Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын елін сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту.
1 жүргізуші Әлияжан: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты салтанатты жиынды ашық деп жариялаймын.
Тәуелсіздік ең басты құндылығымыз.
Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде Тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсылтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерең еңбегін дәл бүгін және арқашанда айтып өтеміз.
Алина: Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтарды үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі,осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап күтумен өтті.
2 жүргізуші Ернар: Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы алғыс.
Егемендік-ел бақыты,ертеңі,
О,халайық! Құтты болсын қуаныш!
Айбек: Азат өлкем күндей күлген шығыстан ,
Асыл елім жан-жүректі ұғысқан
Ата –бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын,Қазақстан-Гүлстан!
Нигара: Кең байтақ,көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан-елім менің
2 жүргізуші Ернар: Бақытым Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін,қаздар ұшқан,
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса,бір шетінде жаз ауысқан
Айтұрған:Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған,
деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты басынан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
Айсынұр: Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз-өзінен жүрегім ән салады
Ән Тілектес «Алға Қазақстан»
Тайржан: Орнында бар аналар демекші, орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды 125-тен аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірілісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Айсұлу: Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді,
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қайнауы – құт, жері – дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Тілектес: Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,