kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

8 Наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған "Қыз өссе - елдің көркі" атты ашық тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қыз өссе елдің көркі атты ашық тәрбие сағаты

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«8 Наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған "Қыз өссе - елдің көркі" атты ашық тәрбие сағаты»

Күні: 08.03.18 (01.03.ауыстырылды)

Тәрбие сағаты

"Қыз өссе елдің көркі"

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға көктемнің алғашқы аналар мерекесі туралы мағлұмат беру.
Міндеті: Аналар мерекесі туралы ойларын ашық айта білу. Оқушыларға салт - дәстүрі мен әдет - ғұрыптарын сақтай білуге сөздік қорын молайтып, ой - өрісін дамыту. Халқымыздың салт - дәстүрлері арқылы биязылыққа, инабаттылыққа, ана өнегесінен үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: "Ана" туралы нақыл сөздер, суреттер, сөзжұмбақ
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Мұғалімнің алғы сөзі: Құрметті ұстаздар, аяулы аналар, көктем күніндей құлпырған қыздар! Сіздерді 8 - Наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Өлең тыңдау

Адам бойындағы барлық жақсы қасиет, күннің нұрынан, ананың сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын!
     Ана дегеніміз - әлемнің жан - дүниесі, оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Анамызға деген көңіліміз, мейіріміз ұшан - теңіз.

Бибарыс

Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз
Ұланыңды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Азамат

Амир

Бақдәулет

Құрметтейік, о адамдар аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі, ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істейтін әр қадамды.
"Ақ мамам" хор

Ойын: «Кімнің анасы». Оқушылардың салған суреттері тақтаға ілінеді, ата-аналары қай сурет қайсыныкі екенін айтады.
Кәусар

 Бізді өсіріп, баптаған,
Жақсы болсақ, шаттанған
"Алтыным" деп мақтаған
Аяулы менің ақ мамам!

Нұрбақыт

Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін тойлаймыз.
Саян

Ақмерей

Ойын: «Атын ата». Оқушылар көздерін жауып тұрып, аналарының біреуі ғана «балам» деп айтуы керек. Оқушылар оның анасы екенін айтуы керек.
Баянсұлу

Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған,

Адалдықты ар-намысты сақтаған

Мен ананың сонысына мақтанам.
Ердиас

Алдияр

Ойын: «Аялы алақан» (Оқушы көзін байлап анасының алақанын ұстап табады)

Би: Нұрлыбекқызы Каусар.

Нұршат

 Бәрімізге анасың, -
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым!
Түгел

 Сендерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар!

Көрініс "Анаға сыйлық сыйлау"

Жүргізуші: -Мынау қандай ұлдар?Қарайықшы, не туралы олар сөйлесіп отыр екен?

Бөлмеде,екі ағайынды тұратын жер.

8-наурыз мейрамы қарсаңында. Ұлдар аналарына не сыйлау керек екенін ойлануда.Үстелде,еденде әр түрлі құрал-жабдықтар,бояу, қағаз, сазбалшық бар. Ұлдар ойланып (біреуі бөлмеде отыр, басын қолымен ұстап).Есікке  біреу қақты.Екі ағайындының досы кірді:

СұлтанР :-Далаға шығайық.Бүгін ауа райы тамаша!

Елзат:-Жоқ,біз шыға алмаймыз.

Сұлтан Р.:-Сендер бірдеңе істеп жатырсыңдар ма?

Елзат:-Қалай,сен ұмытып қалдың ба, ертең 8-наурыз ,ал біз әлі де анамызға не сыйлайтынымызды  таппай,шешпедік. Әрі қарай ойлануда. Біреуі қуанып айқай салды:

Арман:-Анамызға үтшаң сыйлайық.

Әділет:-Ол не?

Арман:-Ол үтік пен шаңсорғыш.

Әділет:-Не үшін?

Арман:-Анамыз үтікпен және шаңсорғышпен  жүре береді.

Әділет:-Жоқ, сенің ойың маған ұнамайды.

Ойлап отыр бәрі.

Бір мезетте біреуі қуанып:

Елзат:-Анамызға гүлдердің  суретін сыйлайық және  анамызға әр уақытта көмектесіп,  ешқашан ренжітпей жүрейік. (үстел үстіне отырып сурет сала бастайды).

Сұлтан Р.:-Мен де жүгірдім,анама сыйлық жасаймын.

Жүргізуші: Осындай  қиын жағдайдың ұлдар шешімін  тапты. Бірақ қаншама бала және ер адамдар аналарға  не сыйлайтынын көп ойланады.
Оқушылар еңбек сабағында жасаған сыйлықтарын аналарына тапсырады.

Ата - ана тәрбиелеп балапанын
Әлдилеп, аялаған алақанын.
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,
Ойлауменен алдағы бала қамын - дей отырып сөз кезегін аналарға береміз.
Бүгінгі "Қыз өссе елдің көркі" атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен - көп рахмет. Мерекелеріңіз құтты болсын!


Ардақты ана – аяулы ана қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін бердің ақ сүттің,
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.

Мен өзің мен қайда болсам да біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай – жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүргенің.

























5 мектеп-лицей







8 Наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған «Қыз өссе – елдің көркі» атты тәрбие сағаты





Өткізген: Кужаниязова А.Ж.

Класс: 2 «Б»







Шалқар қаласы

2017-2018 оқу жылы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Кужаниязова А.Ж.

Дата: 25.03.2018

Номер свидетельства: 463468

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Аналар ?лемді тербетеді"
    ["seo_title"] => string(26) "analar-liemdi-tierbietiedi"
    ["file_id"] => string(6) "303237"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1457460299"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства