kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сан есім. Есептік ж?не реттік сан есімдер.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: О?ушыларды? сан есімнен ал?ан білімінжатты?уларда ?алай ?олданылатынын

тексеру, сан есімдерді т?рлеріне ?арайталдау ар?ылы зерттеу, есептік, реттіксан есімдерді бір – бірінен ажырата білуге ?йрену,бір – біріні? пікіріне ??рметпен ?арау.

К?тілетін н?тиже: 1. Сан есім ж?не оны? т?рлері туралы м?лімет алады.

2. М?тін, жатты?у ішінен таба алады.

3. Есептік, реттік сан есімдерді бір – бірінен ажыратады.

4. ?здері ереже шы?ара білуге да?дыланды.

Саба?ты? т?рі: Сан есімні? т?рлері? ме?геру, талдау, аны?тау.

Саба?ты? ?дісі: С?ра? – жауап, ізденіс, баяндау, талдау, т. б.

К?рнекілігі: 3 – сынып?а арнал?ан электронды о?улы?,

интерактивті та?та, суреттер, сауалнама т. б.

П?наралы? байланыс: математика, ?дебиет, д?ниетану, бейнелеу ?нері, т. б.

Тапсырмалар: І ?йымдастыру (саба? ма?сатымен таныстыру).

ІІ Есі?е т?сір (?айталау), Сын есім ж?не оны? т?рлерін « Кім біледі?» ойыны бойынша ?айталау.

ІІІ Сынап к?р (С?з таптарымен ж?мыс) «Есі?е т?сір» ойыны ар?ылы сын есім, зат есімдерді? ережесін ?айталап, мысалдар келтіру.

Аны?та ( жа?а саба??а т?сінік алу).

V « Іске асыр» (жатты?у ж?мысы).

VІ Н?тиже. «Кім білгір?» ойыны.

VІІ Ба?алау.

І. ?йымдастыру. (Психологиялы? ахуал)

- ?ане, балалар, мені к?ріп т?р?андар “бір” шапала?, естіп т?р?андар “екі” шапала?, к?рсетіп т?р?андар “?ш” шапала? ?ры?даршы. Керемет! Шапала? даусынан сендерді? б?гінгі саба??а ерекше дайынды?пен келгендері? сезіліп т?р.

Сыныпта?ы о?ушыларды т?гелдеу. Саба??а сыныпта?ы о?ушыларды? даярлы?ын тексеру.

ІІ. Есі?е т?сір (?айталау)

«Кім к?п біледі?» ойыны бойынша ?айталау.

1. Зат есім дегеніміз не?

2. Негізгі зат есім дегеніміз не?

3. Жалпы, жал?ы зат есімдер дегеніміз не?

4. Етістік дегеніміз не?

5. Туынды етістік ?алай жасалады?

6. Туынды сын есімдер ?алай жасалады?

7 Сын есім дегеніміз не?

Жауап берген о?ушыларды мада?тап отырамын.

ІІІ. Сынап к?р (?ткен с?з таптарын ?айталау)

IV. Аны?та (жа?а саба??а т?сінік алу)

V. «Іске асыр» (жатты?у ж?мысы)

I де?гей

а) О?улы?пен ж?мыс:

1. Тере? ойлау тапсырмалары

Реттік сан есімдерді есептік сан есімдерге айналдыру. 22 - жатты?у

2. Шы?армашылы? тапсырмалар

Сан есімні? ?ай т?рі екенін ажырату. 24 - жатты?у

3. Сурет бойынша ??гіме. 25 - жатты?у

4. Ой дамыту. Анаграмманы шешіп, сан есімдерді? с?ра?ына, тыныс белгісіне назар аударту.

ІІ де?гей. М?тінмен ж?мыс (интерта?та)

Арты? болмас білгені?.

1) Жас н?ресте т?улігіне - 18са?ат ?йы?тау керек. Балалар - 10 - 12са?ат, жас жеткіншектер - 10 са?ат?а дейін, ?лкендер - 7 - 9са?ат.

2) Жа?а ту?ан бала 1минутта 60 рет, 5жаста?ы бала - 25 - 26 рет; 10 - 17 жаста?ылар - 16 - 20

рет; ?лкендер - 16 рет тыныс алады.

Тапсырма: Осы м?тін ішіндегі сан есімдерді теріп жаз.

Сергіту с?ті.

"Сандар сыры" ойыны

Осы сандар?а байланысты хал?ымыз ?аза? ??ымында 1, 3, 5, 7, 9, 40 секілді сандарды? б?рін бір ырым?а негіздеп, киелі деп есептеген. Сонды?тан да мені? ?оятын с?ра?ым осы т??іректі ?амтиды.

1. Жеті ата?ды ата (ата, ?ке, бала, немере, ш?бере, ш?пшек, немене)

2. Хал?ымызды? кие т?т?ан сандарын ата (7, 9)

3. ?ш арсызды ата (?й?ы, тама?, к?лкі)

4. Т?рт т?лік (?ой, сиыр, жыл?ы, т?йе)

5. Хал?ымызды? сан есімдерден басталып айтылатын ?лтты? ойындары ?алай аталады? (то?ыз??мала?, алтыба?ан)

Абай атамызды? «Ту?анда д?ние есігін ашады ?ле?, ?ле?мен жер ?ойнына кірер дене?» демекші, бізді? к?нделікті т?рмысымызда, той - думандарда айтылып ж?рген ?ле? та?ырыптарыны? кейбірі санмен аталады.

Мысалы, ?андай ?ндерді білесі?дер? (Бір 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сан есім. Есептік ж?не реттік сан есімдер. »

Сабақтың тақырыбы: Сан есім. Есептік және реттік сан есімдер.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сан есімнен алған білімінжаттығуларда қалай қолданылатынын

тексеру, сан есімдерді түрлеріне қарайталдау арқылы зерттеу, есептік, реттіксан есімдерді бір – бірінен ажырата білуге үйрену,бір – бірінің пікіріне құрметпен қарау.

Күтілетін нәтиже: 1. Сан есім және оның түрлері туралы мәлімет алады.

2. Мәтін, жаттығу ішінен таба алады.

3. Есептік, реттік сан есімдерді бір – бірінен ажыратады.

4. Өздері ереже шығара білуге дағдыланды.

Сабақтың түрі: Сан есімнің түрлерің меңгеру, талдау, анықтау.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, ізденіс, баяндау, талдау, т. б.

Көрнекілігі: 3 – сыныпқа арналған электронды оқулық,

интерактивті тақта, суреттер, сауалнама т. б.

Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, дүниетану, бейнелеу өнері, т. б.


Тапсырмалар: І Ұйымдастыру (сабақ мақсатымен таныстыру).

ІІ Есіңе түсір (қайталау), Сын есім және оның түрлерін « Кім біледі?» ойыны бойынша қайталау.

ІІІ Сынап көр (Сөз таптарымен жұмыс) «Есіңе түсір» ойыны арқылы сын есім, зат есімдердің ережесін қайталап, мысалдар келтіру.

Анықта ( жаңа сабаққа түсінік алу).

V « Іске асыр» (жаттығу жұмысы).

VІ Нәтиже. «Кім білгір?» ойыны.

VІІ Бағалау.


І. Ұйымдастыру. (Психологиялық ахуал)

- Қане, балалар, мені көріп тұрғандар “бір” шапалақ, естіп тұрғандар “екі” шапалақ, көрсетіп тұрғандар “үш” шапалақ ұрыңдаршы. Керемет! Шапалақ даусынан сендердің бүгінгі сабаққа ерекше дайындықпен келгендерің сезіліп тұр.

Сыныптағы оқушыларды түгелдеу. Сабаққа сыныптағы оқушылардың даярлығын тексеру.


ІІ. Есіңе түсір (қайталау)

«Кім көп біледі?» ойыны бойынша қайталау.

1. Зат есім дегеніміз не?

2. Негізгі зат есім дегеніміз не?

3. Жалпы, жалқы зат есімдер дегеніміз не?

4. Етістік дегеніміз не?

5. Туынды етістік қалай жасалады?

6. Туынды сын есімдер қалай жасалады?

7 Сын есім дегеніміз не?

Жауап берген оқушыларды мадақтап отырамын.


ІІІ. Сынап көр (өткен сөз таптарын қайталау)


IV. Анықта (жаңа сабаққа түсінік алу)


V. «Іске асыр» (жаттығу жұмысы)

I деңгей

а) Оқулықпен жұмыс:

1. Терең ойлау тапсырмалары

Реттік сан есімдерді есептік сан есімдерге айналдыру. 22 - жаттығу

2. Шығармашылық тапсырмалар

Сан есімнің қай түрі екенін ажырату. 24 - жаттығу

3. Сурет бойынша әңгіме. 25 - жаттығу

4. Ой дамыту. Анаграмманы шешіп, сан есімдердің сұрағына, тыныс белгісіне назар аударту.


ІІ деңгей. Мәтінмен жұмыс (интертақта)

Артық болмас білгенің....

1) Жас нәресте тәулігіне - 18сағат ұйықтау керек. Балалар - 10 - 12сағат, жас жеткіншектер - 10 сағатқа дейін, үлкендер - 7 - 9сағат.

2) Жаңа туған бала 1минутта 60 рет, 5жастағы бала - 25 - 26 рет; 10 - 17 жастағылар - 16 - 20

рет; үлкендер - 16 рет тыныс алады.

Тапсырма: Осы мәтін ішіндегі сан есімдерді теріп жаз.

Сергіту сәті.

"Сандар сыры" ойыны

Осы сандарға байланысты халқымыз қазақ ұғымында 1, 3, 5, 7, 9, 40 секілді сандардың бәрін бір ырымға негіздеп, киелі деп есептеген. Сондықтан да менің қоятын сұрағым осы төңіректі қамтиды.

1. Жеті атаңды ата (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)

2. Халқымыздың кие тұтқан сандарын ата (7, 9)

3. Үш арсызды ата (ұйқы, тамақ, күлкі)

4. Төрт түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе)

5.. Халқымыздың сан есімдерден басталып айтылатын ұлттық ойындары қалай аталады? (тоғызқұмалақ, алтыбақан)

Абай атамыздың «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» демекші, біздің күнделікті тұрмысымызда, той - думандарда айтылып жүрген өлең тақырыптарының кейбірі санмен аталады.

Мысалы, қандай әндерді білесіңдер? (Бір бала, Жиырма бес, Екі жирен, Он алты қыз, Сегіз аяқ)


III деңгей - эвристикалық

1 - деңгей – суретпен жұмыс.


Суретке қарап сан есімдерді қатыстырып, бір - екі сөйлем жазыңдар.

2 - деңгей - сауалнама сұрақтарымен жұмыс. Сауалнама сұрақтарына жауап беріңдер.

1. Сан есімнің сұрағын тап

А) қанша?, неше? Ә) кім? не? Б) қандай? Қай?

2. Туынды сын есім қалай жасалады?

А) жұрнақ жалғану арқылы Ә) жалғау жалғану арқылы Б) түбір сөзден

3. Сан есімдердің қайсысы дұрыс жазылған?.

А) онекі Ә) он алты Б) онсегіз

4. Биыл Тәуелсіздігімізге 23 жыл толып отыр. Бұл сөйлемде сан есім қандай сұраққа жауап береді?

А) қандай? Ә) неше? қанша? Б) нешеу?

3 - деңгей. Топтық жұмыс.

1. Егер мен егер суретші болсам... (ой толғау) 1топ

2. «Математика сабағында» деген тақырыпта әңгіме құрастыр. 2 топ

3."Біздің сынып» атты хабарлама жаса. 3 топ


4 - деңгей - шығармашылық деңгей.

1. Балалар, 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күнін тойладық.

- Биыл Тәуелсіз ел болғанымызға қанша жыл?

(- 23 жыл.)

Ендеше, «Менің - Тәуелсіз елдің ұланымын» тақырыбында диалог құрастырыңдар.

2. Қарға тамырлы қазақтың ұрпақ тәрбиесінде сан есім сөз табының да алатын орны ерекше. Мысалы, біз «Өзін – өзі тану» пәнінен Ө. Ақыпбековтың «Санамақ» өлеңін жаттаған едік. Кәне, кім еске түсіреді. (оқушылардан сұрау.)

Ақындарымыздың осы секілді санамақтары да бар. Енді бәріміз де өзімізге арнап санамақ айтайық:

Бір дегенім – білім

Екі дегенім - елім

Үш дегенім - үміт.

Төрт дегенім - төзім.

Бес дегенім - бақыт.

Алты дегенім - арман

Жеті дегенім - жігер.

Сегіз дегенім - сезіне білу.

Тоғыз дегенім - тәлім.

Он дегенім - осының бәрін ойға алу.


VІ. Нәтиже. «Кім білгір?» ойыны.

1. Сөз таптарының түрлерін ата.

2. Ең бірінші қандай сөз табымен таныстық?

- Зат есім.

- Иә, зат есімнің бірінші болуы - адам баласының дүниені танып білуі ең бірінші нақты бір заттарды танудан басталады.

3. Екінші қандай сөз табымен таныстық?

- Сын есім.

- Иә, кез - келген заттық сапалық, сындық қасиеттері болатыны сөзсіз, сондықтан зат есімнен кейінгі орында сын есім тұрады.

4. Бүгін қандай сөз табымен таныстық?

- Сан есім.

- Иә, заттың сынынан кейінгі мәселе оның сандық ұғымға қатысында, сондықтан да сан есім сөз табында үшінші болып тұрады.


VІІ. Бағалау.

Оқушылардың білімдерін бағалау.

Үйге:

Сан есімдерге қатысты мақал - мәтелдер жинақтау

1 – топ Өнер - білім туралы...

2 – топ Отан, туған жер туралы...

3 – топ Төрт түлік туралы...


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Сан есім. Есептік ж?не реттік сан есімдер.

Автор: Римова Айтолкын Бекболовна

Дата: 05.04.2015

Номер свидетельства: 197275


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства