Ма?саты: Б?гінгі жас ?рпа??а Елбасыны? ерекше ?асиет – ?адірін, т?л?алы? т??ырын т?сіндіру. ?аза?стан Республикасыны? Президенті Н.?.Назарбаевты? ?мір жолдары туралы т?сінік беру ;ерен е?бегін ма?таныш сезіммен о?ушылар бойына сі?іру.
К?рнекілігі: суреттер, на?ыл с?здер.
Саба? барысы:
М??алім: ?аза?станны? егеменді ел атануына Елбасымызды? ?ос?ан ?лесі зор. ?аза?станды мекендеген барлы? халы?тарды? ?лтты? м?дениетін к?ркейтіп, бірлігі мен ынтыма?ын жарастырып отыр?ан ?лы т?л?а. Т?уелжетістіктерін біліп ж?ру – бізді? басты міндетіміз.
Арман: Армыздар аналар мен аталар,
?адірлі де ?ла?атты ?стаздар.
Хош келіпсіздер б?гінгі т?рбие са?атына.
Бас иіп с?лем бердік барша?ыз?а
Жанс?лу:
Алдары?да жау?азындай ??лпыр?ан,
Біз ала?сыз бал?ын ша?ты балдыр?ан.
Хош келіпсіз б?гінгі т?рбие са?атына,
Би билеп ?н де б?гін шыр?ал?ан.
Арман:
Елімні? атын айтсам-?аза?стан!
Жерімні? атын айтсам-?аза?стан!
?ойнауы ?азына?а тол?ан мекен,
Байлы?ымды айтсам-?аза?стан!
?аза?стан-бабамнан ?ал?ан м?ра,
Сенбейсі? бе?Даламнан барда с?ра?
Ел менжерді д?шпан?а таптатпа?ан
Батырларым демесем болар к?н?!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Елбасы мен елорда -егіз ??ым »
Оңтүстік Қазақстан обл.
Отырар ауданы
Көлқұдық ауылы
С.Мұқанов атындағы шағын
жинақты жалпы орта мектебі
Расиллаева Құралай
Бастауыш сынып мұғалімі
Елбасы мен елорда – егіз ұғым.
Мақсаты: Бүгінгі жас ұрпаққа Елбасының ерекше қасиет – қадірін, тұлғалық тұғырын түсіндіру. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолдары туралы түсінік беру ;ерен еңбегін мақтаныш сезіммен оқушылар бойына сіңіру.
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер.
Сабақ барысы:
Мұғалім: Қазақстанның егеменді ел атануына Елбасымыздың қосқан үлесі зор. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы тұлға. Тәуелжетістіктерін біліп жүру – біздің басты міндетіміз.
Арман: Армыздар аналар мен аталар,
Қадірлі де ұлағатты ұстаздар.
Хош келіпсіздер бүгінгі тәрбие сағатына.
Бас иіп сәлем бердік баршаңызға
Жансұлу:
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.
Хош келіпсіз бүгінгі тәрбие сағатына,
Би билеп ән де бүгін шырқалған.
Арман:
Елімнің атын айтсам-Қазақстан!
Жерімнің атын айтсам-Қазақстан!
Қойнауы қазынаға толған мекен,
Байлығымды айтсам-Қазақстан!
Қазақстан-бабамнан қалған мұра,
Сенбейсің бе?Даламнан барда сұра?
Ел менжерді дұшпанға таптатпаған
Батырларым демесем болар күнә!
Жансұлу:
Естігенде көк аспанның астында,
Тік тұрыңдар айтылғанда Әнұран.
Бар қазақтың үніндей шарықта,
Бар қазақ боп өзіе біз бас ұрам.
Шарықташы,Әнұраным,шарықта!
Оны айтуға,жас ұлан,жалықпа.
1.Хор: Қ.Р.М.Әнұраны
Ақжүніс:
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев әрдайым халықпен бірге , ол өз халқына үлкен қамқорлық көрсетеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы – мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын , ел ішінде және халықаралық қатынастарды Қазақстанның атынан өкілдік ететін лауазымды тұлға. Мұндай көш басшымыз бар біздің болашағымыз айқын.
Мағжан:
Әр сөздің астарында осы арада,
Ағайын ой жібере жете қара.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында
Тұлғасы Елбасының жеке дара !
Өмірің судай ағып өзегімен.
Келеді Президенттер кезегімен
« Елбасы – Назарбаев» - егіз ұғым,
Жасайды мәңгі бізге өз елімен!
Ақниет:
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген.
Шұғыла:
1990 жылы Республикада Президент қызметі белгіленді. Жоғары Кеңестің сессиясында жабық дауыспен Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланды.
Нұрбек:
1991 жылы 1 – желтоқсан. Республикамызда бүкілхалықтық Президент сайлауы болып өтті.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды.Қазақстан Республикасының тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.
Бекзат:
1991 жылы 16 желтоқсан күні біздің еліміз Тәуелсіздігін жариялады.
Айназ:
- Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы жүзеге асты.
Ақжүніс:
Ағайын, көтерейін жыр мерейін,
Аманат- сөз қалдырып үлгерейін,
Әйгілі тұлғаң болып тумасамда,
Әйгілеп Үшқоңырдың жайын бір берейін.
Бердіхан Мағжанның орындауында «Үшқоңырым» әні.
Бекұлан:
Рәміздерім – елдігімнің белгісі.
Білу керек баладағы ең кіші,
Рәміздерім – Әнұран, Ту, Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген – жөн кісі.
1992 жылы 4 маусымда Президент Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы Әнұраны туралы Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.
Жансұлу:
Алтын Заңда парасатым,пайымым.
Алтын Заңда күш –қуатым,жалыным,
Сен қорғайсың
Бостандық пен құқықты,
Анамдайсың елжіреген жаңа күн.
1995 жылғы 30 тамыздағы бүкілхалықтың референдумда Ата Заңымыз қабылданды.
Мақсат:
Қуан халқым, күшіне енді «Тіл заңы»,
«Сүйінші» деп ақын ұлың жырлады.
Ел елдігі бағаланар тілменен,
Сол арқылы құлпырады гүл бағы.
Әр халықтың тарихта қалуы ана тіліне байланысты. Адамды мұратқа жеткізер – ана тілі мен ата дәстүрі. Егеменді Қазақстан елінде ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. « Тіл туралы» заң қабылданды.
Арман:
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп,
Бейнеленген хан, ақын ,ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
1993 жылы 15 – қарашада Қазақстан Республикасынң ұлттық ақшасы теңге айналымға енді.
Бекзат:
Ұшқыш батыр ағаның,
Өнегесін аламын.
Аспан үстін шоламын.
Мен ғарышкер боламын.
1991жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.
Н.Ә.Назарбаев приздент болған жылдар ішінде қаншама жетістіктерге қолымыз жетті.ББҰ-ға мүше болдық,Республикамыз әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді.
Жансұлу:
ЕҚЫҰ-ның саммитті-барша Қаз қстандықтардың жетістігі мен мақтанышы.Оның төрағасы-елбасымыз Н.Ә.Назарбайев.2010жылы 1-32 желтоқсанда Астанада жаңа мың жылдықта тұңғыш рет ЕҚЫҰ-ның 7самиті Қазақстанда өтті.Самитке 73 ресми делегациясы қатысты.
Айназ :
Азияда, төрлет қазақ төріне,
Туды көтер қазағымның көгіне.
Бақыт болып келдің туған жеріме,
Қуаныш боп ендің бүгін еліме.
2010 жылдың ақпан айында 7 – қысқы Азияда ойындары Қазақстанның Астана және Алматы қалаларының спорт алаңдарында өтті.
1998 жылы 6 мамырда Елбасының жарлығымен мемлекет астанасы Ақмола қаласына ауыстырылды. Ақмола атауы Астана болып өзгертіліп, осы шілдеде Астананың халықаралық тұсауы кесілді. ЮНЕСКО – ның шешімі бойынша Астана қаласына « Бейбітшілік қаласы» атағы беріліп,медальмен марапатталды.
Динара:
Астана қазағымның бас қаласы.
Еркін елдің айбынды астанасы,
Гүлденді қазағымның жас қаласы.
Көрген Нұр ағаның бастамасы.
Астана айбынды орда қазағыма
Іліккен талай елдің назарына
Есілдің етегінде бой көтерген
Тамсанып қарайды ел ажарына.
Бекарыс:
Тамсанбай кете алмас сенен ешкім,
Бәйтерегім көз тоймас бір білесің.
Лондон,Париж,Вашингтон, Мәскеуден де,
Дубайдан да артықсың ,кем емессің.
Шұғыла:
Шағылысып шырайлы күн көзімен,
Нұрын шашқан Ханшатыр күмбезінен.
Күн сайын көкке өрлеген шаһарымды
«Сақта құдай» жаманның тіл – көзінен
Заман жылжып келеді көшіменен, Адам айта нанғысыз осы кезең
14 жылда ғажайып шаһар тұрды
Бүкіл әлем көрмеген бұрын – соңды,
Ғажайыптың төресі осы дер ем.
Нұрбек:
Президенттің перзентіндей болған Астанаға Елбасының идеялық еңбегі ғана сіңген жоқ, қаланы жасыл желекке көмкерген бас бағбағы да, ажарын сәнде еткен бас сәулетшісі де мемлекет басшысы болды. Сондықтан да Елбасы мен елорда - егіз ұғым» Уақыттан оза шапқан бүгінгі Астана – тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімінің көрнісі, арманы мен тілегінің кепілі.
« Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан» деп Елбасымыз айтқандай кең байтақ Қазақстан – туған өлкеміз оны, құрметтеу – баршамыздың парызымыз. Елбасымыз – елін дамытып, одан әрі өркендеуіне басшылық етіп отырған ерекше тұлға. Біз Елбасымызды әрқашан мақтан тұтамыз.
Мұғалім:
Бүгінгі тәрбие сағатымызды қортындылау сөз кезегін оқушыларға берсек:
Арман:
Арманның асқарындай Астанамыз,
Елорда,алтын орда-бас қаламыз
Жыл сайын жеткен жеміс,асқан асу,
Ерен ерлік үлгісі- дастан –аңыз!
Сананы түйіткілден тазартайық,
Айтпаған шындық сөзді тартар айып.
Авторы сәулетшісі Астананың-
Елбасымыз Нұрсылтан Назарбаев.
Топтастыру стратегиясы бойынша «Біз не білдік?»Мақсат:
Динара: «Астана айшықтары» атты сурет көрмесін көрсете тұрып айтады.
Мықты мемлекет болдық. Экономикамызда, саясатымызда, көптеген басқа салаларда айтары жоқ табыстарға жеттік.
Ата – бабамыз мінбеген жүйрік мәшинені күн сәулесі сүйген күміс қанат ұшақтарды бүгінгі қазақ мінді. Жалпы, кім не десе о десін, біздің тарихымызда Нұрсұлтандай адам болған емес.
Бұрынғы тарихта мұндай болып па еді, бұрынғы қазақ мұндайды көріп пе еді?
Бүгінде дүниежүзілік қоғамдастықта Н.Ә.Назарбаев аты Қазақстанның баламасындай болып, Нұрсұлтан есімі Астананың ,егізіндей жарастық табуы халқымыздың, еліміздің алдағы көрер барша жақсылықтарының бастауындай болып елестейді.
Елдік жолында ерлік жасаған Елбасы еңбегінің қызығын халқы көрсін.