kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбие сағатының мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу. Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Ер есімі – ел есінде» аталатын ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады. «Батыр бала Болатбек» әні орындалады. 1-оқушы: Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты. «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады. Осынау сөздер соғыстан қаза тапқандар ескерткішіне де қашалып жазылған. 2-оқушы: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары, Жігер менен құштарлықтың құралы. Күрескердің арманы мен ұраны, Қуаныш пен мерекенің бұлағы. 3-оқушы: Қазақ арасында осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан батырдың бірі әрі бірегейі – Бауыржан Момышұлы. Соғыс кезінде қолбасшы Рокоссовский лейтенант шеніндегі жап-жас қазақ жігітінің қабілетіне риза болып, полк командирлігіне тағайындаған. Б.Момышұлы соғыс кезінде 207 рет шайқасқа қатысып, 2 рет ауыр жараланды. Басшалық тарапынан бірнеше рет Кеңес Одағы батыры атағына ұсынылады. Бірақ, атақ кешіктіріле береді. Еңбекқор Б.Момышұлы мойыған жоқ. Ол 37 дәптер күнделік жазған батыр, бейбіт өмірдің қаруы қаламды алып қазақ және орыс тілдерінде көптеген кітаптар жазады. «Артымызда Москва» кітабы Кубаның бүкіл әлемге белгілі басшысы Фидель Кастроның сүйіп оқитын кітабына айналды. Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысында ұрыс жүргізу әдістері үлгі ретінде қабылданып, Кубаның әскери академиясында оқытылды. Интерактивті тақтадан Б.Момышұлы туралы мына материал көрсетіледі: 4-оқушы: 9 мамыр – Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қаруды шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті. 5-оқушы: Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірде тікті. Рақымжан Қошқарбаев туралы бейнематериал көрсетіледі: 6-оқушы: Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды. Ата-анасынан ерте айрылған Мәншүк жастық шағын да тәрк етті. Алматы медициналық институтында оқып жүрген шағында жау жақтан ескен соғыстың ызғарлы желі жас қайыңның жапырағындай жайқалған бойжеткенді жұлып түсіреді. Халқына төніп тұрған қауіпке жаны шыдамай, дамыл таппастан әскерге өзі сұранып, жоғарыға мынадай өтініш жазады: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз». Ел үшін қан төгіп, жан беріп жатқан отандастарына қалай да өз жәрдемін бергісі келген ниетпен, 1942 жылдың тамыз айында «Қызыл армия» қатарына алынды. 1943 жылдың 15 қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде қантөгіс соғыс болды. Сол күні Мәншүк жан серігі - пулеметімен дамылсыз оқ атып, ерен ерлік көрсетті. Жауыз жаудың Мәншүкке қарсы атқан оғы оның ажал оғы болып, өрімдей қызды қыршыннан қиып түсті. 7-оқушы: 1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуіне рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазады. Өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататын еді. 1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап, 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты. Әлия мен Мәншүк туралы ән орындалады. Әлия туралы бейнематериал көрсетіледі: 8-оқушы: Оны – «дала сермеңдесі», «көк тәңірісі», «аспан перісі», «қанаттылар ханы» деп құрмет тұтты. Дәл осындай текті құстың болмысы қазақтың арда ұлы, Кеңес одағының батыры атағын екі рет алған қыран текті Талғат Бигелдинов еді. Дүниежүзілік екінші соғыстың ажал қорғасындары аспан көгін осқылап жатқан тұста, қазақтың сайын даласынан, Қараөткелден түлеп ұшқан сарша қыран көкке темір тегеурінді әскери ұшақты 305 рет көтерген екен. 9-оқушы: Қабиденұлы Төлеген Тоқтаров – қатардағы жауынгер. 1942 жылдан бастап 1943 жылға дейін Сталинград майданында соғысқан. «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған. 10-оқушы: Ұлы Отан соғы­сының ержүрек батыры, халқымыздың біртуар перзенті – Қасым Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында дүниеге келген.1941 жылдың қараша айында Оңтүстік-Батыс майданның штабына аттандырылып, бас­қыншылар қолында қалған Украина жерін азат ету үшін жау тылына түсіріледі. Қайсенов атамыз сол жерде Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядының басқарушысы болады. Бұдан кейін, 1944 жылдың соңына дейін Чехославакия (қазіргі Чехия), Румыния, Молдавия елдеріндегі партизан қозғалыстарына қатысты. Соғыс аяқталған жылдардан соң бейбіт еңбекке араласып, Қазақстан Жазушылар одағында, баспа мекемелерінде қызмет атқарған. Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің ерлігін суреттейтін «Жас партизандар» (1954), «Ажал аузында» (1959), «Жау тылындағы бала» (1961), «Жау тылында» (1973) секілді көптеген шығармалардың авторы. «Әрқашан күн сөнбесін» әні үш тілде орындалады. 11-оқушы: Соғыс жылдарында айырықша көзге түскен ақындардың бірі – Нұрсұлтан Жұбатұлы. Ауылда мұғалім болып істейтін сауатты кісі болған. Оның майдан даласынан оралмай қалған батырдың бірі Ү.Түктібаевтың анасы Наурызбикеге арнап жазған «Майданнан хат» және анасының атынан жауынгер ұлына арнап жазған «Майданға хат» атты толғаулары осы күнге дейін ел есінде. Енді осы толғауларды тыңдап көрейік. Оқушы домбырамен орындайды: «Майданнан хат» (үзінді): Хат жазамын майданнан, Мейірімшіл ғазиз-анама «Жақыным-жарым» дегенмен, Анаңдай жақын бола ма? Көңілінде тілек, көзде жас, Екі қолың жағаңда. Қасірет шегіп, қан жұтып, Сарғайдың ба санаға? Сағынған соң мен ойлап, жүрегің оттай жана ма? Ет бауырың елжіреп, Қайғыра берме балаңа. Сабырдың суын бере көр, Жаныңдаға жараңа. Ажалсыз адам өлмейді. Мезгілсіз шөлмек сына ма? Ердің басы ел үшін, Арыма жаным садаға. Бұлт жамылып қар төсеп, Мен жатырмын далада.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ"»

Ә. Жангелдин атындағы орта мектеп














Қармаққа түскен шағала. М. Тоқашбаев.

(ашық сабақ)







Өткізген: Ж. Дәрменова- бастауыш сынып мұғалімі









Шалқар қаласы

2014 жыл

Күні: 16.01.2014 жыл

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Қармаққа түскен шағала. М. Тоқашбаев.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Мәтінді оқып,мазмұны мен идеясын ашуға көмек беру

Дамытушылығы: Өз бетімен талдауға,зерттеуге,шығармашылық жұмысқа мүмкіндік жасау.

Тәрбиелілігі: Оқушылардың табиғатты, қоршаған әлемді, оның әсемдігін сөз арқылы, көркем әдебиеттегі адам сезімдері арқылы түсінуге жағдай туғызу.

Сабақтың типі: жаңа білім беру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың көрнекілігі: М. Тоқашбаев портреті, шағала суреті , слайд.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Пән аралық байланыс: дүниетану, өмірмен байланыс.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Мысалдың мазмұнын айту.

  2. Ақын балықтың мінезін сынау арқылы не айтпақ болды деп ойлайсың?


ІІІ. Актуальдау

Біз білмейтін табиғат тамашасы

Ребус шешу. 

ШАҒАЛА

ІV. Жаңа сабақ

Қармаққа түскен шағала. М. Тоқашбаев.

-Балалар, бүгін біз Марат Тоқашбаевтың «Қармаққа түскен шағала» әңгімесімен танысамыз.

1949 жылы 18 мамырда Талғар қаласында туған. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, жазушы, акадимик. Қазақстан Президентінің Түркияға, Ұлыбританияға, АҚШ-қа сапарлары туралы репортаждар жүргізді. 1999 жылдан Қазақ теледидарының Бас директоры болды. Балаларға арналған республикалық «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы.
Елбасының екі рет алғыс хатын алған. «Астана» медалінің иегері.

         Шағала Солтүстік аймақтарда кең таралған. Салмағы 1.2 кг, қанатының құлашы 1.5 метрдей,ақшыл түсті құс. Керемет ұшады,жақсы жүзеді және жерде жүгіреді. Шағала қарқылдап дауыстайды. Балапандарының дауысы құлындардың кісінегені сияқты. Ұясын жерден биік салады. 1-3 құбар жұмыртқаларды бір айда басып шығарады. Балапандарын бір ай асырайды. Шағала балықпен, кемірушілермен, жәндіктермен қоректенеді.

         Адамдардың құстарының балапандарын жұмыртқаларын ұрлайды. Күзде аяз түсіп, мұз қатқанға дейін жүреді, сосын мұз қатпайтын көлдерге ұшып кетеді. Наурыздың бас кезінде солтүстік жақтарға ұшып келеді.

Қармаққа түскен шағала

Дәптермен жұмыс

Сөздік жұмысы

Шыжымдап тарту-аз-аздап, біртіндеп тарту.

Бәйкүнә-күнәсіз.

Теплоход – кеме.
Полуба – кеменің екінші, үшінші қабаты.
Каюта – кеменің бөлмесі.
Зәкірге – қармақтың инесі үш тармақты.

Ұяласы – бір топтағы шағала.
Топшасы – құстың аяғы.
Шабақ – балықтың баласы.
Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді іштей оқу. Тізбектей оқу.

V. Дамытушылығы

Сұрақ-жауап.

-Бұл оқиға қайда болған?

-Шағала қандай қиыншылыққа тап болды?

-Шағаланы асырамақ болған Өркен оны неге жібере салды?

-Жазушы Өркеннің шағаланы босатып жіберуі арқылы қандай ой айтпақ болды?

Сергіту сәті

Келді көктем далаға,

Келді сұлу шағала.

Аспандағы аң – құстар,

Айдың көлді арала.

Салыстыру

                            

          Пайдасы

         Зияны

 

 

VI. Бекіту

Ой толғаныс

Өркенге хат жаз.




VII.Қорытындылау.

Табиғаттың біз жанашырымыз.

Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонады.

VIІI.Үйге тапсырма. Мәтінді оқу. Шағала туралы қызықты деректер жинау.

Бағалау

















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
"Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ"

Автор: Отаралиева Бакытжан Енсепкызы

Дата: 08.06.2017

Номер свидетельства: 420980

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "« Ер есімі- ел есінде» "
    ["seo_title"] => string(25) "ier-iesimi-iel-iesindie-3"
    ["file_id"] => string(6) "205112"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429798595"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) ""?лы же?іске -67 жыл" т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(40) "u-ly-zhien-iskie-67-zhyl-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "207800"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430654678"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Рахметолла Тол?ымбек?лы-ерлігі биік т?л?а"
    ["seo_title"] => string(42) "rakhmietollatolkymbiekulyierlighibiiktulga"
    ["file_id"] => string(6) "297151"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456150059"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Ешкім де, ешн?рсе де ?мытылмайды "
    ["seo_title"] => string(39) "ieshkim-die-ieshn-rsie-die-u-mytylmaidy"
    ["file_id"] => string(6) "207099"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430330937"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "?аза?ты? ?ыран ?ыздары"
    ["seo_title"] => string(20) "kazaktynkyrankyzdary"
    ["file_id"] => string(6) "319888"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460973132"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства