kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ыз ?ссе – елді? к?ркі

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ыз ?ссе – елді? к?ркі Жоспар: 1. Мен ?аза?ты? ?ызымын (таныстыру) 2. Білім мен д?ст?р (с?ра?-жауап) 3. Шеберді? ?олы орта? (ма?та шиттеу) 4. ?нерліге ?ріс ке? (?нер сайысы) 5. ?ыздар?а ?семдік жарасады (шаш с?ндеу) 6. Ас адамны? ар?ауы (ас м?зірі) Ж?ргізуші: Жиналыппыз с?тті к?ні б?рімізде ?лкен-кіші, жасымыз, к?рімізде. Т?рлеті?дер, ?адірменді ?она?тар, Жайна?ан мына бізді? т?рімізге. - ?айырлы к?н, б?гінгі «?ыз ?ссе елді? к?ркі» атты «К?ктем аруы-2016» бай?ауымыз?а ?ош келді?іздер! Мы? б?рал?ан арулар а?дап басып Келеді міне орта?а тол?ып тасып, Аруларын сыйла?ан хал?ым

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ыз ?ссе – елді? к?ркі»

Қыз өссе – елдің көркі

                      

Жоспар:                                                                                                 

1. Мен қазақтың қызымын  (таныстыру)                                   

2. Білім мен дәстүр  (сұрақ-жауап)                                        

3. Шебердің қолы ортақ  (мақта шиттеу)                             

4. Өнерліге өріс кең  (өнер сайысы)                                                

5. Қыздарға әсемдік  жарасады (шаш сәндеу)                                   

6. Ас  адамның арқауы (ас мәзірі)

Жүргізуші: Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде

                  Үлкен-кіші, жасымыз, кәрімізде.

                  Төрлетіңдер, қадірменді қонақтар,

                  Жайнаған мына біздің төрімізге.

- Қайырлы күн, бүгінгі «Қыз өссе елдің көркі» атты «Көктем аруы-2016» байқауымызға қош келдіңіздер!

                        Мың бұралған арулар аңдап басып

                        Келеді міне ортаға толқып тасып,

                        Аруларын сыйлаған халқым менің,

            Көңілді қошеметпен  қарсы алайық!,-деп  ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.

         Жақсы адам кімге болсын болар пана,

         Мол оның тал бойында ақыл, сана.

         Көркіне ақылы сай  елетін-

         Бірінші келе жатқан-бұл Толғанай қыз.

          Қуантады білімменен бізді Эсмира қыз,

         Қол соғып қарсы алайық енді оны біз,

         Білімің серік болсын талабыңа,

         Бүгінгі қабыл болып тілегіміз.

Бәріміз жақсы көретін

Жарыста демеу беретін.

Келесі біздің Мөлдір қыз.

Шырқап ән салып беретін.

         Шығады мың бұралып Жазира биші

         Өнерді Жазира сүйген бәрің сүйші.

         Қыздары бұл сыныптың бәрі өнерлі,

         Шығады арасынан әнші, биші.

Қыздардың бәрі сұлу салсаң назар,

Бәріде арманына қолын созар.

Арманың орындалсын Қаламқас сенің,

Бұйыртса бақыт құсы саған қонар.

Жүргізуші: Қыздарымыз түгел келіп орындарына  жайғасты

         Шын  жүйріктер сыналады жарыста,

         Жарыстыңба орта жолда қалыспа.

         Әділқазы бағалайды сіздерді,

Жеңіс-мәре  жақынба,  әлде  алыс  па?-демекші, сіздерді қазылар алқасымен таныстырып  өтейін. (қазылар алқасымен таныстыру)

- Сайыстың өтілу барысымен таныстырып өтейін, сайыс 6 бөлімнен тұрады.

         1. Мен қазақтың  қызымын. (қыздарымыз өздерін таныстырып өтеді)

         2. Білім мен дәстүр  (сұрақ- жауап)

         3. Шебердің қолы ортақ. (мақта шиттеу)

         4. Өнерліге өріс кең.  (өз өнерін көрсету)

         5. Қыздарға әсемдік жарасады. (шаш сәндеу)

         6. Ас адамның арқауы. (ас мәзірі)

І   Бөлім: «Мен - қазақтың қызымын»  таныстыру бөлімі.                 

Сәлемдесу игі дәстүр киелі,

                               Сөзбен  қарап, кейде шешер шиені.

                               Жақсы сөзге жан семірер қашанда,

                   Жолданады сайыскерлер  сәлемі!-дей келе арулар  өздерін таныстырып  өтсін.

Әділқазыларымыз І шарт бойынша қыздарымыздың алған бағаларымен таныстырып өтсін.

ІІ Бөлім: «Білім мен дәстүр» сұрақ-жауап бөлімі

           Жас ару-жас ғұмырдың талғамысың,

           Қуантқан әрбір үйді арманысың.

Дәл бүгін қанат қомдап сыналарда,

Сан сұрақтан сүрінбей самғап ұшқан,-дей келе сұрақ-жауап бөліміне шақырамын. Конвертте жасырылған сұрақтарды алып,  танысып кім дайын болса, кезекпен жауап бересіздер.

Келесі ІІ шарт бойынша әділқазыларымыздың қыздарымызға қойған бағалары:

ІІІ  Бөлім: «Шебердің қолы ортақ» (мақта шиттеу)

            Шеберлерім өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған ата-баба жолынан

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,

Біз айтайық төрелігін соңынан,-демекші, біздің қыздарымыз мақта шиттеу шеберлігін көреміз. Ал аруларымыз еңбектеніп  болғанша біздің ер балаларымыздың өнерлерін тамашалайық.

ІV Бөлім: «Өнерліге өріс кең»  (өз өнері)

Көркемөнер - жас  бөбек,

Сүйкімді болар бақпаса.

Тортасын алған байқалмақ,

Бойына сылау жақпаса

Үлпілдеген   қызыл  шоқ,

Басына  үкі  тақпаса,-дей  келе, қыздарымыздың  өнерін тамашалайық.

Енді әділқазылар алқасына сөз берейік.

V  Бөлім: «Қыздарға әсемдік жарасады»  (шаш сәндеу)

Уа халайық, халайық,

Мұнда назар салайық,

Ата жолын жалғамақ.

Ел дәстүрін сақтамақ

Ел намысын қорғамақ,

Арулар шықсын ортаға

Бүгін мықты атанбақ-деп ортаға сайыскерлерімізді  шақырамыз.

Сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік.

VІ  Бөлім:  «Ас адамның арқауы»  (ас мәзірі,үйге тапсырмасы.)

Көрсетті өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.

Мерекелік ас мәзірін жасапты

Аналары мен дем арада майысып.

Қыздарымыз мерекелік а  мәзірін әкеліп,  дайындау жолдарымен таныстырады.

Енді әділқазы алқалары VІ кезең бойынша аруларымыздың бағаларымен таныстырып өтсеңіздер.

Жоламасын жамандық,

Болсын әркез амандық.

Ашық болсын көгіңіз,

Әнге толсын төріміз,-деп сайыскерлеріміздің  ұпайын қазылар алқасы анықтағанша, кезекті әнге берейік.

Ән:

Мың бұрала билеген,

Аруды кім сүймеген,

Аққудайын қалықтап,

Қазақ биін билеген-дей келе кезекті биге береміз.

Қазақ биі:

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

Арулардың мықтысы деп жүрейікші,

Қазыларға тек қана әділдікті,

Сайыскерлерге сәттілік  тілейікші!-деп,  әділ  де, әсем баға беруші әділ қазылар алқасына сөз береміз.

Сайыскерлерімізді марапаттау.

Ата-аналарға сөз беру.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
?ыз ?ссе – елді? к?ркі

Автор: Нурдаулетова Нургуль Хасеновна

Дата: 14.04.2016

Номер свидетельства: 318693


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства