Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
««Гимназия аруы – 2017»»
«Гимназия аруы – 2017»
Мақсаты: Қазақтың салт – дәстүрі, әдет – ғұрпы арқылы ибалылыққа, инабаттылыққа баулу.
Қыз балаларды әсемдікке,әдемілікке,әдептілікке тәрбиелеу;
Осындай сайыстар арқылы өнерді дәріптеуге үйрету.
Қатынасушылар: 8-10сынып қыздары.
Шақырылған: Ардагер ұстаздар, мектеп мұғалімдері, сынып жетекшілер, оқушылар.
Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым! Бүгін біздің мектепте дүбірлі той, Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой. Жырдан шашылсын, күй күмбірлеп, Қош келдіңіз халайық, сергісін бой. Бүгінгі «Гимназия аруы – 2017» атты арулар сайысына қош келдіңіздер. байқауды тамашалауға келіп отырған қонақтар, құрметті ақ жаулықты аналар, әжелер, қыз - қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар сіздерді қар астынан қылтиып бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болған, сайысымыздың басталуымен құттықтаймыз
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі, Тал бойына жарасқан күлкі әлемі. Бір көргенде болмай-ақ сахнада, Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі.
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші, Аруы деп мектептің жүрейікші. Әділқазыларға тек әділдікті, Ал аруларға сәттілік тілейікші
Енді ару қыздарымызды ортаға шақырайық. 8сынып – Сергазиева Әсем
8 сынып – Амангелдиева Анель
9а сынып – Жардемова Жансұлу
9ә сынып – Сағидоллақызы Лаура
10а сынып – Кенжегалиева Аймерек
10а сынып – Мақсотова Гүлнұр
Сөз мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлнар Аққұбашқызына беріледі