?ой жылы –той жылы болып, биыл?ы жылы біз ?аза? ханды?ыны?- 550 жылды?ы, ?лы же?істі? 70- жылды?ы, Конституцияны? 20жылды?ы, ассамблеяны?-20 жылды?ы мерекелерін тойлама?шымыз.Б?гінгі «Же?іс туы желбіреген 70 жыл» атты концерттік ба?дарламамыз осы атаулы мерекелер ??рметіне арналады.
ұстап,тәрбиенің керуеніне ілесіп, жас ұрпақты білім мен тәрбиенің
кәусар бұлағымен сусындатып ,аялап отырған С.Торайғыров
атындағы №22 гимназия мектебіне қош келіпсіздер!
Қой жылы –той жылы болып, биылғы жылы біз қазақ хандығының- 550 жылдығы, ұлы жеңістің 70- жылдығы, Конституцияның 20жылдығы, ассамблеяның-20 жылдығы мерекелерін тойламақшымыз.Бүгінгі «Жеңіс туы желбіреген 70 жыл» атты концерттік бағдарламамыз осы атаулы мерекелер құрметіне арналады.
Қазақ елі қуанышты мерекенің ұясы,
Бейбітшілік таңымен арайланған қиясы.
Қазақстан ұлылардың, даналардың мекені,
Еске алып ұрпағы әркез тағзым етеді.
Өткен күнге көз жүгіртіп,
Берейік ерік елеске.
Бүгін куә болығыздар ,
Тарихтағы бес белеске.
Жүргізуші: Сахнада қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Бес
белес» атты тарихи қойылым.
«Бес белес»
Жүргізуші: Қилы-қилы заман өтті,
Бұл қазақтың басынан.
Сол себепті талай бала,
Жетім қалды жасынан.
Ал бүгінде заман жайлы,
Бейбіт өмір орнаған.
Сонда дағы талай бала,
Жетім болып зарлаған.
Мамалаған талай бала,
Жүректері жаралы.
Ақботаның монологы,
Баршаға ой салады.
«Мама» монологы. Оқитын Темірғалиева Ақбота
Жүргізуші: Жер-көкті мұңға батырып,
Қара түнек таңды атырып.
Қаһарлы соғыс басталды,
Жиылмай төсек,
Ішілмей адал ас қалды.
Талай боздақ мерт болып,
Аналардың көзінде,
Моншақтаған жас қалды.
Сол аналар қайғысын,
Мұңға толы әнімен,
Жақсыбек Нұрай еске алды.
Ән «Ана туралы баллада» Орындайтын Жақсыбек Нұрай
Видео 41жыл . Ұлы жеңіс Оқитын Г.А.Сейітова
Жүргізуші: Қазақ елі бүгінде бейбітшілік бесігін тербеткен,