақыт талабы-жарнамалық технология. Сондықтан қоғам уақыт талабына сай өмір сүру үшін, заман, адамдардың жеке тұлғалық факторларды талап етеді. Ұлттық сана-сезімге сіңіп, арғы тегімізден келе жатқан адами қасиеттерімізді жойып алмауды қажет еткендей. Қазақ халқы ежелден келе жатқан мәдени мұрасымен тәрбиелік мәні зор салт-дәстүрін жалғастырып келеді. Осы байлықты нарықты заманда қалыптастырып, ұлттық қасиетін жоймау керек. Ең басты мәселе адам тәрбиесі, оның қоғамдағы алатын орны. «Орта түзер ойыңды, ойың түзер-бойыңды»-деп, Абай атамыз айтқандай мемлекеттік тұрғыда назар аударуды қажет ететін ұлттық сана-сезім, тәрбие бар. Осы орайда-болашақ сүйікті жар, ардақты ана-қыз баланың алар орны ерекше. Негізінен ұлттық сипаты бар тәрбиенің негізі-ауыл. Ал ауыл жастары қалаға келе тілдерін бұза сөйлегеннен бастап, ұлттық сипаты бар тәрбиеден аулақтай бастады. Осыдан бастап өзгергенде бейне бір жарнамалық заманмен жарысқа түскендей. Ұлттық сипаты, рухани құндылығы жоқ «Батыстың» тәлім-тәрбиесін қомағайлана жұтады. «Батыс» демекші, технология әлемін, теледидар беттерін жаулаған рухани құндылыққа зәру жарнамалық дүниелері-бейне бір жер шарындағы ірге тасынан өз тілі, діні, ұлттық мәдениеті бар елдермен күреске түскендей. Осы орайда «Батыс мәдениетін» дүние жүзіне таралған жайылмалы дертті ісік екенін мойындағандай боласың. Мәселен: парасатты, кішіпейіл, сыпайы тағы басқа ибалық мінездердің бәрін иманды қаракөз қыздарымыздың арасында сақтаулы. Өкінішке орай, біреуден көргенімізді қайталап істеу керек болып тұрады.
Артымызда өсіп келе жатқан сіңілілеріміздің өзі есепшіл, өркөкірек, сезімге сенбей «ақшаға» ғана сенетіндер қатары көбеюде. Тәрбиені ата-анасына емес, теледидар, компьютерден алып келе жатқан жастар буыны қалыптасып келеді. Кейбір ата-ананың баласымен араласуға да уақыты жоқ. Осыдан барып бала әке-шешесінен суып, оларға деген сыйластықтан мүлдем қалады. Бала кезінен жылылық мейірімді көрмеген адам баласы қатыгездікпен өседі. Жүрегін бойлаған суық ызғардың өшін өзгелерден алатын жандар болады. Сондықтан бұл да ата-ананың жылылығы, жақындығы жастар тәрбиесіне әсерін тигізеді. Қазір, жасыратын не бар, бұрын дәстүрімізде болмаған сүреңсіз жағдайлар бой көрсетуде. Қаладағы қазақ қыздарының көбі бір-бірімен орысша сөйлеседі. Өз ұлтының тілінде сөйлеуге талпынбайтыны өз алдына, кейбіреулері тіптен оны намыс көреді. Күнделікті өмірдегі көріністерге бір сәт назар аударайықшы. Мысалға, қыз балалардың бір-біріне қазақша «сәлеметсізбе» деп амандасуының өзі «мамбетка», «мамбет» деп, қорлайды. Бірақ, бұған кімді кінәлаймыз? Соқыр желді айдаумен бірдей ғой. «Қасқырдың аяғы асырайды» демекші, қазіргі заманымыз жанталас заманына айналды.
Мектеп қабырғасында жүрген бірсыпыра қыздарымыз жарассын-жараспасын денелерін жартылай жалаңаш қалдыратын киімдер киіп, қымбат әшекейлер, алтын тағып, бет-ауыздарын бояп, өздерінің инабаттылығы мен сыпайылығынан, жастық жарасымдылығынан айырылады. Табиғаттың өзі жан дүниесін сұлу, нәзік, мейірбан етіп жаратқанына мән бермейді. «Жастықтың өзі жастығымен әдемі» дегендей, жас қыздардың өздері-ақ қырдың қызыл гүліндей әсем ғой. Табиғат берген көрік пен сымбаттан артық не бар.
Қыздардың ішінде ұрлық жасайтындар мен шылым шегіп, арақ ішетіндер де кезігеді. Демалыс сабақтарынан шашын дудыратып ұйыстырған, ұнамсыз ерсі киім киіп, аяғын бірінің үстіне бірін салып, темекі түтінін құмарлана жұтып отырған сылқым бикештерді жиі жолықтыруға болады. Қастарында отырған адамдардан именбейді. Ал, енді осыны көрген жас қыздарымыздың бұларға еліктемесіне кім кепіл?
Кейде аялдамадан кейбір қыздарымыздың үлкен бар, кіші бар-ау деп қымсынбай жігіттермен құшақтасып, сүйісіп тұрғанын көргенде шыдамай төмен қарайсың. Ардақтауды, мәпелеуді, құпиялықты қалайтын махаббат атты құдіретті аяққа таптау емес пе бұл?
Әрине, мұндай көргенсіздіктің өзіндік себептері көп екенін білеміз. Бірақ ең бастысы тәрбиенің кемшілігі екендігінде дау бола қоймас. Тек өз ұлтын, тілін сүйіп, қастерлейтін адам ғана сонау әлімсақтан мирас болып келе жатқан ата-ананы, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, мейірбандық, инабаттылық сияқты ізгі қасиеттердің иесі бола алады.
Қыздарымыз осындай ұлтжандылығымен, өздеріне тән нәзіктігімен, сүйкімділігімен және рухани тазалығымен ерекшеленуі тиіс. Ар-намысын жоғары ұстай білген қыз ғана жұрт алдында әрдайым абыройлы сыйлы. Ертеңгі күні не болатынын білмегендіктен, тек өздеріне сеніп, бүгінгі күнмен ғана өмір сүретін адамдар тобына айналып бара жатырмыз ба?-деп, қорқамыз. Себебі, біздің қоршаған ортамыз келген жаңа дүниелерге еніп, қалыптасу үстінде. Сондықтан шығар, біз, өзіміздің адами құндылықтарымыздыжоғалтып, кейбірі ну орманның ішінде жүргендей адасып, теріс жолға түскендері қаншама?
Қазір қазақ қыздары бұзылу қаупін бастан кешіруде. Олардың бірсыпырасының әрекеттері ұлттық психологиядан ауытқып бара жатқаны байқалады: ар сақтау, ұятты білу, үлкенді ардақтау, кішіні құрметтеу, адамды сыйлау ұмытылып барады, тіпті жойылып барады деуге болады. Сондықтан барлық жоғары оқу орындарында қыз тәрбиесіне арналған арнаулы курс жүргізілсе, бұл ұлттық маңызы бар оқиға болар еді деп ойлаймын. Мұны Білім және ғылым министрлігі ойланса екен. Қыз тәрбиесіне байланысты арнаулы оқулықтар шығарылуы қажет.
Бізде оқып, білім алып жатқандар негізінен ауыл қыздары. Ауылдағы ең қажетті, әрі қасиетті шаңырақ, бар қазақтың алтын бесігі-мектеп. Сондықтан да қазақ халқының алтын бесігі-ұлттық мектептерге маман дайындау-біздің институт ұжымы үшін өрелі, әрі қастерлі міндет. Ұлы даланың дана қыздарының бүгінгі жас ұрпағы елдіктің ұраншысы және инабатқа толы өқмірдің қозғаушы күші болса екен дейміз. Өз халқын сүйе білген жас адамдардың бойында ұлттық намыс та, ұлттық рух та, жарасымдылық та молынан табылады.Жас өскін талшыбық сияқты. Оны аялап-мәпелесең, бәйтерек болып өседі. Қыздар саналы да тәрбиелі болып өссе, терең білім алса, жоғарыда айтылған өрелі міндет биігінен көрінеріміз хақ.
Өзіміз аталмыш жастардың біреуі бола отырып, жастардан жиіркенуге шақырудан аулақпыз. Күнделікті жол үстінде тіл мен сипаты бұзылмаған, көркемділігі мен инабаттылығы бойына жарасқан қаракөз апай-сіңілдерімізді топтап жолықтыруға болады. Ұлттық салт-дәстүрімізді, рухани қазынамызды жоғалтпай заман ағымынан қалмау-уақыт талабы. Өсіп-өркендеп келе жатқан мемлекетіміздің тірегі жастар! Ал біздің жастарымыздың баянды болашағына сеніміміз мол!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Қыз өссе - елдің көркі

Автор: Дошанова Рабига Султанкуловна

Дата: 19.05.2017

Номер свидетельства: 417075

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "« ?ыз ?ссе елді? к?ркі»"
    ["seo_title"] => string(25) "k-yz-ossie-ieldin-korki-1"
    ["file_id"] => string(6) "252621"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1447419264"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "?ыз ?ссе – елді? к?ркі"
    ["seo_title"] => string(19) "kyzossieieldinkorki"
    ["file_id"] => string(6) "318693"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1460637532"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "?ыз ?ссе елді? к?ркі"
    ["seo_title"] => string(20) "kyzossieieldinkorki1"
    ["file_id"] => string(6) "327529"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463459240"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Қыз өссе- елдің көркі"
    ["seo_title"] => string(25) "k_yz_ossie_ieldin_korki_1"
    ["file_id"] => string(6) "412815"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1493743717"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(168) "8 Наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған "Қыз өссе - елдің көркі" атты ашық тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(80) "8_nauryz_khalyk_aralyk_iieldier_kuninie_arnalg_an_k_yz_ossie_ieldin_korki_atty_a"
    ["file_id"] => string(6) "463468"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1522008150"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства