Атқою-бұл қазақтың салт-дәстүрінің бірі. Қазақтың салты бойынша, жас нәресте туған кезде ата – аннасы ең сыйлы, қатты құрмет тұтатын адамына өз сәбиінің есімін қойғызады. «Балаға қандай ат қойылса, оның болашақ тағдыры соған байланысты болады», – деген наным – сенім бар.Бала – адамның бауыр еті. Қай ата – анада өз шаңырағында шыретіп сәби дүниеге келгенінде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Негізінен, жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтандана, қазақтан шебер халық жоқ. Алайда, әр бір ата – анна баласына ат қоярда өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп,оған сақтықпен қарағаны абзал. Өйткені, есімдердің адам өміріне, адам атына планеталардың ықпалы өте айрықша. Осы адам есімдерін зерттеуші ғалымдардың дәлелдеуінше, есім бала өміріне айтарлықтай әсер етеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Қазақ есімдерінің сыры»»
«Қазақ есімдерінің сыры»
Атқою-бұл қазақтың салт-дәстүрінің бірі. Қазақтың салты бойынша, жас нәресте туған кезде ата – аннасы ең сыйлы, қатты құрмет тұтатын адамына өз сәбиінің есімін қойғызады. «Балаға қандай ат қойылса, оның болашақ тағдыры соған байланысты болады», – деген наным – сенім бар.Бала – адамның бауыр еті. Қай ата – анада өз шаңырағында шыретіп сәби дүниеге келгенінде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Негізінен, жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтандана, қазақтан шебер халық жоқ. Алайда, әр бір ата – анна баласына ат қоярда өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп,оған сақтықпен қарағаны абзал. Өйткені, есімдердің адам өміріне, адам атына планеталардың ықпалы өте айрықша. Осы адам есімдерін зерттеуші ғалымдардың дәлелдеуінше, есім бала өміріне айтарлықтай әсер етеді.
Ат қоя білемізбе?
Ертеректе қазақ халқы баласына ат қоюға келгенде басқа халықтар құсап дiниелерiнiң атын iздеп, әуре болып жатпай-ақ, дүйсенбi күнi туса – Дүйсенбай, жұма күнi туса – Жұмабай, ауылына, үйiне хан келсе – Хангелдi, би келсе – Бигелдi, сұлтан келсе – Сұлтангелдi, қожа келсе – Қожагелдi деп, болмаса әкесiнiң қанша жасқа келгендiгiне орай баласына Қырықбай, Елубай, Алпысбай, Жетпiсбай, Сексенбай, Тоқсанбайдеп ат қоя беретiн болған.
Балаларға бүгінгі жарқын өмір, бақытты дәуір талабына сай жарасты да лайықты есім қою халық діттеп отырған мүдделі де маңызды мәселенің бірі болып саналады. Ата-ана дүниеге келген перзентке мағынасы айқын, әдемі де, айшықты сұлу есім беруді қалайды, бірақ олар қай атты таңдауда, одан кейін оны жазуда қиналысқа ұшырап отырады.
Бұл - өмірлік мәселе. Сондықтан адамдарға есім беру мәселесі барлық уақытта да адамдарды толғантып келді, қазіргі кезде өзекті күйінде қалып отыр. Балаға жарасымды есім беруге ата-ана, олардың туған-туыс, жора-жолдастары ғана емес, жергілікті халық депутаттары кеңестері мен Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері де толық мүдделі. Адам есімі қоғам өмірі мен оны қоршаған ортамен тығыз байланысты.
Міне, осындай себептермен мен осы тақырыпқа тоқталдым. Мен бұл жұмыс барысында тек өз жетекшіммен ғана емес, мектептің басқа ұстаздары тарапыннан да көп қолдау таптым. Сонымен бірге сыныптастарым да көп көмек көрсетті. Мәселен, «Қазақ есімдерінің сыры» атты сабақтан тыс іс-шара өткізді. Оған балалар зор қызығушылықпен қатысты. Өз есімдерінің мағынасын түсінбей жүрген балалар мұғалімнің, құрдастарының, ғаламтордың көмегімен көп мағлұматтар алды
Сонымен, менің бұл тақырыпты таңдап алған екінші себебім, қазіргі кезде сан алуан әдемі, заманауи аттармен қатар, біртүрлі оғаш, құлаққа жағымсыз, ең бастысы ешқандай мағына бермейтін есімдердің де көп кездесетіні. Шет елге еліктеп, ағылшын, неміс т.б. елдердің атауларымен қоса, баяғы кезде ата-әжелеріміз заманына байланысты Совет, Кеңесхан, Сиязбек сияқты оғаш есімдер тәрізді, қазіргі дағдарыстың салдарынан сәбиге Дағдарыс , олимпиада өткен кезде туған сәбилерге Олимпиада, Азиада деп ат қою да арагідік блса да кездесіп жүр. Бұл, менің ойымша, ата-аналардың сәбиінің тағдырына атүсті қарауы деп ойлаймын. Өйткені адам есімі қандай әсем болса, ол да болашақта сол есімді ерекше қуанышпен, мақтанышпен айтып жүреді емес пе?!