Просмотр содержимого документа
«??стар ?айтып келеді »
Тақырыбы:Құстар біздің досымыз.
Мақсаты:
1. Білімділігі:Табиғат жайлы түсінігін тереңдету, жалпы құстардаң мағнасы жайлы мағлұмат беру,барлық тыныс тіршіліктің бастауы, көктемнің ерекшелігін байқату, құстарды қорғау, оларды қарсы алу. Халық қазынасы мақал- мәтелді, жұмбақ болжамдарды пайдалана білуге үйрету.
2. Дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетінің белсенділігін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Құстардың суреті, үнтаспа, қанатты сөздер,
І. Кіріспе сөз: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! «Құстар біздің досымыз » атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Мен баршаларыңызды көктем мерекесімен құттықтаймын.Бұл мереке табиғаттың қысқы ұйқыдан оятуын танытатын кішкентай ғана табиғаттың бір бөлігі, көктем жаршысы құс мерекесі. Жер бетінде 8600- ге жуық құстар түрі бар десек, біздің елімізде 500- дей түрі кездеседі екен. Ал жергілікті жерімізде қараторғай, сауысқан, көкек, қарғалар кездеседі. Жыл құстарын атайтын болсақ: аққу, қарлығаш, үйрек, шағала сияқты көптеген құстарды білеміз. Балалар бүгін біздер құстар жайында білетін боламыз. Құстар дала құстары және үй құстары болып бөлінеді. – Дала құстарына қарға, торғай, сауысқан, аққу, тырна, бүркіт жатады. – Ал үй құстарына қаз, үйрек, күркетауық, тауық, әтеш жатады. Дала құстары ағаш түбіндегі құрт-құмырсқалармен қоректенеді. Ағаштың жайқалып, жақсы өсуіне, түрлі жәндіктерден тазаруына көмектеседі. Құстарға сол себепті қамқорлық көрсетіп, ұя жасап, жем беруіміз керек.
· Бейбітшілік құсы қай құс?
· Көгершін
А) Көктем айларын ата!
Б) Құстар балапандарын қайда өсіреді?
В) Ең алғаш шығатын гүл?
Г) Қандай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады?
Д) Киелі құс?
Е) Қандай құстың құйрығы айыр?
А) Адамдар көктемде қалай киінеді?
Б) Түнде ұшатын құсты ата!
В) Орман дәрігері?
Г) Өз атын өзі шақыратын құс?
Д) Сөйлейтін құс?
Е) Көгершін қандай құс?
.
ІІ Видео ролик. « құстарға қамқорлық»
ІІІ. Жұмбақ.
Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай.
Ұшса оқтай зулайды
Көктем жұлдыз қаққандай. (қарлығаш)
Орман іші солқылдап,
Жаңғырықты түнімен.
Ұрды ағашты тоқылдақ,
Тұмсығының түбімен. (тоқылдақ)
Жұмбақтар:
Сайрайды бір талмайды,
Әнші құс бұл таңдайлы. (бұлбұл)
Қараңғыда ұшады, құбылады.
Жарық көрсе қашады, тығылады. (жарқанат)
Шарлап келіп даланы,
Үйіне үй салады. (қарлығаш)
Сөзжұмбақ
Қ
Ұ
С
Т
А
р
1.Адамның досы деп қай құсты атайды?
2. олар не салады?
3. «с» әрібінен баспалатын қандай құстар білесіндер?
4. құстар қалай көрініктенеді?
5. Киелі құс?
6. Үйде қандай құстар мекен етеді?
«Мақал- мәтел»сайысына кезек берейік. Жалғасын тап
Бұлбұл үнді, жылап тілді.
Құсқа аяз қатер емес, аштық қатер.
Ер жаңылып қолға түсер,
Құс жаңылып торға түсер.
Жылқыда өт жоқ, құста сүт жоқ.
Қаз келсе, жаз келер.
Сергіту сәті « құстардың дауыстары»
Венн диаграмасы 1 топ
Ұй құстары
Ұқсастықтары
Дала құстары
Жұмыртқа, қолға үйренген құстар,
Екеіде тамақтанады, жұмырқалары бар,
Қолға үйренбеген, жұмыртқа, ұша алады.
2 топ
Ұй құстары
Айырмашылығы
Дала құстары
Құстар туралы қызықты деректер « видео»
Қорытындылау. Суреттің артындағы сұрақтар арқылы қортындылаймыз.
Ойын: «Құстар қалай үн қатады?» сөзбен ойналатын ойын.
Аққу сұңқылдайды
Бұлбұл сайрайды,
Бүркіт шаңқылдайды,
Көгершін уілдейді,
Торѓай шиқылдайды,
Үйрек барқылдайды
Х. Қорытынды.
Қымбатты балалар көктемнің жаршысы, адамзаттың досы жыл құсын жақсы қарсы алайық. Оларға қамқор болайық.
Әрқашан аспаның ашық болсын деген ниетпен «Ақ көгершін» әнімен аяқтауды жөн көрдіе.